Инфоурок Начальные классы ПрезентацииСабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан

Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан

Скачать материал

 Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы

М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясының

 бастауыш сынып мұғалімі

Жақайқызы Сауле

Cабақтың тақырыбы:  Менің Отаным Қазақстан

Сабақтың мақсаты: Балалардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін

                                   кеңейту. Отанды    сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған  

                                    еліне деген сүйіспеншілігін   арттыру. Оқушыларды елін, жерін

                                   сүюге, байлығын қорғауға, өз елінің   патриоты болуға тәрбиелеу. 

Сабақтың көрнекілігі: әріптер, Елбасының, қазақ ғарышкерлерінің суреттері ,слайд, карта.

Түрі: сайыс        
Әдісі: топтық жұмыс, сұрақ - жауап, 

Сабақтың жүрісі:

Балалардың көңілін өзіме аудару, амандасу.

-   Балалар, барлығымыз үнтаспаға көңіл аударайықшы.

                      М.Мақатаевтің «Отан» өлеңін тыңдау.

- Өлең не туралы?

- Отан туралы

- Балалар «Отан»- деген сөздің мағынасы қалай түсінесіңдер?

«Қазақ тілі сөздігінде» былай анықталған: І.туған ел, өскен жер; 2.үй-іші, отбасы, Отан дегеніміз - адамның туып өскен жері, туған - туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені.

- Дұрыс айтасыңдар , балалар. Біздің Отанымыз қалай аталады?

-Қазақстан

- Естеріңде ме , балалар? Ең алғаш сабаққа келген күндерің, Елбасымыздан қандай сыйлық алған едік?

- Дұрыс , Елбасы бізге неліктен сол кітапты сыйға тартты деп ойлайсыңдар?

- Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбыда «Менің Отаным Қазақстан» деп аталады?

- Қазақстан егеменді ел, тәуелсіз мемлекет. Біздің Отанымыз-ҚР-ның жері өте кең. Қазақстан бес мемлекетпен шекаралас, соның ішінде әлемдегі құрлықтағы ең ұзақ шекара солтүстігінде Ресеймен , Оңтүстігінде — Түрікменстан , Өзбекстан  және Қырғызстан, ал шығысында — Қытаймен  шектеседі. Батыста Каспий теңізімен, оңтүстік батыста Арал теңізімен шайылады[6]. Қазақстан Республикасы 14 облыс бар. Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Олар қазақ, орыс, кәріс ,неміс, еврей, шешен және т.б 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздік туралы Конституциялық заңы қабылдандып, қазақ халқы егемендік алды. 1991жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды. Биыл тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толып отыр.

Тәуелсіздік туралы айту.

-          Олай болса, балалар  экраннан «Тәуелсіздік шежіресі» бейнебаяннын көрейік.

-          Олай болса, балалар, біз Отанымыз туралы білетін мәліметтерімізді ортаға салайық.

-          Балалар , экранға қарайық. Үш түсті көріп тұрмыз . Әр топ өздеріне бір түсті таңдайды. Сол түстің артында еліміздің рәміздері бар. Сол рәміздерге түсінік береміз.

Келесі кезеңімізге өтейік. Бұл кезеңде «Менің елімнің тұлғалары» деп аталады?  Әр топ өздері фигураларды таңдайды. Сол фигураның артында еліміздің белгілі тарихи тұлғалары бар. Сол тұлғаның суретін тақтадан тауып көрсету.

-           Берілген әріптерден еліміздің ғарышкерлерінің аты шығады. Әр топ өздері құраған адамның суретін тақтадан көрсетіп, аттарын ретімен орналастыру.

Тоқтар, Талғат, Айдын.

-          Келесі кезең картамен жұмыс. Экраннан үш санның біреуін таңдаңыздар. Сол сандағы тапсырманы орындайсыздар.

1.Өзің тұрған жерді көрсет

2.Қазақстан Республикасын картадан тауып көрсет.\

3.Картадан Астана қаласының орналасқан жерін көрсет.

Келесі кезең: Сөз құра, тез ойла.

-          Балалар, Отан туралы мақал-мәтел білетін болармыз. Ендеше мақал-мәтелдер айтайық.

-          Қазақстан қандай Республика? (Тәуелсіз мемлекет)

-          – Еліміздің бас қаласы ата. (Астана)\

-          Еліміздің мемлекеттік тілі қалай аталады?

-          Қазақ елінде қандай ұлт өкілдері тұрады?

-          Балалар, Еліміздің тәуелсіздік алғанына неше жыл болған?(25 жыл)

-          Тұңғыш Президент күнін қашан тойлаймыз? (1 желтоқсан)

-          Тәуелсіздік күнін қашан атап өтеміз? (16 желтоқсан)

-          Ендеше еліміздің осындай мерекесінде өз Отанымызға әр топ бір-бір тілек тілесін.

  «Екі жұлдыз, бір тілек» сабақтың ұнаған жерін айту және тілек айту.

-          Ендеше бүгінгі сынып сағатымызды Алламберген Қонарбаевтің «Тәуелсіздік таңы» атты  өлеңмен аяқтаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-          Сабақтың тақырыбы            Мемлекеттік рәміздер –ұлт мақтанышы

Мақсаты:

Білімділік:   Оқушылардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін

кеңейту, Қазақстан Республикасының рәміздері  туралы

түсініктерін қалыптастыру;

Дамытушыл ық:          Ой — өрісін, танымдық қабілетін, жеке дара тұлға

ретінде дамыту;

Тәрбиелік:      Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал

қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын

қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Түрі:         Сайыс сабақ

Әдісі:        Сұрақ — жауап, түсіндіру, әңгіме, талдау — жинақтау

Көрнекілігі:    Слайдтар, ҚР Рәміздерінің авторларының портреттері

Пәнаралық байланыс:         Қазақ тілі, дүниетану

Күтілетін болжам:     Еліміздің мемлекеттік рәміздері  туралы қосымша мәліметтер алады, түсініктері кеңейеді.

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сабаққа психологиялық дайындық жүргізу.

Қазақстан туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі.
Әнұранымен айбатты.
Әнұран орындалады.

 

ІІ. Мақсат қою кезеңі:

Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау, оқушыларды 2 топқа бөлу.

1 — топ:              Көк аспан

2 — топ:              Алтын күн

ІІІ. Жаңа сабақ:

1.      Біздің мемлекетіміз қалай аталады?

2.      Қандай елміз? Неше елмен көршілеспіз?

3.      Мемлекеттік тіліміз қай тіл? Қай тілде сөйлейміз?

 

«Кім жылдам» ойынын  ойнаймыз. Отан туралы қай топ көп мақал-мәтелдер біледі?

1 — топ:   Көк аспан,

2 — топ:  Алтын күн  Мен мақалдың басын айтамын, сендер жалғастырасыңдар.

 

20.  Отан- елдің анасы, (Ел- ердің анасы)

21.  Туған жердей жер болмас, ( Туған елдей ел болмас).

22.  Отанды сүю- (отбасынан басталады)

23.  Отан оттан да (ыстық)

24.  Отансыз адам- ( ормансыз бұлбұл)

25.  Отан үшін күрес ( Ерге тиген үлес)

26.  Ел іші- (алтын бесік)

27.  Тіл- тәуелсіздік (тірегі)

 

4.      Қазақстан елінің рәміздері жайлы балалардың білетінін пысықтау..

ҚР Конституциясы 1995 жылы 30-тамызда референдумда қабылданды.               9-бөлім, 98-баптан тұрады.

Кейбір баптарды атасақ:

29-бап. Қ.Р-ның азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.

30- бап. Тегін орта білім алуына кепілдік береді.

9-бабында ҚР мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы, Әнұран конституциялық заңмен бекітілген.                                                                                                         34-бапта әркім республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті екені айтылады.

Баян:

Рәміздерім — елдігімнің белгісі,

Білу керек бала дағы  ең кіші.

Ән ұран, көгілдір Ту, Елтаңба,

Рәміздерді жатқа білсін әр кісі.

 

а/ Бұрынғы заманда Ту әскердің киесі саналғандықтан, шайқас кезінде оны ұстау ең батыр адамдарға тапсырылған. Ту желбіреп тұрса әскер жеңіске жетеді, ол құласа жеңіледі деген ырым болған. Мысалы, Абылай хан заманында Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек, т. б. әйгілі батырлардың өз Туы болды.

— Мемлекеттік Тудың авторы кім?

1— оқушы  Шәкен Ниязбеков- ҚР Мемлекеттік Туының авторы

Ту

Күнді құшқан қос қыран,

Аясында қалқыған.

Аспан түсті туым бар,

Көк теңіздей шалқыған.

-Тудың бейнесін сипатта?

Мемлекеттік Ту – 1992 жылы 4-маусымда қабылданды. Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген. Ту ортасындағы шұғылалы күн халқымызға нұр болып шапағатын шашып тұр. Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтеріп, ұшып бара жатқан қыран құс – ерліктің белгісі.

Яндекс.Директ

http://avatars-fast.yandex.net/get-direct/DtH2DmG2i9UfBBr-YXkKiA/x90Олим­пиады для педа­гогов (блиц)Результат сразу! Олимпиады для педа­гогов и детей. ФГОС (2016). Участвуй!talantikus.ruАдрес и телефон

Объявление скрыто.

Мемлекеттік елтаңбаның  авторы кімдер?

2— оқушы  Жандарбек Мәлібекұлы,  Шота Уалиханов

Біздің  Елтаңба — әлемде сирек кездесетін Елтаңба.

Шаңырақ: Отан отбасынан басталады, ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынада. Ал, уықтар: үлкен үйдің уықтары ел- жұртқа бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді. Ақ мүйізді алтын қанатты, қос пырақ: арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын білдіреді. Бес бұрышты жұлдыз: «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр.

Елтаңба

Өр қанатты сұңқардың

Қанатымен шырқар кім?

Қазақстан – Отаным,

Әлем білген атағын.

Жарқыраған әр таңда

Мемлекеттік Елтаңба.

 

Мемлекеттік әнұранның авторы кімдер?

3- оқушы:   Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов

Сөзін жазғандар   Нұрсұлтан Назарбаев,  Жұмекен Нәжімеденов.

Мемлекеттік Әнұран – еліміздің музыкалық  эмблемасы

Жеңістерге қолбасыдай,

Ерліктердің жолдасындай.

Еліміздің әнұраны,

Жүректерде жаңғырады.

Жаршысындай даңқымыздың ,

Жан серігі халқымыздың.

 

Қазір 1 – топқа, 2 – топқа сұрақтар қоямын, тез әрі дұрыс жауап берген топтар жеңімпаз атанады. Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады

– ҚР тәуелсіз мемлекет пе?

– Еліміздің бас қаласы

– ҚР президенті

– ҚР туының авторы

– ҚР елтаңбасының авторлары Жандарбек Мәлібекұлы.

– Әнұранымыздың авторлары Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов

Сөзін жазғандар   Нұрсұлтан Назарбаев,  Жұмекен Нәжімеденов.

– Еліміздің көрікті жерлері

– Отан туралы өлең

– Отан туралы мақал-мәтел

—  ҚР  мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы, Әнұран конституциялық заңмен бекітілген.  Нешінші бабында?     9бап                                                                                                       —  Әркім  республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті екені айтылады.      Нешінші бапта?     34 бап

 

Топтар  ұпай сандарына байланысты мадақталады.

 

                              Постермен жұмыс                                                                                                  1 — топ: Көк аспан  «Қазақ елі – 2050 жылы қандай болады деп ойлайсың?»

2 — топ: Алтын күн  «Егер сен президент болсаң, еліңнің дамуына қандай үлес

қосар едің?»

Ойтолғау:

·         Оқушылар, енді біздер «Көк аспан»  мен «Алтын күн» тобымыздың белгілерін біріктірсек  қандай мемлекеттік рәміз пайда болмақ?

·         Оқушылар мемлекеттік туды құрастырады

·         Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының біркелкі көгілдір түсі бірігу идеясын білдірумен қатар, әрқашанда бейбітшіліктің, тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі саналатын бұлтсыз ашық аспанды еске салады.

 

Мұғалім:

·         Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бүкіл халқымызды жұмылдырып, рухтандырып тұрады.

Мерейлі қазақ елінің Елбасы ел-жұртын жұдырықтай жүрегіне сыйғызып, қыран қанатының астына алып, барша жұрттың теңдігін, татулық пен тыныштықты сақтауды мақсат етіп, бүгінгі қазақ елін осы дәрежеге жеткізді

Елімізде мәңгі  тыныштық, бейбітшілік болсын!- деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Тәрбие сағатымызды қорытындылай келіп,  ант қабылданады.

«Біз Қазақстан Республикасының азаматы  Отаным Қазақстанның дүние жүзінде алдыңғы қатарлы,әділетті, өркениетті ел болуы үшін сапалы білім аламыз, мәдениетті адам боламыз. Туған халқымыздың ата-дәстүрін жалғастырамыз. Мемлекетімнің Президентін құрметтейміз. Конституциясымен заңдарын бұлжытпай орындаймыз, Елімнің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын сыйлап қастерлейміз.»

 

 

 

 

Ата-аналар ертең мына сұрақтарды балалардың есіне салып жіберіңіздер жаттатып. Екі-үш рет айтсаңыз есінде қалады.

 

-         Қазақстан қандай Республика? (Тәуелсіз мемлекет)

-         – Еліміздің бас қаласы ата. (Астана)

-         – ҚР президенті кім? (Нұрсұлтан Назарбаев)

-         – ҚР туының авторын білесің бе? (Шәкен Ниязбеков)

-         – ҚР елтаңбасының авторлары (Жандарбек Мәлібекұлы.)

-         – Әнұранымыздың авторлары (Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов, сөзін         жазғандар   Нұрсұлтан Назарбаев,  Жұмекен Нәжімеденов)

-         Балалар, Еліміздің тәуелсіздік алғанына неше жыл болған?(25 жыл)

-         Тұңғыш Президент күнін қашан тойлаймыз? (1 желтоқсан)

-         Тәуелсіздік күнін қашан атап өтеміз? (16 желтоқсан)

 

Ертең ашық тәрбие сағаты болады. Соған балаларыңызды мектеп формасымен киіндіріп жіберіңздер. Қыздарға туфлилерін беріп жіберіңіз.

Ақ бантик, сыртына ақ колготкиін кигізіп жіберіңіздер.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ученый секретарь

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 355 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.12.2016 1227
    • DOCX 46.7 кбайт
    • 10 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жакайкызы Сауле -. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жакайкызы Сауле -
    Жакайкызы Сауле -
    • На сайте: 9 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 4
    • Всего просмотров: 84854
    • Всего материалов: 43

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 63 человека из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 353 человека

Курс повышения квалификации

Возрастные особенности детей младшего школьного возраста

36 ч.

1700 руб. 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 128 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 2 092 человека

Курс профессиональной переподготовки

Подготовка детей к школьному обучению в условиях вариативного дошкольного образования и реализации ФГОС НОО

Учитель по подготовке к школе (педагог)

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 316 человек из 61 региона
  • Этот курс уже прошли 615 человек

Мини-курс

Конкурентная разведка и маркетинговые исследования

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фитнес: теория и практика

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Стратегии брендинга и лояльности потребителей: изучение современных тенденций и подходов

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе