Инфоурок Другое Другие методич. материалыРазработка "«Білім мен парасат»сыны"

Разработка "«Білім мен парасат»сыны"

Скачать материал

                     «Білім мен парасат»сыны

Мақсаты:  

1.      Ұлттық тәрбиенің бай тәжірибесіне сүйене отырып саналы тәрбие, сапалы білім беру;

2.      Қазақтың бүгінгі ұл-қыздарының танымдық және шығармашылық белсенділіктерін арттыру;

3.      Эстетикалық талғамдарын қалыптастыру арқылы адамгершілікке, адалдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі:  қазақ үйдің көрінісі ұлттық нақышта әсемделінген.

Қанатты сөздер:  Жақсы қыз – жағадағы құндыз,

Жақсы жігіт – аспандағы құндыз.

                                       Барысы:

Жоспар. 1 бөлім. Кіріспе

 

2. Негізгі бөлім.

                               I.            Таныстыру, топ басшысы, ұраны,әні,эмблемасы.

                            II.            Білім сайысы

                         III.            Өнерпаз босаң  арқалан

                         IV.            Кім жылдам?

                            V.            Дәстүр сыны.

 

3.Қорытынды бөлім

                               I.            бөлім

Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді ұстаздар мен оқушылар!                          Ұлтымыздың  салт-дәстүрін қадірлейік,

Жастарды парасаттылыққа әзірлейік.

Тәрбие мен білімді тең игерген

Болашағы жастардың деп тілейік – деп, бүгінгі «Білім мен парасат» сыны атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

                            II.            бөлім

Ендеше ортаға бүгінгі сайысқа қатысушы қыз,жігіттерімізді шақырайық.

Қыз Жібек тобы

Шыға келсе жарқ етіп таң атқандай,

Демің тартып қарайсың тағат таппай.

Әр қимылы әсем ән,әуез,ырғақ,

Аққу жүзіп айдынында бара жатқандай.

Күйдіргендей өртімен,

Қызықтырған көркімен.

Шуағын шашып келіп тұр

«Қыз Жібек» тобы

                Төлеген тобы

Бозбаланың ән-жыры,

Шабыттансын өнері.

«Төлеген» тобы өренім

Арта берсін мерейің!

 

1.Өздірін таныстырып өтеді.

Жүргізуші: Сайыскерлер жауапқа қалайсыңдар,

Сендер өтер әлі де талай сын бар.

Тапсырмаңды орында қысылмай кеп,

Жауап тапсаң сұраққа жарайсыңдар.

«Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады» -деп халық даналарыайтқандай білім сайысы.

2.Сұрақтар:

1.      «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырын алғаш зерттеген қазақ ғалымы кім?

2.      «Қазақтың бас ақыны» атты мақаланы кім жазды?

3.      Қазақтың үш бәйтерек, бес арысын ата?

4.      ҚызЖібек фильміндегі Төлегеннің образын сомдаған актер?

5.      Қазақ бұлбұлы?

6.      Астана Қазақстанның несінші астанасы?

7.      Қазақтың ұлттық  дәстүрлі мерекелерін ата?

8.      Ұлттық ойын түрлері және ұлттық бас киімдерді ата?

 

               3.Өнерпаз болсаң арқалан

«Өнер таусылмас қазына, жұтамас байлық» . Ұлттық өнеріміз төлтума бітімімен,қасиетімен,көркемдік мән-мағынасымен шын мәнінде халқымыздың ғаысрлар талғамынан өткен қазынасы.

/Әр топ өз өнерлерін көрсетеді./

4.      Кім жылдам?

Отан, дос, еңбек, білім, тақырыптарына байланысты мақал-мәтелдер және жаңылтпаштар жарысы.

5.      Дәстүр сыны.

Қойылған сұрақтарға кезекпен жауап беру керек.

1.      Қонақ түрлерін ата

2.      Үш арсыз, үш қуат, үш мақсат.

3.      Жеті мүшел жас.

4.      «Аужар» сөзінің мағынасы?

5.      «Үт» сөзінің мағынасы?

6.      Алты асқар деген не?

                         III.            Қорытынды бөлім.

«Білім мен парасат » сынының жеңімпаздарын хабарлау, марапаттау /Әділқазыларға сөз беріледі/.

Құреметті «Қыз Жібек» пен «Төлеген» тобының ойыншылары , әрқашан бүгінгідей бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып ынтымағы мен бірлігі жарасқан, білімі мен парасаты асқан, болашағы зор байтақ еліміздің арқа сүйер ұл-қыздары болыңыздар!

 

 

 

 

Сараптама:  Бұл сын түріндегі тәрбие сағаты ұл-қыздардың танымдық және шығармашылық белсенділіктерін арттырып, адамгершілікке,адалдыққа, ұлтжандылыққа, дәстүрді,әдет-ғұрыпты ұмыттырмай, еліміздің көнерген сөздеріне байланысты, салт-дәстүрлерге,жазушы,ақындарға байланысты сұрақтар оқушыларға көп ақпарат берілді.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Разработка "«Білім мен парасат»сыны""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер бизнес-процессов

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 164 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.11.2016 550
    • DOCX 16.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Смадилова Кенже Касымбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Смадилова Кенже Касымбековна
    Смадилова Кенже Касымбековна
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1979
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой