Инфоурок Всеобщая история ПрезентацииПрезентация на тему "1836-1838 жылдардағы Бөке Ордасындағы қазақтардың көтерілісі"

Презентация на тему "1836-1838 жылдардағы Бөке Ордасындағы қазақтардың көтерілісі"

Скачать материал
Скачать материал "Презентация на тему "1836-1838 жылдардағы Бөке Ордасындағы қазақтардың көтерілісі""

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Дефектоскопист

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • 1836-1938 жылдағы Бөкей хандығындағы қазақтар көтерілісі

    1 слайд

    1836-1938 жылдағы Бөкей хандығындағы қазақтар көтерілісі

  • Сабақ тақырыбы:  Жәңгір хан - өз заманының білікті тұлғасы.
Сабақ мақсаты: 
1...

    2 слайд

    Сабақ тақырыбы: Жәңгір хан - өз заманының білікті тұлғасы.
    Сабақ мақсаты:
    1. білімділік. Бөкей ордасының құрылуы, оның мұрагері Жәңгірдің кезіндегі халықтың жағдайы, Исатай мен Махамбет көтерілісінің шығуы және Жәңгір ханның өз заманында білімді - білікті тұлға екендігіне сипаттама беріп, талдау жасап зерттеу.
    2. тәрбиелік. Жәңгір ханның бойындағы жақсы қасиеттерін, халыққа жасаған игі істерін бағалап, оқушылардың бойында патриоттық сезім қалыптастырып, адамгершілік тәрбие беру.
    3. дамытушылық. Тақырыпқа байланысты құжаттар, әдеби - мұралармен жұмыс істеп мәнін ашу, оқушылардың ізденімпаздығын және пәнге қызығушылығын қалыптастыру.

  • Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
әдісі: оқытудың трек - сызбаларын қолдану.
Сабақты...

    3 слайд

    Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
    әдісі: оқытудың трек - сызбаларын қолдану.
    Сабақтың көрнекілігі: 1. Жәңгір хан суреті.
    2. Исатай мен Махамбет суреті.
    3. 1836 - 1938ж. көтеріліс картасы.
    4. тапсырмалар.
    5, тарихи құжаттар.

    Пәнаралық байланыс: география, әдебиет.
    сабақ барысы: ұйымдастыру сәті. Оқушылар екі топқа бөлінеді.
    7 оқушы.

  • Мұғалім.

       Еділ мен Жайық арасында Бөкей ордасының құрылуы, Бөкейдің...

    4 слайд

    Мұғалім.

    Еділ мен Жайық арасында Бөкей ордасының құрылуы, Бөкейдің ұстаған саясатының дұрыстығын немесе бұрыстығын кезінде әркім әрсаққа жүгіртті. Бірі - орысқа берілгендіктен, екіншісі - мансап құмарлықтан, үшіншісі - алдына қойған мақсатына, ұстаған саясатына байланысты деді. Бөкейдің ішкі сырын ешкім түсінбеді. Тарихи деректерге сүйенсек 1737 жылдан бастап Жайықтың Самар жақ Бетіне қазақтардың көшіп - қонуына шек қойылған делінген.
    1794 ж. аманат бермесе Каспий өзені жағалауына мал қыстатуға тыйым салынды. 1799 жылы Жайықтан малымен өтуге тыйым салынды.
    Отарлаушылардың қазақтардың арасында арандату саясаты бірімен - бірін араздастыруға, бір - бірімен жауласуға әкеліп соқты. Отаршылдық туғызған мұндай әрекеттер ел басына ауыртпалық әкелді. Ел тозды, ашықты, күйзелді. Береке, бірлік кетті. Елде көтеріліс шықты.
    Эпиграф. Теледидардан бірнеше үзінді музыкаға басылған шайқастар, тарихи оқиғалар көрсетілді.






  • Көтерілістің негізгі себетеріАқшалай салықтың өсуі жыл сайын 10-52 мың сом
Кү...

    5 слайд

    Көтерілістің негізгі себетері
    Ақшалай салықтың өсуі жыл сайын 10-52 мың сом
    Күзде әр шаңырақтың хан сарайының мұқтажына құны 70 сомдық жылқы беруге міндеттенуі
    Көшіп –қонғаны, шөп жинағаны, орыс помещиктерінің шабындығын басып өткені үшін салық төлеу
    Жәңгір ханның әділетсіздігі мен рақымсыздығы

  • Ішкі Ордамен іргелес өңірде бекіністердің салына бастауы
Патша шенеуніктеріні...

    6 слайд

    Ішкі Ордамен іргелес өңірде бекіністердің салына бастауы
    Патша шенеуніктерінің , помещиктерінің және жергілікті ауқатты топтардың қазақ шаруаларын екі жақтап қанауы









  • Көтеріліске түрткі болған оқиға1833 жылы Жәңгір ханның қайынатасы Қарауылқожа...

    7 слайд

    Көтеріліске түрткі болған оқиға
    1833 жылы Жәңгір ханның қайынатасы Қарауылқожа Бабажанұлын Каспий теңізі өңіріндегі қазақ руларына билеуші етіп
    Тағайындауы

  • Көтерілістің негізгі қозғаушы күшіШаруалар, сонымен бірге оған старшын билер...

    8 слайд

    Көтерілістің негізгі қозғаушы күші
    Шаруалар, сонымен бірге оған старшын билер де қатысты

  • Көтеріліс басшылары Исатай Тайманұлы.
        1791 жылы дүниеге келіп, 1838 ж...

    9 слайд

    Көтеріліс басшылары
    Исатай Тайманұлы.
    1791 жылы дүниеге келіп, 1838 жылы қаза болған. Бөкей хан 1812 жылы Исатайды Жайықтағы беріш руына старшын етіп тағайындаған. Бөкей қайтыс болып, Шығай билігі кезінде Исатай екеуінің арасында бас араздық туады.
    1817 жылы Орынбор шегара комиссиясы Исатайды старшын Өтеміс Құлманизұлын шаптың деген кінә тағып, Сарайшық түрмесіне жабады. Ел - жұрты 20 мың сом ақша жинап босатып алады. Шығай 1823 жылы жаламен екінші рет түрмеге қаматады. Жәңгір хан кезінде Исатайдың жағдайы біршама түзеледі. Тек Каспий жағалауындағы рулардың қайынатасы Қарауылқожа басқарып озбырлық көрсеткенде ханнан Исатай қатаң талап қойды. Исатай мұнымен тынбай Орынбор генерал - губернаторына да шағым жазды. Бірақ оның талаптары ескерусіз қалды. Исатай 3,5 мыңдай қол жинап ашық көтеріліске шықты. 1838 жылы Ақбұлақ өзені түбіндегі шайқаста қоршауда қалып, қаза тапты.

  • 10 слайд

  • Махамбет Өтемісұлы.


            Махамбет - ақын, күйші, батыр. 1804 жылы Іш...

    11 слайд

    Махамбет Өтемісұлы.


    Махамбет - ақын, күйші, батыр. 1804 жылы Ішкі Ордада Бекетай аймағында дүниеге келіп, 1846 жылы қазіргі Атырау облысы Махамбет ауданына қарасты Қараой деген жерде қаза болған. 1836 -1838 жылдары болған көтерілістің көсемі әрі жалынды жыршысы. Бала кезінен мұсылманша, орысша оқыған. Әкесі Өтеміс елге ықпалды би болған. 1824 - 1828 жылдары Орынбор қаласында Жәңгір ханның ұлы Зұлқарнайын қасында болды. 1834 жылы Исатай батырмен тізе қосады. Алайда көтеріліс жеңіліс табады. 1838 жылы Исатай қаза болған шайқастан Махамбет аз ғана серіктерімен қашып құтылады. Ол Хиуа хандығына барып тағыда жасақ жинауға күш салады. Бұдан нәтиже шықпаған соң Бөкей ордасына жасырын өтіп ел ішін паналайды. Мұны естіген Жәңгір 40 адамнан қаралған жасақ жібереді. Махамбетті ұстап екі апта түрмеде ұстап Орынборға айдатады. Тұтқыннан босаған соң өмірін Жайықтың бергі бетінде ел ішінде өткізеді. Жәңгір хан қайтыс болған соң елге сұлтан болған Баймағамбет Айшуақов Махамбетті қудалауын қоймады. Ол ақынның басы үшін 1000 сом сыйақы тікті. Махамбет хорунжий Ықылас Төлеевтің қолынан қаза тапты. Махамбет " Ереуіл атқа ер салмай ", " Ұлы арман ", " Жайықтың бойы көк шалғын", " Атадан туған ардақты ер ", тағы басқа жырларында болашаққа зор сеніммен қарайды, жақсылыққа, бақытты, бостандықты күреспен ғана жеңіп алуға болады дейді

  • 12 слайд

  • . Жәңгір хан  
        Жәңгір - шын есімі Жиһангер Бөкейұлы. 1801 жылы дүниег...

    13 слайд

    .
    Жәңгір хан
    Жәңгір - шын есімі Жиһангер Бөкейұлы. 1801 жылы дүниеге келіп
    1845 жылы қайтыс болған. 1815 жылы мұрагерлікпен Жәңгір хан болады, алайда ол жас болғандықтан билікті Бөкейдің інісі Шығай жүргізді. 1823 жылға дейін Жәңгір Астрахань губернаторы Андреевскийдің үйінде тәрбиеленді. Еуропалық білім алып, орысша тәрбиеленеді, хандықты әкімшілік жағынан басқару тәсілдерін үйренеді. Ол орыс, татар, неміс тілдерін білген. Жәңгір билік еткен кезде Бөкей ордасында Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі болды. Оған Жәңгірді кінәлі деп санап, наразылық білдірді.

  • 14 слайд

  • Бөкей хан 
        Бөкей – Бөкей ордасының ханы. Әбілқайыр ханның немересі, Н...

    15 слайд

    Бөкей хан
    Бөкей – Бөкей ордасының ханы. Әбілқайыр ханның немересі, Нұралының баласы. Бөкейдің туған жылы белгісіз, 1815 жылы дүниеден өткен. Айшуақ хан тұсында хан кеңесінің төрағасы болған. 1801 жылдан сұлтан, 1812 жылдан Бөкей ордасының ханы болып сайланды. Оның Жәңгір, Әділ, Меңдікерей атты ұлдары болған. 1815 жылдан хан тағын мұрагерлік жолмен Жәңгір иеленді. Бөкей ханның бейіті Еділдің оң жағасында Сейіт баба зиратында қазіргі Астрахань болысы Краснояр ауданынна қарасты жерде қалған.
    Бөкей ордасы қай жерде құрылды?
    Бөкей ордасы Ресей императорының рұқсатымен құрылып,
    1801 - 1845 жылдары Еділ мен Жайық өзендері аралығында орналасқан. Ол Ішкі Орда немесе Бөкей хандығы деп те аталды. Бұл жер бұрынғы қалмақтардың мекені, 1771 жылы қалмақтар тастап кеткеннен кейін ешкім қоныстанбаған. 1815 жылы Бөкей хан қайтыс болып мұрагері Жәңгір ер жеткенге дейін билікті туысы Шығай сұлтан басқарған. 1823 жылы таққа Жәңгір отырды. Жәңгір қайтыс болған соң Орда жері Астрахань губерниясына қараған.

  • НәтижесіСалық мөлшеріне шек қойылды;
Патша үкіметі қазақ старшындарымен санас...

    16 слайд

    Нәтижесі
    Салық мөлшеріне шек қойылды;
    Патша үкіметі қазақ старшындарымен санасатын болды;
    Ішкі Ордадағы хандық биліктің әлсірегендігін дәлелдеді;
    Қазақ феодалдарының отаршылдық басқарумен байланысты екенін көрсетті;
    Әр түрлі халықтардың қанаушыларға қарсы бірігіп күресуінің негізгі қаланды

  • Ішкі Ордадағы көтеріліс үш кезеңге бөлінеді
 
I кезең 
1836 жылдар- көтеріліс...

    17 слайд

    Ішкі Ордадағы көтеріліс үш кезеңге бөлінеді
     
    I кезең
    1836 жылдар- көтерілістің басты алғышарттарының қалыптасуы
    II кезең
    1837 жылдың басынан осы жылдың аяғына дейін-көтерілістің етек алған кезеңі, патша жазалаушы әскерімен, хан итаршыларымен қақтығыстар
    III кезең
    1837 жылдың желтоқсан айынан 1838 жылдың шілде айына дейін- көтерілісшілер күшінің әлсіреп, жеңілу кезеңі

  • Жәңгір Хан жеке тұлға және қазақ хандығының саяси  қайраткері  кесте толтыру...

    18 слайд

    Жәңгір Хан жеке тұлға және қазақ хандығының саяси қайраткері кесте толтыру
    1.Шыққан тегі
     
    2.Жеке басының қасиеттері
     
    3. Жәңгір ханның жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер еткен орта және адамдар
     
    4. Жәңгір ханның әлеуметтік-экономикалық реформалары
     
    5.Мәдени-ағарту саласындағы қызметі
     

  • Махамбеттің Жәңгір ханға айтқан өлеңінен:
   Хан емессің, қасқырсың,...

    19 слайд

    Махамбеттің Жәңгір ханға айтқан өлеңінен:
    Хан емессің, қасқырсың, Хас албасты бақырсың. Достарың келіп табалап, Дұшпаның сені басқаұрсын.
    Хан емессің, ылаңсың,
    Қара шұбар жылансың.
    Хан емессің, ылаңсың,
    Айыр құйрық шаянсың. - деп айтқан өлеңі дәлелдейді.

  • Жәңгір хан саяси қайраткер
                            Жағымды...

    20 слайд

    Жәңгір хан саяси қайраткер
    Жағымды Жағымсыз

  • 1. тапсырма. Ішкі орданыњ құрылу себебі. 
                      Ел басына...

    21 слайд

    1. тапсырма. Ішкі орданыњ құрылу себебі.
    Ел басына түскен ауыр қасіретке он ойланып, жүз толғанып жүрген Бөкейге Астрахань казактарының бастығы полковник П.С.Попов елеулі ықпал жасаған. Ол Ресей қамқорлығына өтуге кеңес берді. Көзі ашық, көкірегі ояу Бөкей П.С.Поповтың бұл кеңесін халқын ауыртпалықтан алып шығудың, Жайықтың Самар жақ бетін иемденудің бірден - бір жолы деп түсінді. Бұл жерде оның жүрегі халқым деп соққанына шүбә келтіруге болмайды. Өйткені бұл кезде Бөкейдің Кіші Орданың кең жазығына сыймайтындай мыңғырған малы да болмаған. Бұл жөнінде Орынбор шегаралық комиссия кеңесшісі
    А.О. Кузнецовтің Орынбор әскери губернаторы П.К. Эссенге: " Бір отбасындағы Бөкей мен Шығай Нұралиевтердің 1801 жылы Жайықтың бергі бетіне өткенде 5 түйесі, 30 - дай қойы, 17-ге жетер - жетпес жылқысы болған,"-деп жазған.
    Сөйтіп, Бөкей халқыныњ мүддесі үшін 1801 жылы ақпан айында Грузия және Астрахань губернияларының Бас бастығы генерал - лейтенант
    К.Ф. Кноринге өтініш жазды.
    Ал патша үкіметінің мақсаты бодандыққа өткендердің малы да, жаны да Ресей " қамқорлығында " болады деген ұғымды түсіндіру оңай деп санады. Оның үстіне Астрахань, Орал қалмақтары мен казактарына қазақтардың шабуылынан құтыламыз, әрі Кіші Орданы бөлшектеудің, ондағы билеуші сұлтандардың арасына іріткі салудың сәті түседі деп білді.(уақытша Кеңес мұрағаты №8 іс)

  • 2. тапсырма. Бөкей халқына қандай қамқорлық жасады?...

    22 слайд

    2. тапсырма. Бөкей халқына қандай қамқорлық жасады?
    Бөкей өмірден өткенше халқына қамқорлық жасаудан жаңылған жоқ. Оған дәлел Орал әскери кеңесінен бастап Орынбор генерал - губернаторына, патшаның тікелей өзіне 1803, 1806, 1807, 1808 жылдары Ішкі Орда қазақтарына тұрақты жер бөліп беру жөнінде бірнеше рет мәселе қойған. Нәтижесінде Ресей отрлаушыларымен алысып жүріп Кіші Ордадан " жүдеу, аздаған малмен көшіп барған қазақтарды " ақтылы қойы, мыңғырған түйесі, жылқысы бар ел қатарына жеткізген. Елінің еңсесін көтерген. Халқымен бірге көшпелі өмір сүрді. Ол Астрахань генерал - губернаторының қабылдауына барғанда үстіне киіп баратын киімі де болмағаны оның байлыққа қызықпағанын дәлелдесе керек. Ол ханмын деп халқынан ерекшеленбеді. Халқының мұңын мұңдап, жоғын жоқтады. Казактардың өрескел қиянаттарынан қорғады.(уақытша Кеңес мұрағаты №1 іс )

  • 3. тапсырма. Жәңгір хан еліне қандай қамқорлық жасады?...

    23 слайд

    3. тапсырма. Жәңгір хан еліне қандай қамқорлық жасады?
    Тарихи құжаттар Жәңгір ханды отарлаушылар саясатымен халқын қорғаушы, еліне мәдениет пен білім, мұсылман нұрын себуші хан ретінде көрсетеді.
    Әр нәрсенің әділдігіне тоқталсақ, патша үкіметі Жәңгірге, оның балаларына да орысша білім, тәрбие беріп көп үміт артты. Қазақ даласын отарлауда жан - жақты білімді, ақылды Жәңгір сияқты тұлғаны қолға ұстаудың қаншалықты пайдалы екендігін патша да, генерал - губернаторлар да жақсы білді. Сол үшін де Жәңгірді үнемі дүниеден, биліктен, шен - шекпеннен, атақ - абыройдан кенде қылған жоқ. Хан тағына отырғызу салтанатында
    48 дүркін зеңбіректен оқ атып Орал даласын дүр сілкіндірген. Жәңгірге
    20 сәйгүлік тарту етіп, бірнеше ордендермен марапаттап, қазақтың тұңғыш генералы дәрежесіне көтерді. Бұлардың барлығы отарлау саясатының мүддесі үшін істелген айла екендігі белгілі. Ішкі Орданың басқару жүйесін отарлаушылар өз мүддесіне сәйкес хан кеңесшісі етіп Ресей Сыртқы істер министрінің өкілі Г.С.Карелинді тағайындады. Ол Ішкі Орданың тыныс-тіршілігін күн сайын Орынбор шегаралық комиссиясына хабарлап отырды. Ішкі Орда қазатқары бірте-бірте шағыл құмға қуылды. Жайылымға, қыстауға қолайсыз жерге ығыстырылды.Бұл жағдайларға наразылық білдіріп Жәңгір Астрахань генерал - губернаторы А.С.Осиповке: " Киргизам остались обнаженные степи, пески, солонцы..."- деп хабарлап - казактардың жөнсіздіктеріне тыйым салуды талап етті. ( Астрахань ОММ. 10 қор. 7 тізімдеме 224 іс )

  • 4. тапсырма. Жәңгірдің жер мәселесі туралы шағымдары....

    24 слайд

    4. тапсырма. Жәңгірдің жер мәселесі туралы шағымдары.
    Жәңгір хан казактардың қысымы, жер мәселесіне қатысты әділетсіздік жөнінде 1828 жылы Ресей Сыртқы істер министрлігіне, 1829 жылы 10 желтоқсан Астрахань генерал - губернаторы А.С.Осиповке, 1834 жылы
    19 сәуірде Орынбор шегаралық комиссиясына, 1839 жылы 19 шілдеде Мемлекеттік мүлік министрі П.Д.Кисилевке, 1843 жылы 31 қаңтарда Орынбор әскери губернаторы В.А.Обручевке шағымданды. Жәңгір халқының ауыр тағдырын император I Николайға да жеткізді, көмек сұрады. Амал не, ешқандай шешім болмады. Қайта Жәңгірдің Хиуа, Бұқар, Түрікмен хандықтарымен байланыс жасауына да тыйым салынды.1829жылы 29 тамызда Орынбор шегаралық комиссиясы " Жас құста " Жәңгір ұйымдастырған жәрмеңкені жабуға бұйрық берді.
    Сөйтіп, Ішкі Орданың басқа елмен қатынас жасауының жолы кесілді. 1834 жылы 3 наурызда Азия департаментінің директоры К.К.Родофиникин №611 қатынаспен Жәңгірдің Хиуаға баруына, олармен қатынас жасауына рұқсат бермеді.( Орынбор ОММ. 6 қор. 10 тізімдеме. 4118 іс)

  • 5. тапсырма.  Жәңгір туралы отарлаушылардың пікірі.
                       Т...

    25 слайд

    5. тапсырма. Жәңгір туралы отарлаушылардың пікірі.
    Тарихи құжаттар отарлаушылардың сенімін Жәңгірдің ақталмағандығын анықтайды. Отарлаушыларға халқын Жәңгір сатпады. Ол ойымызды А.А.Перовскийдің Ресей мүлік министрі П.Д.Кисилевке:
    " Управление его ( Джангира) - Росии принесло не пользу, а огромный вред,"- деп жазған сөзі нақтылайды. Әрі " Джангир действовал не как подданный императора, не как правитель поставленный от русского царя... хан так умен, так ловок, с таким искусством умел он обделывать свои дела, "- деуі Ресей отарлаушыларының сойылын соқпағандығын дәлелдейді.
    ( Ресей ҒАМ. Петербург филиалы 157 қор. 79 іс)
    6. тапсырма. Жәңгірдің көтеріліспен байланыстылығы.
    Коммунистік партияның ызғарлы желі Жәңгірдің халқына еткен еңбегі, саяси көзқарасы, отарлаушылыққа қарсы қалай күрескені, ақыл парасаты, халқы үшін еңбек сіңірген қайраткер екендігі жоққа шығарылды, халықтан бүркемеленді.
    Жәңгір хан елдің экономикасын, мәдениетін, білімін, дінін, тілін көтеруге зор еңбек етті. Жәңгір 22 жыл хандық құрған кезде басқа хандар істемеген істерді қазақ тарихында игі - мұраларды өмірге келтірді. Ал Исатай мен Махамбет бастаған көтерілістің шығуының түп тамыры отарлау саясатында жатыр. Оны Жәңгірдің туысқандары да көрді. Мысалы: Заңсыз жерге үй салды деген желеумен Шығайдың үйін бұздырғандығы, Жәңгір хан ордасына қолайлы жер таппай Нарын құмының ортасына салғандығы және 1841 жылы
    1 желтоқсанда министр В.М.Корнеевке Жәңгір "Я сам не имею ни одной десятины земли,"-деген тарихи құжаттар мұрағатта сақталған. Өзінде жер болмаса да Исатайға 1825 жылы қолайлы қоныс " Күйген арал " мен " Қара қамысты " деген жерді иелігіне берген. ( ҚРОММ. 4 қор. 1 тізімдеме. 197 іс)

  • 7. тапсырма.  Жәңгір мен Исатай қарым - қатынасы.
                       Кейб...

    26 слайд

    7. тапсырма. Жәңгір мен Исатай қарым - қатынасы.
    Кейбір деректерге қарасақ: " Жәңгір 400 мың десятина жер иеленді",-деген сөз В.А.Перовскийден тараған жалған сөз болуы ғажап емес. Бұл әлі де зерттеуді қажет ететін мәселе. Ал Исатаймен қарым - қатынасына келсек, Жәңгір Исатайды қатты құрметтеген, ерлігін бағалаған. Петербургке императорға кетіп бара жатқан Хиуа елшісін Сарайшық бекінісінде күтіп алу жауапкершілігін Исатайға тапсыруы осының бірден - бір дәлелі. Ал көтерілістің тууына халықтан алынатын салықтың көп болуының ықпалы болғандығы шындық.
    Бірақ сол алым - салықтың бәрі дерлік халықтың экономикасы мен мәдениетін, білімін, дінін, тілін көтеру үшін жұмсағанын ешкім жоққа шығармайды. Оны тарих та өшіре алмайды. Оның үстіне Бөкей Ордасындағы қызмет еткен Сыртқы істер министрінің өкілін, әртүрлі лауазымды шенеуніктер, саяхатшылар, хан кеңесіне жиналатын ел басшыларын күту, хан ордасында мектеп, дәріхана, аурухана, тұрғын үй құрылысы тағы басқа шығындардың халықтың мойнына түскені шындық. Мұндай шығынға арнайы қаржы бөлінбеген. Сондықтан халықтан жиналатын алым - салықпен толықтырылып отырған. Жәңгірдің түпкі мақсатын көтерілісшілер де, оның басшылары да кезінде түсінбеген, түсінгісі келмеген де болу керек.

  • 8. тапсырма. Жәңгір ханның халқы үшін жасаған игі істері....

    27 слайд

    8. тапсырма. Жәңгір ханның халқы үшін жасаған игі істері.
    Жәңгір хан өзіне дейінгі бірде - бір хан істемеген істерді халқы үшін істеген. Ең алдымен Ішкі Ордада халқы астық іздеп, малын айдап Ресей қалаларына шұбырмасын деп Антонов постында орыс көпестерінің астық қоймаларын ұйымдастырды. " Жас құста " жәрмеңке ашты 1832 жылы. Халықтың мұң - мұқтажын талқылап, шешіп отыратын хан ордасын, онда қызмет ететін қазақ, орыс, татарлар үшін 50 тұрғын үй салды. Хан ордасында өз қаржысына халқының мүддесі үшін мектеп ( 1841 ж), дәріхана, аурухана ашты және хандықтың картасы жасалған, хан қаржысымен Ресей оқу орындарына қазақ балаларын жіберіп оқытты. Қазақ тарихында тұңғыш қазақ қару - жарақ мұражайын ұйымдастырды. Әрбір 170 үйге бір молда есептеп, қазақ жастарынан 139 молда даярлап, Ішкі Ордада мұсылман дінінің терең тамыр жаюына ықпал жасады. Өз мойнындағы жауапкершіліктің күптігіне қарамастан мектеп оқушыларының, молдалардың білімін тексеруге уақыт бөліп отырды. Емтихандарға қатысып, олардың қабілеттерін анықтады. Жәңгір өзі бас болып мұсылман дінін насихаттады. Хан Жәңгірдің бұл әрекеті отарлаушыларға жақпады.

  • 9. тапсырма.  Жәңгір ашқан мектеп.
                       Жәңгір мектебі - қ...

    28 слайд

    9. тапсырма. Жәңгір ашқан мектеп.
    Жәңгір мектебі - қазақ балаларына арналған алғашқы мектеп. Жастайынан зиялы қауымның арасында болып, білім қадірін білген Жәңгір билікке қолы тиген күннің ертеңінде - ақ өз ордасында мектеп ашып, жастарға білім беруді армандайды. 1826 жылы Қазан Университетінің ректоры Фукске Жәңгір өз ордасында мектеп ашып, ғылымға қазақ баласының да қолын жеткізуге бастама жасау ниеті бар екенін білдіреді. Фукс ол туралы " өзінің жас кезінде, хандығының бірде - бір үй тұрғызылмаған кезде, оның білімінің пайдасы жөнінде ойлануы қандай ғанибет "- деген пікір айтады.
    Мектеп ашу жөнінде Жәңгірдің арманы тек он бес жылдан кейін барып іске асты. 1841 жылы 6 желтоқсанда қазақ даласында қазақ балалары үшін ашылѓан т±њѓыш мектеп д‰ниеге келді. Ќараѓайдан ќиып салынѓан мектеп үйі Ордадағы еңселі үйдің бірі болған. Оқушылардың партасы, мұғалім үстелімен орындығы, класс тақтасы ағаштан ойылып жасалған. Жәңгір хан бұл мектепке жылына 1404 сом ақша беріп отырған. 1905 жылы осы екі сыныптық мектеп төрт сыныптық мектепке айналып, жанынан мұғалімдер даярлайтын (педагогикалық ) курс ашылған. Талай белгілі адамдар білім алып шықты. Олардың қатарында С.Бабажанов, Г.Жәңгіров т.б. ( Құлкенов М.Отарбаев Р."Жәңгір хан".Алматы. 1992ж )

  • Қорытынды.
            Мінеки, балалар, Жәңгір ханның еліне жасаған жақсылығ...

    29 слайд

    Қорытынды.
    Мінеки, балалар, Жәңгір ханның еліне жасаған жақсылығы, қамқорлығы кез - келген ханның қолынан келмеген істер екен. Ресей губернаторының қысымына шыдап, хан ордасына шіркеу салуға христиан дінінің таралуына мүмкіндік бермеді. Суылдаған Нарын құмына су сеуіп, гүл бақшаға айналдыруға, халқын мәдениетті, білімді, таза дінді, ұлттық намысы бар қасиетті қазақты тәрбиелеуге бар ақылы мен күшін жұмсаған қайраткер екендігіне ден қоюға болады. Жәңгір хан кемеліне келген шағында жұмбақ өлімнен күз жұмды. Әйелі мен екі баласының өлімі де құпия болды. Әңгіменің қысқасы, отарлаушылар оның отбасын тоз - тозын шығарды. Қазақстанда хандық билік жою жөнідегі жоба жүзеге асты. Жәңгір хан халқы үшін қабырғасы қайысқан қайраткер екендігін тарихи деректер дәлелдейді.
    Жәңгір хан - өз заманының білікті тұлғасы болды десек қателеспейміз.

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 666 018 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Статья на тему «Практико-ориентированная методика преподавания на уроках общественных дисциплин» (9 класс)
  • Учебник: «История России. XX – начало XXI века», Данилов Д.Д., Лисейцев Д.В., Клоков В.А., Кузнецов А.В., Кузнецова С.С., Павлова Н.С., Рогожкин В.А.
  • Тема: § 27. «Оттепель» в СССР
  • 14.12.2017
  • 578
  • 0
«История России. XX – начало XXI века», Данилов Д.Д., Лисейцев Д.В., Клоков В.А., Кузнецов А.В., Кузнецова С.С., Павлова Н.С., Рогожкин В.А.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.12.2017 6899
    • PPTX 676 кбайт
    • 293 скачивания
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жаксымбетова Сания Манатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жаксымбетова Сания Манатовна
    Жаксымбетова Сания Манатовна
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 49963
    • Всего материалов: 23

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История")

Учитель истории

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1357 человек из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 919 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания истории и обществознания в общеобразовательной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 327 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 331 человек

Мини-курс

Методы маркетинговых исследований в интернете

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 20 регионов

Мини-курс

Теория вероятности и комбинаторика в современной математике

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Экономика и управление

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе