Инфоурок Всеобщая история КонспектыПоурочные по истории на тему: Жоңғар шапқыншылығы

Поурочные по истории на тему: Жоңғар шапқыншылығы

Скачать материал

 

Қазақстан тарихы     ЖМБ                     11-сынып              

Сабақтың тақырыбы:    Жоңғар шапқыншылығына  қарсы  күрестің  көшбасшылары.

Сабақтың мақсаты:

1.     Білімділік ; Қазақ  хандары Тәуке хан,Әбілқайыр хан, Абылай хантуралы танымдық-ақпараттық мәлімет беру арқылы  оқушылардың  білімділік танымын арттыру,жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте ерлік пен іскерлік даңқын танытқан  қазақ хандарының  ерліктері туралы түсінік қалыптастыру арқылы ақпарат беру.

2.     Дамытушылық;  сабақ барысында арнайы тапсырмаларды қолдана отырып,оқушылардың  есте сақтау,ой  қорыту,жадыны жаңғыртубелсенділіктерін,өзіндік іскерлік дағдыларын,ынтымақтастық ортасынтиімді ықпалдастыра отырып зерттеушілік  ізденісінжетілдіру.

3.     Тәрбиелік ;  тақырыптың  өзектілігін негіздей отырып,оқушыларды отансүйгіштікке, батырлыққа,шынайылыққа,өз ісіне жауапкершілікке,өзгелерге құрметпен қарай отырып,өз болашағына сеніммен қарай білуге  тәрбиелеу.

Сабақтың типі:  жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі:  аралас сабақ

Сабақтың  әдісі:  баяндау,сұрақ-жауап,топтағы ортақ әңгімелесу

Сабақтың тәсілдері,жұмыс құралдары:  «Аквариум»ортақ  түйінді  пікірлер тоғысы  тәсілі, «Аялдама»страгегиясы, «стикердегі диалог»стратегиясы,өзара бағалау құралы

Сабақтың  көрнекі-дидактикалық құралдары,жұмыс ресурстары:  интерактивті тақта,СД дискілер.

Сабақтың пәнаралық байланысы:  дүниежүзі тарихы, география,қазақ әдебиеті

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1-қадам.  Оқушыларды  түгендеу.Оқушылардың сабаққа   даярлығына бақылау жасау.Оқу құралдарын,сабаққа қажетті ресурстарды реттеу.

2-қадам.  Оқушылармен психологиялық   сергіту сәті. Әуенді ырғақтар арқылы түрлі іс-қимыл  әрекеттеріне  ыммен жауап беру. Түстерді  өз ырғақтарына сай таңдау.

                            Ұйымдастыру кезеңінің барлық уақыты;  3 минут.

(жоғары сынып оқушылары болғанмен оқушыларды ұқыптылыққа дағды қалыптастыру үшін күнделікті дайындық жұмыстары жүргізіледі.Психологиялық ахуал  барлық  сабақ  барысында  өте  маңызды  орын  алады. Әр оқушының көңіл-

 

күйі сабақтың әр сатысындағы болатын алдағы қадамдарда сеніммен өтуі үшін өте маңызды.Бұл ынтымақтастыққа да үлкен әсері бар. Келешекте түрлі ортада өзін еркін сезіну үшін психологиялық сергітулердің маңызы зор.Түстерді таңдау арқылы топтарға бөлінеді.Оқушылар үш топта жұмыс жасауға топтасады,әр топта үш оқушыдан)

ІІ Өтілген тақырыпқа шолу:

1-қадам. «Стикердегі диалог»стратегиясы.  Оқушылар өтілген тақырыптар бойынша берілген стикерлерге  интерактивтегі тақтадан берілген деректердің  жауабын береді.Әр оқушы жеке жұмыс жүргізеді.

Тапсырма  мазмұны:

Бұланты өзені маңындағы Қарасиыр деген жердегі ұрыс –

«Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұлама» -

Әбілқайыр ханның Түркістан қаласын жоңғарлардан күшпен қайтарып алғаны –

Балқаштың оңтүстік жағындағы  Аңырақай  деген жердегі  ең ірі шайқас –

Жоңғар шонжарларының хан тағы үшін соғысы –

Жоңғарлардың  қазақ жеріне  шабуылының  біржола тоқтауы –

Ойрат тайпалары бірігіп Жоңғар хандығын құруы –

Тапсырманың жауаптары:

1635 жыл

1643 жыл

1710 жыл

1723 жыл

1725 жыл

1727 жыл

1730 жыл

1745-1755 жылдар аралығы

1757-1758 жылдар аралығы

2-қадам.Әр топтағы оқушылар  стикерлерді жинақтап келесі  топқа ұсынады.Топтар жұмыстарды  тексереді.Қателерге түзетулер енгізеді. Стикерлерді  қайтарып алғаннан  кейін,тақтадан  дұрыс жауаптарды салыстырады.

Фишкалар арқылы бағаланады. Әрбір дұрыс жауапқа,  қызыл  түсті фишкалар беріледі.

           Жалпы жұмыс уақыты:  7 минут.

(үй тапсырмасын жеке сұрап баяндаудан кейде оқушылар жалығады,сол себепті де түрлендіру оқушылар үшін маңызды. Сонымен қатар есте сақтау қабілетін дамытады.Топтардың жұмыстарды  алмасып  тексеруі,өзіне сенімсіздікті арттырады.Кейде оқушылар тексеру барысында да қателіктерге бой алдырады.Сол себепті де бір-бірін тексеру арқылы өз қателерін де түзетуге

 

 

қалыптасады.Стратегия уақытты үнемдеуге,есте сақтауды жандандыруға,өтілген тақырыпқа шолу жасауға тиімді.)

ІІІ Негізгі бөлім: жаңа  тақырыпты  меңгерту.

1-кезең.  «Аквариумдағы сұрақ-жауап» сұрақ-жауап  әдісі.

1-қадам. Топтар өздеріне берілген тақырып  бойынша  сұрақтар әзірлейді. Сұрақтар қысқа стикерлерде беріледі,ішіне дұрыс жауаптарын жазады.Әр топ жеті сұрақтан қарастырады. Сұрақтар анық және тақырып көлемінде беріледі. Қосымша материалдар пайдалануға болады.

Топтарға  тақырыптық тапсырма;

1-топ.  «Тәуке  хан»тақырыбы

2-топ . «Әбілқайыр хан»тақырыбы

3-топ. «Абылай хан» тақырыбы

2-қадам .  Барлық топтар «Аялдама»стратегиясы  арқылы сағат тілімен бағыттай отырып, топтардағы сұрақтармен танысып,сұрақтардың жауаптарын ортақ талқыға салады. Әр топтағы жеті сұрақтан  өзіне ақпарат алады. Сол топтағы тақырып бойынша жаңа мәліметтерді сұрақтың жауабымен таныса отырып,өзіне білім қалыптастырады. 

3-қадам.  Топтардағы барлық сұрақтарды мұғалім  ортаға  жинақтайды. Барлық сұрақ саны  21. Әр топтан бір оқушыдан,яғни үш оқушы  кезек-кезек бір-біріне сұрақтарды ретімен қойып,жауап  береді. Бір оқушы сұрақты қасындағы оқушыға қояды,егер ол жауап бере алмаса  үшінші оқушы жауап беруге мүмкіндік алады. Түсті фишкалар арқылы бағалау жүргізіледі. Әрбір дұрыс сұрақ сары түсті дөңгелектермен бағаланады.

А-В-С оқушы

 

                            А                          В

 


                                          С

 

Жалпы жұмысқа берілген уақыты  15 минут

( Сұрақ-жауап тәсілінің  тиімділігі көп.Біріншіден оқушылар тақырыпты толық шолу жасап,ақпараттарды  өңдеуге  мүмкіндік  алады және негізгі деген мәліметтерді сұрақ түрінде жазып,басқа оқушыларға ұсынады. Бір уақытта барлық оқушыға үлкен көлемді ақпаратты беру қиындық келтіреді,сол себепті бұл тәсіл оқушының барлық тақырыпшалар бойынша мәлімет алуына ықпал жасайды.  «Аялдама»стратегиясы  арқылы  берілген 21 сұрақпен   топтардағы  барлық оқушылар толық танысып шығады.Жауаптарымен  толық танысады. Және сұрақ-жауапты үштік ішінде талқылауда есте сақтау қабілетінің дамуына,жадының  жаңғыртылуына үлкен септігін тигізеді. Оқушының өзіне

 

қойылған сұраққа дұрыс жауап бере білуі,бұл  1- және 2 - қадамдарда дұрыс және мазмұнды жұмыс жасай білуіне байланысты. Сол себепті де әр оқушы өз білімін,әр қадамдарда ынтамен жұмыс жасауға бағыт алады. «Аквариум»стратегиясы тақырыпты тар ауқымда қарастырғанмен,оқушы үшін белгілі бір ақпараттардың есінде сақталуына ықпал жасайды.)

2-кезең.  Шығармашылық жұмыс.

1-қадам.  Интерактивті тақтадан  суреттер беріледі.Сол  суреттер  бойынша қазақ хандығы  тұсындағы  әр топтың өздеріне берілген хандарына орай билік жасаудағы  әлеуметтік-экономикалық,саяси қызмет маңызына түсінік береді.

2-қадам.  Топтар ретімен өз постерлерін қорғайды. Әр топқа  қорғауға  2 минуттан уақыт беріледі.

Жалпы жұмысқа берілген уақыт  10 минут.

 

(негізгі бөлімдегі екінші кезеңдегі тапсырма   топтардың белсенді жұмыс жасауына,шығармашылық , ізденушілік іскерліктерін таныта  алуына берілген. Сөз шешендігі,тарихи тілде сөйлей білу дағдыларын қалыптастырады.Қазақ хандығының өзіндік  құрылу  деңгейін бүгінгі  мемлекеттік  әлеуметтік-экономикалық дамуымен байланыстыра біледі.қазақ хандарының елді басқарудағы тек жаугершілікпен ғана емес, білімге,денсаулыққа,әлеуметтік маңызды мәселелердің шешілуіне де көңіл бөліп,сауда байланыстары арқылы  елдегі  экономикалық өсуінің,заманауи  жаңаруына қосқан үлесі мен елеулі еңбектерін атап өтеді,танысады. Сыныптан тыс материалдармен танысуға мүмкіндік беріледі.)

ІҮ Бекіту кезеңі:

1-қадам.    Кестемен жұмыс. Оқушылар жұппен  жұмыс жасайды. Кестедегі мәліметтерді оқып,сәйкесті торға белгілейді. Жұптағы оқушылар бір-бірінің жұмысын   тексереді. Екі оқушыда өз парталасының жұмысын тексеріп болған

 

соң,арнайы тақтада берілген дұрыс жауаптарға салыстырып,жазылған жұмыстың сапасын және тексерілген   парталас жұбының жұмысының  дұрыстығын бағалайды. Кестедегі жұмыс мазмұны  оқулық материалдары  және қосымша сыныптан  тыс оқулықтар бойынша  берілген.Әр дұрыс жауап жасыл түсті фишкалармен бағаланады

 Тарихи оқиға

Тәуке хан

Әбілқайыр хан

Абылай хан

Қазақтың билері-Төле,Қазыбек,Әйтекемен бірлесе отырып бүкіл қазақ елінің басын біріктіруге ұмтылды,сол билерді қатыстыра отырып,ХҮІІІ ғасырдың бас кезінде қазақ заңдарының жиынтығын жасады

 

 

      +

 

 

1729/30 жылы қазақтардың біріккен қолы тағы да жеңіске жетіп,жауды аңырата жеңген жер Аңырақай деген атқа ие болды

 

 

 

 

          +

 

Ол қазақ халқының тәуелсіздігін сақтап қалудың бір ғана жолы бар деп түйеді.Ол-әлдекімдерді басыңа ойнатпайтындай қарулы күштің болуы.

 

 

 

 

      +

Ол Қазақ хандығының  бірлігін сақтауға қатты көңіл бөлді

 

          +

 

 

Кіші жүздің ханы,қазақ жасақтарының қолбасшысы-бас сардары.

 

 

         +

 

1693-1748 жж.

 

       +

 

1680-1715/18жж

           +

 

 

1711-1781 жж.

 

 

       +

Жыл сайын қазақтың рубасыларын жинап,Күлтөбеде кеңес өткізді

 

     +

 

 

 

 

Ескерту;  кесте екі нұсқада жасалған. Жұппен жұмыс болғандықтан әр оқушыға  жеке жұмыстар беру үшін.

2-қадам.  Тақырыпқа түйін. 

«Бабалар айтқан асыл сөз,жолдас болар бүгінге» ұранды сөздер тағылымы;

Арыңды ардақтасаң,Отаныңды сыйла,Өйткені Отан арыңнан да қымбат.

Адалдық-құрмет тиегі,

Сол ғой тек адамға керегі.

Елдің  құты-би,

Күші-бірлік,

Байлығы-еңбек.

Түйінді сөздер жазылған парақшаларды аударыстыра отырып,үш  парақшадан «Қазақ хандығына 550 жыл» ұранды сөзі шығады.(интерактивті тақтамен жұмыс арқылы)

3-қадам. Бағалау; 

Оқушылар өздері сабақ барысында жинақтаған  фишкалары бойынша  ұпайларын бағамен салыстырады.  Қызыл – 2, сары – 3, жасыл - 5

«5»  –  30-35 бал«4»  -  15-29 бал«3» -   5- 14 бал«2» -   0-4 бал 

(өз балыңды бағаға сәйкестендір)

Оқушылар өздері жинақтаған ұпайларын есептеп,бағасын айтады.

4-қадам. Сабақ соңындағы толғаныс.  Оқушылар стикерлерге  сабақ барысынан алған әсерлерін жазып қалдырады.

5-қадам.Үйге тапсырма.  Тақырыпты оқу. « Қазақ хандығы жылдарындағы халықтың  мәдени  дамуы»тақырыбында шағын эссе жазу.

Бекіту кезеңінің  жалпы уақыты  10 минут.

( бекіту кезеңіндегі сәйкестендіру кестесі  оқушылардың өтілген тақырып бойынша алған ақпараттарын еске түсіріп,ғылыми  маңызын сапалы түрде орынды қолдана алуына ықпал жасайды. Сыныптан тыс оқулықтарды пайдалану арқылы берілген мәліметтерді,оқулықтардағы ақпараттармен  салыстыра отырып дұрыс орындай алу оқушының танымдық іскерлігін дамытады. Ұранды сөздердің тәрбиелік мәнін түсіндіру арқылы,оқушыларға ой салу,олардың адамгершілік түсініктерін кеңейту,әрбір сөзді дұрыс түсіністікпен  өз ойларын қорыта білуге дағдыландырады.Ал бағалау тәсілі өте тиімді,оқушы сабақтың барлық кезеңдері бойында жинақтаған ұпайларын арнайы бағаға алмастырғанда өз дайындығының  деңгейінде қоса бағалай алады.)

Сабақ соңындағы мұғалім  сараптамасы:Сабақ  барысында оқушылармен жеке,жұптық,топтық жұмыс түрлері ұйымдастырылды.Оқушылардың тапсырманы орындаудағы белсенділігі жоғары. Оқушылар табанды,зияткерлікпен,шығармашылықпен,уақытты тиімді пайдалана отырып жұмыс жасады.

Сабақ  мақсатына жетті.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Поурочные по истории на тему: Жоңғар шапқыншылығы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по выставочной деятельности

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 158 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.01.2016 1161
    • DOCX 65.1 кбайт
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жухина Рыскуль Койшыбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жухина Рыскуль Койшыбаевна
    Жухина Рыскуль Койшыбаевна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4177
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов истории в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 399 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История")

Учитель истории

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "История" в условиях реализации ФГОС СОО

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 170 человек

Мини-курс

Hard-skills современного педагога

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Техники визуализации в учебном процессе

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 19 человек

Мини-курс

Психология детства и подросткового возраста

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 105 человек из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 66 человек