- 01.10.2020
- 7486
- 268
Аурулардың алдын алу және салауатты өмір салты: Денсаулықтың толық нұсқаулығы
Қазіргі заманның жылдам өзгеріп жатқан әлемінде денсаулық – ең құнды байлық. Бұл материал сізге денсаулықты сақтау мен нығайтудың барлық негізгі аспектілерін ғылыми негізделген, бірақ қолжетімді түрде ұсынады. Педагогтарға, ата-аналарға және денсаулыққа ұқыпты азаматтарға арналған бұл ресурс тек теориялық білім берумен шектелмей, тәжірибеде қолдануға арналған нақты ұсыныстарды қамтиды.
Негізгі ерекшеліктері:
- Академиялық тереңдік: Медициналық деректер мен зерттеулерге сүйенген дәлелденген ақпарат
- Педагогикалық тиімділік: Оқу үдерісін жеңілдететін жүйелі құрылым және интерактивті элементтер
- Бірегей дизайн: Инфографикалар, көрнекі мысалдар және есте сақтауды жеңілдететін схемалар
- Толық қамту: Физикалық, психикалық және әлеуметтік денсаулықтың барлық аспектілері
Материалдың мазмұны:
Денсаулықтың заманауи анықтамасы
Алдын алу медицинасының негіздері
Дұрыс тамақтанудың алтын ережелері
Физикалық белсенділіктің иммунитетке әсері
Стресспен күресу жолдары
Жұқпалы аурулардан қорғану
Жеке гигиенаның маңызы
Вакцинация туралы шыншыл ақпарат
Педагогикалық артықшылықтары:
- Мектеп бағдарламасына сәйкес келетін модульдер
- Практикалық тапсырмалар мен өзін-өзі тексеру сұрақтары
- Топтық талқылауларға арналған тақырыптар
Дизайндық ерекшеліктері:
- Әр тақырыпқа арналған визуалды жеңілдеткіштер
- Есте сақтауға көмектесетін мнемоникалық әдістер
- Нақты мысалдармен толықтырылған кестелер
Не үшін қажет?
- Мектептегі денсаулық сабақтарын өткізуге
- Отбасылық денсаулықты нығайтуға
- Жеке салауатты өмір салтын қалыптастыруға
Бұл материалды жүктеп алып, сіз аласыз:
- Денсаулық туралы толыққанды нұсқаулық
- Ғылыми деректерге сүйенген сенімді ақпарат
- Күнделікті өмірде қолдануға болатын практикалық кеңестер
"Денсаулық – бұл тек аурудың болмауы емес, толыққанды өмір сүру қабілеті" деген ұстаныммен жасалған бұл материал өз қолыңыздағы денсаулық энциклопедиясына айналады.
Тегін жүктеп алып, денсаулық туралы біліміңізді кеңейтіңіз!
infolesson.kz – Білім берудің заманауи стандарттары
Курс повышения квалификации
Курс профессиональной переподготовки
Курс повышения квалификации
Курс профессиональной переподготовки
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Умарова Р. М.
Қостанай қ.
№1 мектеп – лицейінің
қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Салауатты өмір салты.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Суретпен жұмыс жасау арқылы,сұрақьарға жауап беру арқылы салауатты өмір салты.тақырыбымен таныстыру. Сурет бойынша сөздерді дұрыс айтуға үйрету.
Дамытушылық: оқушының жазба тілін дамытуға,сауаттылыққа, әдеби тіл нормаларын игеруге, күрделі ойлау формасының қалыптасуына, ой қорытысын жасауға Салауатты өмір салты туралы сурет бойынша әңғіме құрастыру, оқушылардың сөздік қорын молайту. Сөздерді дұрыс айтуға, сөйлемдерді дұрыс құрастыру арқылы ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту.
Тәрбиелік: Сабаққа, қазақ тіліне қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру әдісі.
Сабақтың типі: дәстүрлі сабақ
Жабдықтау: мазмұнды суреттер, карточкалар.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі: - Амандасу.
- Сыныпты түгендеу.Кезекшінің мәліметі:
1. Қазір жылдың қай мезгілі?
2. Күз айлары қандай?
3. Қазір қандай ай?
4. Бүгін нешесі?
5. Бүгін ауа райы қандай?
6. Ауаның температурасы қандай?
Сабақтың ұраны: «Бір сөз болса да, дауыстап айт,
Ең бастысы – үнсіз қалма.»
ІІ. Тіл дамыту. Сұрақ – жауап.
-Оқушы-оқушы.
-Мұғалім-оқушы: -Қыс қандай жыл мезгілі?
-Қыс айлары қандай?
-Қыстың бірінші айы қандай?
-Соңғы айы қандай?
-Қысқы ауа райы қандай?
-Саған қыс мезгілі ұнайды ма? Несімен?
-Қандай мерекелер болады?
-Жаңа жыл мерекесі туралы не білесің?
« -Қыс» туралы қандай өлең білеміз? Оны кім жазды?
Абай туралы не білесің?
-Монолог «Қыс», «Жаңа жыл», «Абай Құнанбаев»-бір-бір сөлемнен айтқызу.
ІІІ. Өткенді қайталау.
Грамматика саласы бойынша әңгімемізді жалғастырамыз:
(Бір-бір сөйлемен: фонетика саласы бойынша не білеміз?)
-Фонетика деген не? (Ол тіл білімінің бір саласы)
-Нені зерттейді? (Әріп пен дыбыстарды зерттейтін ғылым)
-Неше әріп бар?
-Неше дауысты дыбыс бар?12
-Неше дауыссыз дыбыс бар? 25
-Дыбыстар қалай бөлінеді?
-Дауыстылар қандай болады? (Тілдің қатысына қарай: жуан және жіңішке)
-Жақтың қатысына қарай? (Ашық және қысан)
-Еріннің қатысына қарай? (Еріндік және езулік)
Тілдің
қатысына қарай:
Жуан: а, о, ұ, ы, у.
Жіңішке: ә, ө, ү, і, е, и, у, э.
Жақтың
қатысына қарай:
Ашық: а, ә, о, ө, е, э.
Қысаң: ы, і, и, у, ү, ұ.
Еріннің
қатысына қарай:
Еріндік: о, ө, ұ, ү, у.
Езулік: а, ә, е, ы, і, и, э.
-Дауыссыздар қалай бөлінеді? (Ұяң, үнді, қатаң)
-Жалғаудың неше түрі бар? Қандай? (4 түрі бар: көптік, септік, жіктік, тәуелдік)
-Буынның неше түрі бар? «3 түрі: ашық, тұйық, бітеу)
-Сөз таптарын ата. (Зат есім, сын есім, етістік, есімдік,үстеу, шылау)
-Етістіктің шақтарын ата. (Осы шақ, келер шақ, өткен шақ)
ІҮ. Жаңа тақырыпты еңгізу.
1.Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру:
-Білу керек:
-Істеу керек:
2. Жаңа сөздермен танысу:
а/ Мұғалім сөздердің мағыналарын түсіндіреді.
ә/ Мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.
б/ Мұғалім оқиды, оқушылар тізбекпен қайталайды.
в/ Оқушылар сөз тіркестерді құрайды.
3.Мәтінді оқып, мазмұнын айту.
Салауатты өмір салты
Адамның басты байлығы – денсаулық. Денсаулығымыз – байлықтан да қымбат. Біз үшін денсаулықтан артық бағалы зат жоқ. Денсаулығымыз жақсы болу үшін салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызы зор. Жас ұрпақтың дені сау болса ғана биік шыңдарға қолы жетеді. Балалық шақтан бастап дене шынықтырумен, спортпен айналысу керек.
Салауатты өмір сүру салты адамдардың іс-әрекеттеріне байланысты болады.
Салауатты өмір сүру салты шаруашылық, күнделік үй тұрмысы, өзін-өзі ұстай білуі, қоғамдық тәртіппен санасу, артық сөз айтпау, кез-келген адамдарды жамандамау, өзін ақылды деп есептеп, басқаларды ақымақ ретінде көру т.б. аулақ болу.
Адамдардың биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес салауатты өмір сүру салты біркелкі болмайды. Болу керек деп айту да дұрыс емес. Әр адам өзіне тән калыптасқан өмір салтымсн тіршілік етеді. Ол ұрпақтан ұрпаққа «ген» арқылы беріліп отыруы мүмкін.
4.1-5 сөйлемдерге сұрақ қою. Салауатты өмір салты.
5.Өтеді-өту етістігін 3 жақта жіктеу.
Ү. Сергіту сәті.
Солға, солға түзу тұр.
Оңға, оңға түзу тұр.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым
Жоғары, төмен қарайық
Орнымызды табайық
4. Ойындар.
«Кім тез айтады?»
«Кім көп біледі?»
УІ. Сабақтың қорытындысы: Қандай
тақырып бойынша жұмыс жасадық? Не істедік?
УІІ. Бағалау.
УІІІ. Үйге тапсырма: сөздерді жаттау, мәтінді мазмұндау, 92б-8 сабақ
7 366 438 материалов в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Умарова Разия Муайтбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВам будут доступны для скачивания все 360 256 материалов из нашего маркетплейса.
Мини-курс
2 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.