Инфоурок Начальные классы Конспекты"Шығыстың қос жұлдызы" ашық тәрбие сағаты 3-4 сыныптар

"Шығыстың қос жұлдызы" ашық тәрбие сағаты 3-4 сыныптар

Скачать материал

hello_html_648175e3.gifhello_html_648175e3.gifhello_html_648175e3.gifhello_html_m4edd6c0b.gifhello_html_648175e3.gifhello_html_648175e3.gifАшық тәрбие сағаты

Тақырыбы: Шығыстың қос жұлдызы

Мақсаты:   Аттары аңызға айналып, ерлік істері барша ұлтты таң қалдырып, есімдері тарих  беттерінде алтын әріппен өрнектелген ерліктің мәңгі  алауын  жаққан қазақтың қос шынары Мәншүк  Маметова мен Әлия  Молдағұлованың жарқын өмірі  және Ұлы Отан  соғысындағы ерлік  істерін ұрпаққа үлгі  етіп, өнеге  ету.

  Оқушыларды қазақтың  қос аруы, шынары жұлдызы болған Әлия мен  Мәншүк  есімдерін қадірлеуге, қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Мәншүк, Әлия портреттері, слайд және мультимедиа материалдары,бейнефильм

Сабақ барысы:

 Негізгі  бөлім 

Мұғалім: Қайырлы күн қадірменді қонақтар, ұстаздар,оқушылар! Бүгінгі 3-4 сынып ұйымдастырған «Шығыстың қос жұлдызы » атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Бүгінгі тәрбие сағаты Ұлы Жеңістің 70 жылдығына байланысты. Сан мыңдаған ер азаматтардың өмірін қиған Ұлы Отан соғысының әлемдік тарихтағы орны зор. Бес жыл бойы дүниені дүрліктірген соғыста небір жанқиярлық ерліктер жасалды. Небір сын сәттерде Отан үшін отқа кеудесін тосқан аға ұрпақтың қатарында қазақ халқының батыр қыздары мен ұлдары да болды. Соның ішінде Кеңес Одағының Батыр қыздары Шығыстың қос шынары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова туған жерді қасиет тұтып, ата-мекенді ардақтау ,Отанын қорғауда үлкен ерлік көрсетті. Қанға боялған даласы, аңыраған анасы, жетім қалған балалар үшін шайқасты.

   - Ия, жеңісті сан миллиондаған адамдар бес жыл бойы минуттап, сағаттап, жылдап сарыла күтті емес пе? Ақыры, олардың үміті мен сенімі ақталды. Бірақ сол жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін от кешіп миллиондаған асыл азаматтар мерт болды.
Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем де кем.
Жауға қарсы атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, біздің арамызда асқар таудай болып жүрген ата – апаларымызға басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауға тиіс.

Бүгінгі күн – көптен күткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында Жеңістің міне 70- көктемі де келіп жетті.
70 жыл - бейбіт көктем таң атқалы,
70 жыл - шуақты күн таратты әнін.
70 рет - көктемде сонан бері,
Ашылды Жеңіс күннің парақтары.
«Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген,
Оқ даусы мәңгілік жойылсын.
Бомбаның орнын тегістеген,
Күректер музейге қойылсын».

Ұлы Отан соғысы тарихының беттерін парақтаған адам жеңіс сағатын соқтыруға Қазақстанның қосқан үлесі телегей - теңіз екенін байқар еді. Осы бір аяқ астынан басталған әділетсіз арпалысқа Қазақстаннан 2 миллионға жуық түрлі ұлт өкілдері әскер қатарына шақырылды. Майдан даласынан 394 мың қазақ боздақтары қайтпай қалды. Бұл соғыс қайғы - қасірет әкелмеген бірде - бір отбасы болмады... Бірінің әкесі, бірінің ағасы қаза тапты. Қаншама жас боздақтардың қыршын жасы қиылды... Ішінде ақын да, әншісі де бар еді. Қауызын ашпай көктей қырқылған сол жастардың ішінде, әттең дариға - ай, қанша Абай, қанша Шоқан кетті екен...

Ал ,енді сол елім,жерім деп жүректері соққан қаһарман да қайсар ағаларымызды еске түсірейік

«Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында» атты бейнефильмді тамашалайық.

Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасырды, қай күні.
Ұлы Отаным басын иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.

Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық. Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен еске алайық. (бір минут үнсіздік)

 Ұлы Отан соғысы туралы тақпақтар:(3-4 сынып оқушылары)

Санжар: Бақыт сыйлап жатады әр күн
Санамызға жарық берген
Әкелері аталардың
Бұл Жеңісті алып келген

Аяжан: Қуантамыз ән сап жұртты,
Келе берсін бақыт таңы.
Жеңіс күнің болсын құтты,
Батырлардың ұрпақтары


Жәнел: Барша халық жеңіс күнін тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтардың амандығын ойлайды.



Раббия: Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен – аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!




Назерке: Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!


Махаббат:Ел үмітін ер ақтар,
Ер атағын ел сақтар.
Отан үшін отқа түскін – күймейсің.
Ұлы Жеңіске мың тағзым!

Айғаным:Жасасын Жеңіс!
Еңбегі барлық солдаттың,
Болашақ ұрпақ ерлігін айтар жалғап мың.
Қанша ма адам ерліктер жасап майданда
Қазақтың атын, халықтың атын самғаттың!

Мәди:Қуантамыз ән сап жұртты,
Келе берсін бақыт таңы.
Жеңіс күнің болсын құтты,
Батырлардың ұрпақтары.



(қонақтарға гүл беріледі)

Мұғалім: Талай құс содан бері қайта оралды.
Талай бақ әлеміне қайта оранды.
Соғыста өлгендер тек оралмайды
Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.

       Әлия –Мәншүк!

       Бұл есімдер халқымыздың қадір қасиетін ұлттық мінезін,патриоттық қасиетін биіктететін тұлғалар.

       Қазақтың екі асыл қызының өмір жолының көз жасының тамшысындай бірдейлігін таңдандырып өмірлерін жақындастырады. Әлия мен Мәншүкті ардақтау иісі қазақты  ардақтау.

                                         Әлия –Мәншүк ер қыздары елімнің

                                         Әлия –Мәншүк –гүл қыздары жерімнің

                                         Әлия –Мәншүк аттары әнге айналған

     Әлия –Мәншүк қос жұлдыз көкте жайнаған.
- 300 мың жауынгер қыз – келіншектердің ішінде 86 - сы Кеңес Одағының Батыры атағына ие болса, оның екеуі бүкіл Шығыстың даңқты қыздары – Әлия мен Мәншүк. (слайд бойынша әңгімелеу)

Раббия:

       Мәншүк  Мәметова 1922 жылдың қазан айында Орал  облысының Орда  қалашығында  дүниеге  келген. Мәншүктің   балалық  шағы  Алматыда  өткен Мәншүк  Әмина  Сүлейменованың тәрбиесінде  болған. 

       Жәнел: 

       Әлия  Молдағұлова 1925 жылы 15  маусымда Ақтөбе облысының Қобда  ауданындағы   Бұлақ   аулында   дүниеге  келген. Әлия   нағашы  әжесі Тәжікеннің тәрбиесінде  болған. 

     Раббия:

      Мәншүк  Мәметова Ұлы  Отан соғысы   басталған   кезде Алматы  мед  институтында оқып  жүрді.  1942  жылдың   тамызында   ол  өз   еркімен Қызыл  Армия  қатарына  алынады.

     Жәнел: 

  Әлия 1942 жылдың  желтоқсан айының 18  жұлдызында  мергендер  дайындайтын Орталық  қыздар  мектебіне оқуға  түсіп, үздік  бітіріп  шығады. 

      1943 жылдың шілдесінде Әлия  өз  еркімен  соғысқа  алғы  шепке  аттанады. Әлия бұл  кезде  небары   21   жаста

          Көрініс: Мәншүк
(Капитан соғыс алаңына келіп ) Сау - сәлеметсіздер бе, жолдастар?
( Солдаттар орындарынан тұрып) Сәлеметсіз бе, жолдас капитан?
Капитан: (төс қалтасынан хаттарды ала бастап солдаттарға) Міне, біраз хаттар келіп қалыпты, алыңдар! Мәншүк, анаңның беріп жіберген сәлемдемесін ал, ал мынау хаты (Төс қалтасынан алған хатты ұсына беріп, кідіріп қалады)
Мәншүк: Рахмет, ағай, қалай, ел - жұрт аман ба? Анамның, әкемнің дендері сау ма екен? (Хатқа қолын соза береді)
Капитан: Тоқтай тұр, Мәншүк, билемесең хатты бермеймін. Ал Алматының алмасына не айтарыңды өзің біл.
Мәншүк: Жарайды. Қане қыздар билеп жіберейік!
(Қыздар
«Катюша» әніне билейді. Капитан орындыққа барып отырып тамашалайды)
Капитан: Жарайсыңдар, қыздар!
Капитан: (Қарсы алдында орындыққа отырып сүйсіне қол соқты) Өте жақсы орындадың, Мәншүк. Енді саған ананың хатын бермеске болмас. (Қолыңдағы қағазды ұсынды)

Мұғалім:

          Мәншүк пен Әлия байтақ елдің бостандығы жолында шыбын жанын пида етті,ал тарих оларға өз төрінен орын берді. Әлия мен Мәншүк есімі мәңгі жадымызда... Олардың бейнесі ерлігі келесі жылдарға ғасырларға  бізбен бірге...

«Шығыстың аяулы қыздары Әлия мен Мәншүк» бейнефильмінен үзінді

Әлия мен Мәншүк  есімі мәңгі  жадымызда (көрініс)

Сахнада тұрған баланың бірі 

Анаға жақындап,сұрақ қоя сөйледі.

                   Айғаным:  Айтшы ана сезіппедің ,сонда сен 

                     Жақындаған қара бұлтты

                     Қара бұлтты, қара нөсер дауылды

                     Естіп пе едің сонда сен 

                     Өз еліңе жақындаған 

                     Үрейді алған сарынды 

                                                         (Ә.Тәжібаев)

(Сахнаға әсери киімді Әлия мен Мәншүк келеді.)

 Ана:  (көрермендерге жақындап)     

Бір сұмдықтың болатынын сезіп ем,

                     Елге дауыл тиетінін  біліп  ем,  

Тыныш  жатқан  берекелі  еліме

Қанішердің  келетінін сезіп  ем

                     Бірақ, бірақ  бейбіт шақтың келеріне

Мен тәңірідей  сеніп  ем

Ел қорғайтын  ерлерімнің 

Мәншүк  пен  Әлиядай  

Қыздарымның  ерлігіне  сеніп  ем

Мәншүк (Махаббат) : (анаға  қарап  сөйлейді)

                    Мама, мама  күнім  деген сенсің  ғой

                     Әрең  жетті-ау әлсіреген дауысың

Жыламашы шыдап бақшы  ерсің  ғой

Бар  емеспе бір  еркектей намысың

Сағындың ба,  менде  сені сағындым.

Қандай  ана  сағынбайды  баласын

Қандай  бала   сағынбайды анасын

Жүрегімде  жалғыз  өзің   ғанасың

Батқан  күнмен, батқан түнмен бірге күт

Менде  саған  оралғанша   ынтықпын

Оралмасам  қош бол  мама көрерсің

Қалған  менен соңғы  белгі  мылтықты.  

                                                              (Ә.Тәжібаев)

Ана (Айсулу):  (тебірене)

Тап  таза  мөп-мөлдір  көгілдір,

Жан еді – ау жапырақтай  көктемгі

                    Шырқайтын жыр  қылып осынау  өмірді,

                    Әнсің  бір  жарылып  кетердей  от  кеуде

                    Жан берді  жалғызым  өрт  топан  майданда 

                    Соғыс  қой  ақмарал аруды  сындырған 

                    О,  бүгінге  жауапты  адамдар

                    Сақтаңдар ұрпақты

                    Апаттан,қырғыннан

                                                             (Ә.Тәжібаев)

(Әлия мен Мәншүк  кезектесіп, залға  қарап  сөйлейді)

 

Мәншүк: Махаббат:

Біз сендердей  жаңа  ашылған гүл  едік

                  Жерге  бақыт,елге бақыт тіледік

                  Отан ана отқа күйіп жатқанда

                  Біздер ме едік үй бағатын тірі өлік.

Әлия: Назерке

               Отан –ана жылағанда шерленіп

                Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт

                Қара бұлтты қақ жарайық дедікте 

                Қолымызға қару алдық ерленіп 

Мәншүк: 

                Қыздың жанын біз білмесек кім білер ,

                Көктем келсе құлпырмайма мұңлы жер

                Үстімізге біз кимедік ақ көйлек

               «Жар-жар» жырын естімедік,сіңілілер

Әлия:  

               Күліп қарсы ап бал бақыттың ақ таңын,

               Айтпадық біз махаббаттың тәтті әнін

               Бізге жылы хат жазатын жігіттер,

               Қаныменен қарға жазды хаттарын 

Мәншүк:

               «Отан» деген сөз көкейде жатталып,

               Зор айқасқа  кеттік біздер  аттанып

               Біз  сендердей қыдырмадық  кешқұрым,

               Біз  сендердей  арман  гүлін тақпадық.

 

 Әлия,Мәншүк:

 

               Қатар тұрмыз қатар жүріп келеміз,

               Қатар жүріп қырдан гүлдер тереміз,

               Біздер өлдік,өлмесіндеп басқалар,

               Бізді қайта туды Отан, ел егіз

               

               Жетсек деген арманымыз көп еді.

               Айтылған жоқ махаббаттың өлеңі

               Біздің туған күнімізді құттықтап

               Ешкім бізге жыр ұсынған жоқ еді.

 

              Бірақ ерте,тым ертерек жандық біз,

              Жанарлардан мөлдір жас боп тамдық біз

            

              Қолымыздан осы болды келгені 

              Біздердей ерте солмау үшін басқа қыз.

                                                                       /Т.Молдағалиев/

   

/Әлия мен Мәншүк ескерткіш тәрізді тұрып қалады/.

   Ана :

              Қош бол қыран қыздарым менің! От болып жанып кеткен, ер болып елге танылып кеткен, қос қарлығашым,өздерің ерте солғанмен,соңдарыңда өшпес ерліктің даңқы қалды. Ел мен жерің өздеріңді ұмытпақ емес.

 Раббия:Ат ауыздығымен су ішкен, ер етегімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз Шығыс жұлдыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты.
Жәнел:- Иә, кеудесін оққа төсеген қазақтың қарапайым қызы Мәншүк қас дұшпанынан елін қорғаған еді. Ол анасын, туған жерін қатты сағынғанда, қолы қалт босағанда анасына жазған сағыныш хаттары бір толастаған емес.

Мәншүк пен Әлияның жазған хаттарынан үзінді (бейнефильм)

Раббия:          Әлия мен Мәншүктің жауынгерлік жолыда қысқа. Өмірлері аққан жұлдыздай жарқ еттіде жоқ болды. Қамшының  сабындай қысқа ғұмырларында ел сүйсінерлік,ерлік жасады.Елінің халқының тарихында аттары алтын әріппен жазылып,мәңгілік есте қалды.

Жәнел: 

           Әлия мен Мәншүк есімдері қастерлеуге де, ұлықтауға да лайық.Олардың ерлігі ертеңгі күнге ескірмей, кейінгі толқынды тәрбиелейтіндей болып баруы қажет.

           Әлия мен Мәншүк  - халық үшін егіз есім,бір ұғым.Қос ару шығыс елінің  Жанна д Арк атанып ,бүгінгі тарих төрінде бірін–бірі биіктете,бірін-бірі асқақтата түсуде. 

           Әлия мен Мәншүк әнмен, жырмен өрілген шежіре.(тақпақтар)


Санжар: Сонау жылы жер - көкті,
Соғыс бұлты торлаған.
Сонда Мәншүк апамыз
Жаудан елді қорғаған.

Аяжан:Айтамыз біз өлең ғып,
Айтамыз біз жыр етіп.
Әлия апай ерлігі
Ұмытылмас мәңгілік.

Мұғалім: Өрт лаулап, бұрқырап қорғасын,
Шеңгелін қанды ажал жайғанда,
Ойрандап жауыздың ордасын,
Болдық біз найзағай майданда!
Жеңіс туы,
Жеңіс туы
Желбіресін мәңгілік!
Жеңіс жыры,
Жеңіс жыры
Асқақтасын жаңғырып!– дей келе,
«Жеңіс туы желбіреп» әнін қабыл алыңыздар.
-Сонымен, балалар,бүгін біз сендермен Әлия мен Мәншүк апаларымыздың өмірі ,олардың жасаған ерлігі жайлы көп мағлұмат алдық. Кәне,сол білгенімізді қорытындылап жіберейік.

Сұрақ-жауап:

-Мәншүк Мәметованың шын аты қалай? (Мәнсия) Ол қашан туған,қай жерде?

-Әлия Молдағұлова қашан туған?Қай жерде?Кімнің тәрбиесінде болды?(нағашы әжесі Тәжікеннің)

-Мәншүк кімнің тәрбиесінде болған?(Әмина Сүлейменованың)

-Мәншүк соғыс басталғанда қайда оқып жүр еді?(Алматы мед.институтында)

- Әлия қандай оқуға түсіп,оны үздік бітіріп шықты? (мергендер дайындайтын Орталық қыздар мектебінде)

-Әлия соғысқа аттанғанда неше жаста еді? (21)

Қорытынды: Балалар Отандарыңды сүйіп, қастерлей біліңдер, ата – баба дәстүрін, әдет – ғұрпын
берік ұстанып, үлкенге ізетті, кішіге ілтипатты болыңдар, халқымның ерлігімен, батырлығымен, қайсарлығымен келген тәуелсіздігіміздің туы мәңгілік желбіреп тұрсын.

«Майшам»жаттығуы (рефлексия)

Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен – аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!

-Отанын сүйетін, қорғай білетін нағыз азамат болып өсе беріңдер.

Назарларыңызға рақмет!Сау болыңыздар!






















«Шығыстың қос жұлдызы»

Ұлы Жеңіске-70 жыл - Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

Өткізген: бастауыш сынып мұғалімі Маукишева Р.О.





Макин орта мектебі,2015

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Шығыстың қос жұлдызы" ашық тәрбие сағаты 3-4 сыныптар"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

PR-менеджер

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 016 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.11.2015 4079
    • DOCX 61.2 кбайт
    • 14 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Маукишева Роза Ораловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Маукишева Роза Ораловна
    Маукишева Роза Ораловна
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 32871
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 46 регионов

Курс повышения квалификации

Программа работы с неуспевающими и слабоуспевающими учащимися старшего дошкольного и младшего школьного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 131 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 259 человек

Курс повышения квалификации

Методика повышения техники чтения у младших школьников с ОВЗ

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 103 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 415 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Мини-курс

Организация и контроль занятий со студентами специальных медицинских групп

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Введение в инвестиции и инвестиционный процесс

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 13 регионов

Мини-курс

Управление стрессом и эмоциями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 129 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 74 человека