Инфоурок Классному руководителю КонспектыРазработка по казахскому языку на тему: "70 лет- Великой Отечественной Победе"

Разработка по казахскому языку на тему: "70 лет- Великой Отечественной Победе"

Скачать материал

Бекітемін:                

                                                                             Мектеп директоры                                                                                «____» _______________

Султанова Ж.Ж.

 

 

 

Тәрбие сағаты

 

 

 

Дайындаған: Шакенова Ж.С.

 

 

Киров орта мектебі

2014-2015 оқу жылы

 

Тақырыбы: «Бақыт гүлін терген күн!» атты Ұлы Жеңістің

70 жылдығына арналған тәрбие сағаты.

 Мақсаты: Оқушыларды Отан сүйіспеншілікке, патриотизмге тәрбиелеу, Отанды қорғауға, батыл да батыр ержүрек болуға үйрету, елін, жерін жаудан қорғай білуге тәрбиелеу.

 (Құрманғазы күйі ойнап тұрады.)

    2015-жыл табалдырықтан аттап, қой жылы жайғаса бастады. Бұл жылдың қазақ елі үшін ерекшелігі мол. Ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтпекпіз.

      Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» жолдауында:

 «Жеңістің 70 жылдығы жақындап келеді, біз қазірден бастап оған тыңғылықты дайындалуымыз керек. Қазақстандық Кеңес Одағы батырларының баршасын еске алып, оларға құрмет көрсетуіміз шарт», - деп айтқандай,  Отан үшін, ел үшін жанын қиған ерлерімізді еске алып, бір минуттік үнсіздік жариалаймын.

Мұғалім:
Ұлы кешке сенген күн,
Фашистерді женген күн.
Ағаларға ерген күн,
Бақыт гүлін терген күн — деп ақын атамыз Қадыр Мырза Али жырлағандай «Бақыт гүлін терген күн!» атты Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Көрініс: 10 сынып оқушылары 

(21-маусым. Мектеп бітіру кеші.)

Радио: (Левитан дауысы) Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва. Бүгін, таңертеңгі сағат 4-те Неміс фашисттері Германия мен Совет Одағының арасындағы шабуыл жасамау туралы шартты опасыздықты бұзып, біздің еліміздің терреториясына басып кірді.

 

Ән «Священная война 1941-1945 гг»

 

І жүрг.:     Бұлт торлады аспанды,
                  Қара жер қанға ластанды.
                 Зеңбірек атып жан-жақтан,
                 Осылай соғыс басталды.

Монтаж:                                              1 — оқушы:

                Отан ана жылағанда шер сеніп,
                               Тапжылмастан төгеді екен жерге бұлт.           
                       Қара бұлтты қақ жарайық, деді де,
                  Қолдарына қару алды ерленіп.

2 — оқушы:

Таң алдында сағат төртті  соққанда,

Жынды неміс сылтау тапты жоқтан да

Тұтқиылдан тыныш жатқан самарқау,

Шекараға келіп салды ойранды.

3 — оқушы:

Соғыс жалмап аға-іні бауырды,

Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.

Жалғызынан айырыпты ананы

Әкесінен айырыпты баланы.

4 — оқушы:

Жүргенімде қуанышпен қамданып,

Керек-жарақ заттарымды қолға алып.

Жиырма екінші маусымында қырық бірдің

Батыстан дауыл соқты долданып.

5 — оқушы:

 

Бұлт түнеріп аспаннан

Талмай көзден жас тамған

Тұтқиылдан жау тиіп

Қырғын соғыс басталған.

6-оқушы

Соғыс деген — аққан соры ақсүйектің, құлдың да,
Соғыс деген — төккен ары ұлдың және қыздың да.
  Соғыс деген — Сотқарлардың қолындағы найзасы,
     Соғыс деген — соғыс деген — зұлымдықтың айнасы.

 

1 жүрг.: 1941 жылдың 16 қарашасында немістер Москваға Волокалам бағытында ұрысқа шықты. 1075ші — атқыштар полкінің 4ші — ротасының 2 — взводы тұрған бекініс жаудың 30 — танкісі шабуыл жасады. Взвод жауынгерлері барлығы 28 адам төрт сағатқа созылған ұрыста жаудың 14 танкісін қиратты. Соғыс тарихында асқан ерлікті бейнелейтін бұл ұрыста 28 панфиловшының 23-і қаза тапты. 28-дің 22-сі қазақстандықтар еді.

 

2 жүрг.: Соғыс жылдары қазақстандық бес әскери құрамға гвардиялық деген құрметті атақ беріліп, олардың туларына әлденеше ордендер қадалды. Олардың жауынгерлерінің ерлігі аңызға айналды. Соның ішінде атақты панфиловшылар дивизиясы бар. Оның құрамынан шыққан батальон, кейіннен дивизия командирі болған Бауыржан Момышұлының, Мәлік Ғабдулиннің есімдері соғыс тарихынан мәңгілік орын алады.

Көрініс: «Отан үшін отқа түс».

(шағын бөлмеде қабырғадағы картаға мұқият қарап, генерал тұрады).

Генерал: Қап! Мына фашист иттің тікендей қадалып тұрғанын қарашы! Соқыр ішектей созылып тұрғанын лағынеттің. (осы кезде Бауыржан кіреді)

Бауыржан: Бұйрығыңыз бойынша келіп тұрмын жолдас генерал!

Генерал: Ах, соғыс, соғыс! Майдан, қырғын арпалыс, қылшылдаған аяз, қасарысқан дұшпан. Осының барлығына шыдау керек.

Бауыржан: Тізе бүгіп тірі жүргеннен, тік тұрып өлген артық емес пе?! Шыдаймыз, жеңеміз жауды!

Генерал: Капитан Момышұлы, сізге батальоныңызбен бірге Москва түбін жаудан азат етуді бұйырамын.

Бауыржан: Құп болады жолдас генерал.

(бейнеролик Б. Момышұлының өз дауысы)

І жүрг.:  Қызыл армия Москва түбінде Гитлерлік басқыншыларды алғаш рет жеңді. Бұл шайқаста Бауыржан Момышұлы басқарған батальон ерліктің тамаша үлгісін көрсетіп, жауды ойсырата жеңді. Фашистердің Москва түбінде жеңілуі Ұлы Отан Соғысындағы түбегеилі бетбұрыс болды.

IІ жүрг.:  Соғыс кезінде оқ атылмады демесе, ауылдағы тіршіліктің қиындығы майдандағыдан кем болған жоқ. Аналар мен балалар, ақсақалды аталар бәріне төзді. Таңның атысынан күннің батысына дейін ферманың жұмысымен әскерлерге арнап шұлық тоқыды.

І жүргізуші:
Отанға жаулар қаптады,
Опасыз жаулар таптады.
Қасиетті жер үшін
Қастерлеп батыр ел үшін.
Әлия, Мәншүк, Хиуаз,
Жаулардың көзін жойды олар.

7-ші сынып қыздарының  орындауында «Әлия» әні

Бейнеролик (Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында)

ІІ жүрг.:  Иә, соғыс өзінің сұмдықтарын бүгінгі күнге дейін ұмыттырар емес. Ұлы Отан Соғысының жеңіспен аяқталғанына міне 70 жыл болды. Бірақ, сол жылдар жаңғырығы адамзат жүрегін әлі сыздатуда. Иә, уақыттың тарихы атты өз төрешісі бар.

І жүрг.: 1945 жылы  Жеңіс туы тігілді. Ту тіккен — Рақымжан Қошқарбаев. 5 жылға жуық созылған қан төгіс аяқталды. 9 мамыр — Жеңіс күні. Бірақ бұл жеңіс оңайлықпен келмеді. КСРО-ның 1710 қаласы күл талқан болды. 70 мыңнан астам село мен деревняны өртеп жіберді. Қаншама ана баласыз, қаншама бала әкесіз қалды. Соғыс даласынан 27 миллионнан астам адам қайтқан жоқ, ал соның ішінде 350 мыңы қазақстандықтар болатын.

Жүргізуші:
Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Осы тілекпен барша халайық түрегел!

Ж. Нәжімеденовтың «Бейбіт күн тілегі» әні қорымен орындалады:

Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген,
Оқ даусы мәңгілік жойылсын.
Бомбаның орынын тегістеген,
Күректер музейге қойылсын.

Қайырмасы:

Кел, достарым, ән бастадым.
Көтеріп
, жаңғырып!
Данасын дала, баласын ана,
Жоқтамасын мәңгілік!

Көктесін жас ағаш одан әрі,
Өткен күн қайтадан жанбайды.
Сұлудың кестелі орамалы,
Сүртсін, тек тершіген маңдайды.

Қайырмасы:

Қайғыны білмесін ана жаны,
Қазіргі адамда арман сол.
Әлемнің бар сәби балалары,
Оянсын ұйқысы қанған соң.

Қайырмасы.

(Левитан дауысы)        Көрініс: «Жеңіс»

IІ жүрг.:  Иә, аспанымызда Жеңіс туы желбірегеніне — 70 жыл. Соғыс өрті өшіп, қайғы мұңнан арылып, бейбітшілік орнап, бақыт гүлін тергенге — 70 жыл.

70 жыл — бейбіт көктем таң атқалы,
70 жыл — шуақты күн таратты әнін.
Талай құс содан бері қайта оралды,
Талай бақ әлеміне қайта оранды.
Соғыста өлгендер тек оралмайды,
Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.
70 жыл — жауыздықтың ажал оғы,
Біздің елдің үстінен ұшпағалы.

9шы-сынып оқушысы Табысбек Ермұратың Ұлы Жеңістің

70-жылдығына арнап жазған өз өлеңі бар екен, соны қабыл алыңыздар.

 

 

Міне, ата-бабаларымыздың арқасында бүгінгі күні өз тәуелсіздігімізді алып, егеменді ел болып, әлемге танылып отырмыз. Өз әнұранымыз, өз елтаңбамыз, әрқашан биіктен көрінер туымыз бар.

Жеңісіміз ұзағынан болсын деп, бүгінгі мерекелік тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Аналарымыздың зарлаған, сәбилеріміздің жылаған дауысы естілмесін!

Азаматтарымыз аман болсын!

Назарларыңызға рахмет!

Сау болыңыздар.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Разработка по казахскому языку на тему: "70 лет- Великой Отечественной Победе""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Агроном

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 023 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.12.2015 644
    • DOCX 98.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шакенова Жадыра Сериковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шакенова Жадыра Сериковна
    Шакенова Жадыра Сериковна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 27038
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 46 регионов

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 747 человек из 75 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 999 человек

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 92 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 251 человек

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 171 человек

Мини-курс

Особенности психологической помощи детям

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 590 человек из 76 регионов
  • Этот курс уже прошли 229 человек

Мини-курс

Развитие предметно-практических действий, игровых навыков и математических представлений у детей раннего возраста

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Сенсорная интеграция: типовые и инновационные методы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 76 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 45 человек