Скачивание материала началось

Предлагаем Вам установить расширение «Инфоурок» для удобного поиска материалов:

ПЕРЕЙТИ К УСТАНОВКЕ

Новый курс повышения квалификации!

Цифровая грамотность педагога. Дистанционные технологии обучения

Разработан летом 2020 специально для учителей

Успеть записаться

-50% До конца лета

Каждую неделю мы делим 100 000 ₽ среди активных педагогов. Добавьте свои разработки в библиотеку “Инфоурок”
Добавить авторскую разработку
и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыПланирование открытого урока на тему "Ас адамның арқауы"

Планирование открытого урока на тему "Ас адамның арқауы"

библиотека
материалов


Сабақтың тақырыбы: «Ас адамның – арқауы»

Мақсаты: Оқушыларды дастархан басында сақталатын салт-дәстүрмен, ырым-тиымдармен таныстыру. Ұлттық тағамдарымыздың қасиетімен және ыдыс-аяқтармен таныстыру.

Оқушыларды салт-дәстүрді сақтауға, ұлттық тағамдарды қастерлеуге, ас ішу тәртібін есте сақтауға тәрбиелеу.

Оқушылардың мәнерлеп айту дағдыларын қалыптастыру, тілдерін дамыту, сөздік қорларын дамыту.

Көрнекілігі: Сабақтың тақырыбы, нақыл сөздер, ыдыс-аяқтар суреттері сүт және сүт тағамдары, кітаптар.

«Тамақты тарта жесең, санаңды ашар; көп жесең, ұйқы басар»

«Таспен атқанды, аспен ат»

«Дүниедегі байлықтың түрі көп, солардың ішіндегі ең негізгі де осы нан байлығы»

Сабақтың барысы:

Дастархан басындағы салт-дәстүрлер.

Дастархан басында сақталатын ырым-тыйымдар.

Асты ішу тәртібі.

Түрлі-түрлі тағамдар.

Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар.

Әндер, жұмбақтар, көріністер, жарнамалар.

Қорытындылау. Бата беру рәсімдері.

І. Дастархан басындағы салт-дәстүрлер.

Сабақтың жүру ретімен таныстыру.

Дана: Халық қуанышын да, қайғыны да, дастархан басында бөліскен. Өсиет айту, бата беру, достасу бәрі де дастархан басында шешілген. Сондықтан халық дастарханды «Құттыхананың берекесі» деп қасиет санаған.

Дияр: Дастарханнан дәм татқандар, татуласу, келісу сияқты рәсімдерді орындайды.

Нұршаш: «Таспен атқанды аспен ат» деп халық бекер айтпаған. Себебі дастархан дәмі киелі. Оны татып, келісімін бұзса, астың киесі ұрады.

Диас : Сонымен бірге дастархан күнделікті отбасының тамақтануына, үйге келген адамға дәм таттыруға, той-тамашаға, ас-су беруге жайылады.

Асылхан: Онда ас қою, ас ұсыну, ас алу, ас қайыру, асқа бата беру рәсімдері орындалады.

Рамазан: Күнделікті отбасының тамақтануына жайылған дастархан басында асты ең алдымен ата-анаға, үлкенге ұсынады.

Тамерлан: Ас ішу кезінде ауызды сылпылдатпай, тәртіппен тамақтану, қасықты оң қолға ұстау, түзу отыру, тазалық сақтау рәсімдері орындалады.

Мақсат: Дастархан жанындағы адамдар жасына қарай отырады.

Айым: Тамақ ішер алдында, тамақтанып болған соң, қолға су құйылады. Құйылатын су жылы болуы керек.


Мадина: Су құйдым мен құманнан,

Қолына мен әкемнің.

Содан кейін оған мен,

Орамалды әпердім.

Амина: Қолға су құю оң жақтан солға қарай орындалады.

Данабек:Тамақтанып болғаннан кейін, Дастархан басындағы ең үлкен, әрі құрметті адам асқа бата береді.

Әбілмансұр: Тойға жайылған дастарханға қойылатын ас тәртібі оған жиналған адамдардың достық, туыстық қатынастарына байланысты орындайды.

Нұршат:Қазіргі тойларда дастархан жаю мәдениеті дәстүр. Онда астың барлық түрлері болады. Әсіресе жеміс пен көкөніс дастарханның сәні.

Диана: Той дастархан, той үлгі,

Бай дастархан жайылды.

Атап-атап ас қойдық,

Атаға деп бас қойдық.

Ерасыл: Жамбас қойдық құдаға,

Жал мен жая сыбаға,

Қалақтай төс жездеге,

Қазы-қарта өзгеге.

Ернар: Балаларға тортымыз,

Барлық жерге құртымыз,

Балма піскен қауырсшақ,

Балдай тәтті бауырсақ.

Инкар: Уыз, қаймақ тағы бар,

Уылдырық табылар.

Табан, сазан, майшабақ,

Табақ тартып қайталап.

Алиакбар: Қауын, қарбыз, көкөніс,

Қанша жидек, көп жеміс.

Кәне тойда тойыңдар,

Кәдеден соң ойын бар.

ІІ. Дастархан басында сақталатын ырым-тиымдар.

Ас жүрген жер — береке.

Дастарханға бірінші нанды әкеліп қояды.

Нанды төңкеріп қоюға болмайды.

Нанды бір қолмен сындыруға болмайды.

Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоюға болмайды.

Қонаққа сынық ыдыспен ас беруге болмайды. Себебі сынық ыдыспен ас беру қонақты сыйламағандық. Және сынық ыдыспен ас ішу жаман ырым. Бұл жүзің сынып, көңілің жарым болсын дегенді білдіреді.

Тамақты жатып ішуге болмайды. Дені сау адам дұрыс отырып тамақтанады. Ал отыра алмайтын адам жатып ішеді. Сондықтан мүгедек адамның қылығын жасама. Дұрыс отырмаймын деп денсаулығыңды бұзып алма.



Ас ішіп болған соң «тойдым» деуге болмайды, «қанағат» деу керек. Дастарханнан аттауға болмайды.

Ас үстінен аттама

Астан үлкен емессің.

Ертеңгі асты тастама,

Кешкі асқа қарама.

Өле жегенше,

Ағайынмен бөле же.

Мұғалім: Ас ішу кезінде ізет, сыйласым, инабаттылық рәсімдері сақталу керек. Әкесі отырғанда баласына бас тартылмайды.

Ми жемейді жас бала,

Миды ұсын басқаға,

Ынжық болу-масқара.

ІІІ. Ас ішу тәртібі:

Тарта жесең, тай қалар,

Қоя жесең, қой қалар,

Қоймай жесең, не қалар.

Асты асықпай, әбден шайнап жұту керек. Тамақ ішіп отырып кітап оқуға, теледидар көруге болмайды. Әртүрлі тамақта адам денесіне қажетті дәрумендер болады. Сондықтан тамақты талғаммен ішу керек. Әсіресе қазақтың ұлттық тамақтары адамға өте пайдалы. Ұлттық тағамдарымызға бауырсақ, қазы-қарта, жал-жая, қымыз, шұбат, құрт тағы басқалар жатады.

Ойын: «Қазақтың 10 ыдысын атау, 10 адым жасау»

Торсық, мес, саба, шелек, көнек, астау, табақ, тостаған, шара, күбі, торсық.

ІV. Түрлі-түрлі тағамдар.

Ақыл-ой қызметінің негізгі қоректену көзі — глюкоза. Оны адам ағзасы көмірсуға бай нан өнімдерінен, ұн тағамдарынан, жүгері үлпегі сияқты тағамдардан алады. Күш қуатты үнемі толықтыру үшін дәстүрлі тағамнан қосымша аздап тамақтанудың артықшылығы жоқ. Бала үй тапсырмасын орындап жатқанда шамалы уақытқа үзіліс жасап, йогурт, сүттен жаңа дайындалған коктейль, сыр мен ірімшіктен жасалған бутербродпен тамақтанған дұрыс, Ал тәтті, тоқаш, шоколад уақытша күш береді. Мысалы: лимон — ақпаратты қабылдауды, ал капуста — ашулануды басады. Банан миға өте қажетті зат, жүйке жүйесін нығайтады. Көп сұйық су ішкен бала, жаңа ақпаратты жеңіл қабылдайды. Етпен кешке тамақтану ұйқыны мазасыздандырады. Күріш, картоп сияқты крахмалы көп тағамдармен тамақтанса, жеңіл ұйықтайды. Ұйықтар алдында 1 стакан сүт, таңертең жұмыртқа, бал қосылған шай ішкен дұрыс.

Дастархандағы әртүрлі тағамдар туралы жұмбақтар.

Алған жайып тұз — дәмін,

Келтіреді үй сәнін.

Ол халқымның ақ жаны,

Жақсы дәстүр маржаны.


Кең пейілді арайлы

Осы жерден тарайды. Бұл не? (дастархан)

Тас қақпаның сұрақтары:

Беттескен қос табақ,

Ортасында бас табақ.

Көз бен шоққа ораса,

Дәм піседі тамаша. Бұл не? (таба нан)

Өзі ащы, бірақ дәмді етер асты. Бұл не? (тұз)

Түсі аппақ, тысы қатты-ақ,

Екі түрлі уызы, жесең тәтті-ақ. Бұл не? (жұмыртқа)

Қос басы жұмыр, жіңішке құбыр.

Ішіне жиған, дәмді шымыр. Бұл не? (жілік майы)

Аппақ су — дәмі тәтті,

Ішсең сусын қандырады.

Шөлдегенде қатты. Бұл не? (қымыз)

Ең мықты дәрі, жұрттың бәрі

Аңсап ішер, бал татар дәмі, ненің нәрі?

Бұл не? (шұбаттың нәрі)

Сұйық еті аппақ,

Бауырдай боп қатыпты,

Ішсең дәмі тәтті-ақ. Бұл не? (сүт пен айран)

Малы төлдеп, әр ауыл

Пісіреді ақ бауыр. Бұл не? (уыз)

Әжем уыстап сығып, далада кептірген.

Қатты, әрі тәтті, дәмін кім бар жеп көрген. Бұл не? (құрт)

Аспан түстес сұйық,

Әркім ішер құйып. Бұл не? (су)

Бір жансыздың қаны бар,

Тіл үйірген дәмі бар,

Шөлдесең іш, қанып ал. Бұл не? (кесе мен шай)

Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар:

Төңкерсең күмбез сынды,

Шалқайтсаң құдық сынды.

Жиегінде үш құлағы бар. (қазан)

Иінінде құлағы, ішінде бұлағы

Көмейіне от салсаң, ызыңдап тұрады. (самаурын)

Отқа қойсаң елпілдеп,

Быж-быж етіп тұншығар.

Тақиясы селкілдеп,

Танауынан су шығар. (шәйнек)

Басы құдық, сабы сырық. (ожау)

Сабы бар, басы шатыр

Табысын өлшеп әкеп,

Құдыққа тасып жатыр. (қасық)

Өткір жүзді, кеседі, өте қажет құрал ол.

Тұтас затты бөледі, ұсақтап та турар ол. (пышақ)

Шеңберлі есігі бар, жүздеген тесігі бар,

Ішіне кіргендердің, ұсағы жол табар,

Ірісі тор қабар. (елеуіш)

Мөлдір түрі, шеңбер түрі.

Аузы тарлау, шыны күбі. (құмыра)

VІ. Әндер, жұмбақтар, көріністер, жарнамалар.

Ән: «Қазақы дастарханым» (оқушылар хормен)

Жұмбақтар:

Күбіге құйып піскен не? (қымыз)

Ұйытып қойып ішкенім не? (айран)

Табаға салып жапқаным не? (таба нан)

Үйітіп қазанға асқаным не? (бас, сирақ)

Кілегей шайқап алғаным не? (май)

Сөреге кептіріп жайғаным не? (құрт)

Тұзын көріп татқаным не? (сорпа)

Келіге түйіп ақтағаным не? (тары)

Көрініс: «Көз, құлақ, мұрын және ауыздың айтысы» (мысал)

Жарнама: «Сүт», «айран» туралы жарнамалап екі оқушы шығады. Олар осы тағамдардың пайдасы туралы айтады.

VІІ. Қорытынды.

Мұғалім көрнекілікке жазылған нақыл сөздерді түсіндіріп өтеді.

Оқушылар өздерінің білетін, аталарынан үйренген ас батасын кезек-кезек айту



















«Тапқыр достар» (интеллектуалдық ойын)

Мектепалды даярлық топ


«Тапқыр достар» интелектуалдық ойыны

Мақсаты: Балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру. Жалпы оқу бағдарламасымен қатар, дүниетану және ойлау қабілетін ұштау. Сонымен қатар, ұлтымыздың тарихын, салт - дәстүрін, әдеп - ғұрпын насихаттау. Тез және дұрыс шешім қабылдауға баулу.

Құрылымы: Ойынға 6 баладан құралған 2 топ қатысады. Қатысушылардың жалпы саны - 12. Ойын 8 кезеңнен тұрады. Топтар әр кезеңнің қорытындысы бойынша сақиналармен пирамида құрайды. Барлық айналымнан кейін барынша көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады


Шаттық шеңбері.

Балалар біздің көңіліміздің кілті біздің езуімізде. Әрдайым күліп жан жағымызға күлкі сыйлайық! Олай болса балалар күлкі сыйлайық!

Кел балалар күлейік

Күлкіменен түлейік

Қабақ шытып не керек

Көңілді болып жүрейік!

Дыбыстарға байланысты жұмбақ жасыру.


«Тапқыр достар»

Жақсы болу өзіңнен,

Жаман болу өзіңнен.

Өзіңді өзің ая да,

Өзің үйрен өзіңнен.

Жақсылық көрсең біреуден,

«мен қандаймын?» деп ойла.

Жамандық көрсең біреуден,

«мен қандаймын?» деп ойла, – дей отырып, бүгінгі «Тапқыр достар» сайысына қош келдіңіздер!

Бүгінгі ойынымыз өте ерекше. Үйткені біз командамен жұмыс істеуіміз керек.

Ережелерді естен шығармайық.


Командалар орындарына отырады. Ойын шартын тыңдайды. Біздің ойынымыз тапсырмалар мен сұрақтардан тұрады. Сұрақтарды мұқият тыңдап топпен ақылдасып жауап беру керек. Әрбір жауапқа әр команда пирамидалық жетістікке жеткізетін

«Сәттілік сақинасын» «кольцо удачи» алады. Қай топтың пирамидасы биік болса сол команда жеңіске жетеді.

Жауап дайын болған кезде белгі береді. Жылдам жауап берген топ ұпай алады.

Бірінші айналымның аты – «Білгенге маржан».

Бірінші айналымда топтарға туыстық атулар аясында әзірленген 6 сұрақ қойылады. Топ дұрыс жауапқа сәттілік сақинасын алады.


Сұрақтар: Нағашы әже деген кім?

Нағашы ата деген кім?

Жиен деген кім?

Бөле деген кім?

Немере деп кімді атайды?

Аға - қарындас деп кімдерді айтамыз?


Екінші кезеңнің аты – «Сөз ойла, тез ойла»

«Ә» және «Т» дыбысына байланысты сөздер ойлап табады

Үшінші кезең «Құрастырмалы пішіндер»

Төртінші кезең «Қызықты тапсырмалар»

1. а) Ол орманда өседі

ә) ол жауыннан қорғайды

б) ол ұшақтан секіреді.

2. «Ең көп желінген тортты тап»

Бесінші кезең Тапқыр достар сөзінен сөздер құрау

Мысалы. Тап, қар, тақыр

Дос, рас, отар

Алтыншы кезең «Салт дәстүр»

а. Наурыз мейрамы жайлы не білесіңдер?

ә. Бесік деген не?


1. Наурыз – жыл басы. Шығыс халықтары Наурыз мерекесін тойлап келеді. Наурыз күн мен түннің теңелген күні, яғни бір тәуліктегі күн мен түннің ұзақтығы бірдей болған күні тойланады. Осы уақыттан бастап күн ұзарып, түн қысқарады.


2. Бесік жабдықтары бесік, көрпе, жастық, шүмек, түбек

Бесік ырымдары болады.

Бесікті аттауға болмайды, оны ашық тастауға болмайды, сатуға болмайды.

Жетінші кезең «Сиқырлы суреттер»

Мнемокестелер бойынша оқыту.

Сегізінші кезең «Нүктелер»

1 - 10 ға дейін тура және кері санау, таңбалармен таңбалау және оларды нүктелі карточкалармен белгілеу.

Тоғызыншы кезең «Түрлі түсті резеңкелермен сурет салу»


Қорытынды

Барлық кезеңнен кейін ойынның жалпы есебі анықталып жеңімпаз анықталады. Жүргізуші топтарды марапаттап, жеңімпаз топтың көшбасшысына арнайы сыйлықты табыстайды Құрметті балалар, міне бүгін сендердің мынадай талапты, салт - дәстүрімізді жалғастырушысы екендеріңді көріп, сүйсініп отырмыз. Талаптарыңа нұр жаусын!- деп қорытындыланады.

«Тапқыр достар» сайысы аяқталды.




Курс профессиональной переподготовки
Учитель начальных классов
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Возрастные особенности детей младшего школьного возраста»
Курс профессиональной переподготовки «Организация образовательного процесса для обучающихся с ограниченными возможностями здоровья»
Курс повышения квалификации «Организация проектно-исследовательской деятельности учащихся в рамках реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Сетевые и дистанционные (электронные) формы обучения в условиях реализации ФГОС по ТОП-50»
Курс повышения квалификации «Сопровождение детского отдыха: от вожатого до руководителя детского лагеря»
Курс повышения квалификации «Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Тайм-менеджмент - персональная эффективность преподавателя»
Курс повышения квалификации «Теория и практика инклюзивного обучения в образовательной организации в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Организация краеведческой деятельности детей в учебно-воспитательном процессе начальной школы»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика преподавания иностранных языков в начальной школе»
Курс повышения квалификации «Применение методов арт-терапии в работе со старшими дошкольниками и младшими школьниками»
Курс повышения квалификации «Методика преподавания курса «Шахматы» в общеобразовательных организациях в рамках ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Сурдопедагогика: организация обучения, воспитания, коррекция нарушений развития и социальной адаптации глухих, слабослышащих, позднооглохших обучающихся в условиях реализации программы ФГОС»

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.