Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыСабақ жоспары қазақ әдебиеті "Үздік әдебиетші" (5 сынып)

Сабақ жоспары қазақ әдебиеті "Үздік әдебиетші" (5 сынып)

Скачать материал

Алматы облысы

Райымбек ауданы

Шалкөде орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Нусипова Мадира

Сыныбы: 5-сынып

Пәні: қазақ тілі мен әдебиеті (зияткерлік ойын түріндегі сыныптан тыс сайыс сабақ)

Тақырыбы: Үздік әдебиетші

Мақсаты:

 -Оқушылардың  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен өтілген материалдарды  меңгергенін тексере отырып, білім-білік дағдыларын қалыптастыру, танымдық ізденістерін, ой алғырлығын жетілдіру.

 

Сабақ түрі: сыныптан тыс сайыс сабақ

Көрнекілік: қанатты сөздер, мақал- мәтелдер, интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру.

- Сыныптан әдебиетке бейім  6 оқушы іріктелініп алынады;

- Ол оқушылар таныстырылады;

- Оқушыларға сабақ шарты таныстырылады.

1-кезең- Бәйге.

2-кезең- Көкпар.

3-кезең- Тіл-өнер.

4-кезең- 9 жұмбақ.

5-кезең- «Өлең – сөздің патшасы...»

Негізгі бөлім.

1-кезең- Бәйге.

Бәйгеге шауып бүгін мен,

Білімімді көрсетем.

Интерактивті тақтада көрсетілген сұраққа алдындағы тетікті басу арқылы жылдам жауап беру қажет. Бір дұрыс жауап бір ұпай.

Бәйгенің сұрақтары:

1. Қазіргі кезде дүние жүзінде шамамен неше тіл бар? (шамамен 5651)

2. Әдеби тілдің неше формасы бар? (ауызша және жазбаша)

3. Сөздің тура мағынасы деген не? (Сөздің затты я құбылысты атап білдіретін мағынасы)

4. Сөздің көп мағыналылығы деген не? (Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуы)

5. Омонимдер дегеніміз не? (Омонимдер біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ мағынасы басқа-басқа сөздердің тобын білдіреді)

6. Синонимдер дегеніміз не? (Мағыналары бір-біріне жақын, бірақ әр түрлі дыбысталып айтылатын сөздер тобы)

7. Ауыз әдебиеті дегеніміз не? (Халықтың ауызша шығарған шығармасы)

8. Тұрмыс-салт жырларын ата. (Бесік жыры, тұсаукесер жыры, жар-жар, тойбастар, беташар, бата-тілек, жоқтау,т.б.)

9. Әдебиетті «асыл сөз» деп атаған кім?  (Ахмет Байтұрсынұлы)

10.Мақал мен мәтелдің айырмашылығы қандай? (Мақалда ой тиянақты болады. Мақалдың танымдық та, тәрбиелік мәні зор. Мәтелде көбінесе айтылатын ойдың ұшығы, тұспалы ғана болады)

11. Ертегінің қандай түрлері бар? (Хайуанаттар туралы, қиял-ғажайып, шыншыл ертегілер)

12. Аңыз әңгіме дегеніміз не? (Тарихта болған адамдардың айтқан сөздері, істеген игі әрекеттері біреуден- біреуге  айтыла-айтыла аңызға айналып кеткен)

2-кезең- Көкпар.

Ұяшықтағы суреттер бойынша мақал- мәтел құрастырып айту.

3-кезең- Тіл-өнер.

«Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл».

Бұл кезеңде мақалдың ішінде бір сөз жасырылады, сол сөзді ағылшын, орыс тілдеріне аудару.

1. Бірлікті ел бұзылмас.

Ел: орысша-страна,

Ағылшынша- country

2. Ашу- дұшпан, ақыл- дос.

Ақыл: орысша-ума,

Ағылшынша- cleverness

3. Хан- қарақшы, халық- сарапшы.

Халық: орысша-народ,

Ағылшынша- people.

4. Татулық- табылмас бақыт.

Бақыт: орысша-счастье,

Ағылшынша- happiness.

5. Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір.

Білім: орысша- знание,

Ағылшынша- kholedge.

6. Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез.

Сөз: орысша-слова,

Ағылшынша- word.

4-кезең- 9 жұмбақ.

1. Сол жақтағы 30.

Халық ауыз әдебиеті түрлерін ата.

(Тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер, батырлар жырлары, ғашықтық жырлар, айтыс өлеңдер, аңыз әңгімелер).

2. Ортадағы 30.

Қой сүйеді баласын қоңырым деп,

Ештеңені білмеген момыным деп... Өлеңді ары қарай жалғастыр.

(Сиыр сүйеді баласын торпағым деп,

Қараңғыға баспаған қорқағым деп...).

3. Оң жақтағы 30.

Еңбек туралы мақал- мәтел айт.

(Еңбек түбі-береке.

Еңбектің наны тәтті, Жалқаудың жаны тәтті.)

4. Сол жақтағы 40.

«Ер Төстік» ертегісі қандай ертегіге жатады?

(Қиял-ғажайып ертегі)

5. Ортадағы 40.

«Аяз би» ертегісінің кейіпкерлерін ата.

(Жаман, Хан, қырық уәзір, Меңді сұлу,т.б.)

6. Оң жақтағы 40.

«Наурыз батасын» жатқа айт.

7. Сол жақтағы 50.

Төрт түлік иелерін ата.

(Түйе иесі- Ойсылқара, Жылқы иесі- Қамбарата, Сиыр иесі- Зеңгі баба, Қой иесі- Шопаната, Ешкі иесі- Шекшеката).

8. Ортадағы 50.

«Тұсаукесер» жырын айт.

9. Оң жақтағы 50.

«Ақсақ құлан, Жошы хан» әңгімесінің  мазмұнын айт.

5-кезең- «Өлең – сөздің патшасы...»

Сөз тіркестерін қатыстырып, екі шумақ өлең құрастыру.

Туған жер, өзен-көл, қымбатсың сен, сүйем сені.

Қорытындылау.

Ұпайы көп оқушы «Үздік әдебиетші» атанады.

Оқушылар, сендерге артар міндет көп,

Көтеріңдер мектептің атын құрметтеп.

Білімнің көзің аша білсең тереңнен,

Жетелейді армандарға бұл мектеп.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ жоспары қазақ әдебиеті "Үздік әдебиетші" (5 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Бренд-менеджер

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 666 054 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.02.2016 1089
    • DOCX 17.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нусипова Мадира Касымжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нусипова Мадира Касымжановна
    Нусипова Мадира Касымжановна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19279
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 746 человек из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 7 017 человек

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 403 человека из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 549 человек

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 147 человек

Мини-курс

Тревожные расстройства: диагностика и причины

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Развитие дошкольного мышления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Профессиональное развитие бизнеса: стратегии и инструменты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе