Инфоурок Химия КонспектыРазработка открытого урока: "Химиялық реакция теңдеулері"

Разработка открытого урока: "Химиялық реакция теңдеулері"

Скачать материал

 

Ақмола облысы

Шортанды ауданы

Бектау орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Химия пәніне арналған ашық сабақ жинақтары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2014 ж

 

 

 

Кіріспе

 

Егеменді еліміздің дамуындағы жаңа бағдарлар, қоғамның жедел ақпараттануы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өз Жолдауында «Бізге қоғамдық жаңарту қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет»,-деп атап көрсете отырып, әлемдік білім кеңістігіне енуде ғылым мен білім, әртүрлі жаңа технологиялар арқылы оқу үрдісін шығармашылықпен ұйымдастыруға еркіндік беріп, ұстаздар қауымының белсенділігін арттыруды міндеттеп отыр.

         Оқушылардың химияға ынтасын дамыту мұғалімнің негізгі мақсаты болып табылады. Оқушының пәнге қызығушылығы – оны табысты да, түбегейлі игерудің негізгі шарты.

         Пәнге танымдық қызығушылықты дамытудың да үш шарты бар:

         Біріншісі – мазмұнының жаңғыртылуы, бұрын жария етілген фактілерді жаңаша сипаттау, хабарланып отырған материалға тарихибағдар беру, ілімнің практикалық мәнін ашып көрсету және ғылымның соңғы жаңалықтарын, табыстарын жүйелі баяндау.

         Екіншісі - өз бетінше жұмыс істеудің әр қилы тәсілдерін, оқытудың проблемалық тұрғыда қолға ала отырып, материалдарды зерттеу негізінде оқушының шығармашылық, практикалық жұмыстарына бағыт-бағдар беру тәсілдері.

         Үшінші – оқушылардың қабілетін ұштау, шығармашылық көмек беруге дайын тұру, оларға материалдық қолдау көрсету, қабілетіне талап қоя отырып балаларды көтермелей отырып оқушыларды өзара бәсекелістікке тәрбиелеу. Оқушылардың химияға деген ынта-ықыласын арттырып, логикалық ой-өрісін дамытады. Қызғылықты есептер мен химиялық ойындар әр сынып оқушылары үшін пайдалы. Оқушылар бірсарынды есеп шығарудан шаршамас үшін әр түрлі химиялық жарыстар, ойындар ұйымдастырылғаны жөн.

         Мен өз тәжірибемде жаңа технология әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың ойлау қабілетін жан-жақты дамытуға шығарамашылық ізденеіс дағдыларын сыни тұрғыдан қалыптастыру жолдарын ұсынамын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

 

Сабақтың тақырыбы: §14 Химиялық реакция теңдеулері

Мақсаты:

Білімділігі: оқушыларға химиялық теңдеу туралы мағұлмат бере отырып,

                      химиялық реакция теңдеуін құра білуге үйрету.

 

Дамытушылығы: оқушыларға химиялық теңдеулерді жазып және оны теңестіре

                       білуге дағдыландыру.

 

Тәрбиелігі: әр түрлі тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың білімін 

                      жетілдіру және белсенділігін, қызығушылығын ояту.

 

Сабақтың түрі: тренинг – сабақ (білім мен іскерлік дағдыны жетілдіру)

Сабақтың әдісі: Дәріс, сұхбат, топтастыру

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, химиялық реакция теңдеулері.

Пәнаралық байланысы: математика, информатика, физика.

 

Сабақтың жүру барысы:

 

І. Ұйымдастыру бөлімі

Келісім шарт қабылдау.

v Біз барлығымыз өзімізді оқыту үшін жауаптымыз;

v Бір – бірімізді тыңдаймыз;

v Бір ғана адам сөйлейді;

v Өз ойларымызбен бөлісеміз;

v Бос сұрақтар болмайды;

v Уақытты үнемді пайдаланамыз.

 

Танысу.

«Қар көшкіні» ойыны. Әр топтың оқушылары өз аттарын айтады. Әрбір оқушы өз атын айтар алдында бұрынғы оқушының атын қосыпайтады.

 

 ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

«Ой қозғау» сұрақ – жауап.

1.     Химиялық реакция дегеніміз не?

2.     Химиялық формула дегеніміз не?

3.     Массалық үлес қалай белгіленеді?

4.     Валенттілік дегеніміз не?

5.     Зат құрамының тұрақтылық заңын кім ашты?

 

Топтық жұмыс.

І топ тапсырмасы:

1. Тұрақты І валентті элементтерді жазыңдар.

2. Мына қосылыстардағы: ZnS, Al2S3, Na2S, PbS, Fe2Oәрбір элементтің

    валенттілігін қойыңдар.

 

3

3. Мына заттардағы: а) СаО, б) Р2О5, в) Fe2O3 әрбір элементтің массалық үлесін

   есептеп шығарыңдар.

ІІ топ тапсырмасы:

1. Тұрақты ІІ валентті элементтерді жазыңдар.

2. Мына қосылыстардағы: СаО, FeCl3 , Н2О, Мg3N2, SiCl4 әрбір элементтің

    валенттілігін қойыңдар.

3. Берілген қосылыстарды: а) СаО, б) H2SO4, в) SO2 құрайтын элементтердің массалық қатыныстарын табыңдар.

 

 

ІІІ топ тапсырмасы:

1. Тұрақты ІІІ валентті элементтерді жазыңдар.

2. Мына қосылыстардағы: МgО, К2О, SnO2, Na3N, MnCl2 әрбір элементтің

    валенттілігін қойыңдар.

3. Химиялық қосылыстың құрамына 40% Сu, 20% S, 40% O кіреді. Осы химиялық 

    қосылыстың формуласын табыңдар.

 

ІІІ. Жаңа сабақ

Жоспары: 1.Химиялқ теңдеу.

                   2. Химиялық теңдеуді жазудың ережесі.

Негізгі ұғымдар:

Ø Химиялық теңдеу.

Ø Реагент

Ø Өнім

 

         1. Химиялық теңдеу дегеніміз – химиялық реакцияны химиялық таңбалар және формулалар арқылы шартты түрде жазу.

         Әрекеттесуші заттар – реакцияға кіріскен реакцияласушы заттар не қысқаша реагенттер деп аталады.

         Жаңадан түзілген заттар реакциядан шыққан заттар немесе өнімдер деп аталады.

         2. Химиялық теңдеуді жазудың ережесі:

 

1. Реагенттердің формуласын жазу:

                   H2 + O2

 

2. Өнімнің формуласы:

                   H2 + O2 → H2O

 

3. Химиялық теңдеуді теңестіру:

                   2H2 + O2 → 2H2O

 

Сабақты бекіту:

 

 

4

 

Оқулықпен жұмыс:

І топ тапсырмасы:

1. Оқулықтағы §14 бойынша негізгі ұғымдарды анықтау.

2. 42 беттегі 5 жаттығуды орында.

 

ІІ топ тапсырмасы:

1. Оқулықтағы §14 бойынша сұрақтар құру

 2. 42 беттегі 6 жаттығуды орында.

ІІ топ тапсырмасы:

1. Оқулықтағы §14 бойынша сызбанұсқа құру.

2. 42 беттегі 7 жаттығуды орында.

 

Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс

 

 «Кім жылдам» аукционы

 

                             Са                           Р                       H2              C

        

  О2                ?

        

              О2                                            ?

 

              Сl2                                                                     ?

 

                  О2                                                                                       ?            

 

Не білемін?

Не білдім?

Не білгім келеді?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау.

Үйге тапсырма: § 14. 42 беттегі. 4,8 жаттығулар.

 

 

 

 

 

 

 

 

5

 

 

Сабақтың тақырыбы: Судың құрамы. Судың физикалық қасиеттері.

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушының білім мен білік дағдысын қалыптастыру, ой-әрекетінің дамуын арттыру, шығармашылық тұрғыдан ойлауға үйрету.

2. Судың ашылу тарихы, құрамы, физикалық қасиеті туралы мағынаны ашу.

3. Табиғатты сүюге, қоршаған ортаны қорғай білуге, экологиялық, экономикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі:   Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:  СТО – стратегиялары. Өзін-өзі бағалау.

Қолданылған көрнекіліктер мен құралдар:  компьютер, электронды кітапшалар. Оқушылардың шығармашылық жұмыстары.

Сабақтың барысы:     I. Ұйымдастыру.

                                       II. Үй тапсырмасын тексеру.

                           III. Жаңа тақырыпты меңгерту.

                                       IV. Сабақты бекіту.

                           V. Үйге тапсырма.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

1)    Ой шақыру.

2)     Сөйлемді аяқтаңыз.

Ерітінділер дегеніміз -

Ерітіндінің түрлері -

Қатты заттардың ерігіштігі -

Ерітіндінің концентрациясы -

Концентрлі ерітінді -

Сұйылтылған ерітінді -

3)    Ой қозғау.

1.     «Ойлан тап»  2-оқушы тақтаға үй тапсырмасын орындайды. 2, 3-жаттығу.

I, II –  нұсқа бойынша оқушыларға есептер шығаруға тапсырма беріледі. (Графопроектордан көрсетіледі).

2.     «Үш артықты»  табыңыз.

III. Жаңа тақырыпты меңгерту.

1)    Қызығуды ояту.

Бір күні бар элемент жиналып, кімнің маңызды екеніне жауап таппай қиналады.

Алғашқы элемент:

- Кестеге бірінші тұрған кім

  Тегін тұрғанымды біл

 

6

 

 

Отында болам, ауа шары да болам.

  Ұшқың келсе мін

  Бомба болып жарыламын

  Деп күш көрсетті

  Беріспейтін іс көрсетті.

  Бұл қай элемент? (Жауабы.Сутек-H)

 

 

2-ші элемент:     

  -Жақындасам жанып.

   Су боларсың анық.

   Шамаңды білмейсің неғып?

   Мен болмасам тұншығып,

   Қараң болар тіршілік

   Мен бар жерде бар емеспе бәрі де

   Күні шығып, отындары жанатын.

   Бұл қай элемент? (Жауабы: Оттек-O)

Құрамында осы 2 элемент кіретін қандай қосылысты білеміз?

H2 O -  бір оқушы тақтаға жазады.

                      Жалпы сыныпқа тапсырма.

                      Су туралы не білеміз? Ассосация құру.

            - Молекулалық формуласы - H2 O.

            - Mr (H2 O) = 18.

            - Күрделі зат - 2 элементтен тұрады.

            -электр тогын нашар өткізеді.

             - түссіз, дәмсіз, иісіз сұйық. Қайнау темп-сы – 100 градус. Балқу темп-сы 0 градус.

             -Судың үш күйі бар: қатты, сұйық, газ.

 

2. Мағынаны ажырату.

           Судың құрамын анықтау.   Шығармашылық  жұмыс.

 Алдын-ала тапсырма берілген оқушылар судың  2 – элементтен тұратынын  

 дәлелдеп береді.

           1 – оқушы: Су жасанды жолмен газ тәрізді сутектің оттекте жануымен алынды,        яғни сутек және оттектен тұратындығы анықталды.

                       2 H2  +  O=  2 H2 O

Жай заттардан күрделі заттардың алынуы синтез деп аталады.

           2 – оқушы: Суды электр тогының көмегімен құрам бөліктерге айыру арқылы, су молекуласында Суды электр тогының көмегімен құрам бөліктерге айыру арқылы, су молекуласында 2 – атом сутек, 1 – атом оттек болатындығын дәлелдеді.

7

      2 H2 O = 2 H2 + O2.                                            

Заттың құрамын жай заттарға жіктеу арқылы табу әдісі талдау (анализ) деп аталады.

                 

                                              V. Сабақты бекіту.

1.   Есеп шығарту.

72г суды айырғанда шығатын сутек пен оттектің массасын табыңдар.

 

2 H2 O = 2 H2 + O2.                                           Mr (H2 O) = 18 * 2 =36.

                                                                            Mr (H2 ) =  2 * 2 = 4.

                                                                            Mr ( O2) = 32.

 

72г / 36 = Х / 4                                Х = 72 * 4 / 36 = 8 гр.

72г / 36 = У / 4                                У = 72 * 3 / 32 = 7 гр.

 

                                                                       Жауабы: 8 г сутек.

                                                                                         7 г оттек.

 

2.   Графикалық диктант 

       Иә      Жоқ 

1.     Табиғи таза су болады ма?

2.     Алғаш суды синтездеген  Г. Кавендиш.

3.     Су оттектің екі атомы сутектің бір атомынан құралған күрделі зат.

4.     Судың сандық құрамын анықтаған Ж.Менье.

5.     Еріген заттың мөлшері көп болса қанықпаған ерітінді.

6.     Температура жоғарылағанда қатты заттардың ерігіштігі артады.

7.     Н2 СО3 күкірт  қышқылы.

8.     СаСО3 калций карбонаты.

9.     Қышқылдар металдармен әрекеттесіп, оттек бөледі.

10.  Су еріткіш.

                               

               VI. Үйге тапсырма.

«Судың маңызы» тақырыбына реферат.

 

 

             

 

 

 

8

Сабақтың тақырыбы: Органикалық заттардың ерекшеліктері мен маңызы. Органикалық  қосылыстардың химиялық құрылысы изомерия.

Сабақтың мақсаты:  1. Бейорганикалық  қосылыстарды еске түсіре  отырып,органикалық заттарға түсінік беру.

2.Оқушылардың ғылыми көзқарасын арттыру.

3.Оқушыларды шығармашылыққа баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Тірек –сызбалар таблицалар

Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап

Сабақтың түрі: Дамыта оқыту.

Сабақтың барысы

 

І. Кіріктірілген бөлім

Бағдарлау –мотивациялық кезең

 

Қызығушылығын ояту.

І. Сақиналарды   жинау.

Овал: Na Овал: P Овал: Al Овал: Pb Овал: C
Овал: S Овал: Sn
 


1. 

 

 

Сақинадағы   элементтерді берілген жапыраққа орналастырыңдар.

Взрыв: 14 точек: Металдар Взрыв: 14 точек: Бейметалдар
 

 

 

 

 


                                  а)                                      б)

Овал: H3PO4Овал: Sn(OH)2     Овал: Н2СО3Овал: Са(ОН)2     Овал: НNO3Овал: KClH3PO4

2.

 

Овал: Fe2O3 Овал: Cr (OH)3 Овал: ZnSO4
Овал: HgS CO   Овал: Si O2
 

 

 


   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9

Осы  сақиналардағы бейорганикалық қосылыстарды өз  үйлеріне орналастырып, анықтама беріңдер.

 

 

Трапеция: оксидтер Трапеция: негіздер Трапеция: қышқылдар Трапеция: тұздар
 

 

 

 

 

 

 

 

 


Сөзжұмбақ  «Қай ғалым»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Ізделінді сөз:  Швед ғалымы  И.Я. Берцелиус

1. Тақтаға жазатын құрал атымен аталатын элемент  (бор)

2. Н2 SiO3 – қышқылдың аталуы    (кремний)

3. Тіс жуғыш паста құрамындағы элемент    (фтор)

4. Алақанда еритін металл  (цезий)

5. Құрылыс материалы  (цемент)

6. Ең жеңіл металл (литий)

7. Азот қышқылының тұздары  (нитрат)

8. Радиоактивті элемент  (уран)

9. Кремний қышқылының тұздары қалай аталады?  (силикат)

 

10

«Сақиналарды жинау» дидактикалық  тапсырмалардағы берілген қосылыстар бейорганикалық қосылыстар. Жалпы бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары жөнінде толық меңгердік.

Енді органикалық заттар туралы түсінік берілді. Берілген  «Қай ғалым» сөзжұмбағындағы ізделінді ғалым  И.Я.Берцелиус. органикалық заттарды зерттейтін химия бөлімін – органикалық химия деп атап көрсеткен. Ғылымға  алғаш енгізген швед ғалымы  И.Я.Берцелиус

 

 

 

ІІ. Сараланған  бөлім.

Операциялық – орындаушылық кезең.

1.Тірек –сызбамен жұмыс.

 

 

Органикалық заттар

 

Бейорганикалық заттар

 
 


1.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мысалдар келтіріңдер .

Көмірсутектер

 

Органикалық қосылыстар

 
2.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


11

2.Оқулықты жұмыс.

 

№2. №3. №4.  Жаттығуларды орындап, түсіндіріңдер.

 

3.Өз бетінше орындайтын танымдық тапсырмалар .

Берілген бірнеше заттарды  қайсысы органикалық заттар, қайсысы бейорганикалық заттар екенін айырып жазыңдар:

Киім, тамақ, ет, сүт, алма, жүзім, шалбар, көмір, мұнай, май, шокалад, тұз қышқылы, калий оксиді, глюкоза, фруктоза, су, натрий, көмір қышқылы, сұйық май, күдіргіш калий, вазелин.

 

 

2.    Ой тұжырымдамасы:

1.     Өсімдіктер мен жануарлар денесінен табылған заттар органикалық заттарға жатқызылды. Ол органикалық заттар тірі организмен әсерінен пайда болады. Кейін органикалық заттар жасанды жолмен алына бастады.

2.     Оргнаикалық заттардың ерекшеліктері: Құрамында санаулы ғана элементтер (С, Н, О, N,S, т.б) кереді.

3.     Құрамы бірдей, құрылысы әртүрлі заттар түзе алады.

4.     Бейорганикалық заттар 100 мыңнан асса, органикалық заттар өте көп, 18млн –дай болады.

 

 

ІІІ. Кіріктірілген бөлім.

Рефлекциялық – бағалау кезең.

Білімді бекітуге арналған  тест- сұрақтар

   1.« Органикалық химия » терминін алғаш енгізген ғалым.

           а) И.Я. Берцелиус             ә) М.В. Ломоносов       б) Д.И. Менделеев

  2.  « Органикалық » деген термин қандай сөзден шыққан.

           а)көміртек                         ә) организм                   б) өнімдер

  3.Органикалық қосылыстар саны бейорганикалық қосылыстардан аз ба, көп па?   

            а) аз                                  ә)көп                              б)орташа         

 4.  Органикалық қосылыс қандай элементтен тұрады? 

            а) натрий, калий             ә) көміртек, сутек          б) көмірқышқыл газы 

5. Органикалық  заттардың құрамына мына элементтердің қайсысы кіреді?

       а) Ca, S, N, C, Mg                ә) C, H, O, N, S                б) Zn, Ba, C, O, H, S   

 

                                                

 

 

 

 

 

12

ІV. Бағалау.

Тапсырмалар

Мұғалім берген ұпай

Оқушылар жинаған ұпай

Баға

1

Қызығушылығын ояту

15 ұпай

 

 

2

Тірек-сызбамен жұмыс

5 ұпай

 

 

3

Оқулықпен жұмыс

10 ұпай

 

 

4

Тест

5 ұпай

 

 

5

Барлығы

 

 

 

 

35 ұпай-«5»

30 ұпай – «4»

25 ұпай-«3»

V. Үйге тапсырма
      § 40.   Органикалық заттарға мысалдар жазып, түсіндіріңдер.                                           

 

 

 

Тақырыбы:§47Қышқылдардың жіктелуі,алынуы,химиялық қасиеттері.

Мақсаты:                                                                                                                                                                Білімділік:Оқушылардың қышқылдар жайлы алған білмдерін еске түсіру

                     арқылы, жіктелуі,алыну жолдары ,қасиеттері жайында түсінік

                     қалыптастыру.

Дамытушылық:Өз бетінше жұмыс істеу қабілетін , химиялық

                               сауаттылығын,ойлай білу дағдысын  дамыта отырып

                               оқыту.

Тәрбиелігі:Оқушылардың дүниетанымын,өзіне қажетті білімді өзі іздеп

                     тауып ала   алатындай тұлғаны тәрбиелеу.Оқушының тұлғалық

                    қалыптасуын дайындау   арқылы,қышқылдардың

                    өмірде,тұрмыста,қолдануын білуге тәрбиелеу.                                                                                                                                                                                                  

Типі: Жаңа білімді меңгерту

Түрі: Демонстрациялық

Әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау, талдау

Көрнекілігі:Слаидтар, интерактивті тақта,реактивтер т.б

 

 

 

13

Барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

                 2.Үй тапсырмасын сұрау.

                 3.Жана сабақты түсіндіру

                 4.Жана тақырыпты бекіту

                 5.Үйге тапсырма беру  

                 6.Бағалау                     

 

 1.Ұйымдастыру кезеңі:

  Жаңа сабақты бастамас бұрын бүгінгі сабаққа қажетті  өткен сабақтардағы мағлұматтарды  еске түсірейік.                       

                             Ой-қозғау.(өтілген тақырыпты пысықтау)

І. Сұрақтарға жауап алу

1. Бейорганикалық  қосылыстар  қалай жіктеледі?

2. Оксидтер дегеніміз не?

3. Негіздер дегеніміз не?

4. Тұздар дегеніміз не?

5. Қышқылдар дегеніміз  не?

 ІІ. «Адасқан  формулаларды» табыңдар.

Оксидтер

CaO

 

HCL

CaCO3

Қышқылдар

BaO

Zn(OH)2

H3PO4

Негіздер

H2SO4

K2O

KNO3

Тұздар

NaOH

MgCL2

AL(OH)3

Жауабы:

Оксидтер:CaO,BaO,K2O

Қышқылдар:HCL,H3PO4,H2SO4

Негіздер:Zn(OH)2,NaOH,AL(OH)3

Тұздар:CaCO3,KNO3,MgCL2

Жаңа сабақ: қышқылдарды қандай белгісіне  байланысты жіктей аламыз?

1-тапсырма: Сіздердің алдарыңызда 2 қатарда формулалар тізілген,әр қатардан тек қышқылдарды теріп алайық.

HCL,NaCL, HNO3,SO2, K2 О, H2SO4

Ca3(PO4)2,AL2O3,Cu(OH)2,H3PO4,HF, H2S

Жауабы: HCL, HNO3, H2SO4, H3PO4,HF, H2S

14

Сұрақ: Қандай заңдылық байқадыңыз ? Қышқылдардың құрамы қандай болады екен?

Жауап: Тізіп жазып алынған кейбір қышқылдардың  құрамында оттегі болса, ал кейбіреуінде оттек элемент жоқ.

 

Осы белгісіне байланысты қышқылдарда 2 топқа жіктейміз:

 

Организационная диаграмма

 

 

 

 

 

 

 

 

Енді қатардан теріп алған қышқылдарды оттек атомына байланысты жіктелуіне мысал етіп жазамыз.

 

 

Организационная диаграмма

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қышқылдар сонымен қатар сутек атомының санына байланысты бір,екі,үш негізді  болып бөлінеді.

 

Қышқылдардың алынуын «кім зерек» ойынымен жүзеге асырамын. Ол үшін тақтаға реакция теңдеуін мәтінмен жазамын, ал оқушылар сол мәтін бойынша тиісті  реакция теңдеуін жазып шығады.

 

 

 

 

 

15

«Кім зерек» ойыны

1.Қышқылдық оксид +су→ қышқыл

  

2.Тұз+қышқыл→ жаңа тұз +жаңа қышқыл

 

3.Сутек газы + бейметалл → қышқыл

 

 Қышқылдардың химиялық қасиеттерін жақсы түсіну үшін химиялық тәжірибелер жасаймыз.

1-тәжірибе: Белсенді металл +қышқыл→ тұз+сутек газы

2- тәжірибе: Белсенді металл оксиді  +қышқыл → тұз+су

3-тәжірибе: негіз+қышқыл→ тұз+су

4-тәжірибе: Тұз+қышқыл→тұз+су+көмірқышқыл газы

Тәжірибелер нәтижесін оқушылар өздері шығарады.

 

 

Бекіту: Оқушылар 3 топқа бөлініп,жасырын сөз жасырылған карточкалар

              таңдайды.

                         

                          

                            І топ: «Сенім»

                          ІІ топ: «Делегат»

                          ІІІ топ: «Сайлау»

        «Сенім»  карточкасын алған  топтан топ жетекшісі сұрап оқушыларды өзі бағалайды, мұғалім сенеді, журналға бағасын қояды.

       «Делегат» карточкасын алған топ бір оқушыны өздері есеп шығаруға делегат ретінде жібереді.

       «Сайлау» карточкасын алған топтан мұғалім өзі бір оқушыны сайлап тапсырма береді.

 

 

Үйге тапсырма: §47

Баға алу үшін:

«3»-1,3 жаттығу

«4»- 4,6 жаттығу

«5»- 7,9 жаттығу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

16

 

 Сабақтың тақырыбы: «Оттегі .Оксидтер. Жану»

     Сабақтың мақсаты: білімділік: оксидтердің түрлері,аталуы,жану реакциялары туралы

                                                         біліктерін қалыптастыру

                                       дамытушылық: ойын элементтерін қолдана отырып ойлау

                                                                  дағдыларын, есте сақтау қабілеттерін арттыру

                                      тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа,рухани азаматтық

                                                        қабілеттерін қалыптастыруға,қоршаған ортаны сүюге

                                                        тәрбиелеу.

    Сабақтың типі: бекіту,қорытындылау сабағы

    Оқыту әдісі: ұжымдық

 

    Сабақтың жоспары:  1. «Жұбыңды тап»

                                        2. «Мені таңда»

                                        3. «Жұмбақ тізбек»

                                        4. «Миға шабуыл»

                                        5. «Жорға»

                                        6. «Ой-түйін»

  Сыныпты 4топқа бөлдім.

  І-кезең «Жұбыңды тап»

 Тапсырмалар:

 1-топқа:  Сынап, марганец (IV),мыс (ІІ),күкірт (VІ),хлор (VІІ),темір (ІІ),марганец (VІІ).

 2-топқа: Темір (ІІІ), көміртегі (ІІ), магний, мыс (І), кальций,мырыш, литий.

 3-топқа: Алюминий, азот (ІІІ), көміртегі (ІV), фосфор (V),күміс, калий, натрий.

 4-топқа: Бор, барий, күкірт (ІV), хром (ІІ), хром (VІ), марганец, (ІІ) оксидтерінің формуласын құрастыру.

 

 ІІ-кезең «Мені таңда»

 Тапсырмалар:

 1-топқа:

   P2O5 ,,NаОН ,SO3 , CrO , MgSO4 , MgO, H2 SO4, HCl , CrO3

 2-топқа:

  KCl, Н2СО3, CаO, Si2  О, Са(OH)2  , СО2 ,  Fe (OH)3 , BaO,  Cl 2 O7

 3-топқа:

    KOН, BaSO4,  CO, HCl , Al2О3Na2 O, Н3PО4,  FeO,  Na2CO3 , CO, Fe2O3

  4-топқа:

    NаОН, K2O, Na 2 SO4 , BaO, HCl, MgO, K2 SO4 , HgO, P2O5 , HNO3

    Бұл кезеңде оқушылар оксидтердің формуласын теріп жазып, аттарын атау керек.

 

 

 

 

 

17

 ІІІ-кезең «Жұмбақ тізбек»

 Тапсырмалар:

 1-топқа:                                                             3-топқа:

  P→ P2O5 ,  S→SO2                                                                   Al→Al2О3   ,  Cа→CaO                            

  2- топқа:                                                                                                      4-топқа:

    K→K2O ,  C→CO2                                                                Mg→MgO  ,    Na→Na2O

  Бұл кезеңде реакция теңдеуін жазу керек.

 

 IV-кезең «Миға шабуыл»

  Тапсырмалар:

 1-топқа:     K2O, MgO                                            3-топқа:          CO, P2O5

  2-топқа:        FeO, SO3                                                          4-топқа:           CO2, Na2O

  Осы оксидтердің құрамындағы оттегінің массалық үлесін табу керек.

   

  

  V-кезең «Жорға»

  1-топқа:

 1.Оттегінің физикалық қасиеті қандай?

 2.Өнеркәсіпте оттегіні қайдан алады?

 3.Оксидтер деген не?

 4.Медицинада оттегін не үшін пайдаланады?

 

  2-топқа:

 1.Сұйық оттекті сақтауға арналған ыдыс?

 2.Атмосферада оттек бос күйінде қанша % болады?

 3.Оттегін ашқан ғалым?

 4.Өршіткі деген не?

 

  3-топқа:

 1.Табиғатта оттегі неше % болады?

 2.Лабораторияда оттегін қайдан алады?

 3.Оттегінің агрегаттық күйі қандай?

 4.Жану реакциясы деген не?

 

 

4-топқа:

 1.Сұйық оттегі қайда қолданылады?

 2.Өсімдіктер әлемі жыд сайын атмосфераға қанша оттек бөледі?

 3.Оттек молекуласы неше атомнан тұрады?

 4.Қанша градуста оттегі қатады?

 

 

 

 

 

 

18

VI-кезең «Ой-түйін»

 Бұл кезеңде ортаға тапсырмалар тасталады, әр топтың жетекшісі осы тұрғыда пікірлерін қорғайды.

1.     «Орман-планета өкпесі» деп не себепті аталған?

2.     Жер бетінде орман азайса не болады?

3.     Оттектің адам өміріндегі маңызы қандай?

4.     Өсімдік. Жануар. Оттегі. Қоршаған орта ұғымдарын байланыстыр.

 

 Бағалау: Әр топтың бағалары есептеліп, көп ұпай жинаған топ мадақталады.

 

 

Сабақтың тақырыбы: Металдардың адам өміріндегі маңызы.

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Оқушылардың металдардың периодтық жүйедегі орнына кіші және үлкен период металдарының атом құрылысына тән ерекшеліктеріне көңілін бөле отырып, жаңа тақырыпты игерту, кейбір кеңінен қолданылатын металдар туралы түсінік беру; оқушыларды еліміздің қазба байлықтарымен Қазақстан металлургиясы және оның дамуына ғалым Қаныш Сатпаевтың қосқан үлесімен таныстыру.

 

 

Дамытушылық:

Өзіндік жұмыс істеуге баулу, оқушылардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту, алған теориялық білімдерін іс- жүзінде қолдана білуге үйрету; Қазақстанның металлургиясы туралы мәлімет беру; жаңа технология әдістері арқылы оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру.

Тәрбиелілік:

Оқушыларға экологиялық және кәсіптік бағдар беру.

 

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты игерту.

 

Сабақтың әдісі: М.М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы», INSERT, тест, өзін - өзі бағалау әдісі, полиглот, жарнамалау әдісі.

 

Пәнаралақ байланыс: география, тарих, биология, экономика.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

19

 

Сабақ көрнекілігі: Мақал-мәтелдер жазылған буклет: «Темір - тоттанып тозар», «Қуатты қол - құрыш», «Орын тапқан шеге оңды», «Аз сөз алтын, көп сөз көмір», «Ағаш кессең ұзын кес, қысқартуын оңай, темір кессең қысқа кес, ұзартуың оңай»; электрондық оқулық «Химия» 9-сынып.

Сабақтың девизі: «Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат, бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес» Қ.Сәтпаев.

 

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Сыныпты төрт топқа бөліп отырғызу. «Өзіңді бағалау» тренингі бойынша топ басшыларын сайлау. Банктер мен конверттерді, түрлі-түсті қағаздарды тарату.

Металдардың шығу тарихына шолу. (Химия 9-сынып оқулығынан 108-беттегі 7-кесте)

Металдың пайдаланыла

бастаған дәуірі

Алғаш табылған Ме

Біздің заманымызға дейінгі

Алтын, күміс, мыс, темір, сынап, қалайы, қорғасын.

ХҮІІІ ғасырға дейін

Мырыш, сурьма, висмут

ХҮІІІ ғасырда

Платина

ХІХ ғасырда

Натрий, магний, алюминий, хром, марганец, никель, кобальт, иридий.

ХХ ғасырдың бірінші жартысында

Жер қыртысында кездесетін қалған Ме

ХХ ғасырдың екінші жартысынан осы кезге дейін

Жер қыртысында кездеспейтін жасанды жолмен а

лынған металдар актиноидтар, лантаноидтар

 

Кестеден біздің заманымызға дейін алтын, күміс, мыс, темір, сынап, қалайы, қорғасын пайда болғанын көріп отырсыздар. Оған дәлел Ү-ҮІІ ғасырларда өмір сүрген алтын киімді адам 1969 жылы Есік қорғанынан табылғанын жақсы білесіздер. Бұл жерде 4000-дай алтын детальдар табылған. Тағы да адамзат тарихында тұтас бір дәуірлер мыс, қола, темір дәуірлері деп аталуы оларды адамның игеру кезеңімен байланысты.

Қазбадан табылған қару жарақтар, әшекей бұйымдардың, еңбек құралдарының металдардан жасалғаны анық.

 

 

 

 

 

 

 

 

20

Металдардың аталуы:

Алтын – таңғы арай.

Мыс – Кипр аралы мысқа бай.

Күміс – ақ, жарық.

Темір – латын тілінен аударғанда «қамал».

Сынап – сүйық күміс.

Вольфрам – қасқыр көбік.

Платина – күміске ұқсас.

Берилий -  тәтті (конструкциялық берилий ғарыш ісінде өте маңызды орын алады. Шойын, болат, темірге қарағанда жеңіл, әрі мықты, арзан. Қазақстанда Алматыда өндіріледі)

 

Металдарды элемент ретінде қарастырсақ периодтық жүйеде:

1.     Сол жақ төменгі бөлігінде орналасқан.

2.     Тотығу дәрежесі оң.

3.     Күшті тотықсыздандырғыштар.

4.     Атом радиустары бейметалдарға қарағанда ұзындау.

5.     Негізгі топшаларға орналасқан Ме сыртқы энергиялық деңгейіндегі электрон саны топ нөміріне тең.

6.     Периодтық жүйенің 80 пайызын алады.

7.     Қосымша топшада орналасқан металдардың сыртқы энергиялық деңгейіндегі электрон саны топ нөміріне сәйкес келмейді. Олардың электрон саны 2-ден аспайды. Қалғаны астындағы қабатта орналасады. Соларды беріп жіберу арқылы +4, +7 дейін тотығу дәрежесін, бейметалдық қасиетін көрсетеді. Бұлар d-элементтер.

8.     ЭТ бейметалдарға қарағанда аз.

9.     Сілтілік металдар: Li, Na, K, Rb, Cs, Fr .

10. Металдардың кристаллдық торындағы оң иондар мен бос электрондар арасындағы байланыс металдық байланыс деп аталады. Металдық байланыс оған созылғыш, тапталғыш қасиет береді. Металдардың кристалл торында электр өткізгіштігі әр түрлі болады. (Cu, Ag, Al жақсы өткізеді, Hg- нашар өткізеді).

 

Өзінді тексер.

Тест

 

1.     Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі металдардың пайыздық мөлшері.

          А) 90%                  Ә) 80%                   Б) 50%

2. Сілтілік  Ме

А) Li. Na. K.Rb. Cs. Fr.   Ә) Li. Na.Ca. Mb. Al.     Б) Na. K. Fr.Au. Al.

3. Жеңіл балқитын  Ме

А) Күміс, алюминий, мыс     Ә) Сынап, цезий, галлий 

Б) Мыс, қорғасын, алтын.

4. Электр шамының қылын жасайтын, ең қиын балқитын  Ме

А) Ti                              Ә)V                      Б) W

21

5. Негізгі топшаның Ме

А)  s.d  элементтер           Ә)  p.d элементтер       Б)   s.p элементтер.

6.Қосымша топшаның элементтері.

А) s.p                              Ә) d                       Б) p.d 

7. Электр тогын ең күшті өткізетін Ме

А) Күміс, мыс, алюминий        Ә) Мыс, титан, алюминий

Б) Күміс, алтын, хром

8. Тез магниттелуге және магниттік қасиетін жоюға бейім Ме

А) Марганец                        Ә) Мыс            Б) Темір

 

 

9. 4 Al + 302   2 Al2 O3 реакциясы бойынша 1 моль Al жанғанда неше моль Al2 O3 түзіледі?

А) 0,5 моль                      Ә) 2 моль          Б) 1 моль

10. Қай элементке сәйкес келетін электрондық формула.

1s2 / 2 s2 2 p6 / 3 s2 3 p6/ 4 s 2

А) Fr                                Ә) Ca                  Б) K

     Дұрыс жауабы тақтада беріледі.

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Ә

А

Ә

Б

Б

Б

А

Б

А

Ә

Шкала:

     «5»  - 8-10;  «4»  - 4-7;  «3» - 1-3.

 

Көк «5», жасыл «4», қызыл «3», сары «толықтыру» +1

бағалау парағына әр оқушы тиісті бағасын қояды.

 

Инсерт.      

Мыс, марганец – 1-топ; хром, күміс – 2-топ; темір, сынап – 3-топ; алтын, титан – 4-топ.

 

Анограммадан сөз құрастырып, қазақша, орысша, латын, халықаралық атауын беру, формуласын жазу.

Полиглот.

1)    МСЫ – мыс, Cu, купрум, медь.

2)    НЫТЛА – алтын, Au, аурум, золото.

3)    МІРТЕ – темір, Fe, феррум, железо.

4)    ЛЮАИЙМИН – алюминий, Al, алюминиум.

 

Жарнамалау.

Әр топтан екі оқушыдан шығып,  металдарды жарнамалайды.

 

 

 

22

 

Қорытынды.

 Сатпаев Қаныш Имантайұлы (1899-1964) аса көрнекті ғалым, әрі қоғам қайраткері, Қазақстан металлургиясының дамуына баға жетпес үлес қосқан ғалым. Ол үлкен Жезқазған, Ұлытау мыс-минералды шикізат қорларын тұңғыш жан-жақты зерттеді. Ғалымның құрметіне Қаратаудағы Ванадий кенінен табылған бір минерал Сатбаевит деп аталады.

Металдар – ғылым мен техниканың қазіргідей дәрежеге жетунің бірден-бір кепілі.

 

Бағалау.

Әр оқушы жетонын есептеп орташа балл шығарады. Топтар жиналған жетондарды есептейді.

Үйге тапсырма.

§26 ,  №12, №13, №26, №27  электрондық формуласын жазу. 1-7 тапсырма.

«Адам ағзасында қандай металдар бар, олардың маңызы қандай?» тақырыбы бойынша хабарлама дайындау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

23

 

Мазмұны

 

 

 

 

            1. Кіріспе........................................................ 2

 

 

2. Сабақ үлгілері............................................3-18

 

 

           3. 8-химия........................................................ 3-8

 

 

           4. 9-химия..........................................................8-11

 

 

           5. 8-химия..........................................................11-15

 

 

           6. 9-химия............................................................16-18

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

1. Химия пәніне арналған оқулықтар.

 

 

2. Химия мектепте. 2012 ж

 

 

3. Жаңа педагогикалық технологиялар.

 

 

4. Орта мектепте химия оқыту әдістемесі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Разработка открытого урока: "Химиялық реакция теңдеулері""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Флорист

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 120 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.05.2016 1156
    • DOCX 194 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Көлбай Зоя Көлбайқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Көлбай Зоя Көлбайқызы
    Көлбай Зоя Көлбайқызы
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3681
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Химия")

Учитель химии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по химии в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 352 человека

Курс повышения квалификации

Методика реализации образовательного процесса и мониторинг эффективности обучения по дисциплине «Химия» в соответствии с требованиями ФГОС СПО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 89 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 574 человека

Мини-курс

Интегрированное управление бизнес-процессами

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовый риск-менеджмент

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Взаимоотношения в семье и успех детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек