Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыСайыс сабақ "Наурыз-думан" (мектепалды даярлық топ)

Сайыс сабақ "Наурыз-думан" (мектепалды даярлық топ)

Скачать материал

Тақырыбы:  Наурыз-думан!

Мақсаты:      

·         Балалардың танымдық  белсенділіктерін пайдалана отырып,  шығыс күнтізбесіндегі жаңа жылды қарсы алу  жоралғыларын орындауға бағдарлау.

·         Халықтық салт-дәстүрді құрметтейтін, елжанды  азаматтардың қалыптасуына ықпал ету.

Қолданылатын техникалық көрнекіліктер: Бейнефильм, қима суреттер,  күн мен түннің макеті, төс белгі, графопроектор, слайд.

Қанатты  сөздер:

Жыл басы наурыз жасасын!

Ұлыс тойы құтты болсын!

Ұлыс құт береке әкелсін!

Береке мен бірлік болсын!

Барысы:

І. Кіріспе бөлім.

Балаларды 2 топқа бөлу.

Ұлдар -  «Түн»

Қыздар -  «Күн»

·         Үнтаспадан  Р. Рымбаеваның орындауындағы «Наурыз» әнін тыңдата отырып,  тәрбие сағатының тақырыбын оқушыларға айқындау. Тәрбие сағатының тақырыбын ілу.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Көктемнің қандай айы? Көктем  айының мерекелерін атаңдаршы! Алдымызда наурыз мерекесі келе жатыр. Наурыз мерекесі- жаңарудың,  тазаланудың  белгісі. Мектепте  жаңа әндер үйреніп,үйде аналарың дастархан мәзірін әзірлеп, ауылда  тазалық және әртүрлі дайындықтар жасалып жатыр. Мұның өзі – Наурыз  мерекесінің алдында жылды  жақсылықпен қарсы алуға   бағытталған шаралардың бірі.

Наурыз-жыл басы,көктем мейрамы.Шығыс елінің бүкілхалықтық мерекесі,яғни,Ұлыстың ұлы күні.Наурыз мерекесінде наурыз көже даярланады,дастархан жайылады.Наурызда алтыбақан құрылады,ән салынып,би биленеді.Әртүрлі ойындар ойналады.

Халық түсінігі бойынша наурыздың 21-нен 22-не қараған түні даланы Қыдыр ата аралайды екен.Бұл түн «Қыдыр түні» деп аталады.Қыдыр адамдарға дәулет дарытып,бақ қондыратын,ақсақал кейпінде көзге көрінуі мүмкін.Қыдыр ата даланы кезіп жүріп назары жерге түссе,оның тоң кеудесін жібітеді.Ал тасқа түссе,тасты ерітіп жібереді екен.

ІІ. Негізгі бөлім.

1. Танымдық тапсырмалар орындау.

1-тапсырма: Күн тобы: Наурыз сөзі қандай мағына береді?

Түн тобы: Қыдыр ата кім?

Әр топ берілген сұрақтар бойынша жауап әзірлейді.

Тапсырма жауаптары: «Наурыз» – парсы сөзі.  Нау-жаңа, руз-күн. Қыдыр ата-бүкіл халық қамқоры,  қасиет иесі, әулие көріпкел,  жарылқаушы.

Мұғалім сөзі: Жаңа енген жаңа күнде  әр үйді Қыдыр ата аралайды. Қыдыр ата күн демей, түн демей, тілекші болып,  үй – үйге енеді екен.

2-тапсырма: Мұғалімнің сөзі:Наурыз мерекесіндегі сәлемдесу  түрі қалай аталады? Балалар, Наурыз мерекесінің  ең негізгі  жоралғысы – құшақтасып көрісу, жаңа тілек тілеу.

(Балалар құшақтасып көріседі, төс қағыстырады)

Наурыздың тағы бір жоралғысы – «Саумалық» айту. Наурыз келгенін бір-біріне хабарлау «саумалық» деп аталады. Саумалық  өлеңмен айтылады.   Ал, ендеше, саумалық айтып  көрейікші.

Ұлдар:

Саумалық, саумалық,

Наурызымның көк құсы

Ұйқыдан көзін ашты ма?.

Қыздар:

Иә, нәурізек келді!

Саумалық, саумалық,

Самарқанның көк тасы

Жібіді ме, көрдің бе?

Ұлдар:

Иә, көк тас еріді.

Екі топ бірге:

Ескі жыл кетті,

Жаңа жыл келді.

Ескі жыл есіркей кет,

Жаңа жыл жарылқай кел.

3- тапсырма

Мұғалімнің сөзі: 2 топқа мынындай тапсырма:   топ- Көктемгі табиғаттың,  2- топ- Наурыз көже ге қосылатын тағамдарды таратылған суреттерден керегін алып құрастырма жасайсыңдар және түіндіріп бересіңдер. Құрастырманы (коллаж) орналастыруға уақыт беремін. (3 мин).

Құрастырған топ  өз жұмысын тақтаға іледі.

Күн:

Құстар, бұлттар,  бәйшешек,  ағаш отырғызу.

Түн:

Наурыз көжеге қажетті тағамдарды қазанға апарып жапсырады.

Мұғалімнің сөзі: Наурыз мерекесінің ең басты тағамы қалай аталады? Наурыз көже қанша дәмнен жасалады? Өзі жасаған  наурыз көжені ұсына отырып, көженің құрамын анықтату.

Танымдық материал: Күн мен Түн” бейнефильмін көрсету арқылы  Нәурізек  құсы мен бәйшешек гүліне тоқталу.

 

4-тапсырма.

Наурыздық тілектер айтқызу.

Ақ мол болсын!

Ұлыс оң болсын!

Ілулі тұрған тілектерге тоқталу.

Мұғалімнің сөзі: Наурыздың тағы бір жоралғысы- «Селт еткізер» сыйы. Бұл сыйлықты қыздарды таң қалдыру мақсатында  ұлдар әзірлейді. Селт еткізу үшін айна, тарақ, иіс су  ұсынылады.

Айна-сұлулықтың белгісі.

Тарақ-талғампаздықтың белгісі.

Иіс су- жұпар иіс белгісі.

Әр топ оқушылары   өнерлерін көрсету.

«Көкпар» биі .О «а» тобының топтық биі.

«Қаражорға» О»ә» тобының қыздарының топтық биі.

 Мұғалімнің сөзі: Наурыздың  ең  қасиетті жоралғысы-ағаш отырғызу .Біздің аулаға ағаш отырғызуға  әзір мүмкін болмай жатыр.Көктем әлі де қардың астынан шыға алмай жатқандықтан  құмыраға гүл егеміз.Себебі, наурызда айтылған тілек, жақсы ырымдар періштенің құлағына тиеді. Әрқайсың гүлдей жайнап,құлпырып өсіңдер.

ІІІ. Бекіту. 

Наурыз жоралғыларын қайталау. Оқушылардан бүгінгі айтылған, орындалған  наурыз жоралғыларын  сұрау.

Наурыз жоралғылары:

Құшақтасып көрісу,

Төс қағыстыру.

Қыдыр атаның енуі.

Саумалық айту.

Наурыз көже.

Селт еткізер.

Ағаш отырғызу.

Қорыту. Мұғалімнің қорытынды сөзі:Наурыз мерекесі біз үшін -той, жаңа күн. Тойдан мынау сенднрге шашу.(Шашу шашу)

Қыс өтіп,қар кетіп,

Шырайлы жаз жетіп.

Шаруаның кенелген

Мейрамы ежелден

Құтты болсын,бұл наурыз!

·         Оқушыларға алғыс айтып, ертеңгілікті аяқтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өзіндік талдау.

Наурыз-думан» атты ертеңгілік 2 топты топтастырып ұйымдастырдық. Ертеңгілікке 2 топтың да балалары қатысты.

 Ертеңгілікке жоспарлаған кезеңдер мен ертеңгілік мақсаттары толық  орындалды. Балалар сұрақтарға түсініп ,толық жауап беруге дағдыланып қалған. Наурыз мерекесіне орай дәстүрлер мен салттарды үйреніп,мағыналары туралы түсінік алды.

Ұлыс мейрамында өтілетін жоралғылар:

Құшақтасып,көрісу,

Төс қағыстыру;

Саумалық айту;

Наурыз тілектер;

Селт еткізер;

Ағаш егу;

Наурыз көже құрамы және әр жоралғының орындалу рәсімі туралы үйренді.Балалар наурыз жоралғыларын қызығушылықпен орындап белсенділік танытты.

Ертеңгілік соңында келген атаналарға тілек айтып,шашу шашылды.

 

                                         О»а» тобының тәрбиешісі:С.Касенова.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сайыс сабақ "Наурыз-думан" (мектепалды даярлық топ)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Руководитель организации

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 117 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.01.2016 1891
    • DOCX 22.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Касенова Серикгуль Курмангалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 22771
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Внедрение Федеральной адаптированной образовательной программы дошкольного образования для обучающихся с умственной отсталостью

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Курс повышения квалификации

Профилактика нарушений осанки и плоскостопия

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Курс профессиональной переподготовки

Инклюзивное образование: особенности обучения и воспитания детей дошкольного возраста

Воспитатель детей дошкольного возраста с отклонениями в развитии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 114 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 605 человек

Мини-курс

Взаимоотношения в семье и успех детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Продвижение экспертной деятельности: от личного сайта до личного помощника

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление стрессом и эмоциями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 129 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 74 человека