Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Педагогикалық оқулар "сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Педагогикалық оқулар "сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігі

библиотека
материалов

Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігі


Шығыс Қазақстан облысы

«Курчатов қаласының №1 жалпы білім беретін орта мектебі»КММ

бсатауыш сынып мұғалімі Мындаспекова.Ш.А



Өзекті мәселе

Қазіргі заман ағымы болашақ ұрпақтың ой-өрісінің шыңдалуын, жеке тұлға ретінде қалыптасуын талап етуде. Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, білім беру мекемелерінің тәжірибесіне енуде. Жоғары кәсіби педагогикалық құзіретті мұғалімдерге қойылатын талаптар қоғам қажеттілігінен туындайды. Оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде оқу қарқынын жақсарту мақсатында жаңа педагогикалық технологияларды қолдану- заман талабы.


Мақсаты

Бастауыш сынып оқушыларын кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, саналы шешім қабылдауға үйрету.


Міндеттері

Сын тұрғысынан  ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылар:
1. Өзбетінше тұжырым жасай білуіді арттырады;.
2. Ұқсас құбылыстар арқылы арасынан тиімдісін таңдай білуге үйретеді;
3. Проблеманы шеше біліп, пікір таласты жүргізе білуге қабілеттерін арттырады.


Күтілеін нәтиже:
Сын тұрғысынан  ойлаудың маңыздылығының нәтижесі:
1.  Әдіс түрлері;
2.  Белсенді практикалық іс-әрекетте болуы;
3.  Басқалармен қарым-қатынас жасай білу, қорғай білу;
4.  Қажет болса өз көзқарасын өзгерту;
5.  Топтық тұжырымға келе білу;
6.  Топ алдына шығып, өз тұжырымын айта білу.






Елбасы Н. Ә. Назарбаев халыққа жолдаған жолдауында « Біздің міндет жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалана отырып, білім мен бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу» деп ұстаздар қауымының алдына жаңа міндеттер қойды.

Жаңа технологиялардың басты мақсаттарының бірі баланы оқыта отырып, оның еркіндігін белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.

Жаңа педагогикалық технологияларды күнделікті сабақ үрдісіне пайдалану үшін, әр мұғалім алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін (жеті модульдің бірі) ескере отырып, педагогтік мақсатына, мүддесіне сай, өзінің шеберлігіен орай таңдап алады. Бұл жаңа технологиялар – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін (дарынды және талантты модулі), терең ойлай білуін, теориялық негіздерін, эстетикалық көзқарастарын, пайымдауын, баға беруін, танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған. Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-үрдісін жаңаша дамыту, яғни оның нәтижесінің жоғары деңгейде болуын қадағалау жаңашыл педагогтардың қолында.

Бұл жаңашыл педагагтардың мақсаты – оқушылардың алатын білімдерінсапалы етумен, жеке тұлға болып қалыптасуына негіз болу. Жаңа технологиялар теориялық тұрғыда дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтижелер беруде.

Сын тұрғысынан ойлау – ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыру, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдңкте ұстап талқылау.

Сыни ойлау - адам өмірінің бір саласы. Олай делінетіні – бұл көптеген жолдар мен шешімдер ішінен адамдарға өздері үшін маңызды, әрі пайдалы, тек қажетті ақпраттарды жинап, жаңа білімді бұрынғыдан ажырата білуге көмектеседі.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі, ал бағдарламаның негізі Ж. Пиаже мен Л. С. Выготскийдің теорияларын басшылыққа алады.

Осы бағдарлама Қазақстан қоры жанынан 1998 жылы қазан айынан бастап жүргізіліп келеді.

Сын тұрғысынан ойлау – бұл сынау емес, шындалған ойлау. Осы деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғары сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау дұрыс емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Оған осы жобаның жұмыс жасау барысында көз жеткіздік. Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым үш деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі.




Осы үш деңгей оқушының алған білімін болашақта пайдаға асыруға, қажетке жаратуға қабілетін қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып ішінен қажеттісін таңдап алуға үйретеді.

Сабақ жоспарын осы моделді Блум таксономиясымен біріктіріп құрастыру өте тиімді.




Онымен қатар жеті модульді ескере отырған жөн. Сабақта жеті модулдің барлығын қодану мүмкін емес, бірақ оның ішінде міндетті түрде қажеттісі де бар. Ол оқушының жас ерекшеліктерін ескеретін «оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу», «Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер». Топта жұмыс жасаған кезде «оқытуды басқару және көшбасшылық», оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулдерін қолдануға болады. Бірақ қатып қалған нәрсе жоқ, бұл модулдерді күнедікті де қолдануға болады. Әр деңгейде қолданатын әдіс элементтерін Блум таксономияның әр бөлігіне бөліп алу қажет.

Енді осы кезеңдердің мақсат-міндеттеріне толығырақ тоқталып өтейік. Қызығушылықты ояту «үйрену процесі» - бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Бұл кезеңде оқушы өзінің бұрынғы білетін білімін жаңа ұғымдармен, түсініктермен байланыстырып, жаңа ақпаратпен толықтырып, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатынын анықтаудан басалады. Осы арқылы ойды қозғау, ояту, ми қырытысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Бұл кезеңде қызмет ететін «топтау», «түртіп алу», «ойлану», «жұпта талқылау», «болжау», «әлемді шарлау» т.б. деп аталатын әдістер (стратегиялар) жинақталған. Жоғарыда айтылған әдістер оқушының белсенделегін арттырады. Өйткені, үйрену – белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Бұнда оқушы өз білгенін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліеді, тобында талқылайды. Яғни, айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны өз білімімен ұштастырады.

Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны тану «түсіне білу процесі». Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпаратты тақырыппен байланыстырып жұмыс жасайды, тапсырмала орындайды. Оның өз беімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Бұл – тақырыппен танысу барысында V – білемін, ― - мен үшін түсініксіз, + мен үшін жаңа ақпарат, ? мені таң қалдырады, белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды еске сақтау, мәнін жете түсіну – күрделі жұмыс. Оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Сондықтан да, мағынаны түсінуді жоғарғыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі. Оқушылар білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгіле, сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін, бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар ұруға дағдыландырады.

Тақырып туралы ой қозғалыс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, бесқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарын, өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өзі үйрену жолын, үйрені кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі жолдары мен кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді. Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған «Бес жол өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «екі түрлі түсініктеме күнделігі» сияқты стратегиялар сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілігіне қарай лайықтала қолданылады.

Екі түрлі түсініктеме күнделігі. Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен бөлу тапсырылады. Мәтінді оқу барысында олар:

Бөліктің оң жағына Сол жағына


Мәтіндегі қатты әсер еткен

тұстарды, үзінділерді жазады.


Әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп-салдары қандай, т.б.

Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң жұпта, топта талқылау ұйымдастырады. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға арналған әзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауаптар алады. Ол сұрақтар оқығанға баға беру, пікірін, көзқарасын білдіруге лайықталынып қойылғаны дұрыс.



Мысалы:  Сіздің ойыңызда не сақталып қалды?  Автор оқырманды қалай қызықтырады?  Кейіпкерлердің іс-әрекетін Сіз қалай бағалайсыз? т.б. түрінде. Бұл әдіс те алдыңғы сияқты оқушыларды ұжым болып, жұмыс жасауға үйретеді. Ақпаратты өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын, құдіретін түсінуге бағыттайды. Сондай-ақ, әдістің тиімділігі – сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды, оқыған мәтінді түсіну, оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды. Осылайша ұйымдастырылған оқу сабақтары арқылы сауатты оқырман қалыптастыру мүмкіндігі туады.

Еркін жазу. Мұғалім сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсіну керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт беріледі. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады. Оқушыларды алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады.

Оқытудың қандай жолы қолданылса да «оқыту тиімділігінің» екі көзқарасы бар. Біріншіден. Оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысанретіндегі келешегі, екіншіден, оқытудың оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қмтынаснәтижесі ретінде қарастырылуы. Оқушының сабақта тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы мұғалімде Шульман «үш көмекші» (бас, қол, жүрек) деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту табысты болып саналады. Оқытудың сапасын және табыстылығын екі тәсіл арқылы анықтауға болады. Бірінші, бағалау оқу қызметінің нәтижесіне байланысты болмай, мұғалімнің іс-әрекетінің тәжірибе талаптарына сәйкестігін, яғни – мұғалім жұмысының тиімділігін, оқушылармен өзара байланысының сипаты мен жиілігін анықтау. Екінші тәсіл жай ғана кәсіби міндеттерді жауапкершілікпен орындағаннан гөрі, көбірек күш-жігерді талап ететін сапалы әрі табысты оқыту.

Оқыту мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасын мен жеті модулмен жұмыс жасауды бастаған мұғалімдер бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсе, оқушылар оқудың (сабақтардың) қызықты, жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Мектеп өмірінде мұғалімдердің аталмыш жобамен жұмысқа дейінгі және кейінгі кезеңін (аралығын) салыстыру оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының артқандығын, адами жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады.

Бұл жаңа буын оқулықтарының талапарын жүзеге асыруда, оқушылардың білім деңгейін көтеруде, оқушыларды шығармашылыққа баулуда, ойларын еркін айтуда тез арада дұрыс шешімдер табуға атсалысатын өте тиімді бағдарлама.





Қолданылған әдебиеттер

  1. Отарова Н. Сын тұрғысынан ойлау // Биология және салауаттылық негізі. -2006. - № 1. - 21-23 б.

  2. Ташенова А. Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту // Білім-Образование -2006. -№6. 3-4 б.

  3. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші (негізгі) деңгей, 2012 ж.

  4. Выготский Л.С. Психология. – М., 2000.

  5. Интернет ресурстар.

















Автор
Дата добавления 16.10.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1010
Номер материала ДВ-066857
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Комментарии:

1 год назад

Берілген материал педагогикалық оқулар сайысына арналған. Бұнда 2014-2015 оқу жылындағы 4-1 сыныпар аралығындағы жетістіктер көрсетілген.

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх