Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Патшалықтағы ғажайып жаңа жыл
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Патшалықтағы ғажайып жаңа жыл

библиотека
материалов

Бұл жағдай ғажайып патшалықта болады. Ханзадаға қалыңдық табу үшін патша бал өткізуге шешім шығарып, түрлі кейіпкерлерді шақырады. Бірақ күтпеген жерден шақырылмаған қонақтар да келеді.  
Сайқымазақ №1:
«…Жаңа жылда бәрі де өзгереді,

Таңғажайып ертегілер әлеміндей.

Ертегілер әлеміне шақырамыз,

Есігіміз ашық тұр баршаңызға
 Сайқымазақ №2:
Бәріңе! Бәріңе! Бәріңе! Жаңа жыл мерекесін қарсы алу үшін патшамыз ғажайып патшалығымыздың кішкентай тұрғындарын ғажайып сарайға балға қатысуға шақырады! Сарайға қарай асығыңыздар! 
Асығыңдар! Асығыңдар! 
Жаңа жылдық кешімізді 
Біз бастаймыз! Бастаймыз! 
Жиналыңдар,жиналыңдар, 
Сарайға тез келіңіздер! 
Жаңа жылды қарсы алайық, барша халық,

Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.

Патша : Патшалардың қолынан бәрі келеді, бәрі келеді.Айтпақшы, жаңа жылдық балға бәрі дайын ба екен? Уәзірді шақырыңдар! 
Қолында үлкен қойын дәптері бар Уәзір келеді.
Патша : Жаңа жылдық құттықтауларды жібердің бе? 
( Уәзір басын изейді). Қонақтарға арналған сыйлықтар дайын шығар? ( Уәзір тағы басын изейді). Ал шыршамыз қандай біздің?

Уәзір: Ұлы мәртебелім, шырша өте керемет. Өте биік, әдемі безендірілген, әлемде оған тең келер шырша жоқ!  
Патша : Сарайға келетін барлық жол қардан тазартылды ма? 
Уәзір : Тазартылды, Ұлы мәртебелім! Сіз бәрін де ойлап жүресіз, бір мезгіл демалсаңызшы? 
Патша: Қайдағы демалыс! Иә! Ал музыка жағы қалай? 
Уәзір: Бәрі дайын! Көршілес патшалықтардан да әншілер шақырдық.
Патша: Ал менің інім ше келмеді ме? 
Уәзір: Әзірге келмеді, ұлы мәртебелім. 
Патша: Келетін уақыты болып еді ғой? Жалғыз ғана үмітім сонда еді! Бәрі дайын десің бе? Сонда да өзім бір қарап шығайын. (Патша залдан шығып кетеді)

Шырша әні №1 «Шыршаға бардық»

Залға екі қатар болып, шырша әнін айтып балалар кіреді.

Сайқымазақ№1: Ханымдар мен мырзалар! Сарайға мәртебелі патша мен патшайым келе жатыр! Қарсы алыңыздар! (Фанфары)
(Залдағы қонақтар қақ айырыла жол беріп, иіле амандасады. Патша мен патшайым, уәзір бірге кіріп келеді де таққа отырады.) Музыка қосылып тұрады.
Патша:

Армысың, аманбысың халқым менің
Жаңа жылым, О менің Жаңа жырым 
Ақтарайық әнменен көңіл сырын.
Салтанатты кешімнің қонақтарын 
Қарсы алыңдар, қошеметпен!!! 
Патшайым:

Төрлетіңдер, балалар
Шырша сәнін көріңдер
Әсем әнмен би билеп,
Көңілді өмір сүріңдер! 
патша уәзірді ымдап шақырады, уәзір ортаға шығып ақ бетті парағын жайып жіберіп оқи жөнеледі.
Уәзір:

Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! 
Қызықтан құр қалмаңыздар. 
Сарайында патшаның 
Жаңа Жылды тойлаңыздар. 
О, Жарандар , қараңдар
Естімеген естіңіздер,
Көрмегендер көріңіздер
Қызықтаңдар, сайраңдаңдар,
Патшаның жарлығына құлақ түріңіздер!

Пауза, жарлық жазылған бетті ашады.
Құрметті сарай қонақтары! Мәртебелі патшамыздың сарайында «Жаңа жыл» мерекесіне орай кеш болмақ. Бұл мерекеде жан жақтан келген өнер иелеріне - мәртебелі патша сансыз сый құрмет жасамақ. Патшамыздың тамаша сыйынан құр қалмаңыздар.
Сайқымазақ№2:

Келіңіздер халайық 
Жырға жырды қосайық

Әнмен шашу шашайық 
Бимен балды ашайық .

1-Би Вальс 8б сынып оқушылары.

Патша: Ханзада қайда?

Патшайым: Патшам, ханзадамыз, әдетінше , кітапханада. Ол ең қалың кітапты таңдап алып, оқып отыр. 
Патша: Оқып отыр! Ол қашанғы оқи береді? Мен мына жерде бал ұйымдастырып жатырмын, ол болса кітап оқып отыр!!!Шақырыңдар ханзаданы! ( Уәзір шығып кетеді). Не істесем екен? Бәрінің баласы бала сияқты, ал біздікі....Патшаның жарлығымен бүгіннен бастап демалыс емес пе? Демалыста адам демалу керек қой? 
Уәзір мен Ханзада келеді. 
Ханзада : Амансыз ба?Патшалықта бірдеңе болып қалды ма? 
Патша : Болып қалды! Патшалыққа жаңа жыл келіп қалды. 
Ханзада : Ия, сол-ақ па?. 
Патша : (тағына отырып) Мен бұйырамын! Бүгінгі кеште сен өзіңе дос табуың керек.

Ханзада : Жарайды әке! Бүгін дос табуға тырысам. 

Жай әуен қосылады.  
Патша : Ал міне менің інім де келіп жетті. Фея Эспиранте! 
Патша мен Патшайым тұрып қарсы алады. 
Патша : Қарындасым, мен саған біздің не нәрсеге дауласып тұрғанымызды айтайын...
Ханзада : Тәте, мені тыңдаңызшы...
Фея : Маған ештеңе айтудың керегі жоқ, мен бәрін білемін. Ұлы мәртебелім, сіз бұрыннан бірбеткей адам едіңіз... Ал, сен, інім, кітапты оқығаның жақсы, бірақ сенің досың жоқ. 
Ханзада:Ия,көке мен бүгін қалай болғанда достар табуға тырысам.

Сиқыршы: Бірдеңе жетіспей тұрған сияқты?Таптым шырша шамын жағу.

Сайқымазақ №1: Олай болса, бәріміз шыршаны айналып, ән айтайық!
Шырша әні №2 «Шырша жыры»

Мұз Ханшайымының келуі.

Соқ, соқ боран қаттырақ

Бүкіл әлем мұзға айналсын.

Алай- дүлей соқ боран

Барлық дүние шайқалсын.

Патша: Қош келдіңіз, белгісіз ару! Мен сізді бұрын көрмеппін. Мынадай боранды біздің сарайға қалай жеттіңіз? 
Мұз Ханшайымы:

Мен келдім, мәңгі қысты мекеннен

Аяз, боран жүрген жерім менің!

Мен сендердің барлығыңды

Мұзға айналдыруға келген едім!
Патша: Жоқ, жоқ, Қымбаттым. Қалай сонда? Бізде бал өтіп жатыр, ал сіз бізді мұзға айналдырам дейсіз? Мен суықты жек көремін және сиқырды ұнатпаймын. Сіз кімсіз?  
Мұз ханшайымы: :
Патшалығым менің – шексіз, мұзды

Аппақ патшайыммын мен қаһарлы!

Ұлпа қыздар, қайдасыңдар?

Мына сарайды жаса қарлы!

Бір-бірін де көре алмайтын

Боран соқтыр, көз ашпайтын!
Ұлпа қыздар биі 
Патша: Ах, бізге қонаққа келген, Мұз Ханшайымы екен ғой! Төрлетіңіз! Қадірлі қонағымыз болыңыз! 
Мұз Ханшайымы : Жоқ, ұнатпаймын, ән мен биді, көтеріңкі көңіл күйді! Осы сарайды бал өтетінін біліп, барлығыңды мұзға айналдыруға келдім! 
Мұз Ханшайымы сиқырлап жатады ( желдің уілі) 
Сиқыршы  : Жоқ! Жоқ! Мен сарай қонақтарын сиқырлауға жол бермеймін! Мен, мейірімді сиқыршымын, сондықтан сені де, Мұз Ханшайымы, мейірімді етемін! Ал балалар, маған көмектеседі. Менің соңымнан қайталаңдар: «Зұлымдықты жеңу үшін-мейірімді болу қажет»3 
Мұз Ханшайымы: Не деген керемет! Менің жүрегімдегі мұз еріп, махаббатқа толды. Қандай тамаша сарай! Неткен әдемі, ғажайып шырша! Менің ән тыңдағым келіп тұр!!! 
Ән: Қуанышева Балнұр «келші, Жаңа Жыл»

(жарықтар сөніп у-шу дыбыстар естіледі)

Қарақшы және көмекшілері шығады.

Қарақшылар биі

( Патша орнында отырып , жан жаққа карай..) 
Патша: - Уәзір, уәзір, қайдасың?
Жеті қат жер астына түсіп кетті ме?!
Уәзір: Мен мұндамын, тақсыр, келдім!
Патша: ( орта да жүрген қарақшыларды) Мыналар кім? Олар менің патша сарайымда не істеп жүр? Мен неге білмеймін? 
Уәзір: Сендер кімсіңдер ? Кім шақырды сендерді?

Қарақшы тобы:

Біз мектепте оқымадық,

Оттың басында қосылып ән айтпадық.

Таң атқаннан түнге дейін,

Жүреміз біз далада.

Біз бәрін жек көреміз,

Әсіресе, балаларды.

1- қарақшы:Біз қорқыныштымыз! Біз жауызбыз!

2-қарақшы: Біздің керемет Ханзадамыз сияқты жауызбыз!

3-қарақшы:Біздің атақты, біздің ақылды,

Біздің масқара Ханзадамыз сияқты.

Қарақшы : Біз достықты жек көреміз,

Бәріңді қорқытамыз.

Қаруды да еш уақытта, еш уақытта тастамаймыз.

Бірге: Барлығыңды қырамыз! Барлығыңды ұрлаймыз!

Қарақшы :

Бәрін мені тыңдандар! Сиқыршының осында екенін білеміз және маған оның сиқырлы таяғы керек! Қане, іздеңдер тезірек!Сол таяқтың көмегімен мен қалаған нәрсемді жасай алар едім! Неге қарап тұрсыңдар тінтіңдер бәрін!

Қарақшылар барлығын қорқытып жұлқылай бастайды. Бірақ ештеңе таба алмайды.

Қарақшы: Е, солай болар! Сонымен балалар, сиқыршының қайда екенін айтпайсыңдар ма? Ендеше, қорғаныңдар! Біз оны өзіміз тауып, сиқырлы таяқты тартып аламыз.Сендерге көресіңді көрсетеміз! Шыршаларыңды алып, Жаңа Жылдарыңды болдырмаймын.

(ха-ха-ха-ха күледі)

Мұз ханшайымы:Сіздер не істеп жүрген жансыздар? Патшаның сарайына келіп шу шығаруға калай дәттеріңіз барды! Егер осы тұрғанда кетпесеңіздермен сендерді мұзға айналдырам!

Қарақшы::Қолыңнан келе жасап көр! Қорқатын сенен мен емес!ха-ха

Сиқырлы әуен ойнайды мұз ханшайымы қарақшыларды мұзға айналдырады.

Сайқымазақ№1: Рахмет сізге Мұз Ханшайымы.

Мұз ханшайымы: Мен бұларды қатыруын қатырдым дегенмен олардың ниеттерін дұрыстай алмаймын. Бізге бұл қарақшылардың жүректерін жібітетін бір адамды білемін, оның таяғының сиқыры өте күшті.

сиқыршы: Енді менің кезегім келгендей!

Сиқырлы музыка ойнатылады.

Қарақшы: Бізге не болды? Біз қайдамыз? Мә неткен керемет балалар, неткен керемет шырша? Кешіріңіздер біздей адасқандарды. Жаңа жылдық мерекеге біз де қатыссақ бола ма, патша? Уәде беремін біз ешқандай тентектік жасамаймыз?

Бәрі бірге: Шын сөзіміз

Мұз ханшайымы: Әрине сендер бізбен бірге қала аласыңдар!

Сайқымазақ№2 : Рахмет, сіздерге Мұз ханшайымы және Фея!

Мұз ханшайымы: Осы орайда әсем әуен тыңдасақ қалай болады?

Досболов Ернұр «Соққаны он екінің»

Сайқымазақ №1: Балалар біздің салтанатты кешімізде бір нәрсе жетіспейтін сияқты. Ол кім деп ойлайсыңдар?

Балалар: Аяз ата мен Ақшақар!

Сайқымазақ№2: Балалар олай болса Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

Осы жерде «Маша мен аю» мульфильмінің музыкасы ойналып Маша мен аю шығады. Аю Аяз атаның дорбасын арқалап шығады. Проекторда мультфильмнен үзінді көрсетіледі.

Аю: Ау,жарандар мен келемін ала дорба арқалап

Аяз ата келе жатыр ,келе жатыр ән тарат

Ақшақары қасында екен, тым әдемі күлкісі

Аппақ қардай қызыл алма түр түсі.

Сайқымазақ №1: ой, балалар, бұлар мульфильмдегі Маша мен аю екен ғой.

Қош келдіңіздер,құрметті қонақтар!. Бізге жақсы хабар әкелдіңдер. Олардың өздері қайда?

Маша мен аю күрсінеді.

Аю: Аю: Жаңа жылды тойламақшы болып, шыршаны безендірген едім. Маша бәрін бүлдірді.

Алдымен уйде салют атып,шыршамды өртеп жіберді. Шырша іздеп, жолға шыққанбыз.

Жолда келе жатқан Аяз ата мен Ақшақардың жолын кесіп, құлатты.

(Балалар таң қалысты.) Екеуіде аман. Қорықпаңдар аздап демалсын сосын келеді.

Біз Аязата сауыққанша барлық аңдарға сыйлық таратып шықтық. Содан сендердің де

мерекелеріңе келе жатқанын біліп,ескертейін деп келдік.

Маша:Аю, аю (секіріп,аюдың қолынан қағып) мында шырша бар екен, қарашы әдемі.

Осыны алайық. (шыршаны тартады)

Сайқымазақ№1: Маша болмайды бұл біздің шыршамыз. Мында шыршаны безендіріп

Аяз ата мен Ақшақарды күтіп балалар жүр.Одан да сендер бізбен болыңдар.

Аю: Маша ол тым үлкен бізге жарамайды. Басын шайқайды.

Маша: Аю, аю менде балалармен бірге болайыншы. Мында көңілді екен.

Ойын ойнап,би билегім кеп тұр. (секіреді)

Аю:Маша , сен балалардың да мерекесін бұзасың, жүр сыйлықтарын тапсырып,

үйге қайтайық. Әлі шырша табуымыз керек. Жүр, жүр.(аю қолынан сүйрейді)

Маша балалардан көмек сұрағандай қарайды. Қимайды. Сосын жылайды.

Сайқымазақ№2 : Балалар,Маша бізбен қалсын ба? Маша сен балалардың мерекесін

бұзбауға сөз бер. Сосын бірге ойнайсың.

Маша: Жарайды, мен мерекені бұзбаймын, балалар сендермен болайыншы.

Ойын ойнап би билейік.

Аю: жарайды , ойнасақ ойнайық.

Маша: балалар мен қарға батпай жылдам жүрудің амалын таптым. Мен 2 топ құрамын.

1-і менің тобым, 2-сі аюдың тобы. .

  1. Балалармен ойын

  2. Ата-аналармен ойын

Сайқымазақ№1 : Балалар Аяз ата мен Ақшақардан хабар болмады-ау.

Аю: Онда мен орманнан хабар алайыншы.Келіп қалғанда болар. Планшетпен звондайды.

Аяз атамыз да жақындап калыпты, балалар.

Шырша әні №3 «Жаңа Жыл» Дәрібаевтар


Есік қағылады. 
Сайқымазақ №1 : Аяз Ата мен Ақшақар шығар! 
Мыстан кемпір:
Шаршадым мен жалғыздықтан,

Жабырқаулы көңіл-күйде ж.руден.

Неге ешкім қонаққа маған келмейді?

Балға ешқашан шақырту маған бермейді?

Келдім менде, бүгін балға боянып,

Үстімде көйлек, бетте бояу

Кетіппін мен жасарып.  
Патша:  Сені мұнда кім шақырды? 
Мыстан кемпір : Мені сендер күтпеп пе едіңдер? Қонақтар, мені таныдыңдар ма? Мен кіммін? (балалар: я, сен Мыстан кемпірсің) Жоқ! Қателестіңдер! Мен, Ақшақармын! 
Сайқымазақ№1 : Олай болса, Ақшақар бізге көмектес.  
Сайқымазақ №2: Шырша неге сөніп қалды? Бір, екі, үш деп, шырша шамын жаға қой! 
Мыстан кемпір: Бір, екі, үш, шырша шамы жанбай қал!

Сайқымазақ № 1: Бұл жерде бірдеңе дұрыс емес! Балалар,бұл Ақшақар ма? 
Сиқыршы: Ұлы мәртебелім, мен сиқыр жасап, мыстан кемпірді мейірімді кемпірге айналдырайын! Маған барлық қонақтар көмектесіңдер! Менің соңымнан қайталаңдар: «Зұлымдықты жеңу үшін-мейірімді болу қажет » 3
Мыстан кемпір:  
Мейірімді болам мен енді,
Көмек қолын мен созам.
Қайырымды іс жасап 
Әрдайым жүрем мен енді.  
сиқыршы:  Ал енді жақсы іс жаса. Бізге Аяз ата мен Ақшақарды табуға көмектес! Олар мына дауылда адасып кеткен шығар.  
Мыстан кемпір:  
Қиындығы жоқ еш тіпті 
Барлық қонақтар бірігіп 
Аяз Ата мен Ақшақар

Келіңіз десе, жетіпті 
Аяз Ата, Ақшақар, ескі жыл кіреді.

Аяз ата:
Сәлеметсіңдер ма, балалар!
Күнтізбеде қалыпты
Жалғыз ғана бір парақ.
Дайындалдым жыл бойы,
Жолға шығар келді уақ!
Шақырымды жүздеген
Басып өту мен үшін
Жаңа жылдың түнінде
Жасыл шырша түбінде
Кездессем деп сендермен,
Таратсам екен сыйлықтар,
Одан асқан не сый бар.
Қуаныш сыйлау балаға 
Одан зор бақыт бола ма!
Сендерді көргеніме сондай бақыттымын


Ақшақар:

Амансыздар ма,қымбатты достар! 
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын. 
Жылан жылы молшылықтың мәресі, 
Береке, бірлік, молшылық әкелсін. 

Қой жылы: Жақсылыққа бағыттаған

Қой жылымын, ескі жыл.

Жаңа жылда барлығыңыз

Жаңа үміт таба біл.


Аязата: Қандай керемет сарай, қандай әсем шырша! Айнала қандай әдемі! Қане, достар! Бүгін бәріміз өз өнерімізді ортаға салайық!


Монтаж әр сыныптан оқушыдан шығып өлеңдерін айтады.

Аязата: Рахмет балалар өркендерің өссін!


Аяз Ата : Ескі жыл, сенің де қоштасар уақытын жетті. Рұқсат енді, Жаңа жыл да табалдырыққа келіп тұрған шығар. Жолың болсын!


Қой жылы:

Мен ескі жыл есіркедім

Егемендік елдікті

Мен сүйемін батырлықты,

Татулық пен ерлікті.

Қарақтарым, қанаттарым

Амандықпен жүздесейік,

Жылқы жылы ізбасарым

Қолыңа ал барлық істі!

Қанат бітір қанатсызға

Көркейт елді, бол құтты.

Қимасақта өздеріңді

Қоштасатын шақ жетті!

Қымбатты достарым! Мен қайта айналып келгенше, аман болыңдар!

Мен де сендерге бір өз өнерімді көрсетейін.

Би билеп береді де шығып кетеді.

Ақшақар: Балалар, барлығымыз қосылып, Жаңа жылды шақырайық. 
Бәрі: Жаңа жыл!\3 рет \
Сайқымазақ №1: Асыға күткен, Жаңа жыл, 
Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл, 
Жаңа заман, жаңа айлар, 
Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!

Аяз Ата: Амансың ба, Жаңа жыл! 
Балалар, биылғы келген жыл- Мешін жылы. Ал, Жаңа жыл! 
Келген қадамың құтты болсын!Сен әкелген жыл бақыт жылы болсын! Береке-бірлік,

татулық, ырыс жылы болсын! Мынау менің ұлдарым мен қыздарым, мынау халайық

бір өзіңе аманат.Он екі ай бойы бағып-қақ. Жақсы жыл бол, дария нұр бол, Жаңа жыл! 
Ақшақар: Қош келдіңіз бүгінгі Жаңа Жыл кешімізге 
Жаңа табыс тілейік ісімізге 
Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін. 
Мына отырған барша жан бәрімізге

Мешін жыл:

Жаңа жылда, балалар, 
Тек қуаныш көріңдер. 
Ауырмаңдар ешқашан, 
Жаңа жылда, балалар, 
Тек жақсылық көріңдер. 
Жылау, ауру, жамандық 
Қастарыңда болмасын 
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан 
2016 жылы қадам басқан 
Гүлденіп көркейе бер, Қазақстан.!


Сайқымазақ №2:

Ал, қанеки, балалар, 
Ән мен жырға қосайық. 
Той-думанды жалғайық, 
Жаңа жылда шыршамызды айналып, 
Би билеп,ән шыркайық!


Ақшақар: Қәне, балалар, бәріміз жақсылап ән айтайық.

Шырша әні №4 «Келді міне, Жаңа жыл ..»


Ақшақар: Ән айтып, би билеген балаларға Аяз Атаның сыйлықтары бар.

Ал, босқа тұрмайық, көрсетейік өнерімізді!

Сайқымазақ №1: Аяз ата сізбен ойын ойнасақ қалай қарайсыздар?

Аяз атамен ойын ұйымдастыру.

Аяз Ата: Жарайсыңдар, балаларым. Мен де сендерге өзіммен бірге кішкентай көмекшілерімді ала келдім. Кәне, менің достарым. Шығыңдар, билеріңді көрсетіңдер!

Би 6в сынып оқушылары Санта клаус биі

Патша: Қадірменді халайық! Бүгін менің сарайымда барлығының жүздері жарқын, көңілдері шат тамаша кештің куәсі болдық. 2016 жыл шаңырақтарыңызға шаттық пен табыс әкелсін, халқыма ырыс , береке әкелсін. Мен думан басында жариялаған жарлығым бойынша көңілімді көтерген өнер иелеріне, және кеш қонақтарына сый сияпат бергіземін. Уәзір!.....
( Уәзір нөкерлерімен сыйлық таратады)

Сайқымазақ №2: Рахмет сізге,патша! Кеш соңында барлық қатысушылар өз сыйлықтарын алатын болады.
Шырша әні №5"Жаңа жыл" Дәрібаевтар

Аяз ата: Жарайсындар балаларым! Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіндер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. 
Мен сіздерге жаны жақсылыққа толы Жаңа жылдарыңызды қалдырамын. Сіздерді жыл бойы бақытты етеді деп сенемін. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер. Аспандарын ашық болсын! Қош болыңдар!


Ақшақар: Жаңа жылда, балалар,
Тек жақсылық көріңдер.
Жылау, ауру, жамандық
Қастарыңда болмасын
Сау болыңдар, балалар!
( музыка қолдарын бұлғап шығып кетеді..........)

Сайқымазақ: Балалар Аяз Ата мен Ақшақарымызды қол бұлғап шығарып салайық.Біз кешіміздің жалғасын

Би 7б сынып оқушыларының "Жастар биімен" жалғастырамыз.

Сайқымазақ 1: Міне, жаңа 2016 жыл да келді. Ал 2016 жылы да елімізге тыныштық болып

ырыс - құтымыз арылмасын.

Сайқымазақ 2: Жаңа жыл - әр біріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын.
Келесі жаңа жылда кездескенше аман - сау болайық.

Бірге: Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!























































5 орта мектеп






«Патшалықтағы ғажайып жаңа жыл»

(жаңа жылдық сценарий)


C:\Users\E80C~1\AppData\Local\Temp\WPDNSE\{018F00FA-018D-017C-2001-02010E01F600}\20150901_141723.jpg



Өткізген : 6 «в» Жұмағұлова Ж.

7 «б» Махмут А.

8 «б» Князова Б









Шалқар қаласы

2015-2016 оқу жылы


Автор
Дата добавления 06.01.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров198
Номер материала ДВ-309543
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх