Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалы"Шынықсаң шымыр боларсың!" толағай топтық сайыс

"Шынықсаң шымыр боларсың!" толағай топтық сайыс

Скачать материал

ТОЛАҒАЙ    Бұрынғы өткен заманда апайтөс Арқаның бел ортасында бір қауымдық жұрт өмір сүріпті. Жағалары жайлауда, жан­дары рахатта тамаша ғұмыр кешкен. Шұрайлы жерден қоныс алған малға да, жанға да бай өлкенің тұрғындарында: «Бізде барлығы да бар. Бірақ сол мал-жанды қорғайтын батырымыз болса екен», - деген бір ғана армандары болыпты. Күндердің күнінде бір отбасында алтын айдарлы алып бала дүниеге келіп, ел-жұрты болып үлкен той жасайды. Сол нәресте жыл санап емес, күн санап ержете бастайды. Туған-туысқандары да көркейіп келе жатқан баланы өз атымен атамай көз тимесін деп, Толағай дейтін болыпты. Сөйтіп баланың аты Толағай ата­нып кетеді. Күндердің бір күнінде жер қуаңшылық тартып, жаңбыр болмай, ел күйзеліске ұшырайды. Халықтың басына түскен ауыртпалық Толағайды да қатты мазалапты. Сонан бері Толағай Дана деген қарт ақсақалға барып, ақыл сұрапты. Сонда қарт айтқан екен: - Қарағым Толағай, біздің жеріміз жазық, бұлт үйіріліп тоқтайтын тауы жоқ. Жаңбырдың болмауы сол себептен,- дейді. Толағай айтқан екен: - Ата, сіз рұқсат етсеңіз, мен барып бір жерден тауды арқалап алып келсем болмай ма? - дейді. Сонда қарт айтқан екен: - Шырағым Толағай, елді ойлап егіліп тұрсың-ау! Тау арқалап әкелу оңай болмас, дегенмен ондай талабың болса, оңтүстік өлкеде Алатау деп аталатын алып таулардың ақсақалы бар, рұқсатты сонан сұрарсың, - деп батасын береді. Сөйтіп, тауды арқалап әкелуге сайланған Толағай сапарға шығыпты. Арада ай өтеді, жыл өтеді. Бір күндері Ақ басты Алатауға жетіп, «Ассалаумағалейкум» деп сәлем беріпті, өзінің талап-тілегін айтыпты. Маңғаз Алатау талапты ерге зор қошемет көрсетіп, етегінде орналасқан бала тауды Толағайға арқалатып қоя береді. Алғашқыда аяғын ширақ басқанымен иығына түскен салмақ еңсесін езіп, бірте-бірте әлсірете бастайды. Арада көп уақыттар өтеді. Арқасында тау, әлсіреген, қансыраған Толағай елінің шетіне іліге бере тізесі бүгіліп, құлап түседі де ұйқыға кетеді. Арқасындағы тау болса батыр жігітінің үстінен басып қалыпты. Сонан сол Толағай күні бүгінге дейін тау астында ұйықтап жатыр дейді. Ал жаңағы Бала тауды ел «Толағай» деп атап кетіпті.

 

 

 

 

 

Денсаулық апталығына байланысты ұйымдастырылған толағай сайысы.
Тақырыбы: «Толағай» спорттық сайыс
Мақсаты: Денсаулықты сақтай отырып, спортты жанымызға жақын ету.

Ашылуы: « Спорт» әнімен Кенжебекқызы Бақытнұр
1. Салем достар
2. Армысыздар құрметті көрермендер бүгін бізде спорттық сайыс «Толағай»
Толағай спорттық сайысымызды бастамас бұрын сөз кезегі мектеп директорының бастауыш сыныптар тәрбие ісі  жөніндегі орынбасары Қоңырбаева Л.Т. беріледі.:
Мұғалім:  Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар Бүгінгі «Толағай» спорттық сайысымызға қош келдіңіздер
Уа халқым назар аудар денсаулыққа
Өмірде бақыттысың дені сауда
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы абай данамызда
Фатима : Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
М
ұғалім : Әр таңды бақытпенен аттырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
«Барыс»тобын шақырамыз.
Фатима: Салауатты өмір салтын сақтайтын
Жаттығудан ешқашанда қашпайтын
Жас Қыран тобы келді бүгін сайысқа
Өз топтарын жақтайтын - деп ортаға «
Жас Қыран»тобын шақырамыз
М
ұғалім: Ұстанған салауатты өмір салтын
Жасқанып ешқашанда мойымайтын
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық «
Жалын» тобын
Фатима: Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!

Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.
----------------
Мұғалім: Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.
Сайыстың бағдарламасы 6 кезеңнен тұрады
І кезең: «Таныстыру»
(Топты таныстыру, ұраны)
ІІ кезең: «Кеңгуру» сайысы
(
доппен секіріп барып, есеп шығару)
ІІІ кезең: «Кім жылдам» сайысы
(
скакалкамен секіру кедергілер арасынан өту)
Мұғалім:

IV кезең: «Топпен жүгіру»
(біртіндеп жүгіріп, тобын жинау)
V кезең: « допты қысып секіру  »
Әр кезеңнен кейін әділ қазылар өз бағаларын береді.
Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!
Мұғалім және Фатима бірге: Сайысымызды баста

Мұғалім: Сайысымыздың бірінші бөлімі «Таныстыру»
Бейбарыс тобы топтың ұраны: (5 адам )
Жеңістерге бет алдық
Спортта сұлтан атандық
Жетсін деп топ мақсатқа
Бейбарыс деп атадық
Бейбарыс тобы алға, алға
« Жас Қыран»тобының ұраны. (5 адам)
 Жас Қыран тобы алға биіктерге самға
Толағайда топ жарып жеңістерді
Жалға алға, алға, алға
Жалын  тобының ұраны: ( 5 адам)
Тұлпар болып самғаймыз,
Жарыстан еш қалмаймыз.
Мұғалім: Құрметті әділқазылар сайыстың бірінші бөлім бойынша бағаларыңызды беруіңізді сұраймыз.
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.- деп келесі екінші бөлімге көшеміз
«Кеңгуру» сайысы
Шарты. (доппен секіріп барып есеп шығару)
Мөлдір: Әділқазылар сайыстың екінші бөлімі бойынша бағаларыңызды
беруіңізді сұраймыз.
Спорт көркі өмірдің, спорт досың серігің - деп
Сайысымыздың 3 бөліміне көшейік

«Скакалкамен секіріп кедергілер арасынан өту»
Мұғалім: Сайысымыздың 4 бөлімі «топпен жүгіру»
(біртіндеп жүгіріп топты айналдыру)
Әділқазылар сайыскерлеріміздің ұпай санын көтерейік.
Топтар міне отыр сынға түскелі
Сыналмақшы ептілікпен күштері, олай болса
5 кезең «Допты қысып секіру»
Шарты: допты екі аяқтың ортасын қысып секіру қажет

Мөлдір: Спорт десе таза біздің арымыз
Жалындайды жанымыз
Мұғалім: Жарыс заңы ежелден -
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол -
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады - демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды
шығарып жеңімпаздарды анықтау үшін, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі.
Мұғалім: қонағымызға сөз кезегін берейік. Аудандық аурухана бөлімінде медбике Тулеубаева Айнаға сөз беріледі.
жүргізуші: Құрметті қонақтар! Келгендеріңізге көп - көп рахмет. Келесі кездескенше.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                         № 5 орта мектеп

 

 

 

«Мен Денсаулығымды сақтаймын !»  атты  онкүндікте өткізілген

                            «Шынықсаң шымыр боларсың!»

 

            Толағай топтық сайыс

 

20161206_071953_resized.jpg

 

 

 

                                                                     Өткізген: Нашанова А.С.

                                                                      1 в класс оқушылары

 

 

                                          2016-2017 оқу жылы

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Шынықсаң шымыр боларсың!" толағай топтық сайыс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Музыковед

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 734 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.12.2016 1151
    • DOCX 190.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нашанова Асель Саматовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нашанова Асель Саматовна
    Нашанова Асель Саматовна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 30773
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы теории и методики преподавания в начальной школе в соответствии с ФГОС НОО

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 388 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 221 человек

Курс повышения квалификации

Теория, методика и практика обучения младших школьников основам шахматной игры в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 188 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках математики у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 75 человек

Мини-курс

Тревожные расстройства: диагностика и причины

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Самоповреждающее поведение у подростков: профилактика и методы работы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов

Мини-курс

Современное инвестирование: углубленное изучение инвестиций и финансовых рынков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 13 регионов