Инфоурок Начальные классы КонспектыСауат ашу "Қош бол, Әліппем" (1 сынып)

Сауат ашу "Қош бол, Әліппем" (1 сынып)

Скачать материал

Тақырыбы: «Қош бол, Әліппем!»

Мақсаты: 1) оқушылардың алған  білімдерін   «Әліппемен  қоштасу» кешінде бекіту;

2)  өз  ата-аналарға, ұстаздарға  білімдерін  көрсету;

3)  адамгершілікке , ұқыптылыққа,ертеңгілік  барысында  өздерін  дұрыс ұстай  білуге баулу.

Көрнекілігі:  оқу, білім жайлы ұлағатты  сөздер, шарлар  

Кіріспе сөз:

Құрметті ата-аналар, ұстаздар , оқушылар!  Осыдан төрт ай бұрын мектеп табалдырығын аттаған кішкентай бүлдіршіндер 42 әріпті меңгеріп, Енді міне сүйікті  Әліппесімен қоштасқалы отыр. Бүгінгі той –сіздер  мен  біздер үшін ортақ салтанатты  мереке.

Қош келдіңіздер, дей отырып , «Қош бол, Әліппем!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Бала деген шіркін -ай балдай екен ,

Тәттілігі жал  мен жаядай екен .

Арып – ашып даладан келгеніңде ,

Бал иісін тарттырып алдайды екен!- деп  Кенен Әзірбаев  айтқандай келесі кезекті оқушыларға берейік.

Шашу, шашу, шашайық

Ақ сандықты ашайық

Бұл мереке, бұл тойдың

Бастандығын жасайық

1-жүргізуші :Қайырлы  күн, уа халайық?

2-жүргізуші: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,

                    Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

                    Құшақ жая  қарсы алайық сіздерді,

                    Би биленіп, әнде бүгін шырқалар.

3-жүргізуші : Қош келдіңіздер, ақ жаулықты аналар

                      Жүздеріңнен  мейірім нұр тамар

                        Алдарыңызда жауқазындай құлындар.

                         Біз алаңсыз балғын шақты балалар

 

Ән: «Балдырған»

 

4-жүргізуші:-Достар! Осы мен  әліппемен қоштасуды жөн көрмей тұрмын.

5-жүргізуші : -Ой, не болды? Неге олай дейсің?

6-жүргізуші. Ал  мен  жылағым келіп тұр

7-жүргізуші: -О,несі ,неге  жылағың келіп тұр?

8-жүргізуші: Менің де  жылағым келіп тұр. Айтпаймыз  өздерің тауып алыңдар.

      Мұғалім:   Дауласпаңдар балалар! Мен сендерден  бұрын біліп тұрмын.Себебі сендер 4 ай бойы оқыған білім атасы  «Әліппемен » қоштасқыларың  келмей   тұрсыңдар.  Солай ма?

9-жүргізуші : Дұрыс айтасыз.Әліппемізге рахмет айтсақта ,қимай тұрмыз.

10-жүргізуші:  Балалар, Әліппені ортаға шақырайық.

Бәрі:    Әліппе,әліппе,әліппе.

Әліппе: Армысыздар, жас достар

             Армысыздар ата-ана

            Бүлдіршіндер,балғындар

            Менің атым-Әліппе

            Міне өзіңді дәріпте

             Міне осылай ер жеткен

             Ағаң менен әпкең де

-Сәлеметсіздер ме,менің сүйікті, достарым!Сендер мені оқып сауаттарыңды аштыңдар, жазуға,оқуға үйрендіңдер.Ал,енді бүгін маған өз білімдерің мен өнерлеріңді көрсетіңдер.

 

Мұғалім:  Әліппе, біздің балалардың жаттаған тақпақтары бар. Соны сізге айтып берсін.

Әліппе : Жарайды, айтып берсін

Әліппе:-Қане, бері қарайық,                            

Зейін қойып тыңдайық

Әріптермен танысу

Тақпақтарын бастайық.


1-оқушы

Бар кітапқа бас болған

Әліппе- ғылым анасы

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.

2-оқушы

Ең алғаш  алғанымда «Әліппені»                              

Қызығып  қарай  бердім  әріптерді.

Мен  үшін  жұмбақ  болып  қалар ма еді,

Ұстазым  оның  кілтін  алып  берді.      

3 - оқушы

Әліппем,  менің  Әліппем

Сені  қолға  алып  мен,

Есігін  аштым  мектептің

Ертеңгі  сәуле  жарықпен.

4-оқушы

Әліппені бітірдім,
Әріптерді танимын.
Мен атаның баласы,
Мен оқушы баламын....
5-оқушы

Қош  бол , құтты  «Әліппем»

Көп  нәрсені  үйреттің

Таныстырып  әріппен,

Тақылдатып  сөйлеттің.

 


 

Әліппе:- Жарайсыңдар,  балалар.                                         

Мұғалім:
- Рахмет балалар, Білмесбек болмай, Білгішбек болыңдар!
( сахнаға кір-қожалақ Білмесбек келеді)
Білмесбек:
-Мыналар не жиналған -әй. Менің атымды атаған қайсың?
Мұғалім:
-Сәлеметсің бе Білмесбек! Сені атаған мен ғой. Бүгін бізде «Әліппемен қоштасу» мерекесі.
Білмесбек:
-Әліппемен қош-та-су. Қоштасыңдар, қоштасыңдар! Қой мен кетейін. Чао!
( кетіп бара жатып, бір баланың шарына ұмтылады)
Бала:
-Тиіспе, менің шарыма . Мұнда әріп жазылған.
Білмесбек:
-Әріп дейді. Қайдағы әріп, мынау доңғалақтың суреті, ал мынау есіктің суретін салып қойыпты-ей. Бұлардың бәрін мен Әліппені оқымай-ақ білемін.
Мұғалім: Ол не дегенің Білмесбек. Бұлар О,П әріптері. Дегенмен балалар Білмесбектің сөзінің жаны бар. Әрбір әріп бір нәрсеге ұқсас.

Кәне, енді сөздер  құрастырып, оқу сауатымызды көрсетейік. Сөздерді  дұрыс оқу үшін сандарды өсу ретімен орналастыру керек. Содан соң шыққан сөзді оқимыз.Білмесбек бірнеше рет ұмтылып, балалармен бірге жауап бергісі келеді де, әріпті білмейтіні есіне түсіп, желкесін қасиды.

Ойын  жүргізу:  сөз құрастыру

БОРАН                       ӨРНЕК                      ҚЫЗЫЛ

МАҚТА                      ТОҚСАН


Мұғалім: Міне Білмесбек , көрдің бе? Балалар әріпті қалай жақсы біледі.
Білмесбек: Онда мен де кітап оқығым келеді.
Мұғалім: Бұның дұрыс болды. Тек алдымен үсті –басыңды тазалап, жөнге сал. «Әліппені» таза, ұқыпты балалар ғана ұстайды.
Білмесбек: Жарайды.(шығып кетеді)

Әліппе:
-Балалар! Сендер менімен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге математика оқулығымен де таныстыңдар.

 

Ән: «Санау»


Мұғалім:
-Математика – ғылымдардың атасы деген. Ендеше математикадан алған білімдерін тексерейік. ( ауызша есеп)
4 + 2 = 6             8 - 4 = 4                  9 – 6 = 3

7 + 2 = 9             5 + 3 = 8

 

Би: «Қамажай»

 


1-    Жүргізуші:   Біз  әліппені  бітірген  соң  не  істейміз?

2-    Жүргізуші:   Соны  мен  де  ойлап  тұрмын

3-    Жүргізуші : Шынымен де  не оқимыз?

 

 Әліппе:  Қиналатын  түгіде  жоқ,  Достарым ,  менің  жолымды жалғастыратын  « Ана тілі»  пәнімен  таныстырамын.  Ана тілін  оқитын боласыңдар. Жаңа  достарыңыз  «Ана тілін»  қарсы  алайық.

Оқушылар: - Қош  келдіңіз , Ана  тілі .

Ана тілі : Армысыздар , балалар !  Неткен  білімділер  десеңізші  әліппеден  үйренген  өнерлеріңізді  ортаға салып  жатырсыздар ма?

Кітап оқу адамға

Әкеледі жақсылық

Ой ұшқындап санада

Оянады жақсы үміт

Ұсынылатын тектілік

Кітап қана қорғаның

Көп оқысаң көп біліп

Нағыз жігіт болғаның

Балалар! Менің жұмбағым  бар  кәне кім тез ойланып шеше алады екен?

1.Алтын сандығым ашылды,

   Ішінен күміс шашылды.              (жұлдыз)

2.Бір   үйдің  қырық баласы бар ,

   Сөзге шорқақ  екі данасы бар.    (40 әріп,2 таңба)

3.Ақ  қағазға  сан  қайталаған

   Жазудан  еш  шаршамаған.    (дәптер беті, қалам)

4.Бүлдірсең  дәптерді ,

   Кетірем , тап мені .   (өшіргіш)

Мұғалім:

-                     Балалар, біз әліппе мен ана тіліне тек жұмбақтар ғана шешіп қоймай мақал – мәтел де, сөздер де құрай  білетінімізді, жазу жаза  алатынымызды көрсетейікші.

Мақал – мәтелдер.

1.     Оқу – білім бұлағы.

Білім – өмір шырағы.

2.     Білім ер азығы,

Ер – ел азығы.

3.     Бірлік болмай,

Тірлік болмас.

4.     Ердің көркі елімен,

Отан көркі жерімен.

5.     Еңбек түбі – береке,

Көптің түбі – мереке.

 

Сөздер жазу: бала, алмұрт, сабақ, қарға, орман.

 

Көрініс:   «Әліппе мен дәптер»    (Нұрхан, Жансұлу)

 

Көрініс «Әліппе мен дәптер»

Әліппе мен дәптер сөмке ішінде кездесіп қалады, Әліппе аздап ұсталған, ал дәптер су жаңа.

Дәптер:    Әй, былай  сырылып  тұр, мен саған былай тұрып, орын бер дедім .

-         Ойбай шегімай, мынау ескі Әліппе қайтаде өзі. (смех звук)

Әліппе:  «Күлме досына, келеді басына » деген мақал бар.

Дәптер: Күлмей  жылайын ба?

Әліппе:  Неге сонша күлесің? Бүгіннен бастап екеуміз ұрсыссақ, әрі қарай қалай өмір сүреміз.

Дәптер: Маған ақыл үйретпей-ақ қой. Ақылыңның керегі жоқ.

Әліппе:  Сен кеше ғана өмірге келдің. Баратын жерін мектеп, мектепте тәртіп сақтау керек.

Дәптер: Мектепке келгеніне неше  күн болды?

Әліппе:  Екі жыл болды.

Дәптер: Өзім де біліп отыр едім. Қартайған екенсің. Бетің кірленген сияқты.

Әліппе:  Менің бетімде 42 әріп бар, ақын да,  ғалым да мені оқып , сауатын ашқан. Менің сыртқы түріме  қарап баға берме? Ішімді оқы.

Дәптер: Мен жаңамын, әдемі бетіме жазады. Мен білім алуға  көмектесемін.

Әліппе:  Сен мақтаңба! Екеумізде адамға қызмет етеміз.

 

Әліппе:Мен ,сендермен қоштасайын.

 

Хормен: Қош бол, құтты  әліппе.

Әліппемен  қош айтысып қаламыз,

Енді қолға  Ана  тілді    аламыз   

Ата-ана қуанышына ортақ  боп

Сауатты боп шықты міне  балаңыз

 

Ән: «Рахмет саған, Әліппе!»

 

Құттықтау сөздер.(Мектеп директоры, ата - аналар)

 

1 – сынып оқушыларына «Әліппең – ана тілінің мөлдір бастауы» атты дипломы ұсынылады.

1 -

 

Осымен 1-сынып оқушыларымен болған «Қош бол, құтты Әліппем!» атты ертеңгілік мерекеміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет. 

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Коммунар жалпы орта білім беру мектебі

 

 

 

 

 

 

Изображение 035

 

 

 

 

«Қош бол, Әліппем!»

(Ертеңгілік)

1 «а» – сынып

 

 

 

 

 

 

 

Бастауыш сынып мұғалімі: Кульманова М.С.      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сауат ашу "Қош бол, Әліппем" (1 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Промышленный дизайнер

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 934 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.04.2016 1491
    • DOCX 256.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кульманова Мадина Сагадатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кульманова Мадина Сагадатовна
    Кульманова Мадина Сагадатовна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 26070
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Основы религиозных культур и светской этики: проблемы и перспективы преподавания в начальной школе

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 206 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 442 человека

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания предмета «Родной (русский) язык» с учетом реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 234 человека из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 167 человек

Курс повышения квалификации

Ресурсы библиотерапии в работе с детьми дошкольного и младшего школьного возраста

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Мини-курс

Занимательное обучение русскому языку: основы орфоэпии и тайны русской орфографии

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Мини-курс

Самоповреждающее поведение у подростков: профилактика и методы работы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов

Мини-курс

Профессиональное развитие бизнеса: стратегии и инструменты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе