Инфоурок Логопедия, Дефектология СтатьиСөйлеу тілі бұзылған мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін артикуляциялық және ұсақ моторика арқылы дамыту

Сөйлеу тілі бұзылған мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін артикуляциялық және ұсақ моторика арқылы дамыту

Скачать материал

 

ШҚО ЖҚ және ӘБҮБ «Өскемен  балаларға        арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ

 

 

 

 

 

Баяндама

 

Тақырыптың аты:  Сөйлеу қабілеті бұзылған мектеп жасына дейінгі  балалардың сөйлеу тілін ұсақ және артикуляциялық моториканы дамыту арқылы түзету

 

Орындаған : Қажибекова А.М.

Тексерген: Сысоева Е.В.

Тапсырылған күні: 06.11.2020

 

 

 

 

 

 

Өскемен қаласы

2021 жыл

 

 

Жоспар:

1.  Кіріспе бөлім

·      Сөйлеу тілінің дамуының теориялық негіздері.

2.  Негізгі бөлім

·       Сөйлеу тілі бұзылған балалардың дамытудағы тиімді жолдары.

·      Сөйлеу тілі бұзылған балалардың сөйлеу тілін ұсақ және артикуляциялық моторика арқылы дамыту.

3.  Қорытынды бөлім

 


·       

1.Сөйлеу тілінің дамуының теориялық негіздері

Сөйлеу – баланың психикалық дамуының ең негізгі бөлігі, ол бала өмірінің алғашқы жылдарында қалыптаса бастайды. Сөйлеу арқылы бала қоршаған ортамен байланыс жасап, танымдық белсенділігі пен ойлау жүйесінің дамуы үшін қажетті ақпарат алады. Сөйлеудің коммуникативтік функциялары ойлау дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді, ал бұл өз кезегінде баланың бейімді тәртібін, эмоциялық-ерік-жігер қасиеттерін және адами тұлғасын құруға өз үлесін қосады. Сөйлеудің танымдық қызметі сөйлеудің коммуникативтік қызметімен тығыз байланысты. Сөйлеудің реттеуші қызметі 4-5 жасқа қарай қалыптасады, ол кезде баланың саналы сөйлеу қабілеті дами түседі. Бұл қызметтің дамуы баланың іштей сөйлеу, тәртібі мен интеллектуалды қызметін реттей және басқара алу қабілетінің дамуымен тығыз байланысты.

Сөйлеу дағдыларының қалыпты  даму тәртібі:

Балалардың сөйлеу қабілетіндегі бұзушылықтарды уақытында анықтау үшін балалардың сөйлеу дағдыларының қалыпты даму заңдылықтарын білу қажет. Балалар алғашқы сөздерін өмірінің 1-ші жылының соңында айта бастайды, алайда сөйлеу аппараты балаларда бұдан ертерек, өмірінің алғашқы айларынан бастап  жаттықтала бастайды, сондықтан бір жасқа дейінгі мерзім сөйлеу қабілетінің даму жолында дайындық кезеңі болып табылады. Сөйлеуге дейінгі реакциялардың біртіндеп дамуы мынандай болады: 1,5-3 айда үілдеу, гүілдеу; 4-6 айда «сыбызғы» (әртүрлі дыбыстар тізбегі); 6-7 айда былдырлау; 8-11 айда былдыр сөздерді айту  пайда болады.

Сөйлеу қабілетінің дамуы бұзылған кезде бұл бала тұлғасының жалпы қалыптасуына, оның интеллектуалдық дамуы мен тәртібіне ықпал етеді, оқуда және қоршаған ортамен тіл алысуда қиындықтар туғызады.

            Сөйлеу қабілетінің бұзылуы – орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) әртүрлі деңгейінің күрделі бұзылыстар кешені: ми қабығы, қабықтың асты, диэнцефалдық бөлігі, ми бағаны. Бұл бұзылыстардың құрылымы әртүрлі болады: атрофия және ишемия бөліктері, киста мен ісіктер, мидің белгілі бір жүйелері мен бөліктерінің биологиялық жетіспеушілігін тудыратын тамыр бұзылыстары. Мұндай бұзылыстар аясында мидың ғана емес, сонымен қатар сенсорлық жүйелердің дисфункциялары пайда болады.

Алалия – сөйлеу қабілетінің жүйелі дамымауы, бассүйек миының үлкен жарты шарлары қабықтарында сөйлеу орталықтары дамуының жеткіліксіз деңгейі, ол туа біткен немесе сөйлеуге дейінгі мерзім кезінде, онтогенездің ерте сатысында жүре пайда болуы мүмкін.

Бас миы қабығының сөйлеу бөліктерінің жергілікті бұзылыстары салдарынан сөйлеу қабілетін толық немесе жартылай жоғалту афазия деп аталады. Афазия – қалыптасып қойған сөйлеу қабілетінің жоғалуы, сондықтан мұндай диагноз 3-4 жастан кейін қойылады.

Дизартриялар – сөйлеу бұлшықеттері иннервациясының бұзылуы  салдарынан сөйлеудің дыбыс шығару қызметінің  бұзылуы. Орталық жүйке жүйесінде бұзылыстардың орналасуына қарай дизартриялар мынандай түрлерге бөлінеді: псевдобульбарлық, бульбарлық, қабық астында, мишықтық.

Сөйлеу қабілеті бұзылуының себептері әртүрлі болуы мүмкін, мысалы орталық жүйке жүйесінің перинаталдық зақымдаулары – ананың жүктілік және босану кезіндегі аурулары мен қиындықтары (ұрықтың гипоксиясы, құрсақ ішіндегі инфекциялар, шала туу, босану кезіндегі жарақаттар), артикуляциялық аппарат қызметінің ақаулары, есту қабілетінің зақымдануы, баланың жалпы психикалық дамуындағы артта қалушылық, тұқымқуалаушылық пен жағымсыз әлеуметтік факторлардың ықпалы. Дене дамуында ақаулары бар, ерте жасында ауыр ауруларға шалдыққан, әлсізденген, дұрыс тамақтанбайтын балалардың да сөйлеу қабілеті бұзылады. 

Жыл сайын Ана мен бала орталығында амбулаторлық түрде осындай диагнозбен 300-350 бала емделеді. Соңғы кезде сондай диагнозбен ауыратын балалар саны өсе түсуде.

Бұл бұзылыстарды ертерек анықтау үшін шағым мен анамнез жинаудан басқа нейровизуализация жасау қажет: бас миының фунционалдық жағдайын бағалауға көмектесетін электроэнцефалография жүргізу керек. Балалардың сөйлеу қабілетінің бұзылуын емдеу кезінде тәрбиелеу шарттарын өзгерту ғана емес, сонымен қатар дәрігерлердің үнемі кеңес беруі, сабақ жүргізуі қажет. Бұл бұзылыстарды түзету үшін ұзақ уақыт және көп күш жұмсау керек болады. Балалардың сөйлеу қабілетінің бұзылуын түзетудің негізгі бағыттары кешенді ықпал ету  болып табылады: балаға және оның отбасына логопедиялық, психологиялық-педагогикалық, психотерапевтикалық көмек көрсету, сонымен қатар медикаментоздық емдеу  (ноотроптық препараттар қатарын қайталап қабылдау курстары). Балалардың сөйлеу қабілетінің бұзылуын түзету әрбір балаға жеке құрылған жоспарлар бойынша жоспарланады және жүргізіледі. Айта кету қажет, баланың сөйлеу қабілетінің бұзылуы неғұрлым ерте анықталып, оны арнайы мамандар емдей бастаса, сол кезде жақсы нәтижелерге жылдам жетуге болады, өйткені, балалардың миы бала өмірінің алғашқы жылдары жақсы жетіледі.

 

2. Сөйлеу тілі бұзылған балалардың дамытудағы тиімді жолдары.

Тәуелсіз еліміздің ертеңгі ұрпағының рухани байлығы, мәдениеті ұрпағымыздың игерген біліміне, іскерлігіне, сөйлеу тілі мен сөйлеу мәдениетіне, ойлау қабілетіне байланысты. Осы орайда білім беруді әлемдік деңгейге жеткізу үшін сөйлеу тіліндегі түрлі дәрежедегі кемшіліктері бар балалардың мүмкіндіктерін есепке ала отырып, бала бойындағы кемшіліктерді түзету жұмыстары ұйымдастырылуы қажет. Баланың білім мазмұнын игерудің бастауы мектепке дейінгі мекемелер болып табылады. Бала осы кезеңде білімді игеруге қажетті іскерлік пен дағдыларды бойына сіңіре бастайды. Мектеп жасына дейінгі балалардың өзін қоршаған дүние көзқарастарын қалыптастыра отырып, болашақтағы алған білімінің жеткілікті дәрежеде қалыптасуының бірден-бір кепілі – сөйлеу тілінің, яғни сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін игеру.

Осыған орай, арнаулы балалар мекемесінің алдында тұрған ең маңызды мәселе жалпы тіл кемістігі бар балалардың ерекшелігін терең зерделей отырып, арнайы білім беруін тиімді ұйымдастыру негізінде қоршаған өмірмен қарым-қатынас жасауға бейім тұлғаны қалыптастыру міндеті қойылып отыр. Бұл міндетті жүзеге асыруда жалпы сөйлеу тілінде кемшілігі бар балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамытудың орны ерекше. Көрсетілген сөйлеу тіліндегі кемшілік кезіндегі түрлі психологиялық-педагогикалық ықпал ету жұмыстары біртұтас психологиялық әдістемелерге ортақ талдаулардың қорытындысын логопедке жалпы сөйлеу тілі бұзылған баланың сөйлеу тілінің дамуындағы объективті жағдайлардың қорытындысы мотивациялық қажеттілік сферасының қалыптасу деңгейі, қарым-қатынасқа түсу актісінің операциялық механизмдерінің даму деңгейі, сөйлеу кезіндегі тілдік сипаттағы құралдардың қолданылуы түрінде сипатталады.

Сөйлеу тілі бұзылған балалардың сөйлеу тілін дамыту әдістемесі – сөйлеу тілі бұзылған мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеуінің қалыптасуына бағытталған, педагогикалық заңдылықтарды оқып танитын, педагогикалық ғылым. Берілген әдістеменің негізгі мақсаты – өз тіліне оқытудың ғылыми негізделген жүйесін өңдеу. Жалпы сөйлеу тілін дамытудың әдістемесі жалпы сөйлеу тілі бұзылған балалардың тілін қалыптастыру және дамыту болып табылады. Жалпы сөйлеу тілін дамытудың әдістемесінің мазмұны – тілдің коммуникативтік қызметтерін қалыптастыру, сөздік қорын байыту, ана тілінің грамматикалық құрылымын қалыптастыру, сөйлеу тілінің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеу,   сауаттылыққа тәрбиелеу болып табылады. Жалпы сөйлеу тілі бұзылған балаларды сөйлеуге үйретудің тәсілі ретінде көркем әдебиетпен таныстыру жұмыстары да қолданылады.

Жалпы сөйлеу тілі бұзылған балалардың сөйлеу тілін дамыту мақсатындағы жұмыстарды жүргізуде мына міндеттерді атауға болады:

Сөйлеу әрекетінің онтогенезіне зерттеу жүргізу;

Сөйлеу тілінің түрлі бұзылымдары кезіндегі сөйлеудің дамуын зерттеу;

Сөйлеу тілінде кемшілігі бар балаларды ана тіліне оқытудың принциптеріне талдау жасау;

Жалпы сөйлеу тілі бұзылған балалардың сөйлеуін дамыту;

Мектепке дейінгі арнаулы балабақшалардағы сөйлеу тілін дамыту жұмыстарының мазмұнын және оның ұйымдастырылуын анықтау;

Көрсетілген міндеттердің мазмұны сөйлеуді дамыту жұмыстарында қолданылатын арнайы әдістеменің теориялық және практикалық бағыттарын анықтайды. Бұл міндеттерді шешуде сөйлеуді дамыту әдістемесін басқа ғылымдармен (тілді зерттеу; психология; лингвистика; психолингвистика; жалпы педагогика; мектепке дейінгі және арнайы педагогика; логопедия) байланысты анықтайды. Берілген міндеттерді шешуде ең басты міндет – сөйлеу тілін дамыту әдістемесі теориясының мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі мамандар тәжірибесімен ұштастырылуы.

 Мұндай жұмыстарды ұйымдастыруда баланың жалпы танымдық қабілетінің деңгейлері (қабылдау, есте сақтау, зейін, ойлау) ескеріледі. Жалпы сөйлеу тілі бұзылған балаларды арнайы оқыту мен тәрбиелеу процесінде жалпы дидактикалық түзету жұмыстары қарастырылады. Логопедиялық жұмыстарды ұйымдастырудың негіздері педагогика ғылымындағы (жалпы педагогика, мектепке дейінгі педагогика, арнаулы педагогика) оқытудың дидактикалық принциптер, әдістер мен тәсілдер болып табылады. Жалпы сөйлеу тілі бұзылған балалармен логопедиялық жұмыстарды ұйымдастыруда баланың сөздік қорының көбеюі, сөздің грамматикалық құрылымының деңгейі, әлеуметтік ортаға бейімделуі қамтамасыз етіледі

 


 

3.                 Сөйлеу тілі бұзылған балалардың сөйлеу тілін ұсақ және артикуляциялық моторика арқылы дамыту.

Балалардың негізгі тіл  дамытуының бірі -  ұсақ моторика арқылы даму болып табылады.

Мектепке дейінгі жастағы балаға тәрбие мен білім беруде, бала тілінің дамуы, өзіне –өзі қызмет көрсету және жазуға дайындық дағдысын қалыптастыруда ұсақ қол моторикасын дамыту және үйлестіру жұмыстарын жүргізудің маңызы өте зор.Өмірінің бастапқы кезеңінде баланың ұсақ қол моторикасы қалай дамып жатқандығын, жеке интеллектуалды қабілетін байқауға болады. Қасықты, қарындашты ұстай алмайтын, түймесін түймелей алмайтын және бәтеңке бауын байлай алмайтын балалардың қолының кіші моторикасы нашар дамыған болып есептеледі. Олар шашылған конструкторларды жинау, пазламен жұмыс жасау, есептегіш таяқша және мозаикамен ойнау өте қиын. Олар басқа балалармен ойнаудан бас тартады, осы қызметтегі жұмыс жасағанда үлгермейді. Мұндай балалар элементарлы қызметтің өзінде өздерін нашар сезінеді және бұл жағдай баланың эмоциясын мен өзін – өзі бағалауға кері әсерін тигізеді.Бала өз саусақтарын қаншалықты басқара алса, оның одан әрі дамуы да соған тікелей байланысты. Ұсақ қол моторикамен қоса балалардың есте сақтау қабілеті мен назары, сондай –ақ, сөздік қоры да дами түседі.

Осыларды ескере отырып, өз жұмысымның мақсатын анықтадым: мектеп жасына дейінгі балаларды түрлі қызметтер арқылы ұсақ қол моториканы дамыту және қол қызметін үйлестіру .

Өз жұмысыма төмендегідей міндеттер қойдым:

- қол және көз, қолдың ептілігі, ритмикасы қозғылысын үйлестіру және нақтылығын жақсарту;

- саусақтар мен қол буынының ұсақ қол моторикасын жақсарту;

- жалпы қозғалыстық белсенділікті арттыру;

- сөйлеу функциясын тұрақты етуге көмектесу;

- қиялын, логикалық ойлауын, еркін назарын, көру және есту қабылдауларын, шығармашылық белсенділіктерін дамыту;

- өз құрбылары және үлкендермен қарым – қатынаста эмоционалды – қолайлы жағдай жасау;

Көздеген нәтижеге қол жеткізу үшін келесідей жұмыс түрлерін тұрақты түрде пайдаландым:

- педагогтың балалармен бірлескен қызметі;

- балалармен жекелей жұмыстар;

- балалардың өздерінің еркін өзіндік қызметтері.

Ұсақ қол моторикасы дамыту және қозғалысын үйлестіру мақсатында түрлі қабылдаулар мен әдіс – тәсілдер қолдандым:

• саусақтық ойын тренингісі

• қол мойнына массаж

• саусақ гимнастикасы, сергіту сәттері

• саусақ ойынды тақпақтар мен жаңылтпаштар

• саусақтық театр

• ермексаз және тұздалған ұннан, табиғи материалдардан жапсыру жұмыстарын мүсіндеу (тұқым, жарма, ұлу қабыршықтары және т.б.)

• сызудың дәстүрлі емес техникасы: қылқалам, саусақ, тіс щеткасы және май шам және т.б..

• құрылыс жасау: қағаздан, ЛЕГО конструкторымен

• бастырмалардың түлері

• графикалық моториканы дамыту

• трафаретпен сурет салу

• түр сызықпен түрлеу

• суретті аяқтау (симметрия принципі бойынша)

• лабиринттер

• дидактикалық ойындар

• М. Монтессори әдісі

• Кіші заттармен ойнау

• пазл, мозаика қолдану .

Ұсақ қол моторикасы термині саусақтар қозғалысы және қолдың буындарын үйлестіру дегенді білдіреді. Кішкентай ғана сәбидің қалайтыны қозғалу, қозғалыс- әлемді танудың мүмкіндігі. Яғни, бала қозғалысы дәл және нақты болса, оның әлемді ақылмен тануы да терең бола түспек. Қолдан ұсақ-түйек заттарды жасау балалардың ең жақсы көретін шығармашылық жұмыстары. Мұндай жұмыс балалардың қиялдарын, ойлары мен бармақтарының ұсақ моторикасын дамытады. Ұсақ қол моториканы дамыту әдістемесі мұндай жағдайда өте тиімді.
         Артикуляциялық жаттығулар. Тіл дыбыстарын жасауда дыбыстау мүшелерінің қызметін артикуляция деп атайды. Біздің міндетімізге дикция ақауларын түзету емес, дыбыстардың анық, дұрыс айтылуын қадағалау жатады. Демек, артикуляциялық жаттығуларды қолдану баланың дыбыстау (сөйлеу) мүшелерінің қызметі арқылы дыбыс шығару дағдысын қалыптастыруға ықпал етеді.
         Бұл жаттығуларды орындағанда әр бала өзінің сөйлеу мүшесінің жұмысын бақылай алуы үшін міндетті түрде айнаны қолданады. Гигиеналық талаптарға сай, кезекті жаттығуларды орындаған соң қолданатын, балаларда қол орамал болуы тиіс.
         Артикуляциялық жаттығуларды өткізуге арналған нұсқау:
1. Педагог жұмысты төмендегідей ұйымдастырады:
- ойын тәсілдерін қолдана отырып, алдағы орындалатын жаттығу туралы әңгімелейді;
- оның орындалуын көрсетеді;
- жаттығуды барлық балалар орындайды;
- педагог жаттығудың дұрыс орындалуын тексереді (жаттығуды отырып орындайды).
Балаға жаттығуды дұрыс орындамағанын айтудың қажеті жоқ, оған қалай дұрыс жасау керектігін көрсетіп, жетістігін айтып, көтермелеу қажет.
2. Күн сайын 2 - 3 жаттығуды 3 - 5 минуттан өткізу қажет.
3. Жеңілден күрделіге қарай жүргізіледі.
4.Ойын түрінде ұйымдастырылады.
Ең алдымен тіл бұлшықеттеріне, кейін ерінге арналған жаттығулар жүргізіледі. Артикуляциялық жаттығулардың басым бөлігі тіл бұлшықетін созуға есептелген, өйткені баланың дикциясының анықтығы тіл ұзындығымен байланысты..

Қорытынды:

Бұл ойындар арқылы балалардың тілдік сөйлеу байланысы жақсарды, театрландыру элементтерін пайдалану балалардың танымдық және сөйлеу іс-әрекеттеріне деген қызығушылығын арттырды. Сонымен қатар өз тәжірибемде саусақ ойындарын ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінде, сергіту жаттығуында, ертеңгілік жаттығуларда үнемі пайдаланып отырдым. Нәтижесінде балалардың тілі, қимыл – қозғалысы мен икемділігі айтарлықтай дамыды. Аталған жаттығулар сөздің дыбыстық құрамын анықтауға және анық айтуға көмектеседі, ұйқас пен ырғақ сезімін дамытады, анық дикцияны қалыптастырады, сөздің, сөйлемнің түрлі интонациялық сипаттамасын беру ептілігін жетілдіреді. Осы күрделі тілдік дағдыларды қалыптастыру үшін фонетикалық жаттығуларды жүйелі өткізу қажет.
Фонетика тіл дыбыстарының жасалу заңдылығын, ерекшелігін зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Қазақ тілі фонетикасына тән тіл дыбыстарын дұрыс айтуға үйрету мақсатында алуантүрлі жаттығуларды қолдануға болады. Бұл жаттығуларды фонетикалық жаттығулар деп атаймыз.
Фонетикалық жаттығуды орындау барысындағы басты міндетіміз баланың нақты дыбыстарды дыбыстауы барысында дұрыс тыныс алуын және артикуляциясын қадағалау болып табылады

 

 

 

 

 


 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сөйлеу тілі бұзылған мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін артикуляциялық және ұсақ моторика арқылы дамыту"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Управляющий рестораном

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

сөйлеу тілі бұзылған мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін әртүрлі ойындар арқылы балалардың тілдік сөйлеу байланысы жақсартуға болады, театрландыру элементтерін пайдалану балалардың танымдық және сөйлеу іс-әрекеттеріне деген қызығушылығын арттырды. Сонымен қатар өз тәжірибемде саусақ ойындарын ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінде, сергіту жаттығуында, ертеңгілік жаттығуларда үнемі пайдаланып отырдым. Нәтижесінде балалардың тілі, қимыл – қозғалысы мен икемділігі айтарлықтай дамыды. Аталған жаттығулар сөздің дыбыстық құрамын анықтауға және анық айтуға көмектеседі, ұйқас пен ырғақ сезімін дамытады, анық дикцияны қалыптастырады, сөздің, сөйлемнің түрлі интонациялық сипаттамасын беру ептілігін жетілдіреді. Осы күрделі тілдік дағдыларды қалыптастыру үшін фонетикалық жаттығуларды жүйелі өткізу қажет.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 873 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.02.2021 5233
    • DOCX 22.5 кбайт
    • 121 скачивание
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Қажибекова Айдана Мейирқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Қажибекова Айдана Мейирқызы
    Қажибекова Айдана Мейирқызы
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9104
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Финансовая грамотность для обучающихся основной школы в соответствии с ФГОС ООО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 173 человека из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 090 человек

Мини-курс

Цифровая трансформация в бизнесе: аспекты управления и развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Основные аспекты деятельности аппаратчика установки для отделения мяса от кости

72 ч.

1750 руб. 1050 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Успешные деловые сделки: от встреч до заключения контракта

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методология проектного менеджмента и стратегического планирования в инвестициях

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление проектами: концепции, практика и финансы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе