Инфоурок Математика Конспекты8-сынып, геометрия "Төртбұрыш тақырыбына есептер шығару"

8-сынып, геометрия "Төртбұрыш тақырыбына есептер шығару"

Скачать материал

№ 11 сабақ

МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ

 

Тақырыбы: Төртбұрыш тақырыбына есептер шығару.

Мақсат:

 

Жаңа білім

Осы уақытқа дейін өткен геометриялық денелердің түрлерін, бұрыштардың түрлерін, үшбұрыштың ішкі бұрыштарын және олардың қасиеттерін, шеңбер,
доға және центрлік бұрыш, олардың өзара байланысын, төртбұрыштың атауын, ішкі бұрыштарын, дөңестігін және периметрін, үшбұрыш теңсіздігін, салу есептерін, параллелограмм және параллель түзулердің қасиеттерін, дөңес төртбұрыштарды берілген белгілеріне қатысты ажыратуды еске түсіру. Берілген тапсырмаларды орындау алгоритмдерімен танысу.

Жаңа түсінік

Осы уақытқа дейін өтілген әдіс-тәсілдерді еске түсіреді. Өтілген материалды жинақтап қорытады. Фигураларды ерекшеліктеріне байланысты айырып таниды.

 

Қолданым әрекеті

Параллелограмның қарама-қарсы бұрыштары тең екендігін қолданады. Төртбұрыштың дөңестігін зерттегенде ішкі бұрыштарының қосындысын пайдаланады.

Талдау әрекеті

Квадраттың тіктөртбұрыш, ромб және параллелограмм бола алатынын талдайды

Шығармашы-лық әрекет

Төртбұрыштарды дұрыс тану үшін оларды категорияларға бөледі.

 

Бағамдау әрекеті

Ішкі бұрыштардың қосындысын дұрыс есептейді. Төртбұрыштарды дұрыс сипаттайды. Төртбұрыштарды қарсы қойып салыстырады.

Сабақ құрылымы:

 

І. Ақпарат алмасу (15 мин.).

ІІ.Алғашқы бекіту (3 мин.).

ІІІ.Құзырлылық қалыптастыру (18 мин.).

ІV.Шығармашылық қалыптастыру (4 мин.).

V.Бағамдау - бағалау (5 мин.).

Сабақ типі: фронтальді, топтық.

Оқыту әдісі: репродуктивті, ішінара ізденушілік.

Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:

 

Оқушыға жол сілтеу, оқушының индивидуалдық қасиеттерін дамыту.

Негізгі ұғымдар мен терминдер:

 

Тіктөртбұрыш, ромб, квадрат, диагональ, нүкте, түзу, сәуле,
кесінді, жазықтық, аксиома, теорема, кері теорема, сыбайлас бұрыштар, вертикаль бұрыштар, үшбұрыш, үшбұрыштың теңдігі, тікбұрышты үшбұрыш, қатынас, тікбұрышты үшбұрыштың теңдігі, параллель түзулер, шеңбер, центр, радиус, диаметр, хорда, центрлік бұрыш, доға, циркуль, сызғыш, салу есептері.

Оқушыда дағды қалыптастыру:

 

Тақырып бойынша әртүрлі ерекше сұрақтарды шешу, белгілеген мақсатқа қол жеткізу, өзін-өзі дамыту, топпен жұмыс істеу және топ жұмысының нәтижесін көру, өз ойын сынып алдында қорғай білу, өзгелердің жауабын көңіл бөліп оларды талдау.

Ақпарат көздері:

 

1.   Қайдасов, Ж., Хабарова, Г., Абдиева, А. Геометрия 8 сынып оқулығы. Алматы «Мектеп» 2012.

Үй тапсырмасы:

 

1.    Төртбұрыш тіктөртбұрыш әрі ромб болса, онда ол квадрат екенін дәлелдеңіз.

2.    (БОНУС) Салу есебінде шеңберлер екі нүктеде қиылысады. Сол екі нүктені қосқанда не шығатынын жазыңыздар.

 

САБАҚ БЛОКТАРЫ

 

 

і. аҚПАРАТ алмасу

 

Тақырып жоспары:

1.       Геометриялық денелердің түрлері

2.       Бұрыштардың түрлері

3.       Үшбұрыштың Ішкі бұрыштары және олардың қасиеттері

4.       Шеңбер, доға және центрлік бұрыш. Олардың өзара байланысы

5.       Үшбұрыш теңсіздігі

6.       Сызғыш пен циркулды арқылы геометриялық фигураларды салу

7.       Төртбұрыштың атауы, ішкі бұрыштары, дөңестігі және Периметрі

8.       Параллелограмм және параллель түзулер. Олардың қасиеттері

9.       Дөңес Төртбұрыштарды Берілген белгілеріне қатысты ажырату

Слайдтар:

1 – слайд (титул)

 

2 – слайд  Сабақтың мақсаты

 

3 – слайд Тақырып жоспары

 

4 – слайд                             Геометрия элементтері

 Нүкте –

Сәуле –

Түзу –

Кесінді –

Жазықтық –

Бұрыш –

 

5 – слайд                                   Бұрыштардың түрлері

1)    Мына бұрыштарға сипаттама бер және оларды анықта

                                                                                                 

 

6 – слайд      Үшбұрыштың ішкі бұрыштары және олардың қасиеттері

Шешуі: Ішкі бұрыштарының қосындысын жазу арқылы, қалған бұрышты табайық. Сонда:             α = 70o

Осыдан, 70>60>50 болғандықтан:

АС<AB<BC

 
2) Үшбұрыштың бұрыштарын табыңыз. Сол арқылы қабырғаларын өсу ретімен жазыңыз

7 – слайд  Шеңбер, доға және центрлік бұрыш. Олардың өзара байланысы

3) Шеңбердің доғаларының бұрыштарын анықтаңыз. Диаметрін табыңыз

 

8 – слайд                                Үшбұрыш теңсіздігі

Надпись: Шешуі: Үшбұрыш теңсіздігін қолдансақ:
	2+4 > 6 болуы керек
Бірақ, 2+4=6  болғандықтан, бұл кесінділерден үшбұрыш шықпайды.

6) Берілген үш кесінді арқылы үшбұрыш жасауға болмайтынын дәлелдеңіз. Біреуі 4 cм, екіншісі 2 см және соңғысы 6 см

 

9 – слайд              Сызғыш пен циркулды арқылы геометриялық

                                                 фигураларды cалу

 Бір кесінді берілген (АВ). Сол арқылы тең қабырғалы үшбұрыш салыңыз.

1.        Бірінші АВ кесіндісін өлшеп аламыз.

2.        А нүктесін шеңбердің центрі етіп алып, шеңбер сызамыз. Оның радиусы АВ кесіндісінің ұзындығына тең.

3.        Одан кейін, В нүктесін шеңбердің центрі етіп алып, шеңбер сызамыз. Оның да радиусы өлшеп алған АВ кесіндісінің ұзындығына тең.

4.        Сонда осы екі шеңбер екі нүктеде қиылысады. Сол екі нүктенің біреуін, кез-келгенін, қолданайық. Ол С нүктесі болсын. С арқылы А және В төбелеріне кесінді жүргізейік. А және В екі шеңбердің центрі, ал С осы екі шеңбердің үстінде жатқан нүкте. Сондықтан АС және ВС кесінділері радиус.

Яғни, АС=AB BC=AB       AC=BC=AB          Теңқабырғалы үшбұрыш

 

10 – слайд        Төртбұрыштың атауы, ішкі бұрыштары, дөңестігі және

                                                        периметрі

1) Төртбұрышты атағанда сағат тіліне бағыттас немесе қарама-қарсы бағытпен төбелерін тастамастан жазамыз.

2) Төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 360o – қа тең.

3) Егер бір бұрышы 180o – тан көп болса, онда ол дөңес емес төртбұрыш.
Егер барлық бұрышы 180o – тан аз болса, онда ол дөңес.

4) Төртбұрыштың периметрі дегеніміз барлық қабырғаларының қосқанда
шығатын шама.

 

11 – слайд         Төртбұрыштың атауы, ішкі бұрыштары, дөңестігі және

                                                              периметрі

 8) Мына төртбұрышқа дұрыс атау беріңіз, ішкі бұрыштарын табыңыз, дөңестігін зерттеңіз және периметрін табыңыз.

 

12 – слайд   Параллелограмм және параллель түзулер. Олардың қасиеттері

1) Параллелограмның қарама-қарсы бұрыштары тең.

2) Параллелограмның қарама-қарсы қабырғалары тең.

3) Параллелограмның диагоналдары қиылысқан нүктесінде екіге бөлінеді.

4) Параллелограмның сыбайлас бұрыштарының қосындысы 180o – қа тең.

5) a  b болғандықтан:

 

13 – слайд             Параллелограмм және оның қасиеттері

9) Мына параллелограмның ішіндегі белгісіз бұрыштарды, периметрін және диагоналдарының ұзындығын табыңыз

Шешуі: АВ  DC және АD  BC болғандықтан:

·         Сыбайлас бұрыштарының қосындысын қолдану арқылы қалған бұрыштар табылады:

 

Енді периметрін табайық: р = 2*(4 + 5) = 18 см

Қалғаны диагоналдарының ұзындығын табу:

 АС = 2*AO = 2*2 = 4 см BD = 2*DO = 2*3 = 6 см

 

14 – слайд    Дөңес төртбұрыштарды берілген белгілеріне қатысты ажырату

Қарама-қарсы қабырғалары тең

параллелограмм

Параллелограмм және қабырғалары тең

Ромб

Қарама-қарсы бұрыштары тең

параллелограмм

Параллелограмм және диагоналдары тең

Тіктөртбұрыш

Қарама-қарсы қабырғалары параллель

параллелограмм

Параллелограмм және диагоналдары перпендикуляр

Ромб

Диагоналдары қиылысу нүктесінде тең екіге бөлінсе

параллелограмм

Ромб және бір бұрышы тік

Квадрат

Қарама-қарсы екі қабырғасы тең және параллель

параллелограмм

Тіктөртбұрыш және қабырғалары тең

Квадрат

Параллелограмм және бір бұрышы тік

тіктөртбұрыш

 

 

іі. алғашқы бекіту

 

 

Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.

Төртбұрыштардың түрлерін жаз

Шеңберді құраушы бөліктерді жаз

Үшбұрышты құраушы бөліктерді жаз

 

 

 

Қорытынды:__________________________________________________________

 

ііі. құзырлылық қалыптастыру

 

+ Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

1. Екі кесінді қиылысып, төрт бұрыш пайда болды. Біреуі 25o-қа тең.     Қалғандарын сипаттап бер.

2. Үшбұрыштың екі бұрышы 80o және 80o-қа тең. Қалғанын                                       табыңыз. Қабырғаларын кему ретімен жазыңыз.

3. Шеңбердің диаметрі 2 дм. Радиусын табыңыз.

4.Шеңберде АВ доғасы берілген. Оның градустық шамасы 70o. АВ доғасына қарап тұрған центрлік бұрышты табыңыз.

5. Төртбұрыштың диагоналдары АВ және CD.Осы төртбұрышқа                                дұрыс  атау  беріңіз.

6. 2 см, 2 см, 5 cм кесінділер берілген. Үшбұрыш салуға болады ма?

7.Параллелограмның бір бұрышы 20o. Қалған бұрыштарын табыңыз.

ІІ деңгей тапсырмалары

1. Параллелограмның сыбайлас бұрыштары екеуі де 180o-тан көп бола алмайтынын шешіңіз.

2. Төртбұрыштың бұрыштары 20o, 20o, 80o. Қалған бұрышын табыңыз.                   Дөңестік қасиетіне зерттеңіз. Суретін салыңыз.

ІІІ деңгей тапсырмалары

1.  Квадраттың тіктөртбұрыш, ромб және параллелограмм екенін дәлелдеңіз.

 

іV. шығармашылық әрекет

 

 

 _ Топтық жұмыс.

І топ: Тік төртбұрыштың қабырғалары 3 см және 4 см. Қабырғасы тік төртбұрыштың диагональіне тең болатын ромбының периметрін табыңыз.

ІІ топ: Егер квадраттың диагоналы және ауданы тең болса, периметрі неге тең?

 

 

V. бағамдау-бағалау

 

ì  Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "8-сынып, геометрия "Төртбұрыш тақырыбына есептер шығару""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Социальный работник

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 725 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.11.2016 5487
    • DOCX 236.1 кбайт
    • 23 скачивания
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жолдасбай Айболат Султангалиевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17942
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие элементарных математических представлений у детей дошкольного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 179 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 069 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "Математика" в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 199 человек из 53 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 524 человека

Курс повышения квалификации

Аспекты преподавания самостоятельного учебного курса «Вероятность и статистика» в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 278 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 997 человек

Мини-курс

Организация образовательного процесса в современном вузе

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовое руководство: от планирования до успеха

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Искусство переговоров: стратегии и тактики в различных сферах жизни

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек