Инфоурок Начальные классы Научные работыПрезентация научного проекта "Балдың емдік қасиеті"

Презентация научного проекта "Балдың емдік қасиеті"

Скачать материал

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 Шығыс Қазақстан облысы

   

 

 

 

 

Жұмыстың  тақырыбы: «Балдың  емдік қасиеті»

 

 

Орындаушы : Самат Аяулым

Жұмыстың жүргізілген орны: үй, мектеп, кітапхана

Зерттеудің мерзімі: 3 ай

 

Жұмыстың жетекшісі:

Бастауыш сынып мұғалімі А.Алибаева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 ж.

 

 

 

Пікір

 

  «Балдың пайдасы» атты ғылыми жобасында ол алдына қойған мақсаттарын өз денгейінде толығымен  орындаған. Зерттеу жұмысын  жазу барысында ізденуші   балдың жасалу әдіс-тәсілдері,  оның адам ағзасына тигізер пайдасын  білу туралы ізденді. Ғылыми жобаны жазу барысында  ара балының пайдасы,  оның қасиеті жайлы көптеген дерек көздерінен талмай ізденді.

Жұмыстың өзектілігі : Бұл зерттеу балдың пайдасын анықтау арқылы маңызын көрсету,  оны бүгінгі таңда адамдардың қаншалықты деңгейде қолдана алатындығын анықтау.Балалардың бал өнімдеріне деген дұрыс көзқарасын қалыптасыру болды.

Оқушының алдына қойған міндеті : «Балдың пайдасы» тақырыбын зерттей отырып, негізгі теориясымен танысу және зерттеу жұмысын көрнекті түрде құрастыра білу, зерттеудің нәтижелерінде балдың пайдасының маңыздылығана баға беру.

Ғылыми - әдістемелік деңгейі : Балдың жасалу жолын зерттеп біліп, оның адамның денсаулығы  үшін  пайдасы мен тиімділігінің маңызын түсіндіруге негізделген.

Зерттеудің жаңалығы : Болашақта балды үнемі  пайдалану әдістері; Қоғам дамуына байланысты бал өнімдерінің жасөспірімдер арасында кең таралуына ықпал ету; 

Маңыздылығы : Балдың адам ағзасына пайдасы зор екенін түсіндіре отырып, оқушының танымына жол ашу.

 

Жетекшісі  Алибаева А.С бастауыш сынып мұғалімі

 

 

 

Түйіндеме

«Балдың пайдасы» атты жұмыстың жалпы қамтып отырған мәселесі бүгінгі таңда балдың және бал өнімдерінің адам денсаулығы үшін қаншалықты дәрежеде пайдалы екендігін анықтау болды.Жұмыстың барысында балдың шығу тарихы мен оның түрлеріне қысқаша тоқталып  өттім.Сондай – ақ балдың құрамы мен оның тұрмыстық жағдайдағы қолданысы жайлы да көптеген ақпараттар қарастырылды. Осы тағамның қаншалықты қолданыста екендігін анықтау үшін көп ізденіп көп оқуыма тура келді. Алдымен өз бетіммен кітапханадағы кітаптардан ақпараттар іздеп көрдім.Балдың біздің денсаулығымызға қандай пайдасы бар деген сұраққа жауап іздеу мақсатымен мен дәрігерлерден де ақыл кеңес сұрадым.Күнделікті біздің асханада берілетін балдың қалай жасалып, қайдан келетіндігі де мені қатты қызықтырды.Міне, осы сұрақтардың барлығына жауап іздеу мақсатында мен осы ғылыми жобаны жазуға кірістім.

Сонымен қатар, балдың бүгінгі таңда мектеп оқушыларына қаншалықты деңгейде берілетіндігі анықталып, балалардың бал туралы қандай пікірде екендігі туралы шағын сауалнама да өткізілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны:

1.Кіріспе

2. Негізгі бөлім:

2.1.Балдың шығу тарихы жайында ……………………………………… 7 бет

2.2.Балдың түрлері ...................................................................................... 8 бет

2.3.Балдың құрамы ...................................................................................... 9 бет

2.4.Балдың жасалу жолдары ...................................................................... 10 бет

2.5.Дәрігерлер кеңесі .................................................................................. 12 бет

2.6.Балдың қолданылуы ............................................................................. 13 бет

3. Менің зерттеу жұмысым

3.1.Кітапханада ........................................................................................... 14 бет

3.2.Дәрігермен кездесу .............................................................................. 14 бет

3.3.Балдың қолданылуын зерттеу ............................................................. 15 бет

 3.4. Сауалнама нәтижесі ........................................................................... 15 бет

4. Қорытынды ........................................................................................... 18 бет

5. Пайдаланылған әдебиеттер .................................................................... 19 бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Кіріспе

          Емдік қасиеті ерте кезден-ақ белгілі болып, түрлі ауруларға қарсы әркім өзінше пайдаланып келген бал суық тигенде, жүрек, өкпе, бауыр, асқазан, бүйрек, ішек, жүйке ауруларына, аптап ыстықта қан қысымының көтерілуі сияқты дерттерге аса шипалы. Балды созылып, асқынып кеткен жарақатқа, терідегі сызат-жараларға жағуға болады. Соған орай, балды кейбір ауруларға қалай пайдалануға болатынын білген артық емес.

           Демек, ауырған кезде біздің қолданатын емдік шараларымыздың  бірі – бал. Менің де анам егер мен ауырып қалсам балды сүтке қосып ішкізеді.Осындай кезде маған мынадай ой келеді: «Бал деп нені айтады? Оның тарихы қайдан бастау алады? Аралар оны қалай жасайды?»

        Менің ойымша бал - бұл тәтті тағам. Бірақ,  менің кейбір  сыныптас достарым бұл әрі тағам, әрі дәрі деп есептейді.

      Осы сұрақтарға жауап іздеп ең алдымен энциклопедияны ақтарып,мынадай анықтама таптым: «Бал - жұмысшы бал арасының гүлді өсімдіктердің шырынынан өңдеп шығаратын өнімі – қоймалжың, тәтті сұйық зат».

        Осы  анықтаманы тереңірек түсіну үшін, сұраққа нақты жауап алу үшін мен осы тақырыпта ғылыми жоба жазуға бекіндім.

     Жобаның басты мақсаты- балдың пайдасын зерттеу, адамдардың оны қандай жағдайларда пайдаланатынымен кеңірек танысу.

    Міндеттері:

§  Балдың  пайда  болу тарихымен  танысу;

§  Балдың жасалу технологиясымен танысу;

§  Балдың  құрамын оқып - білу;

§  Балдың түрлерін анықтап білу;

§  Балдың қалай және қай жерде қолданылатынын оқып - білу.

  Жұмыстың жүргізілген орны: № 15 жалпы орта білім беретін мектеп.

  Жұмыстың көлемі: 19 бет

  Зерттеудің мерзімі: қараша – желтоқсан айлары

    Зерттеу  нысаны - адам

    Зерттеу заты - бал

    Зерттеудің өзектілігі - біз балды күнделікті өмірде жиі қолданғанымызбен  оның көптеген пайдасын, өзіне тән ерекшеліктерін біле бермейміз.

    Зерттеудің болжамы - егер біз бал  жайлы көбірек оқып білсек, онда балдың көптеген сырларын ашар едік.

   Зерттеу әдістері

- ғылыми әдебиеттердегі анықтамалармен танысу;

- бақылау;

-зерттелген нәтижеге талдау жүргізу.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.Негізгі бөлім:

2.1.Балдың шығу тарихы жайлы

        Жұмысшы бал арасының гүлді өсімдіктердің шырынынан өңдеп шығаратын өнімі – қоймалжың, тәтті сұйықты бал деп атайды. Және де бал арасынан фармацевтика, электротехника, авиация өнеркәсіптерінде пайдаланылатын органикалық зат – балауыз алынады. Аралардан прополис (ара желімі), ара уы, гүл тозаңы, биологиялық белсенді заттары бар және емдік әсері өте күшті сүт дайындалады. Бал арасының тіршілігін бақылау адамды табиғатты жақсырақ білуге, байқағыштыққа, еңбексүйгіштікке баулиды.

Археологтардың зерттеуіне сүйенсек, аралар алғашқы адамдардың пайда болуына дейін 56 миллион жыл бұрын пайда болған дейді.Ежелгі мәдени ескерткіштердің сақталу негізінде алғашқы адамдар балды тәтті, нәрлі өнім ретінде қолданған екен.Испания мемлекетінің  Валенсия мекенінде табылған ежелгі ескерткіште адамның балды алып жатқаны бейнеленген.Адамның балды аралар арасынан алып жатқан таңбасы  тастарда бейнеленіп, сақталған екен.

         Балдың ғажайып қасиетін алғашқы адамдар да өте бағалаған.Барлық уақытта әр халық оны емдік мақсатпен қолданған.Египет папирустарында  3000  жыл бұрын ауруды емдеу, аурудың алдын алу мақсатымен қолданылған деген жазбалар сақталған.Ежелгі қытай және үнді жазбаларында да балдың ғажайып,ең керемет қасиеттерге ие екендігін көрсеткен.Үнді құдайы Вишну лотос гүлінде қонып отырған бал арасы бейнесінде бейнеленген екен.Ежелгі үндістер,бал адамға зор ғанибет сыйлап,денсаулығын нығайтып,жастықты сақтайды деп санаған.Ежелгі Грецияда бал «жастықтың сусыны» деп,табиғаттың керемет сыйы деп есептеген.Олар құдайға құрбандыққа бал жағылған жемістерді қойған,бұл құдайға мәңгілік өмір береді деп сенген.

       Ұлы грек математигі Пифагор,өзінің ұзақ жасауының себебі осы балды жиі қолданғандықтан деген.Сол сияқты белгілі ойшыл,философ Демокрит те,өзінің 100 жасауының,денсаулығының мықтылығы балды пайдаланудан деп айтқан.

       Ресейде бал жайлы 945 жылдың  Лаврентьев жазбаларында айтылған екен.Бірақ тағам түрінде емес,сусын ретінде көрсетілген.

            Осыдан бір жарым ғасыр бұрын Өскеменнің іргесіне алғашқы араларды әкеліп,қолға ұстай бастаған.Сол себепті Шығыс Қазақстан облысы Орталық Азия аймағында омарта шаруашылығының отаны саналады.Елімізде өндірілетін балдың 80  пайызға жуығы Шығыс Қазақстанның үлесінде.

2.2.Балдың түрлері

Өсімдіктің бір түрінен жиналған бал «бір шырынды», ал бірнеше өсімдік түрінен жиналған бал «көп шырынды» деп аталады. Оны өсімдіктің түріне қарай атайды. Қазақстанда әр ұядан орта есеппен жылына 15 кг-ға дейін, жекелеген тәжірибелі бал ара өсірушілер 180 кг-ға дейін бал жинайды екен.

Ара балының бөлінуі

Негізінен, ара балы бір шырынды және көп шырынды болып бөлінеді.

Бір шырынды бал – тек өсімдіктердің бір түрінен ғана жиналған шырын. Оны өсімдіктердің түріне қарай – қара-құмық балы, жөке ағашының балы деп, неше түрлі атайды.

Көп шырынды бал – өсімдіктердің бірнеше түрінен жиналған шырын. Оны табиғи бал беретін өңірлерге байланысты дала балы, тау балы, бақ балы деп ерекшелейді.

Табиғи балдың түрлері

Өмірде табиғи балды ажырату оңай емес. Қантты бал араны қант шырынымен қоректендіру арқылы алынады.

Сатушылар оны табиғи балға араластырып сатады. Бұл орайда табиғи, жасанды балды ажыратуға ешқандай анализ көмектеспейді. Жасанды балдың құрамында қант, қант крахмалы, ұн, желім, гипс болады. Оның кейбірін үй жағдайында анықтауға мүмкіндік бар. Ол үшін бір стақан қайнаған су аласыз да оған балды араластырасыз (Бір стақан суға жарты стақан бал). Сол кезде тұнбаның төменгі жағында немесе бетінде механикалық қалдықтар шыға келеді. Ол –балдың құрамында крахмалдың бар екендігінің айғағы.

Гүлдейтін қанша ма өсімдіктер бар болса, сонша ма балдың түрлері бар.

Гүлдейтін қанша ма өсімдіктер бар болса, сонша ма балдың түрлері бар. Біз енді солардың бастыларын атап айтсақ.

Түйебұршақ (донник) балы бірінші сортты балға жатады. Ақ немесе ашық – янтарь түсті болып келетін хош иісі бар балдың бұл түрі глюкозаға бай. Түйебұршақ балы ішек ауруларына пайдалы.

Шайқурай (кипрей) балы мөлдір жасыл сары түсті сұйық бал. Балдың бұл түрін әлсіздікке, жараны қайтаруға пайдаланылады.

Жөке (липа) балы жақсы сортқа жатады. Сары жасыл түсті балдың бактерияға қарсы қасиеті бар. Жөке балының тамақ ауруларына пайдасы мол. Сондайақ, тыныштандыратын, ұйқыны жақсартатын қасиеті бар.

Шабындық (луговой) балы бірінші сортты балға жатады. Сары қоңыр немесе алтын түсті балды шабындықтағы түрлі гүлдерден алады. Бұл бал арқылы тыныс алу, жүйке, жүрек және ас қорыту жүйесін емдеуге болады.

Таңқурай (малина) балы ақ түсті болады. Жоғары сортқа жататын балдың бұл түрі суық тигенде тұмаудың алдын алу үшін пайдаланылады.

Қарақұмық (гречишный) балы қою қызыл немесе қоңыр түсті болады. Жоғары сортқа жататын бұл балдың ерекше иісі бар. Қарақұмық балы темірге, магний, мысқа бай болғандықтан, түрлі қан ауруларын емдеуге пайдаланылады. Жүйке жүйесіне де қарақұмық балы бірден-бір ем. Сондай-ақ, тері ауруларын да балдың осы түрімен емдеуге болады.

 

 

 

 

2.3. Балдың құрамы

Балдың құрамы мен қуаты

Ара балының химиялық құрамы шырын жинаған өсімдіктердің түріне, ол өскен топыраққа, сол жердің ауа-райының жағдайына және балдың түрлеріне тығыз байланысты.

Гүл балының құрамында 12-13 пайыз су, 0,4 пайыз белок, 0,3 пайыз күл, көмір сутегі, глюкоза, жүзім қанты, сахороза, мальтоза, т.б. бар. Және де В3, В5, А, С, Н, Е, К дәрумендері, минералды тұздар, ферменттер, сон-дай-ақ, химиялық элементтер (калий, кальций, фосфор, хлор, күкірт, натрий, темір, марганец, мыс, т.б.) кездеседі. Бұлардан басқа алма, жүзім, қымыздық тәрізді қышқылдар да болады Ара балының сапасын, негізінен, хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы, ылғалдығы, қоректік, жабысқақтық қасиеттері арқылы анықтайды. Ара балының қуаты жоғары. Оның 1 келісі 3150 кал қуат береді. Ара балы адам ағзасын дәрумендермен, белокпен, ферменттермен тағы да басқа тіршілікке қажетті заттармен байытып, қамтамасыз етеді. Балды құрғақ, жақсы желдетілген бөлмеде 5 градустан 10 градусқа дейінгі температурада сақтайды.Сондай – ақа балдың құрамында адам денесі тікелей қабылдайтынглюкоза және фруктоза бар.Олар шамамен 65- 85 % - ды құрайды.

2.4.Балдың жасалу жолдары

Бал жинау — ара ұясының жылы маусымдағы гүл шірнесі мен тозаңын жинап, бал өндіруі; табиғи процесс. Аралардың ішінде бал жинауға тек ерекше балауыз бездері бар, “жұмысшы” аралар (қ. Ара) ғана қатысады. Ара өзінің “бал сауытына” (артқы екі аяғында болатын арнайы қуыс) өз салмағының жартысындай шірне(нектар) жинай алады. Олар жинаған шірнесін ұядағы жас араға қалдырып, қайтадан ұшып кетеді. Жас аралар шірнені тор көзшелерге салады, желдетіп, артық ылғалын жояды. Араның сілекей безі шірнедегі қант құрамын өзгертіп, оны балға айналдырады. Көзшелер балға толғаннан кейін, ара оны балауыз қақпақшамен жабады. Мұндай бал ұзақ сақталады. Араның Бал жинауы ара ұясының күйіне, ауа райына, өсімдік түріне және оның омартаға қашықтығына, шірненің бөліну дәрежесіне байланысты. Бір маусымда ара ұясы 100 — 200 кг бал жинайды. Араның Бал жинауы өсімдіктердің жаппай гүлдеуіне тұстас келеді, сондықтан оны үш кезеңге бөлуге болады. Көктемгі жинау—өсімдіктің алғашқы гүлдеу кезеңінде басталады. Ерте көктемде, тал, үйеңкі, алма, алмұрт ағаштары гүлдеген кезде аралар екі аптадай тынымсыз (күніне 5 — 6 кг) бал жинайды. Көктемде жиналған балдың сапасы өте жоғары болады. Жазғы жинау 2—3 аптаға созылады. Бұл кезде бал (күніне 6—7 кг), негізінен, жөке ағашынан жиналады. Өйткені жөке ағашы маусымның аяғы, шілденің басында гүлдейді. Жөкеден алынатын бал қоңыр түсті, хош иісті келеді. Ең көп бал — қарақұмықтан жиналады. Қарақұмық бір айдан артық гүлдеп тұрады. Күн ашық, ылғалды болса, бір ара ұясы маусымына қарақұмықтан 50—60 кг-ға дейінбал жинай алады. Күзде аралар балды аз, негізінен, күнбағыстан (күніне 3 — 4 кг) жинайды. Одан алынатын бал ашық сары түсті, иіссіз болады

Бал аралары өте еңбекқор жәндік. Бал жинауда жыл мезгілі, ауа райы, ара ұясының күйі, өсімдік түрі және оның омартаға қашықтығы, шірненің бөліну дәрежесі маңызды рөл атқарады. Бал арасы балға қажетті гүл шірнесі мен тозаңын жинау үшін тынбастан гүлден гүлге қонады. Негізінен бұл істі «жұмысшы» аралар ғана атқарады. Аралар жайылған кездері ондаған шақырымға дейін алаңсыз ұшып кете береді. Және адаспай өз ұяларын тауып қайтады. Барлауға шыққан ара ә дегеннен шырынды гүл мен шүйгінді шөпті іздейді. Тапқан кезде өздеріне тән белгілермен кейінгілерге хабар береді.

Әр ара өзінің «қоржынына» өз салмағының жартысына жететіндей шірне жинай алады. Олар жинаған шірнесін ұядағы жас араларға жеткізеді. Жас аралар шірнені тор көзшелерге салады. Іле қанаттарымен желдетіп, артық ылғалын жояды. Араның сілекей безі шірнедегі қант құрамын өзгертіп, оны балға айналдырады. Көзшелер балға толғаннан кейін ара оны балауыз қақпақшамен жабады. Мұндай бал ұзақ сақталады. Араның бал жинауы өсімдіктердің жаппай гүлдеуіне тұстас келеді, сондықтан әсіресе көктемде жиналған балдың сапасы өте жоғары бағаланады.

Ара ұяшықтары

         Олар ұясын алты бұрышты геометриялық пішінде жасайды. Математиктердің есептеуінше, бал ұяшығын алты бұрышты етіп жасауда үлкен тиімділік бар екен. Алты бұрышты ұяға материал өте аз жұмсалып, балдың сыйымдылығы мейлінше артатын көрінеді. Яғни, бұл өте тиімді ұя жасау тәсілі.

Бал ұяшықтарын жасаудағы аралардың қолданатын тәсілі де таңғаларлық. Аралар бұл іске бірден екі-үш жерден бастап кіріседі. Бәрі бірдей өлшемде алты бұрыш жасап, бұларды кейіннен бір-бірімен біріктіріп әкеліп бал ұяшықтарын тоқиды. Сонда барлығы бір жерден шығады екен. Алты бұрыштардың бір-бірімен шебер жымдастырылғаны  сондай, әрбір қабырғаның бөлек тоқылғандығын байқау өте қиын.

готовые соты

 

 

 

 

2.5.Дәрігерлердің пайдалы кеңестері

Балдың  пайдасы

Дәрігерлердің айтуынша, балдың адам денсаулығы үшін пайдасы көп. Атап айтқанда, бал қан құрамын жақсартады, ішкі ағзалардың қызметін жандандырады, иммунитетті арттырады, дененің физиологиялық қызметін, күш-қуатын қалпына келтіреді. Мидың жұмысын жақсартады, тыныс алу жолдарын артық өңезденуден сақтайды. Ол сондай-ақ жүрек-қан тамырлары ауруына, бауырға, бүйрекке, ішек-қарын жолына, суық тиюге, құяң  мен өтке пайдалы. Балды құрт ауруына, ұйқысыздыққа, бас ауруына, қан қысымына, асқазан жарасына, тіпті күйікке де ем ретінде пайдалануға болады. Балдың сондай-ақ аллергияға, бактерияға, қабынуға қарсы да қасиеттері анықталған.

Балдың химиялық құрамы шырын жинаған өсімдіктердің түріне, топырағына, ауа райының жағдайына және балдың түрлеріне байланысты өзгереді. Балдың сапасы негізінен хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы, ылғалдылығы, қоректік және жабысқақ қасиеттері арқылы ажыратылады.

Асқазан, ішек науқасына шалдыққан, не қышқылы аса көбейіп, керісінше, өте азайып кеткен адамдардың да балды ем ретінде пайдаланғаны жөн. Әсіресе, асқазанында жарасы бар науқас тамақтың алдында бір жарым, екі сағат бұ-рын, немесе тамақтан үш сағат кейін үзбей бал жеп отырса, ауруы бәсеңсіп, жүрек айнуы мен асқазанның қыжылдауы басылады, әрі бал қанның құрамындағы гемоглобинді (қызыл түйіршік) көбейтеді. Қышқылы аз адамдар бір ас қасық балды тамақты ішер алдында ғана жесе, ол ас қорытатын шырынның көбірек бөлінуіне әсер етеді. Ал, қыш-қылы көп адамдар тамақтан 1,5-2 сағат бұрын пайдаланса, асқазан қышқылын азайтады.

Өте құнарлы, тойымды болғанына қарамастан құрамында ауыр қорытылатын элементтер кездеспейді. Бал құрамы қанға, одан жасушалар мен тіндерге тез сіңіп кететін көмірсулар, белоктар, протеиндер (аминқышқылдары мен органикалық қышқылдар), минералды тұздар (калий, кальций, натрий, темір, хлор тұздары және күкірт т.б.), пайдалы микроэлементтер мен ферменттерге (каталаз, липаз, амилаз) өте бай. Құрамындағы фруктоза, глюкоза және құрақ қант бұлардың барлығы да адам ағзасына аса қажетті.

2.6.Балдың қолданылуы

Бал-керемет,бірегей қасиеттерге ие болғандықтан,адамдар оны кеңінен қолданады.Мысалы,кулинарияда,косметологиялық жағдайда және медицинада.

           Кулинарияда қантты балмен алмастырып,түрлі тәтті тағамдар жасауда қолданылады.Түрлі бақылаулар,тәжірбиелер өткізілу барысында,балдың тағам түрінде кеңінен қолданылатыны анықталған.Ол адамның тәбетін ашады,иммунитетін жақсартады.Бал әсіресе балаларға және қарт адамдарға өте пайдалы.

          Медицина саласында да балды кеңінен қолданады.Балдың ертіндісін инфекциялық және тұмаумен ауырған кезде тыныс алу жолдарын емдеуде жиі қолданылады.Қазіргі таңда балдың қолданылуы ғылыми медицинада да өз жолын табуда.

           Косметолиялық жағдайда да бал өз орнын тапқан.Сұлулық салондарында балдан түрлі маскалар жасалып,кейде массаж жасау кезінде де қолданылады.Құрамында балы бар сусабындар,шаш бояғыш бояулар,түрлі кремдер жақсы қолданысқа ие.

 

 

 

3.Менің  зерттеу жұмысым

3.1.Кітапханада

Мен өз зерттеу жұмысымды кітапханадан бастадым.Бұл жерде мен араның дене құрылысымен, оның жалпы түр - сипатымен таныстым.Балдың қалай жасалатындығы туралы да көптеген ақпараттар іздедім.Осы сұрақтарыма жауап іздей отыра мен сонымен қатар, балдың тек қана тәтті тағам ғана емес екендігін сондай – ақ  адам денсаулығына қаншалықты пайдалы екендігін де оқып білдім.тағы да мен өзім үшін ашқан бір жаңалығым ол балдың косметикалық тұрғыдан да қолданылуы.Яғни, түрлі маскалар мен кремдердің құрамында болуы, немесе осы балдың өзінен ғана аналарымыз бет күтімі үшін маска жасап қолданады екен. Түрлі оқулықтар мен энциклопедияларды көп қарадым.Зерттеу жұмысымды жазу барысында өзімді қызықтыра әрі толғандыра білген түрлі сұрақтарымның жауабын да осы жерден таптым.

 

3.2 Дәрігермен кездесу

Балдың денсаулыққа қаншалықты пайдалы екенін білу үшін, мектебіміздің дәрігері Салтанат Медетханқызымен әңгімелесіп, кеңес сұрадым.Ол кісіге сұрақтар қоя отыра, тағы да көп нәрсені біліп, таныстым.Салтанат Медетханқызы ең алдымен маған балдың денсаулыққа пайдалы жақтарын тізіп айтып берді.Соның ішінде мені қатты қызықтырғаны суық тиіп, тұмауратып ауырған кездегі балдың пайдасы болды.Салтанат апайдың айтуы бойынша, суық тиіп, тымауратқан кезде балды ыстық сүтке немесе лимон шырынына қосып аурудан айыққанша ішкен дұрыс. Бір стакан ыстық сүтке қосып, бір шәй қасық бал ішу керек екен.  Ол сондай-ақ жүрек-қан тамырлары ауруына, бауырға, бүйрекке, ішек-қарын жолына, суық тиюге, құяң мен өтке пайдалы. Балды құрт ауруына, ұйқысыздыққа, бас ауруына, қан қысымына, асқазан жарасына, тіпті күйікке де ем ретінде пайдалануға болады. Балдың сондай-ақ аллергияға, бактерияға, қабынуға қарсы да қасиеттерінің көп екендігін жетік түсіндіріп берді.

Менің болжауым бойынша балдың кері әсері де болуы керек қой.Сондықтан нақтырақ түсіндіруін сұрадым.Дәрігер маған оны да түсіндіріп берді. «Әрине, ол адамда аллергиялық реакция туғызуы мүмкін, оның өзінде тек кішкентай балаларда.Өйткені олардың ағзалары әлі түгелдей қалыптаспаған.Сондықтан 1 жасқа дейінгі балаларға балды қолданғанда өте сақ болған жөн.» -деді.

3.4.Балдың қолданылуын зерттеу

Балдың мектеп бойынша қолданылу деңгейін анықтау барысында мен мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарынан көмек сұрадым.Мұндағы менің алдыма қойған басты мақсатым:біздің мектебімізде балдың қолданылу деңгейі қандай екеніе, соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының күнделікті балды тұтыну мөлшері қанша екенін анықтап білу болды.Сұхбат барысында мен мынандай мәліметтер қорын жинақтай алдым: бастауыш сынып оқушыларына күніне 10 грамм бал берілсе, 5-11 сынып оқушыларына 20 грамм бал беріледі екен.Сондай – ақ  мектеп бойынша бал өніміне аллергиясы бар 32 оқушы бар екенін анықтап біле алдым.

Біздің мектепті балмен қамтамасыз етіп отырған Шығыс Қазақстанда орналасқан «Пасика» бал шаруашылығы екенін де сол кезде білдім.

                          

3.5. Сауалнама нәтижесі

Осы тақырыпты зерттеу жұмысын жүргізе отыра мен  өте көп маңызды мағлұматтармен таныстым.

         Бал-бұл бірегей өнім.Оның бізге зиянынан пайдасы көп екенін аңғардым.Өзіме қажетті көптеген қызықты деректер аштым.

Менің  осы тақырыпқа деген қызығушылығым арта түсті.Сондықтан мен  өз сыныптастарым мен мектептегі ұстаздарымның  арасында сауалнама жүргіздім:

Сауалнама №1

Өздеріңіз жоғарыдағы сауалнама нәтижесінен байқап отырғандай  балды емдік қасиеті бар тағам деп 91% берсе, тәтті тағам деп 8 % оқушы және білмеймін деп 1% оқушы жауап берді. Яғни, менің сыныптас достарымның балға деген көзқарасы дұрыс деген ой түйдім.

 

Сауалнама №2

Үлкен адамдарға қойылған сауалнама:

1.     Балды жақсы көресіз бе?

2.     Балды күнделікті жеп тұру пайдалы деп санайсыз ба?

3.     Балды отбасыңызда үнемі пайдаланасыз ба?

4.     Балдың кеңінен қолданысқа түсуіне қалай қарайсыз?

5.     Балды қалай өндіретінін білесіз бе?

6.     Балдың адам денсаулығына пайдасы бар ма?

7.     Балды бала жасынан жеп өссе, оның денсаулығына пайдасы бола ма?

8.     Қазіргі тәттілердің орнына балдан жасалған, дәмі әр түрлі бал өнімдерін пайдалануға бола ма?

 Сауалнамаға 22 адам қатысты.

Сауалнама нәтижесі:

  

 

Сауалнама нәтижесінен көріп отырғандарыңыздай «жоқ» деген жауапқа қарағанда «иә» деген жауап басымырақ.Бұл дегеніміз балдың адам денсаулығы үшін өте маңызды орны бар екендігін аңғартады деген пікірді тағы да бір дәлелдей түсті деген ойдамын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             4. Қорытынды

 

*  Балды пайдасы өте зор.Оның емдік  қасиеттеріне байланысты кеңінен қолдануға болады және қолдану керектігін түсіндім.

*  Балдың құрамында адам ағзасына пайдалы барлық химиялық қоспалар бар екенін аңғардым.

*  Балдың өте ертеде алғашқы адамдарға  дейін пайда болғанын,ата-бабаларымыз оны тағам ретінде де, ем-дом ретінде де пайдаланғанын оқып білдім.

Мен  алдыма қойған мақсатыма  жеттім деп ойлаймын.Осы тақырып төңірегінде көптеген мағлұматтар ала отыра,өз зерттеу жұмысымды жүргізіп,көзіммен көріп,дәлелдеуге тырыстым.Бұл жұмыс маған қатты ұнады.Осы жұмысымды келешекте ары қарай жалғастыру жоспарымда бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                              Пайдаланған  әдебиеттер:

 

1.    «Ақ дастарқан»  кітабы  1985 ж.

2.    Интернет жүйесін пайдалану

3.     «Қазақстан»  ұлттық  энциклопедиясы  (2-том,1-том)

4.     «Балдырған»  балалар  журналы    2009 ж. 9 нөмірі

5. «Егемен Қазақстан» газеті 2011 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Презентация научного проекта "Балдың емдік қасиеті""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Помощник руководителя отдела библиотеки

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 667 830 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.05.2017 983
    • DOCX 116.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алибаева Айжан Сериковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Алибаева Айжан Сериковна
    Алибаева Айжан Сериковна
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2564
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Стратегия формирования навыков смыслового чтения у младших школьников в условиях реализации ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 141 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 830 человек

Курс повышения квалификации

Возрастные особенности детей младшего школьного возраста

36 ч.

1700 руб. 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 128 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 2 092 человека

Курс повышения квалификации

Система диагностики предметных и метапредметных результатов в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 137 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 118 человек

Мини-курс

Эффективные стратегии текстовых коммуникаций в бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы профессиональной деятельности эксперта в области индивидуального консультирования

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Физическая культура и спорт: методика, педагогика, психология

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек