Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Поурочный план по грамоте на казахском языке "Повторение"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Поурочный план по грамоте на казахском языке "Повторение"

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Білімді тиянақтау


Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін тиянақтау. Алған

білімдерін өз бетінше іс- тәжірибиеде қолдана білуін бақылау.

Ой- өрісін, дүниетанымын, тілін дамыту.

Отансүйгіштікке, елжандылыққа, жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Ашық журнал

Сабақта қолданылатын әдіс- тәсілдер: Сөздік, көрнекілік, ой шақыру,

сәйкестендіру тесті, семантикалық карта, оқу түрлері (тізбектей, секіртіп), «Бағдаршам сигналдары», «Көңіл- күй жайы », ойын.

Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: Суреттер, алдын- ала

дайындалған журнал, видеотаспа, смайликтер.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру.


  • Сабаққа бетбұрыс

А. Байтұрсыновтың «Тарту» өлеңін оқып беру.

Балалар бұл жол басы даналыққа,

Келіңдер, түсіп, байқап, қаралық та.

Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей

Соларды көре тұра қалалық па?!

Даналық - өшпес жарық, кетпес байлық,

Жүріңдер, іздеп тауып алалық та!

  • Білімнің бастауы болатын, бізге әріп танытып, сөз бен іске үйрететін сауат ашу сабағымызды бастайық.


  • Психологиялық дайындық


Талаптанып, қанаттанып

Өмір сырын ұғамыз.

Дараланып, тұлғаланып

Үлкен болып шығамыз.

(Оқушылар орындарына отырады)


Мұғалім: - Иә, балалар, біз әр сабақта оқу мен жазуды қатар үйреніп түрлі-

түрлі қызықты мәліметтер мен жан- жақты білімді игеріп өсіп келеміз. Ал бүгін сол алған білімдерімізді көрсететін сәт те келіп тұр. Бүгінгі сабағымызда біз «Қызықты журнал» деп аталтын журналдыың әр парағына өз қолтаңбамызды қалдыра отырып, түрлі тапсырмалар орындаймыз, білгенімізді ортаға саламыз.

Журналдың алғашқы беті сіздердің ойларыңызды ширату мақсатына арналған.




2- бет

  • Ширату

Тез жауап берейік.

Бұл тапсырманың шарты бойынша тез әрі дұрыс етіп сөйлемдерді толықтырып жазу керек.

  1. Ана тіліміз қазақ тілі.

  2. Қазақ тілінде 42 әріп бар.

  3. Қазақ тілінде 37 дыбыс бар.

  4. Дыбыстар 2 –ге бөлінеді.

  5. Олар дауысты және дауыссыз дыбыстар.

  6. Қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар.

  7. Қазақ тілінде 25 дауыссыз дыбыс бар.

  8. Қазақ әліпбиін А. Байтұрсынұлы жазған .

(Барлығы болған соң секіртіп оқыта отырып тексеру)


ІІ. Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

3- бет

Мұғалім: - Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын ашу үшін журналымыздың

келесі бетіндегі «Заңдылығын тап!» ойынын ойнайық.

(Логикалық тапсырма)

Бұл ойынның шартын бізге Айбек оқып берсін.

Ойын шарты: Берілген сөздерден заңдылығын тауып, бір сөз құрастыру.

Заңдылығы- сөздерді оқып, алғашқы дыбыстарынан бір сөз құрап жазу.


(Берілген сөздерді секіртіп оқыту.)


Мұғалім: - Алдымен берілген сөздерді кезектесіп оқып шығайық.

Қой, ат, Зебра, арыстан, қозы,сиыр, тай, аю, нар.


Сұрақ- жауап:

- Бұл сөздерді мағынасына қарай бір сөзбен қалай топтастырып айтуға болады.

- Жан- жануарлар.

- Сөз тұлғасына қарай бұл сөздер қандай сөздер?

- Түбір сөздер.

- Грамматикалық мағынасына қарай қандай сөз табы?

- Зат есім.

- Неліктен зат есім тобына жатқызамыз?

- Өйткені заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз. Зат есім Кім? Кімдер? Не? Нелер? деген сұрақтарға жауап береді.

- Сонымен бұл сөздерден құралатын қандай сөз екен?

- Қазақстан

(Тақтаға «Қазақстан» ілемін.)


4- бет.

  • Мағынаны тану

1. Видеоролик көрсету «Қазақстан табиғаты»

2. «Қазақстан » тақырыбында әңгімелеу. (Суретпен жұмыс)


Мұғалім: - Міне, неткен кең байтақ жер, неткен сұлу табиғат. Балалар, осындай

көркіне көз тоймайтын бейбіт елдің азаматы болғанымызды мақтаныш етуіміз керек. Ал, енді туған ел жайлы қандай ой айтасыңдар?

(Оқушылардың жауабын тыңдау)

5- бет.

  • Топтық жұмыс. (Ой шақыру)


Мұғалім: - Журналымыздың келесі бетіндегі тапсырманың берілгенін

Аружан оқып берсін.

Ойланып жазайық! «Қазақстан» сөзіне қатысты сөздер ойлап жаз.

(Әр оқушы бір- бір сөзден айта отырып, тақтаға жазады, қалғандары журнал бетіне топтастырып жазады.)


6- бет.

Мұғалім: - Журналдың келесі бетіндегі жазбаны топпен оқып шығайық.

Журнал бетіндегі жазбаны топпен оқып шығады. «Қазақстан»- кластер


Грамматикалық тапсырма. (Сөйлем)

Мұғалім: - Осы бетте грамматикалық тапсырма берілген. Қандай

тапсырма екенін бізге Олжас оқып берсін.

«Астана» сөзіне 3 жағдайда сөйлем құра.


Мұғалім: - Алдымен ой жинақтап алайық.

Сұрақ- жауап:

  • Сөйлем дегеніміз не?

  • Тиянақталған ойды білдіретін сөздер тобы.

  • Сөйлемнің қандай түрлері бар?

  • Хабарлы сөйлем, сұраулы сөйлем, лепті сөйлем, бұйрықты сөйлем.

  • Хабарлы сөйлем дегеніміз не?

  • Бір нәрсені хабарлау мақсатында айтылатын сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз. Хабарлы сөйлем соңына (.) қойылады.

  • Сұраулы сөйлем дегеніміз не?

  • Бір нәрсе жайында сұрап, жауап алу мақсатында айтылатын сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз.Сұраулы сөйлем соңына (?) қойылады.

  • Лепті сөйлем дегеніміз не?

  • Адамның көңіл- күйін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз. Лепті сөйлем соңына (!) қойылады.

Сөйлем құрату. Мысалы: Мен жазда ата- анаммен Астанаға бардым.

Сен Астанаға бардың ба?

Алақай, мен демалыста Астанаға барамын!

7- бет.

Мұғалім: - Журналымыздың келесі парағын ашайық. Бұл беттегі

тапсырманы бізге Дильназ оқып берсін.

«Ойланып, топқа бөлейік!»

Меңзерді пайдаланып, жуан және жіңішке айтылатын сөздерді топқа бөл.


(Өздік жұмыс. Жуан және жіңішке дауыстылардың дауыс ырғағына ықпалы)



Жуан айтылатын

сөздер

Көп

Ұлтты

Рәміздер

Отан

Елбасы



Жіңішке айтылатын

сөздер

Қазақ

Тілі

Астана

Қазақ

Тәуелсіз


Мұғалім: - Бұл тапсырманы қалай орындағанымызды тексетіп өтейік. (Әр оқушыға бір- бір сөзден оқыту) – Неліктен бұл сөзді жуан (жіңішке) айтылатын сөз деп есептейсің?

Жауап: - Себебі бұл сөздегі дауысты дыбыстар жуан (Жіңішке) дыбыстардан тұрады.

Сергіту сәті.

Мұғалім: - Біздің мемлекетіміз көп ұлтты мемлекет дедік. Соның дәлелі ретінде қазір бізге қытайлық достарымыз бой сергітіп алуды ұсынады.

(Видеороликке қарап жаттығу жасау)

8- бет.

Мұғалім:- Журналымыздың келесі бетін ашайық. Бұл бетте не берілген?

  • Бұл бетте мәтін берілген.

  • Мәтіннің тақырыбы қалай аталады?

  • Мәтіннің тақырыбы- Менің Отаным.

  • Ендеше осы мәтінді бір- бір сөйлемнен тізбектей оқып шығайық.

(Тізбектей оқып шығу)











9- бет.

Дәптермен жұмыс.

Мұғалім: - Тамаша! Журналымыздың келесі беті сендердің көркемдеп жазу қабілеттеріңе арналған.

Алдымен жазу ережесін еске түсірейік. Жазу ережесін бізге Ислам айтып береді.

Бұл беттегі жұмысты Ержан жүргізеді.


Желтоқсанның он бірі

Сынып жұмысы

Ел

Отан

Отан отбасынан басталады.


Мұғалім: - Жазуымызды аяқтасақ, тапсырмаларп орындауға көшейік.

1- тапсырма: - «Менің Отаным » мәтініндегі жалқы есім сөздерді теріп жазыңдар.

  • Қазақстан Республикасы, Алтай, Тарбағатай, Жоңғар, Іле Алатауы, Нью- Йорк.

2- тапсырма: «Отаным» сөзін буынға бөліп жаз, буын түрін көрсет.

а.б. а.б. б.б.

Отаным, О- та- ным.

Сергіту сәті: «Екі кірпі»

Қолды көтеріп, шынтақты партаның үстіне қояды.

Қыз балалар: - Кірпі, сәлем! (Барлығы саусақтырын жұдырыққа жұмып- ашады.)

Ер балалар: - Қалайсың, кірпі? (Барлығы саусақтырын жұдырыққа жұмып- ашады.)

Қыз балалар: - Жақсы, рахмет! (Барлығы саусақтырын жұдырыққа жұмып- ашады.)

Барлығы бірге: - Екі кірпі күлісе,

Үйге қайтты жүгіре. (Саусақтарын айқастырып, ирелеңдетеді)


Сабақты бекіту.

10- бет.

Мұғалім:- Журналымыздың келесі бетіндегі тапсырманы бізге Аруна оқып берсін.

Зат есім сөздерге тиісінше сын есім сөздерді байланыстыр. (Сәйкестендіру тесті)

Қандай?

Көл Мөлдір

Су Байтақ

Тау Қалың

Жер Биік

Орман Терең


Мұғалім: - Бұл сәйкестендіру тестін қалай орындағанымызды тексеріп өтейік.

Мен дұрыс жауабын оқимын. Кімнің жауабы дұрыс болса, сол бала қолын шапалақтайды. Кімнің жауабы дұрыс емес, сол оқушы қаламмен дұрыстап қояды.

Жауап: Көл терең. Су мөлдір. Тай биік. Жер байтақ. Орман қалың

Мұғалім: - Біздің білімімізді тексетертін, журналымыздың келесі бетіндегі тапсырма- Семантикалық карта. Тездетіп картаны толтыра қойыңдар.


Етістік

Зат е.

сайрады.

бата берді.

ән салды.

оқытты.

жаңғырды.

өсті.

Құстар







Балалар







Ұстаздар







Атам







Гүлдер







Тау








Мұғалім: - Тапсырманы қаншалықты орындағанымызды тексерейік.

(Жеке- жеке оқыту)

Бағалау.

Мұғалім: - Осымен «Қызықты журналымызды» парақтап болдық. Бүгінгі

сабақта жасаған жұмыстарыңды «Бағдаршам сигналдары»

арқылы бағалап, журнал бетіне белгі қойыңдар. Бірінші бағдаршам- сендердің өз- өздеріңді бағалауға арналған. (Қызыл түс- орташа, Сары түс- жақсы, Жасыл түс- өте жақсы дегенді білдіреді.)


Қорытындылау.


Мұғалім: - Бүгін сабаққа өте жақсы ат салыстыңдар. «Қызықты

журналымыздың» әр беті сендер үшін қызықты әрі пайдалы болды деп ойлаймын. Ендігі кезекте бүгінгі сабағымыздан алған көңідл- күйімізді смайликтер арқылы білдірейік.

Сабақ ұнаған жоқ!

Сабақ орташа!

Сабақ керемет!

Автор
Дата добавления 22.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров180
Номер материала ДВ-179046
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх