Инфоурок Начальные классы КонспектыСабақ жоспары "Алғашқы ұстаз"

Сабақ жоспары "Алғашқы ұстаз"

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Қоңырау. Н. Әлімқұлов.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: өлең мазмұнын өмірмен байланыстыра әңгімелеуге, өлеңдегі бала сезімдерін байқай білуге, өздік жұмыстар арқылы өлең шумақтарын талдауға мүмкіндік беру.

Дамытушылық: шығармашылық ішкі мүмкіндіктерін дамытуға жағдай туғызу.

Тәрбиелік: әдемілік пен өмір заңдылығының қарым – қатынасын түсінуге бейімдеу.

Сабақтың көрнекілігі және қажетті құралдар: топтау сызбасы, кәдімгі тақта, бор, маркер, әдемі қоңыраулар.

Сабақтың әдісі: әңгімелесу, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың барысы:

1. Қызығушылықты ояту.

а) балалардан қоңырау сөзін естігенде қандай ой келетінін сұрау.

ә) қоңырау сөзімен бірнеше сын есімді сөз тіркестерін жазу.

Мысалы:

                                       сағынышты   күміс көмей

                            күмбірлеген                       сыңғырлаған

              мерекелі

                                              Қоңырау                әнші       

                        үкілі

                             жезтаңдай          жез             алтын            таныс

а) оқушылардың жазғандарын оқытып, талдап болған соң, олардың қоңырауға деген сезімдері туралы жылы лебізді сөз айта келіп, жаңа сабақ тақырыбымен таныстыру

2. Жаңа сабақ.

оқушыларға оқулықтағы Н. Әлімқұловтың  «Қоңырау»  өлеңін іштей оқыту.Өлеңді оқып, мазмұнын түсіну және әр шумаққа ат қою.

- Өлеңде мерекелік қуаныш, сағыныш, құрмет сезімдері қай шумақтардан байқалады?

Оқушылар өлеңге қайта қарап, талдауға дайындалады.

- Алғашқы қоңырау мерекесі тіркесіне синоним сөз тап  ( Білім күні ...)

- Қоңыраудың мектепке қалай келгендігі туралы не білесіңдер?

 Оқушылар өз  ойларын айтады.

- Қоңырау тағы қандай жағдайда қолданылады? ( күймелі ат арбада, жануарлардың мойнында, шіркеулерде...

- Қоңырау даусы тілінің қозғалуынан шыға ма әлде қоңыраудың өзінің қозғалуынан шыға ма? ( ойлануға)

Қосымша мәлімет.

Қоңырау – металдан жасалған, дыбыс шығаратын аспап. Ол көбінесе қоладан құйылатын болған. Қоңыраудың ішінде тілі бар. Қоңырау қозғалған кезде дыбыс шығарады. Ресей жерінде қоңырау құятын көптеген зауыттар бар. Ерте заманнан осы күнге дейін шіркеуге шақыру үшін қоңырау даусы пайдаланылып келеді.

   Көне Қытайда қоңырау құю дәстүрі болған. Ал жапон, кәріс шеберлері бұл өнерді қытайлардан үйренген. Қытайлықтар қоңырау соғу арқылы күннің шығуы мен батуын білдірген және оқыс оқиғаларға белгі беретін болған.

- Алғашқы қоңырау мерекесі мен алтын күз мерекесінің қандай байланысы бар?

3.  Ойтолғау.

оқулықтың 5- беттегі сұрақтар мен тапсырмалардағы шығармашылық жұмысты орындату.

Қорытынды.

үй жұмысы: «Қоңырау» өлеңін жаттау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Ата Заң.

Сабақтың мақсаты: өлең мазмұнымен таныстыру, заң туралы білімдерін анықтау, өз ойларын ашық айтуға үйрету.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру.

Оқушылардың назарларын сабаққа аудару

Үй жұмысын тексеру.

«Қоңырау»  өлеңін жатқа сұрау.

2. Жаңа сабақ.

Оқушылар өлеңді мәнерлеп, түсініп оқиды.

Сұрақ-жауап:

- Заң қандай құжат?

- Ол кімге арналған?

- Заңгер деген кім?

- Заң адамдарға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

 

3. Ойтолғау.

«Құқығымды қорғаған» деген жолдың мағынасын түсіндіріңдер.

Заңның ережеден айырмашылығы неде, ұқсастығы ше?

Білім алуға байланысты елімізде қандай заң бар?

Қорытынды.

Үй жұмысы: өлеңнің ішінен 2-3 шумақ жаттап келу

Баға қою

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Өнер- білім бар жұрттар. Ы. Алтынсарин.

Сабақтың мақсаты: өлең мазмұнымен таныстыру, Ы.Алтынсарин туралы білімдерін анықтау, шығармашылық ішкі мүмкіндіктерін дамытуға жағдай жасау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

1. Оқушылардың сабаққа дайындығын анықтау.

2. Үй жұмысын тексеру.

«Ата Заң» өлеңінен жаттаған шумақтарын сұрау.

ІІ. Жаңа сабақ.

Ы. Алтынсарин 1841 ж. Қостанай облысында дүниеге келген. Торғай өңірінде алғаш рет мектеп ашып, өзі ұстаздық етті. Балаларды оқу-білімге шақырып, өлең, ертегі, әңгімелер жазды.

  Өзінің бүкіл ғұмырын ұстаздыққа арнаған. Балаларға арнап «Қазақ хрестоматиясы» деген оқулық жазды.

«Өнер- білім бар жұрттар» өлеңді мәнерлеп оқу.

Өлеңде не туралы айтылған?  

Ы. Алтынсариннің қандай өлеңдерін білесіңдер?

ІІІ. Ойтолғау.

- Өнер білімнің арқасында адамзат қандай жетістіктерге жетті?

- Қазіргі ғылымның қандай жетістіктерін білесіңдер?

Қорытынды.

Үй жұмысы: «Өнер- білім бар жұрттар»  жаттау

Баға қою

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы:  Балалар елін бағындыру. Н. Ақышев.

Сабақтың мақсаты:

 Білімділік: ертегі мазмұнын оқып, түсіну арқылы тақырыбы мен идеясын ашуға, оны өмірмен байланыстыруға мүмкіндік беру.

Дамытушылық: өз бетімен  талдау, саралау, қолдану арқылы шығармашылық тапсырмаларды орындату.

Тәрбиелік: адам өміріндегі жан-жақты үйлесімдік деген ұғымды түсінуге мүмкіндік жасау.

Сабақтың әдісі: топтау, «Бір айналым сөйлесу» стратегиясы

Сабақтың барысы:

1. Қызығушылықты ояту.

Оқушыларға қойылатын сұрақ:

- Балаларға жақсы өмір сүру үшін не керек?

Оқушылар көптеген жауаптар айтады. Осы жауаптарының ішінен төмендегі алты сөз алынып, олар осы сөздер бойынша топтпрға бөлініп отырады.

 

                                              оқу

                                                                   еңбек  

                         ойын

 


                                                                       кітап

                             спорт        

                                              өнер

 

Алты  топ та өз аттарының күнделікті өмірдегі қажеттігін қорғап, 3-4 сөйлемнен тұратын эссе жазады.

2. Жаңа сабақ.

Әр топқа ертегі мазмұнын түсініп оқу тапсырма беру.

Өз топтарының  аттары болып тұрған ұғымның пайдалы, зиянды жақтарын теріп жазғызу.

Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді түсініп оқу, түсінбеген сөздерге сөздік жұмысын жүргізу.

- Еңбектің Балалар еліне қандай пайдасы тиді?

- Балаларға пайдалы алтаудың қайсысы бірінші орында болуы керек деп ойлайсың?

- Балалар еліндегі алты кейіпкер туралы мақалдар айту.

Қорытынды.

Үй жұмысы: «Балалар елін бағындыру» мазмұндау

Баға қою.

 

 

                                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Алғашқы ұстаз. Ғ. Жұмабаев.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: мәтін мазмұны арқылы қазақ халқының ертерек замандардағы өмірін білуге мүмкіндік беру.

Дамытушылық: мәтінді өз бетімен талдау жасату арқылы оқушы біліктілігін арттыруға, ойлануға, жүйелі жұмыс жасауға үйренуге жағдай туғызу.

Тәрбиелік: адамгершілікке, еңбек етуге, басқаның пікіріне де құрметпен қарауға, өзіне-өзі сын көзбен қарау керектігін байқауға икемдеу.

Сабақтың әдісі: «Дұрыс- бұрыс тұжырымдар»  кестесін толтыру.

Сабақтың көрнекілігі және қажетті құралдар: «Дұрыс- бұрыс тұжырымдар»  кестесі, кәдімгі тақта, бор, маркер, Ы.Алтынсарин, С. Көбеев портреттері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

 1. Оқушылардың сабаққа дайындықтарын  тексеру.

  2. Үй жұмысын тексеру.

«Балалар елін бағындыру»  мазмұнын сұрау

ІІ. Жаңа сабақ.

«Алғашқы ұстаз» мәтініне мынадай тұжырымдар алынады:

1. Өте ертеректе мектептерді:

- бай адамдар салып берген;

- халық өздері салған.

2. Мектепте оқығысы келгендердің бәрі оқыған.

3. Ата- аналар балаларын мектепке жібергісі келмеген.

Осы тұжырымдармен №1 «дұрыс-бұрыс тұжырымдар» кестесі арқылы жұмыс жасау.

 

 

Тұжырымдар

дейін

Кейін

Мәтінді оқу

Өте ертеректе мектепті бай адамдар салдырған.

Өте ертеректе мектепті халық салдырған.

 

 

Мектептерді оқығысы келгендердің барлығы оқыған.

 

 

Ата-аналар балаларын мектепке жібергісі келмеген.

 

 

 

Осы тұжырымдардың дұрыстығын сұрау. Егер оқушы тұжырымды дұрыс деп тапса, «дейін» бөліміне «+» таңбасын, ал егер келіспесе, «-» таңбасын қояды

Оқулықпен жұмыс.

Оқушылар іштей оқып, мәтінмен танысуды бастар алдында кестенің «кейін»  деген бөлігін толтырады. Сыныпта оқушылар бір- бірінің тұжырымдарын талдап шығады.  Оқушылар сабақ үстінде Ыбырай Алтынсарин заманындағы қазақ даласындағы алғашқы мектептердің ашылуы, оқуға қабылдау туралы мағлұматтар алады.

Қорытынды.

Үй жұмысы: «Алғашқы ұстаз»  мазмұндау

Баға қою.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Кітаптар мұңы.

Сабақтың мақсаты: мәтіндегі негізгі ойды түсінуге көмектесу. Ой-өрісінің, тілінің, мәнерлеп, түсініп оқу қабілеттерінің дамуына ықпал ету. Ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, талдау-жинақтау, әңгімелеу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеп, жақсы көңіл күй қалыптастыру үшін мадақтаулар айту.

Ұқыпты бала кітапты түптеп тастады,

Ұқыпсыз бала кітапты бүктеп тастады,

Жұмысын басқаға жүктеп тастады.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Кіріспе әңгіме.

1. Кітап неге мұңаяды деп ойлайсың?

2. Мәтінді оқушылардың таныс емес сөздерді белгілей отырып, өз бетінше оқуы. Сөздік жұмыс.

3. Мәтін бойынша тапсырмалар орындау.

а) мәтіннен кітаптардың арманын тауып оқы.

ә) ұқыпты оқушының кітабын қалай ұстайтынын тауып оқы.

б) оқушыға кітаптың тигізер пайдасын тауып оқы.

в) кітапты шығару үшін жұмыс істеген адамдардың еңбегін айт.

г) Кітаптың ұқыпсыз оқушыға ренішін тауып оқы.

Мәтінді рөлге бөліп оқу, мазмұнын жалғастыра сөйлеу.

ІІІ. Сабақты бекіту.

1. Әңгіме неге «Кітаптың мұңы» деп аталған?

2. Кітап туралы мақал-мәтелдер айт.

Қорытынды.

Үйге тапсырма: «Кітаптар мұңы» мазмұндау

Баға қою.

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Кітап. С.Бегалин.

Сабақтың мақсаты: өлеңді мәнерлеп оқу, негізгі ойды түсінуге көмектесу.

Ой-өрісінің, тілінің, түсініп оқу қабілеттерінің дамуына ықпал ету. Ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,әңгімелеу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын анықтау.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

«Кітаптар мұңы » мазмұнын сұрау

Әңгіме неге «Кітаптар мұңы » деп аталған?

Кітаптардың оқушыларға ренжігені дұрыс па?

Кітапты не үшін жинаймыз?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Оқушыларды С. Бегалиннің өмірбаянымен таныстыру. «Кітап»  өлеңін мәнерлеп оқу.

Сұрақ-жауап:

Кітап оқудың маңызы неде?

Сен өз кітаптарыңды қалай күтесің, құрметтейсің?

«Кітап оқу- мәдениеттілік белгісі» дегенді қалай түсінесіңдер?

Қорытынды.

Үй жұмысы: «Кітап»  жаттау

Баға қою.

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Автобиографиялық әңгіме. Ғ. Мүсірепов.

Сабақтың мақсаты: жазушының автобиографиясы арқылы әңгіменің мазмұны мен идеясын ашуға мүмкіндік беру; халық өмірінің шынайы бейнесі осы әңгімеде жатқанын байқату.

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту.

а) плакаттағы мына өлең жолдарын аяқтауға тапсырма беру.( оқи салып, бірден сөздер табу)

Мектебім, менің мектебім!                Байқамаппыз, шынымен,

Өзіңмен өтті .......                             Үш жылдың .......

 

ә) Балалар, сендер төртінші жыл мектеп табалдырығын аттап отырсыңдар. Мектептен сендер білім алдыңдар, ал сендер не үйрендіңдер? ( мысалы, бір нәрсе жасауды, құрастыруды, т.б)

Жаңа сабақ.

 

- Ал бүгін Ғ.Мүсіреповтің «Автобиографиялық әңгімесі»  арқылы сонау өткен ғасырда сендер сияқты балалардың мектептен не үйренгенін білгілерің келе ме?

- Мәтінді іштей оқу. Мазмұнын түсіну.

- Ғ. Мүсіреповтің  балалық шағындағы мектеп бейнесін әңгіме бойынша зерттеп, қорғап шығу ( сызба, сурет, жазбаша сипаттау, топтау, т.т)

Қорытынды.

Үй жұмысы: «Автобиографиялық әңгіме»    мазмұндау

Баға қою.

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Арман мен ақыл.

Сабақтың мақсаты:

білімділік: өлеңнің негізгі идеясын түсінуге жағдай жасау.

дамытушылық: танымдық қабілетінің, ой-қиялының дамуына ықпал ету; сөйлеу тілін, сөздік өорын молайту.

тәрбиелік: еңбекті сүюге, білімге, өнерге құштар болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: мамандыққа байланысты суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту.

1. Ойын «Кімге не керек?»

күйші                        қару

актер                        ән

ұшқыш                      домбыра

әнші                         сахна

батыр                       ұшақ

2. «Осы аталған және басқа мамандық иелеріне ортақ не керек?» деген сұраққа әр топ өз жауаптарын береді.

ІІ. Жаңа сабақ.

1. Сенің арманың қандай?

2. «Арман мен ақыл» өлеңін іштей, түсініп оқып шығады.

3. Тапсырма:

- Өлеңде білім-ғылым туралы не айтылған?

- Өлеңнің «Арман мен ақыл» деп аталуы неліктен?

- Өнер, білім туралы мақал-мәтелдер айту?

- Өз туысқаның, ата-анаң қандай мамандық иелері?

Қорытынды.

Үй жұмысы: «Кім болам?» тақырыбына шығарма жазу

Баға қою

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Зәмзәм суы.

Сабақтың мақсаты:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Сен ғылымға....

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Ақкөл жағасында.

Сабақтың мақсаты:

білімділік: мәтіннің мағынасын түсінуге көмектесе отырып, А. Байтұрсынұлы туралы түсінік беру.

Дамытушылық: танымдық, есте сақтау, ойлау, байланыстырып сөйлеу қабілеттерінің дамуына ықпал ету.

тәрбиелік: білімді сүю, елжандылыққа, адамгершілікке баулу.

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту.

1. «Не өзгерді?» ойыны. Тақтаға киіз үй, бала, арба, балық, кітап суреттерін ретімен орналастыру. Балалар суреттің орналасу ретін естеріне сақтап алады. Содан соң көздерін жұмады. Балалар көзін ашып, орны ауыстырылған суретті табады.

2. Осы сөздер бойынша топқа бөлінеді.

ІІ. Мағынаны тану.

1.   Осы тірек суреттер арқылы мәтін мазмұнына  болжау жүргізу.

2.   5 бөлікке бөлінген мәтінді оқушылар жұмыс топтарында жан-жақты талқылайды.

3.   Түсініксіз сөздерді анықтап, пікір алмасады.

4.   Отбасы топтарына келіп, мәтінді 1-2-3-4-5 ретпен әңгімелеп түсіндіреді.

5.   Төмендегі тапсырмаларды мұғалім әр топқа бөліп береді.

Мәтіндегі жұмбақты көшіріп жазып, жатқа айтады. Мәтін ішіндегі жаңылтпашты тауып жазады, жатқа айтады. Ахмет Байтұрсынұлы мен балалардың сөздерін рөлге бөліп оқиды.

Мәтіндегі кісі аттарын теріп жаз, олар туралы не айтасың? Мәтін мазмұнына сәйкес мақал-мәтелдер айт. Әр топ өздері оқыған бөлімдерін реті бойынша әңгімелейді. Ахмет Байтұрсынұлы кім?

А. Байтұрсынұлы- ( 1873-1937) көрнекті ғалым, әдебиет зерттеушісі, дарынды аудармашы, үлкен ағартушы және бірқатар оқу құралдарының авторы. Қазіргі Торғай облысының Сарытүбек деген жерінде туылған.

ІІІ. Ойтолғаныс.

Мәтінге сүйеніп, А. Байтұрсынұлына мінездеме беріп көр.

ІV. Үйге тапсырма.

А. Байтұрсынұлы туралы қосымша материалдар жинақтау.

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Күз. М. Дулатұлы.

Сабақтың мақсаты:

білімділік: күз мезгілінің ерекшеліктері туралы білімдерін нығайту; сипаттай білуге үйрету; теңеу сөздерді дұрыс қолдана білу.

дамытушылық: сөйлеу  тілдерін жетілдіру, есте сақтау, ойлау қабілеттерінің дамуына ықпал ету.

тәрбиелік: еңбексүйгіштікке, табиғатты сүюге, өзіндік пікірін білдіруге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: күз көріністері, альбомдарү суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту.

1. Бұлттар төніп,                            Бой жаза алмай,

Жерге шөгіп.                                  Ойнай алмай,

Дымқыл тұман басады.                   Денең мұздап тоңады.

Шөп сарғайып,                               Айтыңдаршы, бөбектерім,

Өзі тойып,                                      Бұл қай кезде болады?

Дала сұры қашады.

Сұраққа жауап бере отырып, оқушылар күз мезгілін суреттейді.

ІІ. Мағынаны тану.

1.    Күзгі суреттерді көру.

2.    М. Дулатұлының «Күз» шығармасын өздері оқиды.

3.    Сөздік жұмыс жүргізіледі.

4.    Сұрақтарға жауап бер:

-      Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

-      Адам өмірінде ше?

-      Жануарлар әлемінде ше?

5.    А. Құнанбайұлының «Күз» өлеңін оқу.

6.    Шумақпен бөліп оқу.

7.    Өлең жолдарын қара сөзбен айтып көр.

8.    Тапсырма.

-      Күз мезгілінің ерекшекліктерін жаз.

-      Жыл құстарын жаз, олар туралы білетініңді айт.

-      Күзде жапырақтың түсу себебін түсіндір.

-      Жұмбақты шеш, өзің тақырыпқа сәйкес қандай жұмбақ білесің?

ІІІ. Ойтолғаныс.

5 жолды өлең жаз. Мысалы:

Зат есім (1 сөз) күз

Сын есім ( 2 сөз) алтын, күрең

Етістік ( 3 сөз) сарғайды, дайындалды, жиналды.

Сезімді білдіретін сөйлем (4 сөз) Алтын күз қандай көрікті!

Синоним (1сөз) мезгіл

Жаңа алған мәліметтерін пайдалана отырып, топтастыруды толықтырады.

ІV. Үйге тапсырма.

1.    Күз тақырыбына сурет сал.

2.    Күз көріністерінен шағын кітапша жаса.                

Сабақтың тақырыбы: Күз. Т. Жароков.

Сабақтың мақсаты:

білімділік: күз мезгілінің ерекшеліктері туралы білімдерін нығайту; сипаттай білуге үйрету; теңеу сөздерді дұрыс қолдана білу.

дамытушылық: сөйлеу  тілдерін жетілдіру, есте сақтау, ойлау қабілеттерінің дамуына ықпал ету.

тәрбиелік: еңбексүйгіштікке, табиғатты сүюге, өзіндік пікірін білдіруге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: күз көріністері, альбомдарү суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту.

1. Бұлттар төніп,                            Бой жаза алмай,

Жерге шөгіп.                                  Ойнай алмай,

Дымқыл тұман басады.                   Денең мұздап тоңады.

Шөп сарғайып,                               Айтыңдаршы, бөбектерім,

Өзі тойып,                                      Бұл қай кезде болады?

Дала сұры қашады.

Сұраққа жауап бере отырып, оқушылар күз мезгілін суреттейді.

ІІ. Мағынаны тану.

9.    Күзгі суреттерді көру.

10. Т. Жароковтың «Күз» өлеңін өздері оқиды.

11. Сөздік жұмыс жүргізіледі.

12. Сұрақтарға жауап бер:

-      Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

-      Адам өмірінде ше?

-      Жануарлар әлемінде ше?

13. А. Құнанбайұлының «Күз» өлеңін оқу.

14. Шумақпен бөліп оқу.

15. Өлең жолдарын қара сөзбен айтып көр.

16. Тапсырма.

-      Күз мезгілінің ерекшекліктерін жаз.

-      Жыл құстарын жаз, олар туралы білетініңді айт.

-      Күзде жапырақтың түсу себебін түсіндір.

-      Жұмбақты шеш, өзің тақырыпқа сәйкес қандай жұмбақ білесің?

ІІІ. Ойтолғаныс.

5 жолды өлең жаз. Мысалы:

Зат есім (1 сөз) күз

Сын есім ( 2 сөз) алтын, күрең

Етістік ( 3 сөз) сарғайды, дайындалды, жиналды.

Сезімді білдіретін сөйлем (4 сөз) Алтын күз қандай көрікті!

Синоним (1сөз) мезгіл

Жаңа алған мәліметтерін пайдалана отырып, топтастыруды толықтырады.

ІV. Үйге тапсырма.

3.    Күз тақырыбына сурет сал.

Күз көріністерінен шағын кітапша жаса.

Сабақтың тақырыбы: Мұғалім.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Алғыс

Сабақтың мақсаты:

білімділік: мәтіндегі негізгі ойды түсінуге жағдай жасау.

дамытушылық: танымдық, есте сақтау, байланыстырып сөйлеу қабілеттерінің дамуына ықпал ету.

тәрбиелік: мейірімділікке, еңбекқорлыққа, шыншылдыққа баулу.

Сабақтың көрнекілігі: жеміс-жидек суреттері.

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту.

1. Тақтаға жеміс-жидектер суреттері ілінген. Оқушылар М. Әләмбаевтың «Бау-бақшада» өлеңін айта отырып, атты аталған жемістер мен көкөністердің атауын теріп жазады. Мысалы:

1. Күзде пісті алма,

алқызылын таңда.

2.Аулада бар бүлдірген

Жалықпай тер бір-бірден

3. Қарт ұнатып, жас қалап,

Жейтіндері асқабақ

4. Кәдуілгі помидор

Витаминді нәрі мол.

ІІ. Мағынаны тану.

1.Өсімдіктерді өсіру үшін не қажет?

- Тұқым, жер, ауа, су, еңбек, күн, топырақ.

2. Топырақ

    Күн

    Адам           сөздері бойынша топқа бөліну.

    Су

   Жер

4.    Мәтін жан-жақты талқыланғаннан кейін мынадай тапсырмалар беріледі:

а) мәтінге сүйене отырып, дүниетану пәнінен алған білімдері бойынша әр топ өздерінің тобының атауы болған сөздің тіршілік үшін қаншалықты қажеттігін дәлелдейді.

1. Өз аттарына сәйкес мақал-мәтел айту.

2. Мәтінді рөлге бөліп оқу.

3. Мәтін неліктен «Алғыс» деп аталған?

ІІІ. Үйге тапсырма.

Алғыс алған сәттерін әңгімелеуге дайындалу.

«Алғыс» мәтінін оқып, мазмұнын айту.

 

Сабақтың тақырыбы: Анна апайдың бақшасы.

Сабақтың мақсаты:

білімділік: мәтінді түсініп оқуға, мазмұнын түсінуге, негізгі идеясын, ойын ашуға жағдай жасау.

дамытушылық: оқушылардың ойын, тілін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

тәрбиелік: ұрлық жасамауға, жаман әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу.

Сабақтың тәсілі: сұрақ-жауап,әңгімелеу,ой-қозғау,түсіндіру.

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту.

Үш топқа тапсырмалар беру.

- Мағынасын қалай түсіндіңдер?

ІІ. Мағынаны тану.

а) мәтінді оқу. талдау.  Жаңа сөздермен жұмыс. Сұрақтарңа жауап беру.

ә) балалардың іс-әрекеттері  жайлы оқушылардың ойларын тыңдау.

б) жеміс-жидекті жуып жеу және оны өзінен кішілерге түсіндіру керек екендігін айту.

в) мәтінді рөлге бөліп оқыту.

3. Ой толғаныс

Енді әр топ сабақтың басында берілген мақалдар мен нақыл сөздің мағынасы бойынша айтқан ойларын ары қарай толықтырады? Осы әңгімеден кейін қандай ой түйіндей аласың?

ІІІ. Үйге тпасырма беру

Әңгімені түсініп оқу, мазмұнын ашу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Ақбидай

Сабақтың мақсаты:

білімділік: мәтіндегі негізгі ойды түсінуге жағдай жасау.

дамытушылық: есте сақтау, ойлау, танымдық, ауызша және жазбаша сөйлеу тілін дамыту.

тәрбиелік: еңбекті сүю, бағалауға, ұқыптылыққа баулу.

Сабақтың көрнекілігі: бидайдың суреті, егін жинауға байланысты сюжетті суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

«Құмырсқаның қанағаты» әңгімесін оқып беру.

ІІ. Жаңа сабақ. Топтастыру.

Бұл әңгімеден не үйрендік?  Үнемшілдік, қанағат ету, құрметтеу, ұқыптылық,шыдамдылық.

2. Оқушылар мәтінде таныс емес сөздерді белгілей отырып оқиды.

3. Мәтінге сүйеніп, мына сұрақтарға жауап тап:

а) Ақбидай қандай жағдайға душар болды?

ә) Мәтін бойынша Адамды суретте. Мысалы: Садақ асынған, қолында найзасы бар аңшы. Ойлы, еңбекқор. Достыққа берік. Мейірімді, кеңпейіт, т.б.

б) табиғатта қандай өзгеріс болды?

в) жақсылыққа жақсылық жасау туралы қай бөлімде айтылған?

4. Мәтінді жалғастыра оқыту.

5. Негізіг ой қай жолдарда айтылады?

6. Мәтінге басқа қандай тақырып өояр едің?

7. Өлең оқып беру:

Жерден асқан жоқ жомарт, тақсыр ұлы,

Жақсылықтың жүз есе жақсылығы.

Түйір дәнге береді тұтас масақ,

Оралады орман боп оқ шыбығы.

ІІІ. Сабақты бекіту.

«Ас атасы - нан» тақырыбына әңгіме жазу.

ІV. Сабақты қорытындылау.

1. Нанға байланысты қандай тыйым сөздерді білесіңдер?

2. Өз отбасында нанды қалай құрметтейді?

V. Үйге тапсырма:

«Нанның пайдасы» туралы қосымша материал жинау.

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Туған жер.

Сабақтың мақсаты:

білімділік: мәтін мазмұны мен идеясын ашуға, мәтіндегі көркемдегіш  құралдарға көңіл бөле отырып, талдауға мүмкіндік беру.

дамытушылық: өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту; тез, өнімді жұмыс арқылы уақытты үнемді пайдалана білу мүмкіндігіне дағдыландыру.

тәрбиелік: өзгенің де пікірін тыңдауға, мәдениетті сөйлеуге, сауатты жазуға, тіл байлығын арттыруға жағдай туғызу; туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін тек қана туған тіл арқылы ғана жеткізуге болатынын сезіндіру.

Сабақтың көрнекілігі мен өажетті құралдар: Қазақстан картасы, табиғат суреттері.

Сабақтың барысы:

1. Қызығушылықты ояту.

Туған жер

Дала

Байлық

Қорғау топтарына бөлініп отыру.

1.   Осы төрт сөзді пайдаланып, 5-6 минутта қысқаша мәтін құрастырып жазып шығу.

2.   Жазылған мәтінді оқушылар өз топтарында оқып талдайды да, әр топтан бір оқушының жазған сыныпта оқу ұсынылады.

2. Мағынаны тану.

«Туған жер» мәтінінің бірінші, екінші абзацын оқу. Оқығанын өзінің жазған мәтінімен салыстыру. Бұл салыстыру кезінде баланың туған жер туралы, оның даласы, байлығы туралы жазғаны және оны қалай қорғау керектігі туралы ойы, идеясы автормен қалай ұштасқаны талданады.

Оқушыларға оқып отырғанда пейзаж, яғни табиғат суреттеуін тауып оқу тапсырылады.

- Балалар туған жерге қызмет ету дегенді қалай түсінесіңдер?

Ой толғаныс.

а) Туған жерге 5 жолды өлең құрастырылса, өте мағыналы жұмыс болар еді.

ә) балалар, жазушы өзінің туған жеріне қандай сезімдерін білдірген?

- Иә, ақындар өлең арнап, композиторлар ән шығарып, туған жерін әркім еске алып отырған.

Қорытынды.

үйге тапсырма:

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Көкшенің кеудесінде.

Сабақтың мақсаты:

білімділік: мәтіннің  мазмұнын түсіне лтырып, Көкше табиғаты туралы түсінік алуларына жағдай жасау.

дамытушылық: ойлау, есте сақтау, байланыстырып жазу, сөйлеу қабілеттерінің дамуына ықпал ету.

тәрбиелік: табиғатты сүюге, көркейтуге, демалысты дұрыс ұйымдастыра білуге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Уөкше көріністері, Жұмбақтас, Оқжетпес суреттері. Сабақтың   барысы:

І. Қызығушылықты ояту.

Жұмбақтас, Оқжетпес суреттері, олар туралы аңызды айтып беру.

ІІ. Мағынаны тану.

1. Мәтінді түсініп, зерттеп оқу.

2. Тапсырмалар орындау.

- Көкше табиғатын суреттеп айт.

- Көкше табиғатын асқақтатып тұрған көркемдеуші теңеу сөздерді жаз.

- Көкше табиғатыавторға не дегендей болды?

- Мәтінді әңгімелеп айт.

ІІІ. Ой толғаныс.

Әр топқа тапсырма.

«Кербез Көкше» , т.б тақырыбы бойынша шығарма жазу.

ІV. Үй тапсырмасы.

1.   «Көкше көрінісінің » суретін сал

2.   Көкшенің біз білмейтін құпияларын оқып, біліп кел.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Алтай

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  өлеңнің мазмұнын түсіне отырып, Алтай тауы туралы толық түсінік алуларына жағдай жасау.

Дамытушылық: танымдық есте сақтау, байланыстарып сөйлеу қабілеттерінің дамуына ықпал ету.

Тәрбиелік: елін, жерін, тарихын білу, оларды құрметтеу. Мақтаныш, сүйіспеншілік сезімдерінің оянуына әсер ету.

Сабақтың көрнекілігі: карта, суреттер.

Сабақтың өткізу әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту.

Қазақстандағы тау аттарына байланысты топ құру. Мысалы: Алатау, Алтай, Мұғалжар, Ұлытау, т.б

ІІ. Мағынаны тану.

1. Әр топ өлеңді оқып шығады.

2. Әр топқа тапсырмалар беріледі:

а) Алтайдың табиғаты туралы жаз.

ә) Жануарларын жаз.

б) Кен аттарын жаз, соңғы шумақты  түсіндір.

в) Мәнерлеп оқы. Картадан Алтай тауын көрсет.

3. Әр топқа мына мәтін таратылып беріледі:

Тау Алтай тауы жүйесі- Азия құрлығының орта тұсындағы таулы өлке. Ұзындығы батыстан шығысқа қарай 2000 шақырымға созылып жатыр. Тау беткейлері өте тік, құзды, шыңды, шатқалды, жартасты келеді. Тау жүйесінің ең биік шыңы- Ақтау(Мұзтау), оның биіктігі 4056 м. Алтай тауларының Қазақстандағы бөлігі геологиялық тұрғыдан 4 ауданға бөлінеді: Кенді  Алтай, Таулы Алтай, Оңтүстік Алтай, Қалба жотасы.

Алтайда қорғасын, мырыш, мыс, темір, алтын, вольфрам, молибден, қалайы, тантал, ниобий, сынап, т.б металдық кентастар,асыл және әшекей тастар, құрылыс материалдары мол. Алтайдың қысы суық әрі ұзақ, жазы салқын. Таудың басты өзендері- Ертіс, Обь, Енисей салалары. Монғолиядағы Қобда өзені де Алтайдан басталады. Алтай тауларының өзендерінде 70-тен астам сарқырама,3500-дей көл бар. 1000-нан астам мұздақтар бар. Орман Алтайдың 70%-ын алып жатыр. Жануарларынан қасқыр, көртышқан, сарышұнақ, қоңыр аю, марал, бұғы, елік, күдір, сілеусін, барыс, бұлғын, құндыз, тиін, қоян, түлкі, суыр, таутеке; құстардан ұлар, құр, шауқарға, тоқылдақ, шіл, кекілік, үкі, тырна, үйрек, т.б құстар бар.

тапсырма:

1.    Алтайдың табиғаты туралы жаз.

2.    Жануарларын жаз

3.    Кен аттарын жаз.

Тау Алтай тауы жүйесі- Азия құрлығының орта тұсындағы таулы өлке. Ұзындығы батыстан шығысқа қарай 2000 шақырымға созылып жатыр. Тау беткейлері өте тік, құзды, шыңды, шатқалды, жартасты келеді. Тау жүйесінің ең биік шыңы- Ақтау(Мұзтау), оның биіктігі 4056 м. Алтай тауларының Қазақстандағы бөлігі геологиялық тұрғыдан 4 ауданға бөлінеді: Кенді  Алтай, Таулы Алтай, Оңтүстік Алтай, Қалба жотасы.

Алтайда қорғасын, мырыш, мыс, темір, алтын, вольфрам, молибден, қалайы, тантал, ниобий, сынап, т.б металдық кентастар,асыл және әшекей тастар, құрылыс материалдары мол. Алтайдың қысы суық әрі ұзақ, жазы салқын. Таудың басты өзендері- Ертіс, Обь, Енисей салалары. Монғолиядағы Қобда өзені де Алтайдан басталады. Алтай тауларының өзендерінде 70-тен астам сарқырама,3500-дей көл бар. 1000-нан астам мұздақтар бар. Орман Алтайдың 70%-ын алып жатыр. Жануарларынан қасқыр, көртышқан, сарышұнақ, қоңыр аю, марал, бұғы, елік, күдір, сілеусін, барыс, бұлғын, құндыз, тиін, қоян, түлкі, суыр, таутеке; құстардан ұлар, құр, шауқарға, тоқылдақ, шіл, кекілік, үкі, тырна, үйрек, т.б құстар бар.

тапсырма:

1.    Алтайдың табиғаты туралы жаз.

2.    Жануарларын жаз

3.    Кен аттарын жаз

4. Жоғарыда берілген тапсырмалар осы мәтін оқылғаннан кейін толықтырылып жазылады.

5. Әр топ жұмбақты, мақал-мәтелді, жаңылтпашты түсіндіреді.

Үйге тапсырма: өлеңге әуен тауып көру

Өлең бойынша сурет салып көр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Батырдың ұрпағы. А. Жақсыбаев.

Сабақтың мақсаты:

білімділік: туған жеріміздің өткенінің де, жер-су аттарының аталуының да өзіндік тарихы болғанын, яғни ата-баба өмірімен байланысты екенін түсінуге мүмкіндік жасау.

дамытушылық: өз бетімен және топта жұмыс жасауға дағдыландыру.

тәрбиелік: елді, жерді тану арқылы патриоттық сезімдерге тәрбиелену мүмкіндігін іске асыру.

Сабақтың көрнекілігі: мақал-мәтелдер жазылған плакат, Қазақстан картасы, қазіргі Павлодар облысының көрікті жерлері жайлы альбом-кітап.

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту.

«Ойды жинақтау» тапсырмасы.

тақтада әр жолдары ауыстырылып қойылған мақал-мәтелдер жазылған. Оқи отырып, сол мақалдарды мағынасы ашылатындай жинақтап жазып шығу керек.

Өз елімнің басы болмасам да,

Ел даусыз болмас,

Сайының тасы болайын.

Ел үмітін ел ақтар,

Жер жаусыз болмас.

Батырлардың бары игі.

Ер атағын ел сақтар.

Ел шетіне жау келсе.

Ел барда, ер қор болмас,

Болат қайнауда шынығады,

Ер барда, ел қор болмас.

Ер жігіт елі үшін туады,

Батыр майданда шынығады.

Елі үшін өледі.

Балалар бұл мақалдардың ортақ тақырыбын ашқаннан кейін, осы тақырыппен байланыстыра  отырып, мұғалім бүгінгі сабақтың тақырыбымен таныстырады. Оқушылар топтарға бөлініп отырғандықтан, әр топқа тапсырма беріледі:

1-топ. «... Осы ауылда...» деген жерге дейін мазмұнын түсініп оқу.

2-топ. «...Осы ауылда..» деген жерден бастап, «Содан былай халық бұл жерді «Қалмақ қырған» деп атап кеткен» деген сөйлемге дейін оқу.

3-топ. «Біздің ауыл жайлауға Шідерті өзеніне...» деген сөйлемнен бастап, «Сол  жеңістен кейін бұл жер «Шүршіт қырған»аталып кеткен » деген сөйлемге дейін оқу.

4-топ. «Әлкейдің Олжабай батыр туралы әңгімені ести бергісі келеді» деген сөйлемнен бастап, «.... Кейін Омбы музейіне бердік» деген сөйлемге дейін оқу.

5-топ. Қалғанын аяғына дейін түсініп оқу.

Оқушылар тапсырманы орындап болғаннан кейін бір-біріне сұрақ қояды. Егер сұрақ қоя алмаса, мұғалім сұрақ қоюды үйрету мақсатында өзі сұрақ қояды. Мысалы,

1-топқа: Әлкей деген бала туралы бұрын не оқып едіңдер?

Егер сен де белгілі батырдың ұрпағы болсаң қандай сезімде болар едің?

2-топқа: Егер сен «Қалмақ қырған» жеріне зерттеуші (археолог) болып бара қалсаң, сол жерден не іздер едің ? (қиялдау)

3-топқа: батыр Олжабай халыққа қандай ұран тастады?

4-топқа: сары ала ту, жылтыр қара тас, қайқы қылыш, жалпақ белдік туралы бір сөйлеммен не айтуға болар еді?

5-топқа: Олжабай Батырдың Шойынкөлдің атын өзгертуіне қалай қарайсыңдар?

3. Ойтолғау.

Берілетін тапсырмалар:

-      оқыған мәтін бөліктеріне ат қою;

-      түсінбеген сөздерді түртіп алу;

-      Сонымен, бүгін біз қандай батырлармен таныстық?

-      Олжабай батырдың бойындағы өздеріңе ұнаған жақсы қасиеттерін атап жазыңдыр.

 

ОЛЖАБАЙ

                             ержүрек

                                                                                               Отанын сүйеді

                                жауына              халқын       ақылды

                             меірімсіз              сыйлайды                                             

Мәтіндегі соңғы екі сөйлемді оқытып, мағынасын ашуға әрекет жасау, сол арқылы сабақ басындағы мақалдармен байланыстыра мәтін мамұнындағы идеяны шығару.

-      Балалар, батырлардың атымен аталатын қандай жер-су аттарын білесіңдер?

Немесе:

- Өздерің тұрған жерде қандай батырларға ескерткіштер қойылған?

Сабаққа қолданылуға арналған суретті альбом, портреттер баланың жерді тануына, бейнесі көз алдында қалуына көмегі тиеді. Ал картаны пайдалану аты аталған жерлер Қазақстанның қай аймағында екенін анықтауға, елді, жерді танып білуге қызмет етеді.

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Менің өмірім. Ж. Жабаев.

Сабақтың мақсаты:

білімділік:  бала Жамбылдың өнер адамы болып қалыптасыундағы өскен ортасының, ұлттық салт- дәстүрдің әсерін түсінуге жағдай туғызу.

дамытушылық: оқушыны қиялдап, шығармашылықпен жұмыс    жасай білуге баулу.

тәрбиелік: ақынның өмірлік мақсаты мен арманына жетудегі талпынысы мен табандылығын үлгі ету.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Араласып кеткен оқиғалар»,

Сабақтың көрнекілігі: Жамбыл ақын және Сүйінбай портреті.

Сабақтың барысы:

1. Қызығушылыөты ояту.

Оқушылардан бүгін естіген жағымды сөздерін еске түсіріп, оларды жазу.

2. Мағынаны тану.

Хатқалтада жаңа мәиін абзац бойынша төрт бөлікке бөлініпберілген. Оқушылар мәтінді оқып, мазмұны жүйелі болатындай етіп, әңгімені ретімен қойып орналастырып шығады.Топтағы жұмыстез, өнімді, сапалы болу үшін балалар бір-біріне көмектеседі, ақылдасады.

Мәтін бөліктері:

  Шу өзенінің бойымен жүгіре берсеңіз, Хан және Жамбыл деген екі тауға кез боласыз. Менің әкем Жапа бір кезде осы тауларды көшіп-қонып жүрген.

   Жамбыл тауының етегінде, қақаған қатты боранды күні мен туыппын.  Маған сол көне Жамбыл тауының есімі ат болып қойылыпты.

   Бұл – 1846 жылдың ақпан айы екен.

   Менің әкем Жапа шоқпыт шапанды көшпелі кедей болған.

   Туған жеріміз құлазыған кең, жазық дала еді. Сондықтан да мен балалық шағымда егісті де, бақты да, арықты да көрмедім.  Жазық кең дала менің Отаным болды.

    Мен киіз үйде өстім. Сол кездегі барлық қазақ балаларындай мені де көшкенде бесігіммен алып жүрді....

    Менің ағам, әкемнің інісі, белгілі домбырашы еді. Мен домбыра тыңдауға әуес едім. Он екі жасымда одан домбыраны үйрендім. домбыра қолыма тигенде, ... бүкіл жан жүйем елжірегендей болатын еді.

    Менің қой баққым келмеді. Домбыра тартып, ән салу мені қатты қызықтырды. Табиғат маған күшті де жуан дауыс берді. Мен далада ән шырқағанда, дауысым бүкіл даланы күңіренткендей сезінетін едім.

   Он төрт жасымда әкемнен қол үзіп, өзімше күн көруге мықтап бел байладым.

    Үй-үйді аралап, жарапазан айтатын болдым. Менің өлеңім жұртқа ұнап, маған сый-сияпат көрсете бастады.

    Он беске толғанда мен атақты ақын Сүйінбай тұратын ауылға келдім. Домбырамды ұстап, оның үйіне таяп келдім де, әндете бастадым. Өлеңіме риза болған Сүйінбай мені үйіне шақырып алып:

 - Сенің ақындық дарының бар екен, даусың да жақсы, ұнайсың, жігітім, - деді.

   Қарт ақынның тілегі бойынша мен көптеген әндерді құйқылжыта айтып бердім. Оның біреуін сол үйде отырып шығардым. Сүйінбайдың ақындық шеберлігіне бас иіп, оны аспан әлеміне, нұға бөлеп, таң  шапағына, жарық жұлдызға теңеп, өзімді ақынның інісімін деп атап, көмегін, қолдауын сұрадым. Ол уәде берді.

Бұл менің өмірімдегі ең бақытты минуттардың бірі еді.

Бұл жұмыста оқушы не істеді?

1)   Мәтін мазмұнын түсінді. Егер түсінбесе, оны жүйелі орналастыра алмас еді.

2)   Ақылдасып, жанындағыларды тыңдады, пікірлесті, дауласты, күдігін айтты.

3)   Барлық бала өз бетінше жұмыс жасады.

Оқушыларға сұрақтар қою:

- Жамбыл ақынның аты туралы не білдік?

- Жамбылды балалық шағында жақсы сөзімен адамгершілікке тәрбиелеген кімдер болады?

Бұл жерде Сүйінбай ақын туралы айтып кету керек.

Ақынның «Менің пірім – Сүйінбай, Сөз сөйлемен сыйынбай»- деген өлең жолдарынан оның өмір жолында нағыз ұстаз болғанын атап өту.

Осындай жұмыстар жүргізілгеннен кейін оқушылар оқулық бетін ашып, мәтін ретін қалай қойып шыққандарын тексереді және кездескен түсініксіз сөздермен жұмыс жасалады, мәтін мазмұны бойынша жоспар жазылады, үй тапсырмасы беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                    

Күні----------

Сабақтың тақырыбы: Бұқар жырау. Бөгенбай. Қабанбай. Наурызбай.

Сабақтың мақсаты:

білімділік: оқушыларды жоңғар шапқыншылығында ерлігімен көзге түскен қазақ батырларымен таныстыра отырып, олардың ерліктерін насихаттау.

дамытушылық: оқушылардың өз еліне туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.

тәрбиелік: оқушыларды отансүйгіштікке, патриоттық сезімге баулу.

Сабақтың әдәс-тәсілдері: әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: қазақ батырларының, қару-жарақтардың суреттері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа сабақ.

1. Батырлар туралы әңгіме жүргізу.

Батыр болып киелі,

Батыр болып бір кезде.

Батырлары баспапты,

Қарсыласқан дұшпанды.

Қайратымен жасқапты.

Батырлар ғой, батырлар!

Жауға қарсы шапқанда

Халқын оңға бастапты.

- Бұл өлеңде кімдер туралы айтылған?

- Қандай батырларды білесіңдер?

- Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлармен, олардың ерлік істерімен таныстыру.

2. Мақалды толтыру.

Ер қаруы ..... қару.

Қарудың аттарын атату ( қылыш, найза, садақ, шоқпар, қалқан, мылтық.)

Жұмбақтар шешу.

Қуыс қурайдың басынан,

Құтырған торғай ұшты.  (  мылтықтың оғы)

Қос құбыр,

Ауызына іліккен

Тез құрыр.   (мылтық).

3. Өлең мазмұнымен жұмыс.

- Өлеңдерді мәнерлеп оқу.

- Мазмұнын талдау.

- Оқушыларға тізбектей оқыту.

- Сөздік жұмысын жүргізу.

4. Сұрақтарға жауап беру.

- Батырдың бойында қандай қасиеттер болу керек?

- Сендер батыр болуға дайынсыңдар ма?

ІІІ. Сабақты бекіту.

Мақал-мәтелдер.

Ел барда, ер қор болмас,

Ер барда, ел қор болмас.

 

Ел үмітін ер ақтар,

Ер атағын ел сақтар.

 

Болат қайнауда шынығады,

Батыр майданда шынығады.

 

Ер жігіт елі үшін туады,

Елі үшін өледі.

 

Батырдың каһары – еліне қорған.

 

Үйге тапсырма. Өлеңдерді мәнерлеп оқып келу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күні---------------

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы. Қыс.

Сабақтың мақсаты: өлеңді оқу, мазмұнын түсіндіру, әңгімелету, ауызша сөйлеу дағдыларын жетілдіру. Абай Құнанбаев жайлы кеңірек таныстыру, сөздік қорын, тілін дамыту, табиғатты сүйетін және қорғауға деген жауапкершілікті сезінетін тұлға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Абай туралы бүктеме, табиғатты бейнелейтін суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Психологиялық дайындық

Оқушыларды сабаққа даярлау

Берілген тапсырмалар бойынша сұрау.

ІІІ. Жаңа сабақ

Бүгінгі сабақта «Қыс бейнесі» бөлімін бастайтынымызды айтып таныстыру. Сұраққа жауап алу.

- Жылда неше мезгіл бар?

- Төрт

Әр мезгілді атау және ерекшеліктеріне көңіл бөлу.

- Балалар, біз Абайдың «Қыс» туралы өлеңін оқимыз.

- Абай туралы не білеміз?

Оқушы ойын тыңдау.

 Абай – ұлы ақын, ағартушы, тәрбиеші, ойшыл, шешен, аудармашы, сазгер.

1. Абай ақын. Оқу білімге шақырған өлеңдері: «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр», «Әсемпаз болма әрнеге», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім».

2. Табиғат суретшісі. «Қансонарда», «Қыс», «Жаз», «Күз», «Жазғұтырым».

3. Аудармашы. «Шегіртке мен құмырсқа», «Қарға мен түлкі».

4. Сазгер. «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Сегіз аяқ», «Бойы бұлған», т.б.

5. Данышпан. «Қара сөздері»

Абайдың 500 –ге тарта өлеңдері, 45 қара сөзі т.б. шығармалары бар. Абайды бүкіл дүние жүзі біледі. Дүниежүзіне таратушы – МҰхтар Әуезов.

а) «Қыс» өлеңін оқу.

ә) Өлеңді балаларға оқыту.

б) Мәнерлеп оқу минутын өткізу.

в) Сөздік жұмыс

Алты қанат – киіз үйге байланысты

Долдану – ашу, ыза.

Шидем – қой жүнінен тоқылған сырт киім.

Ізденушілік әдіс

Абай суреттеген адам кейпіндегі қыстың суретін бейнелеген сөзді тауып дәптерге жазу.

Ақ киімді  денелі, ақ сақалды, үсті басы ақ қырау, түсі суық

Суреттерді салыстыра әңгімелеу арқылы табиғатты ақын – жазушылар тілмен, сөзбен суреттесе, қылқалам шеберлері бояумен көрсетеді.

Сабақты қорытындылау.

үй жұмысы: өлеңді жаттау

 

 

 

 

 

Күні------------------

Сабақтың тақырыбы: Не үшін? Қадыр Мырза Әли

Сабақтың мақсаты:

білімділік: ақын өлеңдегі тақырып пен идеяны ашуға мүмкіндік жасау; қазақ тілі пәнімен байланыстыру

дамытушылық: оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру, пікірлерін қолдау ниетін байқату, тақырыпты өмірмен байланыстыруға жағдай туғызу.

тәрбиелік: жақсы сөздерге мән бере отырып, баланы ұлттық дәстүрде тәрбиелеуге , әсемдікті  түсінуге жетелеу.

Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті, «Күміс қоңырау» тағы да басқа шығармалары.

Сабақтың барысы:

Тақтада тарау тақырыбын жазу.

Жақсы Ай мен Күндей, әлемге бірдей.

1. Қызығушылықты ояту.

Оқушыларды топтарға бөлу.

- Балалар, бүгінгі сабақта халқымыздың «Жақсы Ай мен Күндей, әлемге бірдей» деген аталы сөзіне кқңіл бөлеміз. Жақсы адам, жақсылық туралы тамаша сөздер сендердің алдарыңда жазулы жатыр.

(Әр топқа мақалдар берілген)

«Жақсының жақсылығын айт»

« Жақсы – ісімен жақсы»

«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

«Жақсыдан – шарапат, жаманнан - кесапат»

Әр топ алдарындағы мақалды оқып, түсінгендерін талқылап, бір оқушы сынып алдында қорғауға шығады. (ауызша) Әр топтың жұмысы қорғалғаннан кейін, тақтаға ілінеді.

Қазақ халқы жақсы адамды құрметтегендіктен, жақсыны үлгі тұтқандығын атап өту.

2. Мағынаны тану.

- Ал, балалар, ақын ағаларың Қадыр Мырза Әлидің «Не үшін?» деген өленінің жақсы мен жақсылыққа қандай қатысы бар екендігін оқып, танысып көрейік. Оқушыларға өлеңді іштей оқуға тапсыру.

Оқып болған соң, әр топқа   тапсырма беріледі.

1-топ. 1 шумақ бойынша жақсы адам сипатын жазу.

2-топ. 2 шумақ бойынша жақсы адам сипатын жазу.

3-топ. 3-шумақ бойынша жақсы адам бейнесін жазу.

4-топ. Өлеңдегі «Не үшін керек?» деген сұраққа жауап болатын тіркестерді көшіру.

3. Ойтолғау.

Бұл кезеңді былай ұйымдастыруға болады:

- Сонымен, балалар,  жақсы адамның бейнесін сомдап шығарамыз. Оның бойынан қандай қасиеттерді көргілерің келеді?

Тақтаға плакат ілу. Онда адам бейнесі салынуы мүмкін. Қызыл түсті маркермен балалардың сөздерін жазу.

 

 

 

 

Күні----------------------

Сабақтың тақырыбы: Аманат. С. Тұрдалиев.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: әңгімені оқытып, мәтін мазмұнын түсіну арқылы оның идеясын ашуға жағдай жасау.

Дамытушылық: оқушының сабаққа қызығушылығын арттыру арқылы өз бетімен оқу, жұмыс жасау дағдысының дамуына мүмкіндік беру.

Тәрбиелік: «аманат» ұғымының мәнін түсіндіре отырып, оқушылардың бойында жауапкершілік сезімін қалыптастыруға, кітап оқуға құштарлығын дамытуға жетелеу.

Сабақтың көрнекілігі және қажетті құралдар: тақта, бор, маркер, плакат, дәптер.

Сабақтың барысы:

1. Қызығушылықты ояту.

Тақтаға сабақтың тақырыбы, авторы жазылады.

- Балалар, сендер бұрын АМАНАТ деген сөзді естіп көрдіңдер ме?

Сөздік үшін: біреуге немесе сенімді қолға ең қымбат, аяулы затын, қасиет тұтқан нәрсенін тапсыруды аманат дейді.

- Мысалы, әнші шәкіртіне нені аманат етуі мүмкін?

- Ата баласына нені аманат етуі мүмкін?

-Ал мына әңгіме не туралы болуы мүмкін?

 Алдын ала мәтіннің мазмұны туралы болжауларын айтады.

Оқушылар топтарға немесе қатарларына қарай бөлініп, мәтінді іштей оқуға кіріседі.

1-қатар. Басынан бастап, «Әне!- деді томпақ Қуаныш...» деген жерге дейін оқиды.

2-қатар.   «- Ал енді,- деген Сабырға...» дегеннен « Әкем мен шешем түскі шайды алдарына алғалы жатыр екен»  деген сөйлемге дейін оқиды да, мазмұнын әңгімелеуге дайындалады. Оқушылар түсініксіз сөздерді теріп, түртіп алып, жазып отырады.

Әр топтан оқыған бөлімнің мазмұнын әңгімелеушілер шығады, оларға сұрақтар қойылуы мүмкін.

1-қатарға:

- Бұл қандай мезгіл еді? Кеме қандай суларда жүзе алады?

Ендеше бұл қандай су болуы мүмкін?

2- қатарға:

-Баржа деген не? Жазушы кеменің жүрісін қалай суреттеген? Сендер кемеге отырып көргендерің бар ма? Кеме ненің қуатымен жүреді? Кеменің қандай түрлерін білесіңдер?

3-қатарға:

-Балалар не істеді?

Балалардың тез, өнімді жұмысы қысқаша атап қтіледі.

- Дегенмен, әңгіме аяқтала қойған жоқ. Сендер сияқты олар да рақат демалыста жүр екен. Балалар үйге келгеннен кейін, үлкен мәселе туындайды. Бұл не болуы мүмкін? Кәне, болжап айтып көрейікші.

- Балалар, енді ары қарай  не болғанын білу үшін не істейміз? (оқимыз)

Оқушылар мәтінді аяғына дейін оқып бітіреді де, түсінгендерін білдірсе, «Мен сендердің көздеріңнен көріп тұрмын, өте тамаша түсіндіңдер» деп сенімді білдіру.

-Ауылда қандай той болған екен?

-Мұндай да той болатынын бұрын естіп пе едіңдер?

-Бұл бәріміз үшін жақсы жаңалық емес пе?

- Той иесі кім?

- Сонымен әңгіменің «Аманат» аталу себебін кім түсіндіріп берер екен?

- Дәлмырза қарттың өсиет-аманатын кім оқып береді?

Қорытынды. Үй жұмысы:                         Бағалау.

Күні-----------------

Сабақтың тақырыбы: Туған жердің тасы да танымал.

Сабақтың мақсаты:

білімділік: мәтіннің мазмұнын түсінуге, Қ.И.Сәтбаев туралы білімдерінің кеңеюіне жағдай жасау.

Дамытушылық: ой-қиялының, танымдық қабілеттерінің, байланыстырып сөйлеу қабілеттерінің дамуына ықпал ету.

Тәрбиелік: елін, жерін сүюге, еліне еңбек етуге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: карта.

Сабақтың өткізу әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, репродуктивті

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа сабақ.

1. Кіріспе әңгіме жүргізу. Суретпен жұмыс. Қ.И.Сәтбаев кім? Кестенің бірінші бөлігін толтыру.

Білемін

Білдім

 

 

 

 

 

 

2. Мәтіндегі түсініксіз сөздермен жұмыс істей отырып оқу.

3. Мәтін бойынша сұрақтар мен тапсырмаларды орындау:

а) Британ музейін қалай суреттеген?

Қосымша мәлімет:

Музей- Лондонда орналасқан әлемдегі ірі музейлердің бірі. 1753 жылы негізі қаланған. Ежелгі Мысыр, Месопотамия, Ежелгі Грекия  мен Көне Рим, Еуропа, Азия, Африка елдері мен халықтарының өнер және мәдениет ексерткіштері, гравюра, сурет, металл ақша, медальдардың бай қоры бар. 7 млн-нан астам кітап, 105 мыңдай қолжазба және ежелгі Мысыр папирустары сақтаулы.

ә) Гидпен пікірталасын тауып оқы, пікірталастың себебін түсіндір.

б) Сәтбаевқа келген хатта не туралы жазылды?

в) Қ.И. Сәтбаевтың туған жердің сұр тасы туралы ойын жазып ал.

4. Картадан аталған жерлерді, яғни Лондон мен Жезқазғанды көрсету.

Қосымша мәлімет:

Жезқазған- Қазақстандағы түсті металлургия орталығы. Жезқазғанның тарихы ұлы ғалым, академик Қ.И.Сәтбаевтың есімімен тығыз байланысты. Қалада Сәтбаевқа (1999ж.) ескерткіш орнатылған. Іргесі дүние жүзіндегі аса ірі Жезқазған мыс кенін игеруге байланысты 1907 жылы қаланған.

ІІІ. Сабақты бекіту.

1. Мақал-мәтелдерді жазып, мазмұнын мәтінге сәйкес түсіндіру.

2. «Білдім» деген жоғарыдағы кестенің екінші бөлігін толтыру.

ІV. Сабақты қорыту.

1. Мәтіннің бұлай аталуы неліктен?

2. Алматыда Қ. Сәтбаев  есімімен байланысты қандай көше, жоғары оқу орны, геологиялық ғылыми  орындар бар?

V. Үйге тапсырма.

Мәтінді оқып, мазмұнын айту.

 

 

 

 

Күні--------------

Сабақтың тақырыбы: Қарағанды

Сабақтың мақсаты:

білімділік: мәтінді түсіне отырып, Қарағанды туралы түсінік алуларына көмектесу.

Дамытушылық: танымдық, есте сақтау қабілетінің , ауызша және жазбаша сөйлеу тілінің дамуына ықпал ету.

тәрбиелік: елін, жерін сүю, тарихын білу.

Сабақтың көрнекілігі: карта, суреттер, топтамалар.

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту.

Топтастыру жасау:

Қарағанды – Сарыарқа, шахта, көмір, қала, өндіріс орны.

ІІ. Мағынаны ашу.

1. Мәтіннің бірінші бөлімі оқылады, бөлімінде не туралы айтылғандығы туралы талқыланады, жоғарыдағы топтастыруға толықтырулар енгізіледі.

2. Мәтіннің екінші бөлімі оқылып, талқыланады, топтастыру толықтырылады.

3. Мәтіннің үшінші бөлімі оқылып, талқыланады, топтастыру толықтырылады.

4. Мәтін бойынша келесі тапсырмалар орындалады.

а) Әр бөлімге ат қою

ә) көмір туралы айт

б) шахта туралы айт

в) Қазақстанның кен байлықтары туралы жаз.

г) «Қарағанды»  мәтінін оқы.

Қосымша мәлімет:

Қарағанды 1932 жылы құрылған. Ақмола, Павлодар, Семей, Жезқазған облыстарымен көршілес жатыр. Жер көлемі 117,9 мың шаршы шақырым. Қарағанды мен Алматының арасы- 1096 шақырым. Облыс минералды шикізат қорына аса бай. Бірінші орында – тас көмір. Қарағандыда республика бассейінінің тас көмірінің 30% -ы, ал кокс көмірінің 100%-ы орналасқан. Облыстың шығысында темір рудасының кен орындары бар. Облыс 9 ауданға, 6 қалаға, 15 қалалық ыңғайдағы поселкелерге бөлінген. Қысы суық, жазы ыстық. Үлкен өзені – Нұра өзені. Облыс экономикасы үшін Ертіс-Қарағанды каналының рөлі зор. Облыс қалалары Абай, Қарқаралы, Теміртау, Шахтинск.  облыс жерін – Павлодар – Қарағанды- Шымкент мұнай құбыры басып өтеді.

ІІІ. Ойтолғаныс.

ІV. Үйге тапсырма.

1. Қазақстанның өндіріс орныдары туралы сұрастырып немесе оқып келу.

2. Мақалды жаз, жұмбақты шеш.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күні-----------------

Сабақтың тақырыбы: Тоқсан жолдың торабы.

Сабақтың мақсаты:

білімдік: өлеңнің мазмұнын түсіне отырып, Қазақстан жеріндегі жолдар туралы түсінік алуларына көмектесу.

дамытушылық: танымдық, есте сақтау, өздік және топпен жұмыс істеу қабілеттерінің дамуына ықпал ету.

тәрбиелік: елін, жерін, мәдениетін сүю, ол туралы білу.

Сабақтың көрнекілігі: карта, ұшақ, пойыз, жеңіл машина суреттері.

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту.

Жұмбақтар шешу.

Құстан аумайды

көкте зулайды         (ұшақ)

 

Қатар жатқан қос білек

үстінен келер күш үдеп     (теміржол)

ІІ. мағынаны ашу

1. Өлеңді оқып, түсіну, талдау.

2. Өлеңде аталған өзендер туралы қосымша мәлімет.

Есіл-Ертіс өзенінің сол жақ саласы. Ұзындығы – 2450км. Петропавл қаласынан жоғары 270 шақырымға дейін созылып жатыр және Викулово сағасына  дейінг кеме жүзеді.

Жем, Ембі- Каспий        алабындағы өзен. Ақтөбе және Атырау облыстары жерімен ағып өтеді. ұзындығы – 712км. Тобыл – Қостанай облысындағы басты өзен.

Нұра – Қарағанды облысындағы басты өзен.

3. тоқсан жолдың торабы деген сөзді түсіндір.

4. Қазақстан теміржолы туралы айт.

5. Әуе жолы туралы мәлімет. Әуемен жолаушылар, пошта, жүк тасиды. «Эйр Қазақстан» әуе компаниясының ұшақтары 37 әуе жолы бағыттарында ұшады. Қазақстандағы ішкі және халықаралық әуе жолдарының жалпы ұзындығы 76320км шамасында (1999ж.)

ІІІ. Ойтолғаныс

1. Жол – әуе, су, жер

2. Жекек-жеке сипаттап айту

ІV . Үйге тапсырма

1. өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу.

2. Жолдар, өзен-көлдер туралы жұмбақ жина

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күні------------

 Сабақтың тақырыбы: Ырыс –Сыр (аңыз)

Сабақтың мақсаты:

білімдік: аңызды оқып, мазмұнын түсінуге, оның идеясын ашуға мүмкіндік беру.

дамытушылық: мәтін бойынша туған жер мен адам арасындағы байланысты ашу арқылы оқушының шығармашылық дағдысын дамыту.

тәрбиелік: жерді, елді сүю арқылы оның бағасын түсіну, азаттық пен еркіндік адамзат          баласының арманы екенін сезінуге жағдай туғызу.

сабақтың көрнекілігі және қолданылатын құралдар: Қазақстан картасы, тақта, плакат, бор, маркер.

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту.

- Ырыс деген не?

-Құт, береке, байлық.

-Осы ырыс қайда деп ойлайсыңдар?

ІІ. Мағынаны тану.

- Ырыстың қайда екенін білгілерің, «Ырыс-Сыр» атты аңызды оқыңдар. мәтін бойынша тапсырмаларды таңдау.

1. Мәтіндегі өз басының еркіндігі жоқ адамдар кімдер?

2. Жас ұрпаққа ақылшы бейнесіндегі кейіпкер кім?

3. ақылшы қарияның олар үшін ең маңызды сөзін тауып оқы.

4. ағайынды жігіттер өмір сүрген жерлермен карта бойынша жүріп өту.

5. Сөздік жұмыс

ІІІ. Ойтолғау

- Аңыздағы жағымсыз кейіпкерлер   қайсысы? олардың әділетсіздігінен қалай құтылу керек деп ойлайсыңдар?

«Ағыбай мен Арнабайды қинаған айдаһардан басқаларды құтқару жолын ойлап тап» деген тапсырма беру арқылы  ертегіні жалғастыруды иапсыру.

Мысалы: «ел қатарлы өмір сүріп, Ағыбай мен Арнабай да есейді. Бірақ оларды «қатыгез айдаһардан халықты қалай құтқару керек?» деген ой мазалай берді» деп бастап, «Айдаһармен айқас» немесе басқаша тақырыппен аңызды әрі қарай жалғастырып, аяқтау. Балалардың шешімінен   әртүрлі ойларды байқауға болады. Дегенмен міндетті түрде айдаһарды өһлтіру керек емес екенін есіңізге ұстаңыз да, баланың кез келген шешімімен келісіп, ойына құрметпен қарау.

Қорытынды

Үй жұмысы

Бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күні------------------

Сабақтың тақырыбы: Әбу Насыр әл-Фараби туралы аңыздар. Сағыныш сазы.

Сабақтың мақсаты: Әбу Насыр әл-фараби өмірімен таныстыру, олар туралы қосымша мағлұматтар беру.

Оқушылардың тіл байлығын, байланыстырп сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Халыққа еңбек етуге, адал болуға баулу.

сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: әл-Фараби портреті, нақыл сөздер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа сабақ

Әбу Насыр әл-Фараби Отырар қаласында 870 жылы өмірге келген. Ерте кезде арабтар Отырар қаласын Фараб деп атаған. Содан ұлы ұстаз Фараби аталып кеткен, әл-Фараби Отырарда алғаш рет қыпшақ тілінде білім алған. Ол парсы, араб, түркі тілдерін меңгерген. грекше, латынша білген.

Дүние жүзінің ғалымдары оның ғұламалығын ерекше бағалап, Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» деп атаған.

Мәтінмен жұмыс.

1. «Өнерлі жігіт», «Сағыныш сазы» мәтіндерін түсініп оқу.

2. мазмұны мен идеясын ашу.

3. сөздік жұмысын жүргізу.

4. Оқушыларға тізбектей оқыту.

- Әбу Насыр әл-Фараби қайда туып –өскен?

- Отырарды арабтар қалай атаған?

-мәтін мазмұнына сай мақал-мәтелдер айтқызу.

ІІІ. Сабақты бекіту.

Төменде берілген мақал-мәтелдерді пайдаланып, өзің тақырып таңдап, шағын шығарма жаз.

1. Ақылдан артық байлық жоқ.

2. Ақыл базарда сатылмайды.

3. Байлықтың кілті-ғылым.

ІV. Үйге тапсырма

1. Мәтіндерді түсініп оқып келу.

2. Фараби жайлы басқа да әңгімелер тауып оқып келу, қосымша мәлімет жинау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күні--------------

Сабақтың тақырыбы: «Алпамыс батыр» жырынан үзінді

Сабақтың мақсаты: ертедегі батырлардың ерлік істері, халық үшін күрескені жайында түсінік беру; батырлар жырының халық арасында қалай тарағаны туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру.

Ауызша және жазбаша сөйлеу тілін, ой-қиялын дамыту, өздік және топпен  жұмыс жасай білу дағдыларының дамуына ықпал     ету.

Батырлыққа, ерлікке, елін, жерін сүюге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: батырлардың портреттері, қару-жарақтар суреті.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, талдау, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныпта жақсы көңіл күй қалыптастыру.

ІІ. Жаңа сабақ

1. Кіріспе әңгіме.

- Батырлар жыры туралы естігенің  бар ма?

Ауыз әдебиетінің халыққа ең көп тараған түрі- батырлар жыры. Бұл жырды ерте кезде ақындар шығарса, жазу болмағандықтан айтқан адамның аты ұмытылып, ауызша тараған. Соңдықтан да ол ауыз әдебиетінің мұрасы саналады.

Жырдағы басты тақырып- ерлік, батырлық, тарихи оқиға. Батырлар жырында бейнелі сөз кестелері мол. Жырдағы көркем тәсіл—әсірелеу.

Мысалы «Қобыланды батыр» жырындағы Тайбұрылдың шабысын былай суреттейді. жырды оқыту.

1. Сөздік жұмыс

2. Сұрақтарға жауап беріледі.

3. жырды мәнерлеп, интонациямен оқыту.

4. Тайбұрылды сипаттап айт.

5. «Алпамыс батыр»  жырынан үзінді оқы.

6. Алпамыстың батырлығын жырға сүйеніп сипаттап айт.

7. Ертедегі батырлардың    қандай қаруыболғандығын айт, қазіргі қарумен    салыстыр.

ІV. Сабақты бекіту.

1. Ертедегі батырларды ата

2. Батырлар жырындағы ерлік, батырлық, ел қорғау тақырыптаыр неліктен басты тақырып болды?

3. батырлар жырында тұлпарлар бейнесі қалай суреттелген?

Сабақты қорыту.

Жырға сәйкес мақал-мәтел айту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күні-------------

Сабақтың тақырыбы: Енші үлесу. Тоқымқағар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: мәтін және өлеңнің тақырыбы мен идеяларын ұлттық салт-дәстүр ұғымдарымен байланыстыра талдауға мүмкіндік беру.

Дамытушылық: ой-қиялының, ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеу қабілетінің дамуына ықпал ету.

Тәрбиелік: баланың бойында ұлттық салт-дәстүр ұғымдарын сабаққа қызығушылығын арттыру арқылы сіңіруге ықпал ету, халық даналығын сезінуге, еңбекті сүюге, ата-анасына қамқорлық жасауға, қазақ халқынығ салт-дәстүрін білуге баулу.

Сабақтың көрнекілігі және қажетті құрал-жабдықтар: плакат, бор, маркер, тақта, т.б.

Сабақтың барысы:

1. Қызығушылықты ояту.

а) – Балалар, ертеде жекелеген немесе топталған адамдар өз өмірлеріне қауіп төнгеніне қарамастан, бір нәрсені іздеп, орман, теңіз, тау, тіпті батпақтардан өтіп, сапар шеккен. Олар кімдер және не іздеді екен? (әрине, қазына іздегендер) Ендеше, біз де бүгін осы жасырылған жұмбақ затты іздеп табуымыз керек. Ал оны табу үшін сендерге мына карта-жоба көмектесер деп ойлаймын. Оқушыларға карта-жоба ұсынылады. Әртүрлі белгілерді ұқсастыру арқылы балалар бұл сынып жобасы екенін аңғарады. Осы жобадағы қандай да бір бала мән берер-ау деген шартты белгі(қызыл нүкте, жұлдызша) арқылы жасырылған зат орнын атап айту керек. Оны тапқан бала затты алып келеді. Ол сандықша ма әлде цилиндр пішінді орам бола ма, оқушылардың көзінше ашылып, ішіндегі плакатқа жазылған жазу оқылады да, тақтаға ілінеді. Мұнда «Енші»  деген сөз жазылған екен.

2. Мағынаны тану.

Енші сөзіне мән бере отырып, оқушылар мәтінді мағынасын түсіне отырып іштей оқиды.

Тақтаға немесе плакатқа екі жоспар жазылады.

- Балалар, осы екі жоспардаң қайсысы сендерге ұнайды? Неліктен?

№1

1.Әке өсиеті.

2. Әке өсиетінің орындалуы.

№2

1. Әкесінің балаларына өсиеті.

2. Шешімі қиын дау.

3. Кісі ақылына сену.

4. Өкініш.

- Сонымен, еншіні кім береді және ол кімге беріледі екен?

- Еншіні бөлуде ағайындылар арасында дау шыққанына сенің көзқарасын қалай? Әлде, әке өсиеті дау болатындай дұрыс емес пе?

-Балалар неге түксіз қалды?

- Енші берілмесе өкпелеуге бола ма?

- Сен оларға қандай ақыл айтар едің? Бір сөйлеммен дауды шешу жолын жазып көр. Бұл жерде оқушылардың сан түрлі ойларын тыңдай отырып, адамгершілік жолымен үлкенді кіші сыйлау, дүниеден гөрі туыстық қымбат екнін білдіретін ойға әкелу, жақындату керектігі қорытындылануы абзал.

Мәтіндегі түсініксіз сөздерді түртіп алу. Мысалы: мирас, қоңсы, мал-мүлік.

- Халқымызда сан түрлі салт-дәстүрлер өте көп. Біз енді ақын Қадыр Мырза Әли  аталарыңның «Тоқымқағар» өлеңімен танысып көреміз.

- Тоқымқағар деген сөзді естіп көргендерің бар ма?

- Енші бөліп беру туралы әңгіме өз отбастарыңда болды ма?

Тоқымқағар түсініктемесін оқулықтан бір оқушыға оқыту.

- Тоқымқағар қандай ниетпен жасалады? (қуаныш, жақсылық, аманшылық тілеу)

Өлеңді оқу.

Өлең мазмұны бойынша баланың алғаш рет атқа отырғадағы қуанышы, күдігі, қорқынышы, мақтанышы, өзін-өзі ұстауы- барлық сезімдері қалай берілгенін талдай отырып, өмірмен байланыстыру. Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

3. Ойтолғау.

Яғни балаға өмірінде алғаш рет атқа, пойызға, ұшаққа, есекке, қайыққа отырғандағы сезімдері туралы және ата-анасының қуанышын сипаттау.

- Сонымен, қазақ халқы баласының өміріндегі әр жетістігіне қуанып, әртүрлі салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар ұстанады екен.

Лездеме. Бұл ауызша сұрақтар баланың салт-дәстүр мен әдет-ғұрып туралы түсінігін кеңейту үшін жүргізіледі.

1. Алғаш мектеп табалдырығын аттағанда қандай салт-дәстүр жасалады?

2. Кішкене баланың неге тұсауы кесіледі?

3. Жиенгі үшін нағашысы төлдің құлағына неліктен ен салып береді?

4. Төрге кімдер отырады?

5. Ас ішіліп болған соң, не айтылады...

Үйге тапсырма : қазіргі ата-аналар балаларына қандай енші беретіні туралы үлкендерден сұрап білу тапсыру.

 

 

 

                                                                                                      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күні----------------

Сабақтың  тақырыбы: Ұшқан ұя

Сабақтың мақсаты:

білімділік: батырдың балалық шағы немесе жалпы ол туралы не білетіндерін ескере отырып, мәтінді өз бетімен оқып, талдап шығуға мүмкіндік беру.

дамытушылық: оқушыға өздік жұмыс жасату арқылы оның оқулықпен жұмыс істеу мәдениетін көтеруге, проблемалық мәселелерді шешудегі іскерлігін арттыруға жағдай туғызу.

Тәрбиелік: отбасындағы қағидалар туралы ой қозғау арқылы мейірімділікке, қамқорлыққа, ұлттық дәстүрімізге бала көзқарасын қалыптастыруға, сана-сезімді биіктетуге ұмтылу әрекеттері.

Сабақтың көрнекілігі және қажетті құралдар: батырдың портреті, альбом, тақта, бор, маркер, плакат, жазушы туралы және батырдың өзінің кітаптарынан ұйымдастырылған көрме, топтау сызбасы.

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын тексеру.

1. Қызығушылықты ояту.

а) ... Иә, балалар, жақсы адамдар жанымызда жүргенде оның жақсылығы айтылмай, ол мүлде байқалмай да қалуы мүмкін. Мысалы, батырларды мақтан етеміз. Сендер қандай батырларды білесіңдер?

ә) Ал біз бүгін Кеңес Одағының батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабынан үзінді оқимыз.

Кесте сызу:

БІЛЕМІН

БІЛГІМ КЕЛЕДІ

НЕ ҮЙРЕНДІМ?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныпқа жалпы сұрақ қою.

- Батыр туралы не білеміз?

Кестенің бірінші бөлігі оқушылардың айтуы бойынша толтырылады.

- Бауыржан ата туралы тағы не білгілерің келеді? Осы сұрақ кезінде оқушылар балалық кезін білгіміз келеді деуі әбден мүмкін.

2. Мағынаны тану.

- Ендеше, біз бүгін батырдың балалық шағы туралы өзі жазған естелігін оқимыз.

Топқа бөлініп өте тиімді, себебі кейбір бала мәтіннің аз бөлігін меңгеру оңай екенін сезініп отырады. Себебі оқушылар өздік жұмыс жасау қабілетіне қарай топталып бөлінбейді де, кейбір баланың үлгеріміндегі ерекшелігін ескеріп, оларға салмақ түсірмеу жағы да қарастырылады. Оқушылар бір-бірін тыңдауға дағдыланады, ойша өзінің оқығанымен байланыстырады, түсінгенін жеткізіп әңгімелеуге тырысады.

Әр топ өздері оқыған әңгіме бөліміне ат қояды. Әңгіме бойынша жоспар пайда болады.

-Сонымен, бала Бауыржан кішкентай кезінде қандай болды?

Тақтада плакат ортасына Бауыржан сөзі жазыладыт да, оқушылардың жұмысы жинақталады. Әңгімедегі бала  Бауыржанның бейнесі шығады. Әңгімені талдау кезінде жеті атаны білу, үлкенді сыйлау, сөз тыңдау, ата дәстүрін құрметтеу, жыл қайыру сияқты ғұрыптарға мән беру қажет.

3. Ойтолғау.

Оқушылардың өздері де іштерінен «Мен жеті актамды білемін бе?» деген сауалға тап болады. Ал Отанын сүйген адам Қ. Мырза әли айтқандай қандай болушы еді? Ендеше, ата-баба өсиеттері мен мақал мәтелдеріне кезек беріп, оқулық бойынша жұмыс жасау ары қарай жалғасады.

Сабақтағы барлық жұмыстар аяқталысымен, кестенің соңғы бөлігі- «»Не үйрендім?

 бөлігі толтырылады.

Қорытынды. Үй жұмысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күні--------------

Сабақтың тақырыбы: Құмырсканың қанағаты

Сабақтың мақсаты: Ертегіні түсініп оқу арқылы мазмұнын өмірмен байланыстыра отырып, негізгі идеясын ашу.

Кейіпкердің іс-әрекетін дәлелдеуде өз көзқарасын көркем тілмен жеткізе алуға дағдыландыру; шығармашылық қабілетін жетілдіру, сабаққа белсенділігін арттыру. Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін пайдалана отырып, ауызбірлікке, ұйымшылдыққа, қанағатшыл болуға, жақсы қасиеттерді үйренуге тәрбиелеу.

Әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын,

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру

а) Оқушыларды түгелдеу

ә) Психолгиялық дайындық

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Сұрақ-жауап:

-Ертегіде кімдер туралы айтылады?

- Кедейге сипаттама бер.

- Бай қандай адам?

- Диірменші кімге, не үшін риза болып алтын балтасын ұсынады?

- Осы ертегі арқылы қай кейіпкердің бойындағы қасиетті өзіңе керек етер едің?

3. Жаңа сабақ

а) «Ойқозғау»  Жұмбақ шешу

Бір балуан өзі күшті, қайраты мол,

Өзінен үлкен затты көтерер ол.

Мейлі қыр, мейлі жота, мейлі төбе,

Қайқаңдап аса берер бәрінен ол.

Екі ұшы жұдырықтай

Ортасы қылдырықтай   (құмырсқа)

Қосымша мәлімет:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күні-----------

Сабақтың тақырыбы: Желтоқсан тағылымы. М. Шаханов

Сабақтың мақсаты:

білімдік: өлеңді мәнерлеп оқу; өлеңдегі ақынның айтайын деген ойын ашатындай, оны Отанымыз тарихының үлкен беттеріне алтын әріппен жазылған көтерілісті оқушы түсінетіндей жағдайға әкелу.

дамытушылық: ойын, қиялын, тілін дамыту.

тәрбиелік: отансүйгіштікке, өз елін, жерін қорғай білуге, каһармандыққа тәрбиелеу.

Сабақтың өткізудің әдіс-тәсілдері: ой қозғау, әңгімелесу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту.

Ой қозғау.

- Желтоқсан көтерілісі дегенде ойларыңа не түседі?

2. Мағынаны тану.

а) Мұхтар Шаханов жайлы әңгімелеу, суретін көрсету.

ә) Өлеңді мәнерлеп оқу. Талдау.

б) Жаңа сөздермен жұмыс

в) «Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқыннын», «Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы» деген жолдардың мағынасын түсіндіру.

г) Тәуелсіздік үшін өз өмірін қиған аға, әпкелер жайлы әңгімелеу. Суреттерін көрсету.

д) Оқушыларға мәнерлеп оқыту.

3. Сабақты қорытындылап, бекіту.

- Бүгінгі сабақтан не білдік?

4. Үйге тапсырма беру.

Өлеңнің өзіне ұнаған шумағын жаттап келу.

 

 

 

 

 

Күні------------

Сабақтың тақырыбы: Мейірім.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: мәтінді оқи отырып, оның идеясы мен мазмұнын ашу.

Дамытушылық: байланыстырп сөйлеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: әдептілікке, мейірімділікке, үлкенді құрметтеуге, кішіге ізет көрсетуге баулу.

Сабақтың өткізудің әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, дидактикалық материалдар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа сабақ.

Табаныма байладым,

Қос таяқпен айдадым.   (шаңғы)

-Қыс мезгілі бәрімізге де ұнайды. Қыста Алматы қаласының көшелері тым ерекше өзгереді.

- Қыс айындағы ең ерекше қай жерді білесіңдер? (Медеу мұзайдыны)

- Медеу мұзайдыны туралы мағлұмат беру.

Мәтінмен жұмыс

1. «Мейірім»  мәтінін түсініп оқу.

Мазмұнын түсіндіру.

«Мейірім» сөзінің мағынасын ашу.

МЕЙІРІМ

Кішіпейіл                         Ақкөңіл                            Қамқоршы                     Әдепті

2. Оқушылар рөлге бөліп, тізбектей оқиды

3. Сөздік жұмысын жүргізу.

4. Мәтінді бөліктерге бөліп, ат қою:

а) Қысқы табиғат

ә) Балалар ойыны

б) Нұржанның қылығы

в) Саматтың қамқорлығы

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1. Әңгімеде қыстың қандай күні суреттелген?

2. Балалар ойыны қайда өтіп жатыр?

3. Жол бойында  ойнауға бола ма?

4. Нұржан Саматты неге ойынға қоспады?

ІV. Сабақты қорыту.

Самат пен Нұржанды салыстыра отырып, мінездеме беру.

- Сендерге қай кейіпкер ұнады, несімен ұнады?

 V. Үйге тапсырма беру.

«Мейірім » мәтінін түсініп оқып, мазмұнын айту.

 

 

 

Күні--------------

Сабақтың тақырыбы: Аязата.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: оқушылардың қыс мезгілі, жаңа жыл мерекесі туралы түсінігін кеңейту.

Дамытушылық: сөздік қорларын, тіл байлығын  дамыту; мәнерлеп оқуға машықтандыру.

Тәрбиелік: адамгершілікке, табиғатты аялай білуге баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: қыс бейнесінің суреті, дидактикалық материалдар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық тренинг.

ІІ. Жаңа сабақ

- Қыс мезгілінде қандай мерекелер бар?

- Жаңа жыл мерекесі бар.

-  Жаңа жыл мерекесіне балалар кімдерді шақырады?

-Аяз ата мен Ақшақарды шақырады.

- Аяз ата қайдан келеді?

- Аяз ата суық жақтан бізге базарлығын алып келеді.

Оқулықпен жұмыс

1) Өлеңді мәнерлеп оқыту

2) Мазмұнын ашу

3) Сөздік жұмысын жүргізу

4) Жаңылтпашты жатқа айтқызу

Қар тайғанақтатар,

Тайғанамақтау үшін

Ақ тағалатар.

 

Ақ мақта ақ қардан аппақ па?

Ақ қар ақ мақтадан аппақ па?

ІІІ. Сабақты бекіту.

- Аязата жайлы не айтар едің?

-Мерекенің қызықты өтуіне Аязата қалай қызмет етеді?

- Жаңа жылда қандай әндер орындалады?

«Жасыл шырша жанында» әні орындалады.

Жаңа жыл туралы сурет салдыру.

ІV. Үйге тапсырма.

Өлеңді мәнерлеп оқу.

Аязата туралы өлеңдер жаттап келу.

 

 

 

 

 

 

 

 

Күні---------------

Сабақтың тақырыбы: Оқымысты бала

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: шығарма мазмұнын танысуға, оқу- білімінің қажеттігін түсінуге, пікірталас тудыруға, бала бейнесін сомдауға мүмкіндік беру.

Дамытушылық: мәтін мазмұны арқылы идеясын ашуға және белгісіз жағдайларды шешуге жағдай жасау.

Тәрбиелік: рухани юайлықтың маңызын,

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ жоспары "Алғашқы ұстаз""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор детского оздоровительного лагеря

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 015 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.04.2016 13552
    • DOCX 91.7 кбайт
    • 143 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кабдылуахитова Алия Нуртасовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 28559
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Инклюзивное образование в начальной школе

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 159 человек

Курс повышения квалификации

Дислексия, дисграфия, дискалькулия у младших школьников: нейропсихологическая диагностика и коррекция

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1179 человек из 82 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 576 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по физической культуре у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 176 человек

Мини-курс

Психологические механизмы и стратегии: сохранения психологического равновесия

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Основы работы в After Effects

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Разнообразные методы и формы обучения в высшем образовании

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе