Инфоурок Дошкольное образование Научные работыСиқырлы әріптердің дыбысталуы. даярлық топ

Сиқырлы әріптердің дыбысталуы. даярлық топ

Скачать материал

      Сабақтың тақырыбы: Менің тәрбиешім

      Сабақтың мақсаты:

 Балалардың тәрбиеші апайларына деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту.

      Сабақтың міндеті:

1.      балабақшадағы үлкендердің еңбегі туралы түсінік беру;

2.      тәрбиешәге деген құрмет сезімдерін дамыту;

3.      өзара сыйласымдылық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

 

      Шаттық шеңбері. «Тілек шоғы»

Балаларды шеңберге жинап, қолдарына гүл беріп, оның нәзіктігіне, сүйкімділігіне назарын аударту.

      Балалар жанындағы баланың берген гүлін өз гүлімен қосып, келесі балаға ұсына отырып, жылы сөздер айтады. Гүлдер бірте-бірте үлкейіп, шоқ гүлі «Тілек шоғына» айналып, тәрбиешінің өзіне оралады.

      - Көп рақмет сендерге, балалар. Егер біреуге жақсылық тілесеңдер, жақсылық жасасаңдар ол осы гүл шоғы сияқты үлкейіп, өзіңе одан да үлкен жақсылық болып оралады.

М.Дауылбаевтың «Біз бақытты балдырған» әнін орындау.

 

                                Біз бақытты балдырған

                                                                                                                             М.Дауылбаев

                                Біз бақшаға келгенде,

                                Ақ пейілмен қарсы алған.

                                Өлең айтып үйретіп,

                                Би билеткен, ән салған.

 

                                Риза әже, атай да,

                                Риза ағай, апай да.

                                Рақмет деп айтамыз,

                                Тәрбиеші апайға.

 

Әңгімелеу

 

                                Жақсы адам боп шығамыз

                                                                                                                              О. Асқар

                                Бізге тәртіп үйреткен

                                Ән салдырып, билеткен,

                                Таныстырған ең алғаш

                                Әріптермен, суретпен –

                                Тәрбиешім тәтеміз.

 

                                Доспен тату ойнауды,

                                Мерекені тойлауды,

                                Бойымызға сіңірген,

                                Көптің қамын ойлауды –

                                Тәрбиешім тәтеміз.

 

                                Жақсылыққа құмармыз,

                                Жақсы адам боп шығамыз,

                                Таза сәби жүректен,

                                Қабылдаңыз мың алғыс,

                                Тәрбиешім тәтеміз.

      -  Балалар, балабақшада бізге ең жақын адам кім деп ойлайсыңдар?

      Балалардың жауаптары тыңдалады.

       

     Тыныштық сәті

     - Балалар, денелерінді түзу ұстап, бастарынды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздерінді жұмсаңдар да болады. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

 

     Дәйексөз

Қ. Мыңжанның «Шуағына бөленген, аялаған, демеген, тәрбиеші апайлар, мейірімді не деген!» өлең жолдарын бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіру.

    - Тәрбиеші апайымыз бізді жақсы көреді, біздің дос болуымызға, жақсы болып өсуімізге көмектеседі. Бізді өз сүйіспеншілігіне бөлеп, аялап, мейіріммен қарайды.

 

     Ойын. «Интервью» (сұхбат)

     - Мен сендерге мына ойынды ойнауды ұсынамын. Сендер мен туралы білгілерін келсе, ол үшін арнайы 10 минут уақыт беремін.

     Әрқайсың маған келіп кез келген сұрақтар қоюларына  болады. Сұрақ қойған бала өз орнына отырады, ал мен жауап беремін. Әрі қарай келесі балалардың сұрақ қоюына болады.

Мысалы:

     - Сізді не қуантады?

     - Сіз қандай балаларды жақсы көресіз?

     - Сіз не үшін ренжисіз, мұнаясыз?

     - Мен де сендер туралы білгім келеді. Соңында мен сендердің бәріңе сұрақ қоямын.

     Сендердің де топқа сұрақтар қоюларына болады.

     Сұрақтар төмендегідей болуы мүмкін. Мысалы:   

     - Сен қандай балаларды жақсы көресін?

     - Сені достарың, жолдастарың не деп еркелетеді?

     - Сен достарыңдың, жолдастарыңды қалай қуанта аласың? және т.с.с.

 

     Дәптермен жұмыс

     - Тәрбиешілеріңе тілектерінді үлкендердің көмегімен ашықхатқа жазыңдар.

 

     Сергіту сәті

     Балалар тәрбиешімен Е. Өтетілеуұлының «Бала, бала, баламыз» өлеңін бірігіп айтып, өлең мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыс жасайды.

 

                                    Бала, бала, баламыз

                                                                                                                          Е. Өтетілеуұлы

                                    Бала, бала, баламыз,

                                    Бақшамызға барамыз.

                                    Күні бойы қызыққа

                                    Батамыз да қаламыз!

 

                                    Иілеміз оңға бір,

                                    Иілеміз солға бір.

                                    Тәрбиеші қарайды,

                                    Аяққа бір, қолға бір.

 

                                 

                                    Міне, «вагон», кіреміз,

                                    «Пойызбен» жол жүреміз.

                                    «Кемеге» де мінеміз,

                                    Толқындарды тілеміз.

    Ғажайып сөздер.

    Балалар сабақта айтып, үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.

    - Мен тәрбиеші апайымды сыйлаймын, жақсы көремін.

    - Тәрбиеші – ақылшым, тәрбиеші – қамқоршым.

   

    Қорытынды:

    - Тәрбиеші апайымыз біздің ең жақын адамдарымыздың бірі екенін, олар бізге тек қана жақсылық тілейтінін білдік, сондықтан да тәрбиеші апайларымызды тыңдап, сыйлауымыз керектігін түсіндік.

 

    Жүректен жүрекке

    Балалар шеңберге жиналып, қолдарын жүрек тұсына қойып, тәрбиеші апайларына жылы сөздер, тілектерін айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Менің кішкентай достарым

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Үй жануарларына қамқорлық жасау туралы түсініктерін кеңейту.

Дамытушылық:

Үй жануарларына қамқорлық жасай білу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік:

Қамқорлыққа тәрбиелеу.

 

Көрнекі құрал:

Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар

 

Сабақтың барысы:

Шаттық шеңбер:

Балаларға кішкентай жұмсақ ойыншық күшікті ұсыну. Балалар күшікке деген өз сүйіспеншіліктерін білдіреді.

-         Сен қандай сүйкімдісің.

-         Сен қандай әдемісің.

-         Сен менің досымсың.

 

Әңгімелесу

-         Балалар, сендер қандай үй жануарларын жақсы көресіңдер?

-         Оларға қандай қамқорлық жасауға болады?

-         Дұрыс айтасыңдар, балалар, бәріміз үй жануарларын жақсы

көріп, оларға қамқорлық жасай алады екенбіз.

 

Әңгімелесу

Балаларға «Жеті қазынаның бірі» аңызын әңгімелеп беру, аңыз желісі бойынша сұрақтар қою.

-         Ит неліктен достыққа адамды таңдады?

-         «Ит – адамның досы» деп неліктен айтады?

Өз кішкентай достары жайлы әңгімелету.

 

Дәйексөз

Балаларға «Ит – жеті қазынаның бірі» деген нақыл сөзді бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіру.

-         Үй жануарлары адамның пайдасына жарайтын досы, көмекші

екен. Ит адамдардың жанында жүріп қорғайды, үйлерді күзетеді. Ал біз итті қамқорлыққа алып, жақсы көреді екенбіз. Сондықтан да «Ит – жеті қазынаның бірі» - деп бекер айтпаған.

 

Сергіту сәті:

Тербеді ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.

 

Дәптермен жұмыс:

Өздеріңнің кішкентай достарыңның сереттерін салады.

 

Тыныштық сәті:

Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмындар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларынды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал балалар енді көздерінді ашындар.

 

Ғажайып сөздер

Балалар сабақта айтып, үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтқызу.

-         Ит – адамның досы, көмекшісі.

 

Жүректен жүрекке

Балалар қолдарын жүрек тұсына қойып, «Мен кішкентай достарымды жақсы көремін, өйткені...» деп өз ойларын айтады.

-         Мен күшікті жақсы көремін, өйткені ол кішкентай.

-         Мен күшігімді жақсы көремін, үйткені ол менің досым.

 

Қорытынды:

Балалар, біз кішкентай достарымызға қамқорлық жасау керектігін үйрендік. Біздің бүгінгі сабағымыз ерекше, сәтті болады деп ойлаймын. Өйткені біз өзіміздің кішкентай досымыз ит жайлы тереңірек білдік, олар біздің досымыз екенін түсіндік. 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Өзін-өзі тану әлеміне саяхат

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Адам бойындағы құнды қасиеттер туралы түсініктер беру.

Дамытушылық:

Жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту.

Тәрбиелік:

өзара қамқорлыққа, сүйіспеншілікке, татулыққа тәрбиелеу.

 

Көрнекі құрал:

Дәптер, «Өзін-өзі тану» әлемінің картасы, түрлі түсті қарындаштар.

 

Сабақтың барысы:

Шаттық шеңбер:

Балаларды шеңберге жинап, «Шаттық шеңбері» туралы әңгімелесу.

-         Балалар, бүгін мен сендермен осы әсем, жарық, кең бөлмеде кездескеніме өте қуаныштымын.

-         Қане, балалар, бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап, шеңбер құрып тұра қалайық!

-         Балалар, шеңбер неге ұқсайды?

-         Дөңгелекке ұқсайтын бірнеше суреттер мен заттарды көрсетіледі.

Балалардың жауаптары тыңдалады.

«Балалар! Шеңбер допқа, күнге, айға, табаққа, жүзікке, алмаға, қарбызға т.с.с ұқсайды екен». Доппен ойнасақ біздің көңіл күйіміз көтеріледі.

      Күн жарық, жылу берсе, ай қараңғы түнді жарыққа бөлейді.

      Жүзікті қолға сәндік үшін тағамыз. Ал алма, қарбыз - өте дәмді жемістер мен көкөністер. Шеңберге ұқсайтын осыншама заттың өзінде қаншама қасиет бар! Ендеше шеңберге тұрудың өзінің үлкен ерекшелігі бар. Өйткені ол бізге күн сияқты жылу береді, шеңберде дөңгелене тұрып бір-біріміздің бет-жүзімізді анық, еркін көріп, тәтті, жылы тілектерімізді, сөздерімізді айтып, қуанамыз, шаттанамыз.

      Сондықтан да бұл шеңбер – Шаттық шеңбер деп аталады.   

Шеңбер бойында бір-біріне тек қана жақсылық тілейтін адамдар ғана жиналады.

      - Балалар! Енді бәрің менің қолымдағы әдемі күнге қараңдаршы, ол бізге әдемі күлкісін сыйлап тұр. Қане, біз де бір-бірімізге күн сияқты әдемі күлкімізді сыйлайықшы. Жарайсыңдар балалар!   

 

Әңгімелесу

Балаларға «Жеті қазынаның бірі» аңызын әңгімелеп беру, аңыз желісі бойынша сұрақтар қою.

-         Ит неліктен достыққа адамды таңдады?

-         «Ит – адамның досы» деп неліктен айтады?

Өз кішкентай достары жайлы әңгімелету.

 

Дәйексөз

Балаларға «Ит – жеті қазынаның бірі» деген нақыл сөзді бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіру.

-         Үй жануарлары адамның пайдасына жарайтын досы, көмекші

екен. Ит адамдардың жанында жүріп қорғайды, үйлерді күзетеді. Ал біз итті қамқорлыққа алып, жақсы көреді екенбіз. Сондықтан да «Ит – жеті қазынаның бірі» - деп бекер айтпаған.

 

Сергіту сәті:

Тербеді ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.

 

Дәптермен жұмыс:

Өздеріңнің кішкентай достарыңның сереттерін салады.

 

Тыныштық сәті:

Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмындар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларынды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал балалар енді көздерінді ашындар.

 

Ғажайып сөздер

Балалар сабақта айтып, үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтқызу.

-         Ит – адамның досы, көмекшісі.

 

Жүректен жүрекке

Балалар қолдарын жүрек тұсына қойып, «Мен кішкентай достарымды жақсы көремін, өйткені...» деп өз ойларын айтады.

-         Мен күшікті жақсы көремін, өйткені ол кішкентай.

-         Мен күшігімді жақсы көремін, үйткені ол менің досым.

 

Қорытынды:

Балалар, біз кішкентай достарымызға қамқорлық жасау керектігін үйрендік. Біздің бүгінгі сабағымыз ерекше, сәтті болады деп ойлаймын. Өйткені біз өзіміздің кішкентай досымыз ит жайлы тереңірек білдік, олар біздің досымыз екенін түсіндік. 

 

 

     

     

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сиқырлы әріптердің дыбысталуы. даярлық топ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор по маркетингу (тур. агенства)

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 734 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.05.2016 1303
    • DOCX 68 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сулейменова Карагоз Блкешовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сулейменова Карагоз Блкешовна
    Сулейменова Карагоз Блкешовна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7559
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы организации здоровьесберегающей среды в дошкольном образовании

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности по присмотру и уходу за детьми дошкольного возраста

Специалист по присмотру и уходу за детьми дошкольного возраста (помощник воспитателя, няня)

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 188 человек

Курс повышения квалификации

Воспитательный потенциал методики Никитиных на основе идеи необратимого угасания возможностей эффективного развития способностей детей дошкольного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 46 человек

Мини-курс

Управление коммуникациями в кризисных ситуациях

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инновационные технологии для бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эмоциональная сфера детей: диагностика, особенности и регуляция

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек