Инфоурок Дошкольное образование КонспектыСабақ "Достық туралы ертегі"

Сабақ "Достық туралы ертегі"

Скачать материал

№ 5 «Жұлдыз» санаторий үлгісіндегі мектепке дейінгі ұжым

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Нағыз достар» ертегісі бойынша театрландырылған қойылым

(I-кішкентай сәбилер тобы)

        Өткізген: Байдуашева Гүлмира Базарқұлқызы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақтөбе қаласы

 

Мақсаты:

I.                   Балалардың жыл бойғы түс туралы алған білімдерін бекіту.

II.                Балалардың  қол –саусақ моторикасын дамыту.

III.             Балаларды ертегіні мұқият тыңдай білуге ынтасын арттыру және олардың көру, есту, ойлау қабілеттерін одан әрі дамыту.

IV.            Ертегі арқылы балаларды достыққа тәрбиелеу.

V.               Балалардың көңіл –күйлерін көтеру.

 

Көрнекіліктер: гүлдер, баулар, қоңыз, құрт, теледидар, ертегі кеіпкерлері: әтеш, мысық, күшік, қоян, түлкі, аю және Сәуле.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар, қазір жылдың көктем мезгілі, күн жылынды, енді айнаға қарандаршы қандай әдемі. Жерден нені көріп тұрсыңдар?

-Гүлдерді

-Дұрыс –ақ

-Гүлдердің түстері қандай?

-Қызыл , жасыл, сары, көк, ақ.

-Ал, гүлдердің көлемдері қандай?

-Үлкен, кішкентай.

-Енді, балалар, бір үлкен гүлмен бір кішкентай гүлді қолымызға алып гүл шоқтарын жасайық. Ол үшін мына бауларды кішкентай гүлге, сәйкестендіріп алып ортасындағы тексіктерінен өткіземіз.

(Балалар өз беттерімен жұмыс жасайды).

-Ой, балалар, бір сытырлаған дыбыс шығатын сияқты, тыңдаңдаршы. Бұл не екен, қарайықшы.

-Жауын құрты.

-Балалар,, жауын құрты айтады: мен жүрейін десем аяқтарымды түсіріп алдым, соны тауып салыпберіңдерші, -дейді. Көмектесеміз бе балалар?

-Ия.

(Балалар түрлі –түсті қыстырғыштармен қояды).

-          Ой балалар?сендерге көп –көп рахмет енді сендерге ризашылығымды білдіріп, сиқырлы теледидарды көрсетуге алып барайын, соңымнан еріңіздер. (Балалар құрт  сияқты жорғалап жүреді).

-          Мінекей, келдік. Бұл теледидар бірақ көрсетпей тұр. Ол үшін мына тетіктерін былай бұрау қажет. Әркім өзі қалаған түстерін алып, қандай түс екенін  атап,, орнына қойсын.

Міне, енді дайын болды. Көретін ертегілерің  «Нағыз достар»,-деп аталады.

-          Бір Сәуле деген қыз болыпты.

Ол өзінің  туған күнін ұмытып кетіпті. Туған күнді оның достары ұмытпапты.  Ертемен ку-ка-ре-ку, -деп әтеш досы келіпті.

Сәуле, мен саған күнде ертеңгісін ұйықтап қалмасын, -деп сағат әкелдім.

-Ой, рахмет, айдарлы әтеш!

-Осы кезде мияулаған дыбыс шықты. Бұл кім болды, екен балалар?

-Мысық.

-Дұрыс айтасыңдар. Мысық келіп Сәулеге гүл сыйлайды. Күшік келіп доп сыйлайды. Қоян келіп сәбіз сыйлайды, түлкі саңырауқұлақ, аю бал сыйлайды. Сәуле достарына өте риза болады. Міне, нағыз достар, -деп қонақтарын сыйлапты. Сөйтіп, Сәуле достарымен бақытты өмір сүріпті.

(Теледидардан ертегі кейіпкерлерін кезектестіріп көрсетіп отырылады)

-Балалар, ертегіде мияулап келетін не еді?

-Мысық.

- Дұрыс. Кәне, саусақтарымызбен мысықты көрсетейікші.

-Аф, -аф, -деп үретін не еді?

- Күшік.

-Олай болса, күшікті көрсетейік.

Енді қорқақ қоянды көрсетейікші.  Жарайсыңдар, балалар.

-Балалар, Сәуле сендерге де туған күн дастарханынан сыйлық беріп жіберіпті.Сәулеге не деп, айтамыз?

-Рахмет.

-Балалар, енді құртпен де, Сәулемен де, қонақтармен де қоштасып тобымызға қайтайық.

-Сау болыңыздар!  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                       

 

 

 

 

№ 5 «Жұлдыз» санаторий үлгісіндегі мектепке дейінгі ұжым

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Үш аю» ертегісі бойынша театрландырылған қойылым

(I-кішкентай сәбилер тобы)

 

        Өткізген: Байдуашева Гүлмира Базарқұлқызы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақтөбе қаласы

Мақсаты:

I.                    Балалардың жыл бойғы түс туралы алған білімдерін бекіту.

II.                 Балалардың  қол –саусақ моторикасын дамыту.

III.              Балалардың өздеріне таныс «Үш аю» ертегісінің театрландырылған түрін мұқият тыңдай білуге ынтасын және олардың көру, есту, ойлау қабілеттерін одан әрі арттыру.

IV.              Үлкенге –құрмет, кішіге-ізетм етуге балаларды тәрбиелеу.

V.                Балалардың көңіл-күйлерін көтеру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                        

 

 

 

 

 

 

 

-          Балалар, бүгін бізге қонақтар келіп отыр. Әуелі қонақтармен амандасып алайықшы.

-          Саламатсыздар ма?!

-          Ал, егерде балалар, үлкен ер адамдарды көрсек, қалай амандасамыз?

-          Ассалаумағалейкум.

-          Жарайсыңдар, балалар. Балалар, бізді мына жерде әжей күтіп отыр екен. Кәне, бәріміз әжеге амандасайықшы.

-          Сәлем бердік, әже!

-          Бақытты болыңдар, балаларым! Мен мына жерге жіптерімді шашып алып отырмын, соны жинауға көмектесіңдерші.

-          Көмектесеміз бе, балалар?

-          Иә, көмектесеміз.

-          Балалар, қолдарыңдағы жіптердің түстерін атаңдаршы.

-          Қызыл, сары, көк.

-          Балалаларым, рахмет! Ал бұл жай ғана жіп емес, сиқырлы жіпте бар ішінде.

(Әже кәрзеңкесінен сиқырлы жібін алып домалатып жібереді).

-          Зымыра, жібім, замыра жол көрсет мына, балаларға.

-          Кәне, балалар, мына сиқырлы жіптің соңынан жүрейік. Бізді қайда апарады екен.

-          Ой балалар, біз ормаңға келген сияқтымыз.

Нені көріп тұрсыңдар?

-          Шыршалар мен гүлдерді, үйді.

-          Балалар, жерде қар бар ма?

-          Жоқ.

-          Себебі қазір жылдың қай мезгілді?

-          Көктем.

-          Дұрыс-ақ

-          Көктемде қандай өзгерістер болады?

-          Күн жылынады.

-          Ал қазір күн бар ма мына жерде?

-          Жоқ.

-          Ал, мына зат нені еске түсіреді?

-          Неге ұқсайды

-            Күнге

-          Пішіні қандай?

-          Дөңгелек.

-          Түсі қандай?

-          Сары.

-          Ал осы күнге сәулелері жетіспей тұрған сияқты. Соны жасаймыз ба?

(Балалар күннің сәулесін қадайды)

-          Ой –балалар, қандай әдемі күн болды.

-          Ал күн қай жерде тұрады?

-          Аспанда.

-          Кәне, бәріміз күннің шуағын алайық.

(осы жерде жай музыка ойналады)

-          Балалар, күн шыққанда, көктемде жерге не шығады?

-          Гүлдер, шөптер.

-          Дұрыс-ақ.

-          Кәне, жерге гүл егеміз бе?

(Балалар гүлді бұрап қадайды)

-          Өте әдемі гүлдер шықты. Кәне гүлдер туралы ән салайықшы. (Гүлдер  әні орындалады)

-          Балалар енді қарандаршы, орманда нені көріп тұрсыңдар?

-          Үйді

-          Ал бұл үйде не тұрады деп ойлайсындар?

-          Олай болса қазір бәріміз отырып «Үш аю» ертегісін тамашалаймыз.

-          Балалар, ертегіні ұнады ма?

-          Ертегі нелер туралы?

-          Аюлар қалай жүреді? Дегендей сұрақтар қойылады.

-           Ой , балалар дауыс қайдан шығады?

-          Гүлдің арасынан

-          Бүл жерде кім бар екен?

-          Балалар, Маша келіптұр, бізден үйінен баратын жол сұрайды. Көмектесеміз бе?

-          Ия, көмектесеміз.

-          Балалар, Маша сендер көмексемеіз деген соң риза болып, сендерге орманнан жинанған жанғанын беремін дейді.

-          (Маша балаларға сыйлығын тапсырады).

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ "Достық туралы ертегі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Менеджер спортивного клуба

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Достық туралы ертегі-балаларды достыққа, татулыққа, адалдыққа үйретеді.

Балалардың ертегіге деген қызығушылықтарын арттырады. Балалардың жан-жануарлар туралы білімдерін кеңейту. Балаларға жануарлар туралы өлеңдер, жұмбақтар үйрету. Ертегіні тыңдай білуге баулу. Достық қарым қатынастарын орнату. Ертегі кейіпкерлерінің жақсы, жаман екенің айра білуге үйрету.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 997 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.07.2019 1808
    • DOCX 24.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Байдуашева Гульмира Базаркуловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 4 года и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1853
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Ранняя диагностика, коррекция и предупреждение нарушения речи у детей дошкольного возраста

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 71 человек из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 750 человек

Курс повышения квалификации

Основные направления экспертизы образовательного процесса дошкольной образовательной организации

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 21 человек

Курс повышения квалификации

Технология проектной деятельности в процессе ознакомления детей дошкольного возраста с природой

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 687 человек

Мини-курс

Психология развития личности: от мотивации к самопониманию

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 85 человек из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 35 человек

Мини-курс

Успешный педагог: навыки самозанятости, предпринимательства и финансовой грамотности

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 43 человека

Мини-курс

Современные подходы к духовно-нравственному воспитанию дошкольников

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек