Инфоурок / Директору, завучу / Научные работы / Шағын жинақталған мектепте физика сабағын ұйымдастыру тәсілдері
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Шағын жинақталған мектепте физика сабағын ұйымдастыру тәсілдері

библиотека
материалов

І. Кіріспе

«Шағын жинақталған мектепте оқу-тәрбие процесін

ұйымдастыру ерекшеліктері»


Шағын жинақталған мектептің тарихы ерте кезден, сонау Л.Толстой, К.Д. Ушинский өмір сүрген кезеңнен бастау алады. Қазақстан топырағында ондай мектептің пайда болуы Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметімен тікелей байланысты. XVIII ғ 60-жылдарында дүниеге келген.. Содан бері бұл үлгідегі мектептің мәселесі күн тәртібінен түспей келеді.

ШЖМ /шағын жинақталған мектеп/ дамуы әдетте соңғы жиырма жылда жалпы мемлекеттік міндет болып жарияланды. ШЖМ алатын орны ерекше, себебі ол білім беру мекмесі болып қана қоймай, сонымен қатар ауыл социумының мәдениетіне көпқырлы және ерекше ықпал ететін әлеуметтік институт болып қала бермек.

Ауыл оқушыларының азаматтық көзқарасының қалыптасуына, олардыңәлеуметтені үдерісіне айырықша ықпал ететін ауыл мектебінің білім беру ортасына, оның табиғатпен, ауылшаруыашылығы өндірісімен байланысына айрықша көңіл бөлінеді.

Ауыл қоғамы мектепті бала мен оның отбасын әлеуметтік қорғаудың бірден-бір кепілі ретінде қабылдайды, ұсынылып отырылған білім беру қызметінің сапасын жақсартуға ғана жауап беретін емес, сонымен қатар ондағы тұрақтандыру орталығы болып табылады.

ШЖМ- бұл оқушылар саны аз және оқу сабақтарын ұйымдастыру түрлері ерекше болып келетін жалпы білім беретін мектеп. Шағын жинақталған мектепте бір мұғалім бірнеше пәнді оқытуы мүмкін, ал мектеп басшысын әкімшілік міндеттемелерді белсенді бақылау қызметімен ұштастыру алуы тиіс.

Қарағанды облысы бойынша мектептің шағын жинақталған мектеп. Олардың басым бөлігі ауылдарды орналасқан. Сыныптар бірігіп оқытылатындықтан бала жан-жақты білім ала алмайды. Мұндай мектептерде материалдық-техникалық база төмен болғандықтан, әсіресе, арнайы жабдықталған кабинеттер болмағандықтан оқушы тақырыпты толық игере алмайды. Сағат саны аз болғандықтан, шақын жинақталған мектептерге баруға мамандар ықыласты емес. Соның салдарынан бір пәннің мұғаліміне бірнеше пәннен сабақ беруіне тура келеді. Проблемасы көп екен деп, шағын жинақталған мектептерді жауып тастауға да болмайды. Бұндай мектептердің дені көбі ауылда екенін ескерсек, мектептерді жабу ұлт болашағына балта шабумен тең. Өйткені, бүгін мектеп жабылса, ертең ол ауыл да жоқ болады. Ауылдың болашағы мектепке тікелей байланысты. Мектеп білім шаңырағы болуымен қатар, сол ауылдың әлеуметтік те, экономикалық та проблемаларын шешіп отыр. Шағын жинақталған мектептер жас ұрпақтың, ауылдың, тұтас ұлттың болашағы үшін қызмет етуде. Сондықтан, ауыл мектептерін көркейтуге, дамытуға көбірек күш салу керек.

Шағын жинақталған мектепке оқушылар саны аз сыныптары бар, сондай-ақ қөұрамында шағын жинақталған бастауыш сыныптары бар негізге және орта мектеп жатады.

Шағын жинақталған мектептердегі оқу үрдісінің тиімділігі мынандай жағдайларға байланысты. Олар:

  1. Сыныптарды біріктірудің педагогикалық ұтымдылығы мен дұрыстығы;

  2. Сабақ кестесінің оңтайлы жасалуы;

  3. Тәжірибе мен оқытудың тиімді әдістері мен түрлерін таңдау, оларды технологиялық үрдісте дұрыс үйлестіру және ұтымды пайдалану.

  4. Сабақтың белгіленген мақсатқа сай неғұрлым тиімді құрылуын анықтау.

  5. Оқу-тәрбие жұмысының сабақтық және сабақтан тыс түрлерін дұрыс таңдау;

  6. Оқушылардың өзіндік жұмысы мен оқытушы басшылығымен атқаратын жұмысының ұтымды алмастырылуы

  7. Балалардың бойында білім алу және өздігінен білім жинай білу дағдыларын қалыптастыру.

  8. Оқушылардың білім және тәрбие деңгейлерінің дамуынының ғылыми диагностикасы

  9. Оқушылардың білім, біліктеріне ізгілікті педагогикалық ұстанымдарға негізделген жүйелі бақылау.

  10. Әртүрлі жастағы балалардан құралған бірлестіктерді ұтымды басқару.

  11. Оқытудың техникалық құралдарын қолдану.

  12. Оқу-тәрбие үрдісін тұлғалық-бағдарлық ұстаным негізінде құру

  13. Бала өмірінің тұрмыстық жағдайлары және олардың ата-аналары туралы жалпы мәліметтер жинау

  14. Ата-аналарды шағын жинақталған мектеп жұмысына тарту.

Сыныптары біріктіруде мектептегі сыныптардың, оқушылар мен мұғалімдердің саны ескеріледі. Сыныптарды біріктіру тәжірибесінде екі жол бар: көршілес –шектес сыныптарды біріктіру және әртүрлі жастағы сыныптарды біріктіру. Педагогикалық тұрғыдан әртүрлі жасты сыныптарды ұйымдастыру неғұрлым қолайлы, өйткені ол балаларды ауыспалы жұптарда жұмыс істетуге, үлкен сынып оқушыларының өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға, сөйтіп көбірек көңіл бөлуді керек ететін кіші сынып оқушыларына сабақ түсіндіру үшін уақыт бөліп алуға мүмкіндік береді.

Мектептің бастауыш сатысында оқушыларды сынып-кешенге біріктірудің мынандай варианттары болуы мүмкін: 2+3, 2+4, 3+4 мұнда 2 және 4 сынып оқушыларын біріктіру оңтайлы болып табылады. Бірінші сынып оқушыларын сынып кешендер құрамына еңгізбеген дұрыс. Бұл кезеңде баланың мектептке күнделіті оқуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін дене және психикалық-физиологиялық дамуы жүріп жатады. Бұл жастағы балалар болмашы нәрсеге алаңдағыш, зейінін ұзақ шоғырландыруға қабілеті дамымаған, қозғыш, еліктегіш болады. Жаңа әлеуметтік жағдаяттар баланы қатаң қалыптағы әлемге ендіреді, бала өмірін тәртіпке түсіреді, сөйтіп оқу жұмысы шаршау мен беймазалықтың көзіне айналады. Мектепке келген әрбір оқушыға психикалық қысым түседі. Бұл тек оның денсаулығында емес, мінез-құлқында да көрініс табатын болады. Сонымен, бірінші сынып оқушыларының оқу әрекеті не табысқа ұмтылуына, өзін-өзі бақылауға дайын болуына бейімделу үрдісінің жеңіл өтуіне оң мотивтері қалыптасуы үшін оларды сынып кешенге қоспай, өз қатарластарымен жеке оқыту ұсынылады.

Мектептің негізгі және жоғарғы сатыларында сыныптарды біріктіру, негізінен, әр сыныптағы оқушылар санына байланысты болмақ. Негізгі және жоғары сатыдағы оқушылар санының аздығы жағдайында сыныптарды мынандай тәртіппен қосу тиімді: 5+6, 6+7, 7+8. Мұндай біріктіруде математика, химия, физика, биология, қазақ тілі, шет тілі сияқты базалық пәндер әрбір сыныпта жеке өткізілгені дұрыс. Мәжбүрлік жағдайда пәндер бойынша біріктіруді қолдануға болады, яғни әдебиет, тарих, география пәндерін өткізуде сыныптарды қосып оқытуға мүмкіндік бар. 9,11 сыныптар бітіруші сынып болғандықтан,олардың тіпті бала саны жетімсіз болған жағдайда өзге сыныптармен қосып оқытуға жол берілмейді.

Шағын кешенді мектеп жұмысын қиындататын, оқушылардың білім дәрежесін төмендететін бір қатар объективтік ерекшеліктер бар:

  1. Бір мезгілде бірнеше сынып жұмыс істейтін шағын кешенді мектепке арналған оқыту әдістемесінің жасалмауы.

  2. Өз бетімен жұмыс жасау әдісінің кең тарамағандығы.

  3. Шағын кешенді мектеп мұғаліміне арнап жазылып,баспадан шыққан әдістемелік және көрнекілік құралдарының аздығы.

  4. Шағын кешенді мектептердің кітапхана қорының нашарлығы.

Мұндай мектепте бір мұғалім бір мезгілде екі сыныппен қатар жұмыс істейді. Сабақтың өзіндік ерекшелігі: оқу үрдісінің бір мезгілде екі сыныпта бірдей ұйымдастырылуын.Мұның өзі мұғалімнің әр сыныпқа сабақ уақытының жартысын ғана жұмсауына мүмкіндік береді.Яғни,мұғалім бір сыныпқа жаңа материалдарды түсіндіріп жатқан кезде басқа сыныптың оқушылары өз бетінше жұмыс жүргізеді.

Шағын жинақталған мектептегі сабақтың табыстылығы мұғалімнің сабақты түсіндіруі мен өздік жұмысты ұштастыруына байланысты. Түсіндіру нақтыландырылатын мысал, қосымша, ой-пікірлерсіз қысқа болу керек. Мұғалім әдетте жаңа білімді меңгерту үшін бір не екі мысал келтіреді. Мұғалім тақырыпты түсіндіргеннен кейін өздік жұмысты қалай орындау керектігі туралы қысқаша нұсқау беріп, оқушылардың жұмысқа әзірлігін тексеріп, келесі сыныппен жұмыс істеуге көшеді, тақырыпты түсіндіріп болған соң сыныпқа өздік жұмыс береді. Оқу жұмысының түрлерін ауыстырып, өздік жұмысты орындау процесін бақылап, мұғалім сабақты жүргізіп отырады.

САБАҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

(екі сыныппен)

  1. Мұғаліммен жұмыс----өздік жұмыс

  2. Өздік жұмыс---мұғаліммен жұмыс

Мысалы, аралас сабақтың құрылымы

Мұғалім екі сыныптың оқушыларының іс-әрекетін толықтай бақылап, өздік жұмыстың нәтижелерін міндетті түрде тексеріп, жауап беріп көмектеседі. Әр сыныптағы өздік жұмысқа 15 минут уақыт беріледі. Осы уақыт ішінде мұғалім басқа сыныптың оқушыларына жаңа сабақ түсіндіреді, қайталаттырады, жүйелетеді.

Шағын жинақталған мектепте жұмыс істейтін мұғалім оқушыларға берілетін өздік жұмыстың барлық түрлерін білу керек. Шағын жинақталған мектепте сабақ беретін мұғалімнің мақсаты:

  • Әр сыныппен жасайтын жұмысына уақытты дұрыс бөлу

  • Таным процесінің жүйесін бұзбау;

  • Оқушылардың жаңа тақырыпты қабылдауын, түсінуін, меңгеруін, есте сақтауларын ынталандыру;

  • Барлық сыныппен бір мезгілде тәрбие жұмысын жүргізу;

  • Білімнің негізгі мазмұнын меңгерту;

Сыныпты топтастыруда жұмыс жасау оқушыға да қиын, себебі ол тапсырманы орындауға зейінді шоғырландырып, басқа сыныпқа мұғалім түсіндірген сабаққа мән бермеуі, өзіне арналмаған сурет және басқа материалдарға назар аудармауы, басқа сынып оқушыларының жауаптарын тыңдамауы тиіс. Бұл күрделі іскерліктер өмірде де керек. Бірақ оларды игеру қиын, көп күшті қажет етеді. Оқушы аталған іскерліктерді үйренуге мәжбүр, себебі оқу тиімділігі зейінді шоғырландыруға тікелей байланысты. Сондықтан мұғалім сыныпты топтастыруда әдеттегі сыныптарға қарағанда оқушылардың өздік жұмыстарды жасау іскерлігіне назар аударуы керек.

Сабақ негізінен аралас сабақ түрінде өтеді. Жаңа білім, іскерліктерді меңгертудің жетекші түрлері – мұғалім басшылығымен жұмыс, оқушылардың өздік жұмыстары. Бұл жұмыстар сабақ ұзақтығының 80-90 пайызын алады. Мұғалім басшылығымен және оның тікелей қатысуымен атқарылатын жұмыстар:

  • Кейбір дайындық жұмыстары;

  • Бұрыңғы өздік жұмысқа сүйенетін жаңа материалды түсіндіру;

  • Жаңа материалды әңгімелеу-баяндау;

  • Эвристикалық әңгіме;

  • Дидактикалық ойындар;

  • Жаңа материалды бірінші қабылдау, түсіну, бекіту;

  • Білім деңгейін диагностикалау;

  • Меңгерілген білім, іскерліктерді бақылау және түзету;

  • Білімді қолданудың тиімді тәсілдерін көрсету;

  • Материалды тақырып бойынша жинақтау;

Мұғалімнің материалды толық және терең түсіндіруге уақыты жоқ, кейбір оқу материалдарын мұғалім оқушыға өз беттерімен оқуды ұсынады. Меңгерту процесін ұйымдастырудың мына түрлері кең тараған:

  1. Мұғалім оқу материалын түсіндіріп, көрнекілікпен бекітеді;

  2. Оқушылар жаңа білім, іскерліктерді ізденіс іс-әрекеті, эвристикалық әңгіме, бақылау, фактілерді талдау, салыстыру арқылы мұғалім басшылығымен алады;

  3. Балалар білім, іскерліктердің жаңа түрлерін бағдарламалық оқулық, алгоритм бойынша өз бетімен меңгереді;


ЕКІ СЫНЫПТАН ТҰРАТЫН САБАҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

(уақытпен)

Шағын жинақталған мектептерде оқытудың барлық әдістері қолданылады. Бірақ, кең тараған әдістер – сөздік, көрнекілік, тәжірибелік, компьютерлік оқыту элементтерін енгізген жақсы.

Сөздік әдістерді мұғалім өз басшылығымен жасайтын жұмыста көп қолданады. Әңгіме, әңгімелеу әдістері мұғалімнен өте мұқият әзірлікті талап етеді. Мұғалімнің әдемі, әсерлі, жүйелі сөзімен сабақтың тақырыбын талдауға оқушылар өздері қатысады.

Жаңа материалды түсіндіруде ауызша баяндау әдісінің көрнекілікпен ұштасуы оқушыларға жақсы әсер етеді. Көрнекіліктер қарапайым, әдемі, нақты жасалуы тиіс.

Әңгімелеу барысында мұғалім оқушылардың білімдерін анықтайды. Оқушылардың тақырып бойынша білімдерін анықтап болған соң, жаңа материалды қабылдату басталады. Мұғалім тақырыпты түсіндіріп, білімді тәжірибеде қалай қолдануға болатындығын көрсетеді.

Сурет, сызба, кесте, заттардың үлгісі сол сәтте оқылып жатқан тақырыпқа сай болу керек. Техникалық оқу құралын сақтықпен, ақылға қонымды етіп қолданған дұрыс.Көрнекілікті қолданғанда оқушылар алаңдайды. Сондықтан оларды тек бір тақырып бойынша өтетін сабақтарда қолданып, қызықты бейне материалдарды, фильмдерді сабақтардан кейін көрсету керек. Тапсырманы дұрыс орындау үлгілері, есептерді шешу алгоритмі, т.б тіректер сызба, кесте түрінде жасалынады. Уақытты үнемдеу үшін сыныптарды дұрыс біріктіріп, сабақ кестесін дұрыс жасау керек. Егер бір сынып өздік тапсырманы орындауды бастап, екіншісі мұғалім басшылығымен өздік жұмыс орындаса, уақытты үнемдеуге болады. Тапсырманы мұғалім алдын-ала әзірлеп, әр оқушыға таратады. Сабақтың басында кезекші тапсырма жазылған конвертті оқушыларға таратады. Көбіне тапсырмалар күштілер, орта және нашар оқушылар үшін жасалған. Әр конвертке оқушы аты жазылады. Орындалған жұмыс конвертке салынып, мұғалімге қайтарылып беріледі. Егер өздік жұмыстың жаппай сипаты болса, тапсырма нұсқау тақтаның бір жағына жазылады.

Өздік жұмысты ұйымдастыру.

Өздік жұмыс- оқушылардың білім, іскерліктерін тәжірибеде қолдану тәсілдерін меңгеруге бағытталған оқытушы көмегінсіз өткізілетін іс-әрекет. Өздік жұмыс балалардың белсенділігін дамытып, зейінді шоғырландыра жұмыс істеуге, өзгені байқамауға үйретеді. (осы дағдының ҰБТ кезінде пайдасы бар).

Өздік жұмыстар сынып-кешенде сабақтың барлық кезеңінде ұйымдастырылып, бекіту және қайталауға 60%, 20% жаңа материалдарды меңгеруге, 20% бақылауға беріледі. Әр сабақта балаларға тексеретін, дайындайтын, оқытатын бағдарламалар беріледі. Тексеретін өздік жұмыстар білім, іскерлік, оларды қолдануды тексеру үшін керек. Тексере – оқытамыз деген ережемен өздік жұмыстар тексеріледі. Тірек білімдер, іскерліктер жаңа оқу материалын қабылдап, түсіну үшін керек, сондықтан балаларға фактілерді салыстыруға, ережелерді, іс-әрекет тәсілдерін қайталауға, алдын-ала оқуға және бақылауға, әшекейлі сурет қарауға, көргендерін жазуға, мәліметтер табуға бағдарламалар беріледі.Оларды дайындық жаттығулары дейді.

Егер оқушының оқу дағдысы жақсы болып,оқығанын түсінсе да қолдануға болады.

Бірақ сабақтағы өздік жұмыс санының регламенті болмағандықтан, оқушылардың мүмкіндігі ескеру қажет. Оқу материалының ішінен өздік жұмысқа оқушылардың мүмкіндігіне сәйкес келетін материалдар іріктеледі.Іс-әрекет түрін жиі ауыстыру нәтижені нашарлатып,көп уақыт алады.

Өздік жүмыстың ауызша және жазбаша түрлері бар.Ауызша өздік жұмыстар сирек қолданылады,өиткені мұғалім оқушыны тыңдауға уақыт жоқ,себебі ол басқа сыныппен жұмыс жасап жатады.Жазбаша өздік жұмыстарда көрсету, есту, қозғалыс, яғни естің барлық түрлерін жұмыс жасату керек. Бір сарынды, іш пыстыратын тапсырмаларды бермеген дұрыс. Өздік жұмысқа берілген уақыттың ұзақтығы тапсырманың көлемі және күрделілігіне байланысты. Оқушылар жаңа материалмен жұмысты бастағанда өздік жұмыс шағын болады.Тапсырманы орындау техникасы төмен болса,жаңа материалды қабылдауға оқушылар әзірлігі болмаса,онда ақыл-ой,тәжірбиелік жұмысқа,өздік жұмысқа көп уақыт кетеді.

Бірте-бірте өздік жұмыс ұзақтығын көбейтіп, күрделі тапсырманы өте көп ерген дұрыс.Жаттыққан соң оқушылар өз бетімен жұмыс істей алады,бірақ ұзақ уақыттық жмыс оқушыларды шаршатады.Мақсат-төзімділікті тәрбиелеу, оқушыларға жанашырлық білдіре отырып,оқыту.

Өздік жұмыс тиімділігі оны ұйымдастыруға байланысты.Өздік жұмыстарды жоспарлағанда ескерілетін жағдайлар:

1. Мақсатын жақсы түсіну.

2. Оны оқу процесі,сабақ құрылымындағы орны мен рөлін анықтау.

3. Оқушылардың дайындық деңгейлерін,мүмкіндіктерін ескерту.

4. Белсенді, жеке, деңгейлік тапсырмалар беру.

5. Өздік жұмыстарды орындау кезіндегі қиындық «кедергілерді» алдын-ала жобалау.

6. Көлемін негіздеу.

7. Өздік жұмыс мазмұнын түрлендіру.

8. Викторина, сөзжұмбақ, ребус т.б. түріндегі қызықты тапсырмалар беру.

9. өздік жұмыс ұзақтығын анықтап, уақыт шығынын бақылау.

10. Керекті дидактикалық материалдарды іріктеп, тірек нұсқаулық әзірлеу.

11. Жұмысты тексерудің тиімді тәсілдерін белгілеу.

12. Өздік жұмыстың қорытындыларын шығару.

13. Оқушының деңгейіне сүйеніп, оны дамытатын өздік жұмыстарды жобалау.

14. Өздік жұмысты мұғалім басшылығымен жасалатын жұмыстармен ұйымдастыру.

Өздік жұмыстарды ұйымдастыруда мұғалімнің нұсқаулары маңызды рөл атқарады. Нұсқау алгоритм, тірек-сызба түрінде беріледі. Балалар өз әрекетінің дұрыстығын мұғалімнің нұсқауларын, алгоритмі мен тірек-сызбасына қарап тексереді. Нұсқаулардың сапасы оқушылардың танымдық қызметін тиімді басқаруға әсер етеді. Нұсқаулар карточкаға, сызбаға, кестеге, тақтаға жазылады. Үлгі, тірек ретінде дұрыс орындалған тапсырмалар карточкаға жазылып беріледі.

Мұғалім уақыт үнемдеу үшін түсіндірілетін кейбір материалдарын тақтаға, беретін тапсырмаларын карточкаға жазады. Ақыл-ой жұмысы мен тәжірибелік жұмыс қатар жүретін тапсырмалар өздік жұмысқа қызығушылықты арттырады. Өмірден алынған есептерді дәптерге жазуға болады. Оқушылардың іскерлік дағдыларын жаттықтыратын, бейімділігін өз бетімен жұмыс істеу қабілетін арттыратын тапсырмаларды құрастыру керек. Оқушылардан шығармашылықты талап ететін шарада, кроссворд, лабиринт, жұмбақ, тест тапсырмаларында ойын элементтері бар. Коллекция жинау, картамен жұмыс, планшет, құрастыру жұмыстары оқушылардың қызығушылығын көтеріп, оқушының сирек қателесуіне, тапсырмадан қорықпауына негіз болады.


Тәжірибелік бөлім (практикалық)

Шағын жинақталған мектептерде ғылым негіздерін қосарланған сыныптарда оқытудың әдістемелік кешені жоқ, оқытудың заман талабына сай жаңа технологияларын мектептің оқу-тәрбие үрдісіне енгізіп, жақсы нәтижеге жету қазіргі таңда әр пән мұғаліміне жүктеліп отыр. Сондықтан осындай қосарланған сыныптарда сабақ өткізге мұғалім әдістемелік және теориялық біліммен жақсы қаруланған болуы керек. Мектепте оқытылатын әр пәннің өзіндік қиындығы бар. Ал сол пәннің мазмұнын 45 минутта екі сыныпқа жеткізу, оны меңгеру деңгейін тексеріп, бекітумұғалімнен асқан шеберлікті талап етеді. Міне, осындай проблемалар физика пәнін оқыту барысында да кездеседі. Мысалы, қосарланған 8-10 сыныптың физика пәнінен бағдарламалық материалы бір-біріне ұқсас, тек 10-сыныпта ол сәл күрделеніп беріледі. 8-сыныпта «жылу құбылыстары», «электр құбылыстары», «электромагниттік құбылыстар», «жарық құбылыстары» деген тараулар бар болса, 10-сыныпта да осы тараулар кайталанады, осы кезде мұғалімге біршама жеңілдіктер туады. Мұғалім 10-сынып оқушыларын өзіне көмекші етіп алуға болады.

Мысалы, 8-сыныпта «Тізбек бөлініне арналған Ом заңы» тақырыбын өткен кезде, 10-сыныпта да осы тақырып өтіп жатады. Осы кезде тақырып жоспарын, яғни сабақтың құрылымын былай алуға болады:


Сабақ түрі: аралас

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Амандасу 2. Оқушыларды түгендеу 3. Сабаққа әзірлену

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (ауызша) жалпы сыныптық

  1. Ток күші дегеніміз не?

  2. Кернеу деген қандай физикалық шама.

  3. Олардың өлшем бірліктері.

  4. Тізбекте қандай орын алады, қызметі (V, A-ң)

ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе (өздік жұмыс) оқушыларға ортақ бір проблемалық сұрақ беріледі, соның жауабын табі керек, ол жұпқа немесе жеке оқушыға берілуі мүмкін.

Сұрақ: Y, U, R арасында қандай байланыс бар?

ІV. Жаңа сабақты түсіндіру (баяндау).

  1. Алдымен оқушының сұраққа берген жауаптарын тыңдау, қатесін түзеу.

  2. Толықытра отырып, жаңа сабақты меңгерту.

ІІ. Өткен тақырыптарды еске түсіре отырып класстер жасау (өздік жұмыс)

Ом заңы



Y U

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. Яғни оқушылармен бірге отырып, талдау.

  1. Оқушылардың құрған класстерлерін «сөйлету».

  2. Қатарластырып 10-сынып тақырыбындағы матеиалды қоса беріп отыру.

  3. Жүйелеп, материалды қайталау, бекіту.

ІV. Жаңа сабақты меңгеру деңгейін тексеру

«Венн диаграммасы» (өздік жұмыс)







V. Сергіту сәті

1-10 дейін тура және кері санату (барлық сыныпты)

VІ. Жаңа сабақты меңгеру деңгейін тексеру

VІ. Өздік жұмысын тексеру.

Осы кезде 8-сынып оқушыларын 10-сынып оқушылары құрған «Венн» диаграммасының сол жақ бөлігіне ауызша сипаттама беруге болады. Осы кезде сынып арасындағы аражік бөлінбей кетеді. Осы жағдайдың өзі оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Ал 10-сынып оқушылары оң жақ бөлікке сипаттама береді, осы кезде екі сыныптың да жаңа тақырыпты меңгеру деңдейлері тексеріледі.

VІІ. Сабақты қорытындылап, пысықтау.

VІІІ. Оқушыларды бағалау.

ІХ. Үйге тапсырма беру.

Х. Рефлексия.

Бұл ұқсас тақырыптарды өткен кезде қолданылатын сабақ құрылымы. Енді, екі сыныптада әртүрлі тақырып берілетін кездер болады. Ол әсіресе жыл басында, өйткені 8-сынып «Жылу құбылыстарын» өтеді, ал 10-сынып «Кинематика» тарауын бастайды. Осы кезде сабақ құрылымын былай жасауға болады.


Сабақ түрі: аралас

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Амандасу 2. Оқушыларды түгендеу 3. Сабаққа әзірлену

ІІ. Оқушылардан үй тапсырмасы бойынша ауызша сұхбат картасын алуға болады. Жауаптары «ия» немесе «жоқ» деген қысқа болу керек. Жұмысты ұйымдастыру жалпы сыныптық немесе жеке болуы мүмкін.

ІІІ. Жаңа сабақты баяндау, көрсету арқылы түсіндіру.

ІV. Алғашқы түсінік тексеру кезеңі (бұл жерде әр оқушыға физикалық диктант беруге болады) диктантты жұппен отырған оқушыларға да беруге болады.

ІІ. Өздік жұмыс (үй тапсырмасын тексеруге арналған карточкалар тарату). Жауап жазуға арнайы парақтар таратылады. Оқушылар параққа аттарын жазып, жауаптарын түсіреді, мұғалімге болған соң қайтарады.

ІІІ. «Нұсқау хатпен жұмыс». Оқушыларға атқарылатын жұмысын ретпен көрсеткет алгоритм беріледі. Сол бойынша оқушы жұмыс жасайды. Ол алгоритм жаңа сабақты өз бетінше меңгеруіне бағытталған болуы мүмкін.

ІV. «Нұсқау хаттың» әрбір кезеңін оқушылармен бірге отырып талдау. Бұл жұмыс барысында мұғалім оқушыларға жаңа сабақты түсіндіріп те, оны меңгеру деңгейлерін тексеріп те үлгереді.

V. Сергіту сәті

(1-2 гимнастика элементтерін жасату)

VІ. Жаңа сабақты бекіту (оқушыларға есеп шығару алгоритмін таратып, есептер шығаруға болады. Оқушылар жұмысты орнында отырып, дәптерлеріне шығарады. (есеп кітаптан беріледі дәптердегі шығарылған есептердің жауабын кейін тексеруге болады.)

VІІ. Жаңа сабақты жүйелеп, пысықтау.

VІ. Жаңа сабақты бекіту. Оқушыларды тақтаға шығарып, есептер шығаруға болады. Есептерді жинақтап, кітаптан немесе карточкаға жазып дайындап әкелуге болады.

VІІ. Жаңа сабақты жүйелеп, пысықтау.

Ол үшін тақтаға тақырыптың негізгі идеясын ашатын сөз жазып қоюға болады. Екі сыныпқа екі сөз. Сол сөз төңірегінде әр оқушыға жаңа тақырып бойынша бір ой қорыту ұсынылады.

VІІІ. Оқушыларды бағалау.

ІХ. Үйге тапсырма беру.

Х. Рефлексия.


Кей кездері бір сыныпқа зертханалық жұмыс болып, ал екінші сыныпқа жаңа сабақ өту керек болады. Ол кезде сабақ құрылымын былай құруға болады:

8-сынып

Зертханалық жұмыс

10-сынып

Жаңа білім беру

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Амандасу 2. Оқушыларды түгендеу 3. Сабаққа әзірлену

ІІ. Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеті, зертханалық жұмысты орындау кезіндегі қауіпсіздік ережесі айтылып, оқушыларды зертханалық жұмыстың жасалу жолына қысқаша түсініктеме беріледі. Әр қарай оқушылар кітапта берілген тәртіп бойынша рет-ретімен зертханалық жұмысты өз беттерінше орындай береді.


ІІІ. Оқушылар зертханалық жұмыс орындап жатады.


ІV. Оқушылардың зертханалық жұмыстарды орындау тәртібін тексеру, қателері болса, көрсетіп, түзету.


V. Оқушылар зертханалық жұмыс нәтижелерін даптерге түсіреді.

ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе (оқушылар алдына жаңа тақырыпқа тікелей қатысы бар проблемалық сұрақ қойылады.) жалпы сыныпқа, әр оқушыға жеке (әртүрлі сұрақ), жұпқа қобға болады.


ІІІ. Оқушылардың жауаптарын тыңдай отырып жаңа тақырыптың теориялық картасын (сұлбасын) жасауға болады. Рет-ретімен, жүйелі жинақталып, реттеледі.


ІV. Алғашқы түсінік тексеру кезінде оқушыларға өздік жұмыс беріледі.

Мысалы: «Терминологиялық кесте» толтыру, яғни тақырыпта кездескен жаңа терминдерді теріп жазып, мағынасын ашып жазу.


V. Оқушылардың өздік жұмыстары тексеріледі, қателері болса түзетіледі.

VІ. Сергіту сәті.

VІІ. Зертханалық жұмыстың қорытындысы тексеріледі. Есептеулер дәлдігі, толтырылған кесте тексеріліп, жұмыс орны жинастырылады.

VІІ. Дәптер, кітәппен жұмыс әр оқушыға §-тан дәптерге қысқаша тірек конспектісі жазылу ұсынылады.

VІІІ. Оқушылады бағалау.

ІХ. Үйге тапсырма беру.

Х. Сабақты қорытындылау.


Осындай құрылыммен бір сыныпта есептер шығару, бақылау жұмысы болған кезде сабақ өткізуге болады. «Есептер шығару» тақырыбын өткізгенде сыныптың әр оқушысының алдына есептерді жинақтан, кітаптан немесе әр оқушыға жеке деңгейлеп беруге болады. Ол кезде олардың алдына «есеп шығару алгоритмін» беруге болады немес көлемділеу қылып жазып тақтаға ілуге болады.


Физика пәнінен есеп шығару алгоритмі:

  1. Есептің шартын оқы.

  2. Егер түсінбесең , тағы да оқы.

  3. Есептің шартын, сұрақтарын қайтала.

  4. Есептің шартындағы белгілі мен белгісізді тап, өлшем бірліктерге мән бер.

  5. Алдымен нені білу керек.

  6. Содан кейін нені білу керек.

  7. Берілгендерін жаз.

  8. Формуланы жаз немесе қорытып шығар.

  9. Есепет, тексер.

  10. Жауабын жаз.


Бақылау жұмысы бір сыныпқа өткен кезде, келесі сыныпта жаңа сабақ болуы да мүмкін. Осы кезде есеп шығару алгоритмімен қоса әр оқушының алдына бақылау жұмысы вариантымен жеке параққа алдын-ала жазылып, таратылу керек.

Қосарланған сыныптарда сабақ өткізген кезде оқытудың жаңа технологияларын немесе олардың элементтерін кіргізу – сабақ нәтижелерінің жоғары болуының басты шарты. Мысалы, тірек-сызба, класстер арқылы бір тақырыптық барлық өзекті мәселесін ашуға болады.

8-сыныптық «Жылу құбылыстарына» арналған тірек-сызба мұғалімнің айту керек барлық мәліметті сурет, сызба, белгілер арқылы қамтиды (қосымша).

Сонымен қатар, сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементінің бірі «Венн диаграммасы » оқушылардың салыстыру қабілеттерін дамытуға көп көмегін береді. Тізбектерді параллель және тізбектей жалғау тақырыбын өткен кезде пайдалануға болады (қосымша).

Егер сыныпта барлық баланың алдында компьютер болса, онда бір сыныпты толық электрондық оқулықпен жұмыс жасатуға болады немесе өтетін тақырыпты МS POWERPOINT бағдарламасы арқылы электрондық слайдтар арқылы сабақты кезең-кезеңімен орналастырып жасауға болады, яғни оқушы өз бетімен сабақтың әр кезеңінің тапсырмаларын орындай береді. Бұл кезде мұғалім келесі сыныппен жұмыс жасай береді. Бірақ анда-санда мұғалім оқушылардың іс-әрекетін тексеріп отыру керек. Қателері болса түзеп, бағыт-бағдар береді. Оқушы орындаған тапсырманы даптерге жазуға да болады, немесе компьютердің өзінде орындай береді. Оны мұғалім сабақтан кейін тексеріп, бағалауына болады. Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында сабақта элементтерін кіргізуге болады. Мысалы, сабақтың алғашқы этапында тақтаға сөзжұмбақ (кроссворд) іліп, оның жауаптарын дұрыс шығарылған есептен кейін жаздырып, сабақ соңында сөзжұмбақтың шешімдеріне қарай, қай этаптағы есептің дұрыс немесе қате шығарылғанын көруге болады.

Өздік жұмыс кезінде тақырыпқа байланысты мақал-мәтел, сөзжұмбақ (загадка) беруге болады. Мысалы, мына мақал-мәтелдерді бір физикалық терминмен ата:

  1. Көсеу ұзын болса, қол күймес (Жылуөткізгіштік)

  2. Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді (Диффузия)

  3. Қол жұмылмай жылынбайды (Жылуөткішгіштік)

  4. Шоқ қайдан болса, жылу содан (Конвекция)

Немесе жұмбақтар:

  1. Үркер жерге түспей, жер қызбайды (Жылу мөлшері)

  2. Ай жарығы әлемге, күй жарығы төменге (Сәулелену)

  3. Шығайбай от басында қалғып отыр

Алдар Көсе көз жұмып аңдып отыр

Қызуы шымтезектің екі жанға

Қандай тәсіл түрімен жетіп отыр (Сәулелену)


Топпен немес жұппен жұмыс жасағанда сын тұрғысынан ойлау технологиясының топтастыру немесе «класстер құру» стратегиясын пайдалану тиімді. Кез келген физикалық шама физикалық құбылыс туралы әртүрлі мәлімет жинақталып, топтастырылады. Ол мәліметті жинақтап топ сынкері қорғайды немес топтың әр мүшесі өз ойын айтады. Мысалы: 8-сыныпта «Кулон заңын» өткенде мынадай класстер жасауға болады: (Қосымша)



R=9·109Н·м2/кг2тұрақты шама формуласы оның оқылуы

Ашылған жылы, кім ашты Кулон заңы F зарядтардың әсерлесу

күші. Өлшем бірлігі - Н

r – екі зарядтың арақашықтығы q1 q2 әр аттас зарядтар

өлшем бірлігі – м өлшем бірлік - Кл





Сонымен қатар, есептер шығару кезінде есептерді оқушыларға деңгейлеп беруге болады. Мысалы, 8-сыныптың дидактикалық материалдары үш бөлімнен тұрады. Бұл бөлімнің есептері үш деңгейге бөлінген. «А» табының есептері (І деңгей) 8-сынып физика курсының бағдарламасына сай материалдарды қамтиды, «Б» тобының есептері (ІІ деңгей) күрделілігі орташа есептер, «С» тобының есептері (ІІІ деңгей) қиындатылған есептер. Осы есептерді пайдалануға болады. Есептерді оқушылар өз бетінше шығаруға үйреген абзал, себебі есеп шығару дағдысын қалыптастыу дұрыс ойлау мен шешім қабылдауға үйретеді.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының «Ой шақыру» стратегиясы оқушылардың логикалық ойлау қабілеттеріне дамытуға, ізденуге, өз ойын сауатты жеткізе білуге бағытталған. Бұл стратегияны екі сыныптың біреуіне өздік жұмыс ретінде беруге болады. Мысалы, 10-сыныпта «Заттың магниттік қасиеттерін» өткен кезде жаңа тақырыптан бұрын оқушыларға мынадай проблемалық жағдайатты шешу ұсынуға болады:

  • Инженер жаңалық аштым деп патент алуға келеді. Ол өзінің жаңалығын мынадай дейді: үлкен электромагниттерді пайдаланып қызып тұрған пештерден дайын құйылып біткен детальдарды алуға болады. Инженердің бұл жаңалығына патент берілмейді. Неге? (температура жоғарылаған магниттің магниттік қасиеті жоғалады)

Егер оқушылар жауабын дұрыс тапса, онда осы жауапты пайдаланып, жаңа тақырыпты бастап кетуге болады. Ал егер таппаса, жаңа сабақты түсіндіріп барып, жауабын содан кейін қайтадан сұрауға болады.

Осылардан басқа физикалық диктант (қосымша), сапалық есептер (қосымша), тестілер (қосымша) т.б. сияқты өздік жұмыстарды ұйымдастыру сабақтың сапасын арттыруға септігін тигізетіндігі сөзсіз.

Мұғалім қандай технология қандай әдіс қолданса да мақсат біреу – бала сабақты түсіну керек, оны керекті жерде қолдана білу керек. Шеберлікпен ұйымдастырылған сабақ осы нәтижеге жеткізеді.

Қорытынды:

Еліміздің білі беру жүйесі халықаралық талаптарға сай болуы тиіс. Бұл – елбасы тапсырмасы. Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыруда кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Соның бір парасы – білім беруді дамытудың 2011-2020 жыл арналған мемлекеттік бағдарламасы. Осы бағдарлама негізінде шағын жинақталған мемлекеттердің проблемасын шешуде ресурс орталығы моделі қолға алынды. Қазір еліміз бойынша 20 реурстық орталық (терек мектебі) құрылды. Ресурстық мектеп – шағын жинақталған мектеп оқушыларының бейімделген, әр деңгейлі, көп салалы, саралай және терең білім алуына жағдай жасайтын, оқу-тәрбие үрдісінің әрекеттерін бағыттап отыратын ауыл мектебі. Ал магниттік мектеп – бала саныы аз, біріктірілген сыныптары бар және ресурстық орталықтың біртұтас жүйесіне енетін жалпы білім беретін мектеп. Магниттік мектептің баллары өз мектептерінде оқиды. Оқу жылында 3 рет бір аптадан ресурстық мектепте оқу процесін жалғастырады. Ресурстық орталықта тек қана 5-9 сыныптардың оқушылары білімм алады.

Шағын жинақталған мектептердің проблемалаын шешудің екінші жолы – облыс орталықтарында арнайы ШЖМ-ның оқу-әдістемелік жұмыстарын ұйымдастыратын ғылыми-әдістемелік лабораториялардың ашылуы. Бұл лабораториялардың мақсаты – шағын жинақталған мектеп мұғалімдерінің қажеттіліктерін әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету. Сонымен қатар ШЖМ мұғалімдерін ғылыми – зерттеушілік жұмыстарға тарту, ШЖМ мәселерінін шешуде оқытудың заман талабына сай жаңа технологияларын мектептің оқу-тәрбие үдерісіне енгізе отырып, оқу-әдістемелік кешен әзірлеу. Мұндай табораториялар ШЖМ-дер туралы мәліметтер жинақтап, ШЖМ-тердің жұмыс мазмұнын зерттеп, өзекті мәселерді зерттеуде, шешуде ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар мұндай лабоаториялар ШЖМ-терде арналған жекелеген пәндерден бағдарламалар дайындап, осы бағдарламаларға сай оқу-әдістемелік кешен әзірлесе, ШЖМ мұғалімдерге арнайы курстар ұйымдастырса нұр үстіне нұр болар еді.

ШЖМ оқу үрдісін ұйымдастырудағы педагогикалық қиындықтарды шешудің маңызды бағыттарының бірі жаңа педагогикалық технологияларды жасау және енгізу болмақ. Оның негзгі белгісі ретінде педагогикалық жүйенің барлық элементтерінің бейімделу деңгейін, атап айтқанда: мақсатының, мазмұнының формасының, әдістерінің, құралдарының, оқушылардың танымдық әрекеттерін ұймдастыру түрлерінің, оқыту нәтижелерінің болжаммен сәйкестігі дәрежелерін атауға болады.


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-008181

Похожие материалы