Инфоурок Дошкольное образование КонспектыСауат ашу және жазу(Мектепалды даярлық сыныбы)

Сауат ашу және жазу(Мектепалды даярлық сыныбы)

Скачать материал

Сауат ашу және жазу.

Тақырыбы: Ауылда. Үй  жануарлары мен үй құстары.

Мақсаты: әңгімені балаларға түсіндіру барысында сөздік қорларын толықтыру, сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу, ойлау қабілетін дамыту. Ауыл туралы түсінік беру. Үй құстары мен жануарларына қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Сөздік жұмысы: қармақ, күбі.

Көрнекіліктері: суреттер

Іс-әрекеті

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың

 іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі.

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті.

 

 

 

Дәптермен жұмыс.

 

 

 

 

 

Дидактикалық ойын.

 

 

Қорытындылау

-Бүгін ауа-райы қандай?

-Айналада қандай өзгерістер бар?

-Жылдың қай мезгілі?

-Бір аптада неше күн бар?

-Бүгін аптаның қай күні?

-Жазғы демалысты қайда өткіздіңдер?

-Ауыл сендерге ұнайды ма?

Н. Қалдыбаевтың «Ауыл» әңгімесін оқып беру. Әңгіменің мазмұнын ашу үшін сұрақтар қойылады.

-Бейбарыс пен Шолпан жазғы демалыстарын қайда өткізді?

-Бейбарыс кімнің қасында болды?

-Шолпан кімнің қасында болды?

-Әжесі екеуі не істеді?

-Бейбарыс көрші балалармен қайда барды?

-Шолпан әжесі екеуі қайда барды?

-Шолпанның әжесі тамақты қалай пісіреді екен?

-Шолпан қайда кетті?

-Бейбарыс ше?

Атамның алып күрегін,

Ауланың қарын күредім.

Әжеме құдықтан су әкеліп беремін,

Еденді де жуамын, шаң-тозаңын сүртемін.

а) 8-9 беттердегі суреттер бойынша «Үй жануарларымен үй құстары» деген тақырыпта әңгіме құрастыру. Тірек сөздер: күркетауық, тауық, қаз, үйрек, балапан, қой, қозы, ешкі, лақ, жылқы, құлын, сиыр, бұзау, түйе, бота.

ә) Үзік сызықтарды қосып, әтеш пен есектің суреттерін салу, бояу. Тауықтың балапаны мен үйректің балапанын штрихтау, қойдың жолын қосып сызу.

«Айырмашылығын тап» ойыны.

Ойын шарты: үйжануарларымен жабайы аңдардың суреттері берілген. Суреттерге қарап үй жануарларымен жабайы аңдардың айырмашылығын табу керек.

-Балалар сендер де ауылға ата-әжелеріңе  қонаққа барасыңдар ма?

-Ауыл сендерге ұнайды ма? Несімен ұнайды?

-Үй жануарларына нелер жатады?

-Үй құстарына қандай қамқорлық жасау керек?

-Үй жануарлары мен құстарына қандай қамқорлық жасадыңдар?

 

 

 

 

Балалардың жауаптары тыңдалады.

 

 

 

 

Әңгімені мұқият тыңдайды. Сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

 

 

Қимылмен көрсетеді.

 

 

Әңгіме құрастырады. Берілген тапсырма-ларды орындайды.

 

Ойын ойнау.

 

 

 

Бала жауабы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауат ашу және жазу.

Тақырыбы:Сөйлеммен танысайық.

Мақсаты:балаларға сөйлем туралы түсінік беру. Сурет бойынша сөйлем құрауға, байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Сөйлемдер құрату арқылы балалардың ой-өрісін, сөздік қорын, тілін дамыту.

Балаларды ұғымталдыққа, әдептілікке тәрбиелеу. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Әдіс-тәсілдер:түсіндіру,сұрақ-жауап.

Көрнекіліктері:суреттер, жұмбақтар, буындар, үлестірмелі текшелер.

 

Іс-әрекеті

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың

 іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі.

 

 

 

Жұмбақ шешу.

 

 

 

Негізгі бөлім.

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті.

 

 

 

 

Жұмбақ шешу.

 

 

 

 

 

 

Дәптермен жұмыс.

 

 

 

 

Дидактикалық ойын.

 

 

 

Қорытындылау

Балалар шаттық шеңберіне дөңгелене тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

-Мен саған жақсылық тілеймін!

-Мейірімді бол!

-Саған денсаулық тілеймін!

Өзі сондай нәзік,

Су құйсақ кетеді.

Алақанын жазып. (гүл)

 

Тәрбиеші гүлдің суретін көрсетіп, гүлге байланысты бірнеше сөз құрастыртады. Сөйлемді қалай құрастыру керектігін, жасалу жолын түсіндіреді.

Дәптерде берілген суреттер бойынша сөйлем құрастыру. Суретте бейнеленген көліктің ішінен артық затты тауып қоршау.

 

 

Орнымыздан тұрайық,

Қолды белге қояйық.

Бір отырып, бір тұрып,

Бір тынығып алайық.

 

Темір тұлпар гүрілдеп,

Соқасын жүр сүйреп. (трактор)

Темір арба жолы-темір жол,

Тек қала ішінде жүрер ол. (трамвай)

Жұмбақтардың шешуі болған сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастыру.

 

Дәптердегі автобустың дөңгелегі мен терезесін штрихтау. 11-беттегі сызықтарды сызу. «Машинаны гаражға кіргізу» тапсырмасын орындату.

Дәптердің 12-бетіндегі сурет бойынша әңгіме құрату және сол беттегі жазбаша тапсырмаларды орындау.

 

«Кім шапшаң сөйлем құрайды?» ойынының шарты: тәрбиеші балаларға заттардың атын айтады, балалар аталған сөзді қатыстырып сөйлем құрастырады. Ойын соңында шапшаң әрі көп сөйлем құрастырған бала жеңімпаз атанады.

 

Сұрақ-жауап арқылы сөйлем туралы алған  білімдері пысықталады.

Бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

 

 

Жұмбақтың шешуін табады.

 

 

Сөйлем құрайды.

Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.

 

 

Тапсырмаларды орындайды.

Қимылмен көрсетеді.

 

Жұмбақтың шешуін тауып, сөйлем құрастырады.

 

 

 

Тапсырмаларды орындайды.

 

 

 

 

Ойын ойнайды.

 

 

 

Балалардың жауабы тыңдалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауат ашу және жазу.

Тақырыбы:Сөзбен танысайық.

Мақсаты:сөз, дыбыс туралы түсінік беру. Сөздің бірнеше дыбыстан құралатынын, дыбыстардың дауысты, дауыссыз болып бөлінетіні жөнінде мағлұмат беру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Оқу іс-әрекетінің барысында орындалатын тапсырмалар арқылы ұжым болып жұмыс істеуге баулу.

Көрнекіліктері: суреттер, ойыншықтар, үлестірмелі материалдар, текшелер, кеспе әріптер.

 

Іс-әрекеті

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың

 іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі.

 

 

 

 

Негізгі бөлім.

 

 

 

 

 

 

 

 

Дидактикалық ойын.

 

 

 

Дәптермен жұмыс.

 

 

 

Қорытындылау

Балалар шаттық шеңберіне  тұрып, бір-бірлеріне жақсы тілектер айтады.

-Аспанымыз ашық болсын!

-Еліміз тыныш болсын!

-Шаңырағымыз биік болсын!

 

Тәрбиеші аудиотаспадан жануарлардың дауыстарын және балғаның дауысын тыңдатып, ненің дауысы екенін ажыратады.

-Сонымен, балалар, естіген дауыстарды тағы қалай атауға болады?

-Дыбыс.

Тәрбиеші балаларға дыбыс туралы толық түсіндіріп, дыбыстардан сөз құралатынын айтады және сөз туралы мағлұмат береді.

«Ана» деген сөзге дыбыстық талдау жасалады. Ана сөзі үш дыбыстан тұрады. Балалардың өздеріне сөз құратады.

 

«Кім көп біледі?» ойынының шарты: ойынның бірінші кезеңінде балалар дыбыстарды айтып жарысады. Екінші кезеңінде дыбыстардан сөз құрастырып айтады. Көп сөз құраған бала жеңімпаз атанады.

 

Дәптердегі суреттердің (зымыран, машина, автобус, қоян, түлкі, тоқылдақ, аю, қарлығаш, торғай, үтік, кресло, шкаф) аттарын айтқызып, әр сөзде қанша дыбыс бар екенін анықтау.

Дәптердегі үзік сызықтарды қосып сызу.

 

Сөз құрату және дыбыстық талдау жасату.

Дыбыс пен сөз туралы алған білімдері бойынша сұрақтар қойылады.

Бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

 

 

Мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап береді, талдау жасайды.

 

 

 

Ойын ойнау.

 

 

 

 

Тапсырма-ларды орындайды.

 

 

Балалардың жауаптары тыңдалады..

 

Сауат ашу және жазу.

Тақырыбы: Буынға бөлейік.

Мақсаты: буын туралы түсінік беру, сөздерді буынға бөлуге үйрету, ойын дамыту, өзара қарым-қатынаста достыққа, құрмет сезіміне тәрбиелеу. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Көрнекіліктері: тірек сызбасы, ойыншықтар, жабайы аңдардың суреттері, асықтар.

 

Іс-әрекеті

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың

 іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі.

 

 

Негізгі бөлім.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмбақ шешу.

 

 

Сергіту сәті.

 

 

 

 

 

Дидактикалық ойын.

 

 

 

Дәптермен жұмыс.

 

 

Қорытындылау

Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

 

 

Балалар, бізге қонаққа Жұмбақбай атай келіпті.

Кімнің атасы бар?

Атаға қалай көмектесеміз?

Атаны қалай құрметтейміз?

Қарттар –біздің ақылшымыз. Біз оларды қадірлеп, сыйлаймыз. Қарт Жұмбақбай  атайдың сендерге әкелген тапсырмасын, кәне, қалай шешеміз?-деп атайдың қоржынынан жұмбақтар жазылып қыстырылған бірнеше асық алғызу арқылы балаларға тапсырмаларды орындату.

Суреттегі үлгі бойынша алма сөзіне дыбыстық талдау жасату.

Сонымен, алма сөзінде неше дыбыс бар екен, ондағы дыбыстарды атаңдар.

Алма сөзінде неше дауысты дыбыс бар?

Мен неше бөлікке бөліп айтамын мұқият тыңдаңдар. Ал-ма

Алма сөзі неше буыннан тұрады? Әр буынын атап айт.

Раушан, атай, ай, көбелек сөздерін буынға бөліп айтқызу.

Балалардың өздеріне жеке сөздер ойлатып, буынға бөлдіру, неше буын екенін айтқызу.

Өте жақсы, балалар. Жұмбақбай атай сендерге енді жұмбақ жасырмақшы.

Судан ол қорқады,

Бұдан кір қорқады. (САБЫН)

Сабын сөзін буынға бөлгізу.

Достар бірге жүреміз,

Бірге ойнаймыз, күлеміз.

Бірге балық аулаймыз,

Міне, біздер қандаймыз!

Бөлінбейді іргеміз,

Әрқашанда біргеміз.

-Енді, балалар, сендерге атайларың «Қай буынды жоғалттым?» ойынын ұсынғысы келіп отыр екен. Енді бәріміз осы ойынды ойнау арқылы аталарыңа көмектесіп, жоғалған буынын тауып берейік.

-Мен сендерге бір буын айтам, сендер сөздің соңғы буынын табасыңдар: са-ғат, а-ғаш, мы-сық, кү-шік т.б.

1. Суреттегі сөздерді буынға бөлу. Неше буыннан тұратынын айту керек.

2. Үзік сызықпен берілген дөңгелектерді сызып шығу.

 

- Сонымен біз не үйрендік?

-Буын дегеніміз не?

- Әр буында неше дауысты дыбыс болады?

Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

 

Сұрақтарға жауап беріп,  сөздерді буындарға бөледі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмбақтардың шешуін табады.

 

Қимылмен көрсетеді.

 

 

 

 

Ойын ойнайды.

 

 

 

 

Тапсырмаларды орындайды.

 

 

Балалардың  жауаптары тыңдалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауат ашу және жазу.

Тақырыбы: Дауысты,  дауыссыз дыбыстармен танысайық.

Мақсаты:

1.      Балаларға дауысты және дауыссыз дыбыстардың айтылу ерекшелігі туралы түсінік беру.

2.      Жаттығулар орындату арқылы дауысты дыбыс туралы білімдерін жетілдіру.

3.      Балалардың сөйлеу тілін, сөздік қорларын байыту, жалпы ой-өрісін дамыту, байқағыштыққа тәрбиелеу. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Көрнекіліктері: кестелер, кеспе әріптер, суреттер, үлестірмелі дидактикалық материалдар.

 

Іс-әрекеті

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың

 іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі.

 

 

Негізгі бөлім.

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті.

 

 

 

 

Дидактикалық ойын.

 

 

 

 

 

Дәптермен жұмыс.

 

 

 

 

Қорытындылау

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

 

 

Тәрбиеші дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы түсіндіреді. Кесте пайдаланылады. Дауысты дыбыстар: а, ә, и, о, ө, е, э, у, ұ, ү, ы, і, ю, я, е.

Дауысты дыбыстарды жеке-жеке айтқызу.

Тәрбиеші суреттерді көрсете отырып, балаларға сөздердің мағынасын түсіндіреді. Көбелек, домбыра, орындық, үйрек, т.б. сөздердегі дауысты дыбыстарды тауып, олардың айтылу ерекшелігіне назар аударады.

 

Орнымыздан тұрайық,

Қолды белге қоялық.

Бір отырып, бір тұрып,

Бір тынығып алайық!

 

«Ұйқасын тап»  ойыны.

Орыннан орынға ауысқан,

Ұшқалақ қара ала ... (сауысқын)

 

Бәрі бірдей жұмысқа

Шығады кім?   (құмырсқа)

 

1.      Берілген суреттер бойынша дауысты дыбыс, дауыссыз дыбыстарды төртбұрыштардың ішіне белгілерін (қызыл-дауысты дыбыс, көк-дауыссыз дыбыс) салады.

2.      Кестенің ішіне жетпей тұрған төртбұрыштың суретін салады, оны бояйды.

 

1.      Баланың білімін тексеру мақсатында тәрбиеші бірнеше сөздер айтады. Балалар сол сөздегі дауысты дыбыс қанша болса, сонша рет қолдарын шапалақтайды. Мысалы: кү-шік, кі-тап, ө-зен,  да-ла, қаз, ба-ла-пан т.б.

2.      Дыбыстық талдау жүргізу.

3.      Тірек-сызба бойынша сөйлем құрау.

4.      Дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы алған білімдері сұрақ-жауап әдісі арқылы пысықталады.

Жылы лебіздерін білдіреді.

 

Тәрбиешіні  мұқият тыңдап, дауысты дыбыстарды табады.

 

 

 

Қимылмен көрсетеді.

 

 

 

 

Ойын ойнау.

 

 

 

 

 

 

Тапсырмаларды орындайды.

 

 

 

 

Балалардың  жауаптары тыңдалады.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сауат ашу және жазу(Мектепалды даярлық сыныбы)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Шеф-повар

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 355 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.04.2016 2417
    • DOCX 26.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ауезханова Мирамкуль Жумагалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 39142
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Основы управления дошкольной образовательной организацией

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности по присмотру и уходу за детьми дошкольного возраста

Специалист по присмотру и уходу за детьми дошкольного возраста (помощник воспитателя, няня)

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 188 человек

Курс повышения квалификации

Консультирование в работе педагога-психолога ДОУ: содержание деятельности и этические принципы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Мини-курс

Дизайн интерьера: от спектра услуг до эффективного управления временем

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Медико-педагогические аспекты обучения и тренировки

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Теория вероятности и комбинаторика в современной математике

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе