Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Сауат ашу
Тақырыбы: «Ш» дыбысы және әрпі
Мақсаты:
Білімділік: Балаларды «Ш» дыбысымен, әріп
таңбасымен дыбыс артикуляциясымен таныстыру, балалардың «ш» дыбысы бар сөздерді
ойлап табуына назар аудару.
Дамытушылық: Балаларды
«Ш» дыбысын буында, сөзде, сөйлемде дұрыс айтуға машықтандыру, байланыстырып
сөйлеуге үйрету.
Тәрбиелік: Балаларды «Ш» дыбысын дұрыс
айтуға, қуыршаққа көмектесе отырып, аяушылық, қамқорлық қасиеттеріне баулу.
Көрнекілік құралдар: Слайд, кеспе әріптер, Ш дыбысы
бар суреттер.
Шаттық
шеңбері:
Күніміз
ашық болсын!
Суымыз
тұңық болсын!
Ауамыз
таза болсын!
Еліміз
тыныш болсын!
Бәріміз
бақытты болайық,
Бәріміз
де дос болайық!
Қайырлы
күн балалар!
-Балалар,
бүгін бізге апайлар қонаққа келіп отыр амандасып алайық.
-
Қазір жылдың қай мезгілі?
-
Қыс мезгілінде неше ай бар?
-
Бір аптада неше күн бар?
-
Дыбыс
деген не? (Естиміз, айтамыз)
-
Дыбыс
нешеге бөлінеді? (Дыбыс екіге бөлінеді)
-
Қандай?
(дауысты, дауыссыз)
-
Дауысты
дыбыстар қалай айтылады (созылып)
-
Дауыссыз
дыбыстар қалай айтылады (қысқа)
-
Әріп
деген не? (жазамыз, көреміз)
-
Өткен
сабақта қандай дыбыспен таныстық?
-
Балалар біз мультфильмдер көреміз бе?
-
Қандай мультфильмдер білеміз?
-
Мынау қандай мульфильм, қалай аталады?
-
«Алға
Диего» (видеороликтен мультфильм көрсету)
-
Алға Диего!
-
Сәлем достар! Менімен саяхатқа шыққыларың келе ме?
-
Иә
-
Олай болса менің бір шартым бар. Сіздерге тапсырмалар берем, егер сол
тапсырманы дұрыс орындасаңдар, саяхатқа бірге шығамыз. Келісесіңдер ме?
-
Иә.
Диего:
Жарайсыңдар достар! Сендерге ризамын ендеше саяхатымызды бастайық.
-
Саяхатымызды бастаймыз.
1-ші тапсырма: Ойын: «Көп ойла, тез ойла»
Шарты: У дыбысына
байланысты сөздер тауып айту.
Уық,
уыз, тауық, ұлу,аққу,т.б.
Жаңа сабақ.
Кішкентай
маймылға тал басынан банан алып беруге көмектесу.
-
Ол үшін бізге не қажет?
-
Талға шығу үшін әрине баспалдақ керек.
-
Ол үшін мына тапсырманы орындау керек.
2-ші тапсырма:
Жұмбақ шешу:
Қыста
үйге кірмейді
Көктем
шықса жүрмейді (Шана)
-
Шана деген сөздің басында қандай дыбыс естіліп тұр?
-
Дұрыс айтасыңдар, бүгін біз осы «Ш» дыбысымен танысамыз
-
Қане бәріміз айтып көрейікші. ШШШ
-
Ал енді ААА дыбысын қайталайық
-
ААА дыбысымен салыстырайық. Ш дыбысын а дыбысы сияқты еш кедергісіз айта аламыз
ба?
-
Себебі тіл, тіс, бөгет жасайды осындай кедергімен айтылатын дыбыстарды дауыссыз
дыбыстар дейміз, оларды көк түсті текшемен белгілейміз,
-
Ш дыбысы қандай дыбыс?
-
Дауыссыз дыбысты қандай текшемен белгілейміз?
-
Құстарға балапанын жыланнан құтқаруға көмектесу.
3 -ші тапсырма: «Кім шапшан»
Шарты: Суреттен Ш әрпінен
басталатын сөздерді атап, буынға бөлеміз.
4 -ші тапсырма: Жыланның
тапсырмасы:
Сергіту сәті:
Қане,
қанат жазайық,
Қарлығаш
болып ұшайық.
Ұшып
- ұшып алайық,
Қане,
қайта қонайық.
5-ші тапсырма « Кім жылдам, тез
тап».
Мақсаты: балалар тақтадан көру
арқылы тірек сызба бойынша қатесіз буындарды оқыту, есте сақтау.
Ш-
А, ША,ША, А-ША АША,АША
Ш-А,
ША-НА, АЛ-ША, ША-ШУ
6-ші тапсырма: Қоянды судан құтқару.
-
Ол үшін бізге не қажет?
-
Әрине, дельфин қажет.
-
Дельфиннің тапсырмасын орындайық.
Буынұйқас
Ша-ша-ша
Қысы-
жазы бір түсте шырша.
Шу-шу-шу
Тойдағы
шашу
Шы-шы-шы
Әкем
менің аңшы
7-ші тапсырма: - Аюға бал жинауға
көмектесу.
-Аралардың
тапсырмасы:
Дидактикалық ойын: «Сиқырлы буын»
Шарты: Балалар дыбыстарға дыбыстық талдау жасау
ША-НА
. Екі буынан тұрады, төрт дыбыс бар.
Ш-
дауыссыз, А- дауысты, Н- дауыссыз, А- дауысты
Дәптермен
жұмыс:
Дәптерімізді
ашайық
Салақтықтан
қашайық
Қолға
қалам алайық
Көркем
етіп жазайық
-Ш
дыбысын ауаға жазу. Дәптерлерінен Ш дыбысының баспа түрін жазу.
Диего:
Жарайсыңдар, достар, мен сендерге ризамын. Барлығыңа Қадыр Мырза
Әлінің өлең жолдарын айтып берулеріңізді өтінемін
Мен
кәдімгі шалғымын,
Қыстай
біраз қалғыдым.
Мені
көрсе шілдеде,
Жапырылар
шалғының.
Қортындылау:
-
Біз қандай дыбыспен таныстық?
-
Ш дыбысы қандай дыбыс?
-Ш
дыбысына байланысты қандай сөздерді үйрендік?
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс: Ш дыбысының ерешеліктерімен толық
танысты.
Түсінігі: Ш дыбысы бар сөздерді буынға
бөле білді.
Көрсете білу: Шана сөзін
дыбыстық талдау жасауды меңгерді.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.