Поурочный план на тему: "Тұңғыш Президент"

Предпросмотр материала:

Балтабаева Ш. А.

Қостанай қ.

№ 1 мектеп – лицеінің

қазақ тілі пәнінің

мұғалімі

 

Сабақтың тақырыбы: Тұңғыш Президент

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақ халқының мақтанышы Қаныш Сәтбаев туралы кеңірек мағлұмат беру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау белсенділігін, ой-өрісін арттыру, сөздік қорын молайту, шығармашылыққа баулу.

Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекке баулу, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, слайд суреттер.

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:

а) амандасу.

ә) кезекшімен сөйлесу.

ІІ. Үй жұмысын тексеру:

- Балалар, біз өткен сабақта Ыбырай Алтынсариннің қандай әңгімесін өттік?   (Жауап береді).

- Ол әңгімеде не туралы айтылып еді, енді соны еске түсіріп өтейікші... (Тақтаға 4 оқушы шығып, рөлге бөліп, жатқа оқиды).

- Ал енді үйге қандай тапсырма берілді? (Жауап беріледі).

- Тапсырма бойынша, бұлақ басындағы «Әй, жолаушы, болсаң, осы бұлақтай бол!» деген жазудың мағынасын басқаша қалай жазар едіңдер? (2-3 оқушыдан сұрау).

- Енді, балалар, мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші:

1. Бұрынғы Қазақ КСР Ғылым академиясы қазір қалай аталады?

2. Қазақ Ғылым академиясы қай жылы ашылды?

3. Ғылым академиясы кімнің есімімен аталады?

4. Қаныш Сәтбаев кім?

 

ІІІ. Жаңа сабақ.

 

- Балалар, бүгінгі сабағымыз осы қазақ халқының біртуар ұлы Қаныш Сәтбаев туралы болмақ. (Слайд-шоуды тамашалау).

(Мұғалім Қаныш Сәтбаев туралы әңгімелейді).

 

- Күннің жады мен бүгінгі сабақтың тақырыбын дәптерімізге жазып қояйық.

Мәтінмен таныспай тұрып, жаңа сөздерге назар аударайық.

 

ІV. Сөздікпен жұмыс. 

Көпқырлы – разносторонний

Ықпалын тигізу – оказать влияние

Қағида – правило

Қорған – защита, опора

Ұшан-теңіз – безгранично

Баршынгүл – гладиолус

Бөртегүл – сирень

(Әуелі мұғалім оқиды, оқушылар хормен қайталайды, жеке оқушы оқиды).  

 

Жаңа сөздерден сөз тіркесін құрау.

 

V. Мәтінмен жұмыс.

Мұғалім оқиды. 3 бөлікке бөліп, 3 оқушы оқиды.

 

VІ. Топтық жұмыс.

І топ:

1.     І бөлікке ат қою.

2.     Синонимін тап: тұңғыш, табыс, ынтымақ, сіңірген.

3.     «Бейнетте – береке» деген не мағына береді?

4.     «Еңбек» сөзін тәуелдік жалғауының І жағында септе.  

ІІ топ:

1.     ІІ бөлікке ат қою.

2.     Синонимін тап: байлық, ерлік, ұшан-теңіз, тірегі.

3.     «Жер елсіз болмайды, ел ерсіз болмайды» деген мақалдың мағынасын талдау.

4.     «Ерлік» сөзін тәуелдік жалғауының ІІ жағында септе.

ІІІ топ:

1.     ІІІ бөлікке ат қою.

2.     Синонимін тап: есім, ықпал, үлкен, жан-жақты.

3.     «Ерлік – ердің ісі» дегеннің мағынасын талдау.

4.     «Ел» сөзін тәуелдік жалғауының ІІІ жағында септе.

 

VII. Сөйлесу (Диалог).

VIII. Сабақты қорыту:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау.  

Үйге тапсырма:  

«Кім боламын?»  тақырыбына эссе  жазу.

 

 

Краткое описание материала

Поурочный план на тему: "Тұңғыш Президент"

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

Балтабаева Шынар Амантаевна

учитель казахского языка

  • На сайте: 10 лет и 10 месяцев
  • Всего просмотров: 3705
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 5
  • 3705
    просмотров
  • 5
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Балтабаева Шынар Амантаевна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

Новинка!

Создавайте презентации, рабочие листы, картинки и многое другое за секунды при помощи ИИ!

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: