Инфоурок Математика Конспекты5 сынып "Логикалық математика"рецензияланған факультатив бағдарламасы

5 сынып "Логикалық математика"рецензияланған факультатив бағдарламасы

Скачать материал

Павлодар облысы Ақтоғай ауданы

 Абай атындағы жалпы білім беретін орта мектебі.

 

 

 

 

 

 

Логикалық математика

Оқу-әдістемелік кешен

Бұл бағдарлама 10-11 жастағы балалардың білім алуына негізделген

 

 

 

 

 

 

 

 

 Абай орта мектебінің

математика пәнінің мұғалімі

Сакенова Тұрсын Аманбаевна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2011жыл

Ақтоғай ауылы

Түсініктеме хат

 

Кез келген адам өз өмірінде кездесетін күрделі есптердің орындалуы , есептеуіш техниканы қолдануы , геометриялық өлшемдердің және салудың практикалық тәсілдерін меңгеруі , кесте , диаграмма , графиктерді білуі қажет.

       Математиканың практикалық пайдасы, оның адам тәжірибесінде күнделікті меңгерілетін қарапайым түсініктерден бастап, ғылыми және техникалық идеялды дамыту үшін қажетті күрделі нақты әлемнің фундаментальды құрылымының кеңістік формалары және сандық қатынастарды қамтитын пән болып келуінің шарттарынан шығады.

Математика курсының мазмұны практика жүзінде мынандай тарауларға қарасты. Олар: есептеулер, сандық жүйелер, алгебра, геометрия, анализ. І тарауда натурал сандар, бүтін сандар, жай және жүйелерінің (натурал, бүтін, рационал, нақты сандар) теориялық аспектілері қарастырылады.

5-сыныптарда “Натурал сандар”, “Рационал сандар” бөлімінде сан ұғымын кеңейту мақсатында теориялық материалға көңіл бөлінеді, арифметиканың негізгі теоремасын, Евклид алгоритмі пайдаланылады. “Жиындар теориясының элементтерін” тереңдетіп оқытуға болады және графтар теориясы, комбинаториканы шектеулі жиындар теориясының бөлігі ретінде қарастыруға болады, стандартты емес есептер арқылы (бөлінгіштік, қарапайым комбинаторика, таразыға өлшеуге, құюға, қоспаға, қорытпаға арналған есептер) оқушылардың біртіндеп қызықтыра отырып таныстыруға болады. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында шапшаң санау жүйелерімен таныстыруға болады.

Натурал сандардың 2,3,5,9,10-ға бөлінгіштік белгілері. Жай және құрама санадар. Көбейткіштерге жіктеу. Жай бөлшек. Жай бөлшектердің қасиеттері. Жай бөлшектерге амалдарды орындау. Процент. Пропорция. Тура және кері пропорционал. Ондіқ бөлшек оларға амалдар қолдану. Осы тақырыптарды ойында , логикалық есептерде , қызықты математикалық сұрақтарда қолданып байланыстыра отырып үйрену.

 

 

 

 

 

 

 

                                                                      

 

 

 

Мақсаты :

Оқушылардың ой-өрісін дамыту , олардың пәнге деген қызығушылығын ояту , олармен сыныптан тыс жүргізілетін жұмыс шараларың әр түрлі болуы, пәнді сүйіп оқуына оқушыларды тапқырлыққа баулып , зейінін , байкампаздығын жан-жақты арттыру. Олардың ойлау кабілетін дамытып , дүние және білім танымын кеңейту.

 

 

Міндеттері:

-Оқушылар натурал санадарға амалдар қолдануды ойын және логикалық есептер мен байланыстыра білу ;

-жай бөлшектерді өмірдің элементтерінен тани білу ;

-процент , пропорция есептерін жедел түрде шығара білу ;

-ондық бөлшектерді оқып, жазып , оларға амалдар қолдана білу;

-қызықты тапсырмаларды орындап тақырыпты меңгеру;

-оқу бағдарламасының тақырыптарын меңгеру;

-математика элементтерін пайдаланып ертегілер құру, ребустер, жұмбақтар, кроссворд құрастыра білу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

Математика 5 сынып

 

Кіріспе . 2 сағат

 

Натурал сандарға байланысты қарапайым тақпақтар құрастыру. Натурал сандарға амалдар қолдануға есептер құру.

 

Жай бөлшек. 10 сағат

Жай бөлшектердің өмірдегі құндылығы . Жай бөлшектерді қосу мен азайтуға ойындар. Жай бөлшектерді көбейту , бөлуге сайыс. Кері сандарға байланысты ертегілер. Ортақ бөлімге кестелер құру.

 

Процент. 6 сағат.

Процент ұғымына суретті есептер. Санның процентін табуға сөз есептер құру. Проценті бойынша санды табуға сөз есептер құру.

 

Пропорция. 4 сағат.

 

Пропорцияға өмірден әңгімелер құру. Пропорйияға арналған «ойын тап» ойыны. Егіз бота сайысы. Тестілеу.

 

Ондық бөлшек. 6 сағат.

 

Ондық бөлшектің жазылуы , оқылуының тірлігі. Ондық бөлшектерге амалдар «ойлан тап» ойыны. Ондық бөлшектерден кросворд құру.

 

Геометриялық фигуралар. 4 сағат.

 

Геометриялық фигураларды жасап есептер құру. Фигураларға байланысты тақпақ , ертегі құру. Логикалық есептер шешу.

 

Қайталау. 2 сағат.

 

Портфолиоларының есебі. Қорытынды тестілеу.  

 

 

 

 

 

Логикалық математика, барлығы-34сағат, аптасына-1сағат

Тақырып

Сағат саны

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Қорытынды

Үйге тапсырма

1

Натурал сандарға байланысты қарапайым тақпақтар құрастыру

1

Сұрақ –жауап жүргізеді:

Қосымша әдебиеттерден сандарға байланысты қарапайым тақпақтар оқу.

Сандарға байланысты тақпақтар өздері құрап шығарады

Әр оқушы тақпағын оқыпсандарына назар аударып қоғайды

Әр оқушы натурал сан бар тақпақ құрап келеді

2

Натурал сандарға амалдар қолдануға  есептер құру.

 

1

Натурал  сандарға қандай амалдар қолданылады?

Қосымша әдебиеттерден қызықты есептер көрсетіп шығартады

Әр оқушы өздігінен қызықты есеп құрастырады

Қос-қостан оқушылар есептер құрап бір-бірінің есебін шығарады бір-бірін бағалайды.

Әр оқушы өздігінен қызықты есеп құрастырады

3

Жай бөлшектердің өмірдегі құндылығы .

1

Жай бөлшектерге байланысты лекция оқу

Әр оқушы жай бөлшектердің өмірдегі құндылығын дәлелдеп байланысына көз жеткізіп көреді

Пікір-талас

Жай бөлшектерге байланысты қысқаша мәлімет жинап әкелу

4

Жай бөлшектерді қосу мен азайтуға ойындар.

2

Интербелсенді тақтаны пайдаланып жай бөлшектерді қосу мен азайтуға ойындар  жүргізу (тренажерлер)

Есептерді шығарады , ойынға белсене қатысады

 Оқушылар топпен өздігінен ойын құрастырады қалған топ оқушыларымен оны жүргізеді.

Әр оқушы өздігінен ойын құрастырады.

5

Жай бөлшектерді көбейту , бөлуге сайыс.

2

Интербелсенді тақтаны пайдаланып Жай бөлшектерді көбейту , бөлуге сайыс жүргізу (көңілді старт)

Есептерді шығарады , ойынға белсене қатысады

Сайыс нәтижелерін қорытындылау

Карточкадағы есептер шығару

6

Кері сандарға байланысты ертегілер.

3

Интербелсенді тақтаны пайдаланып кері сандарға байланысты суреттелген ертегілерді көрсету

Ертегі кейіпкерлері болып рөлдерін ойнайды.

Оқушылар ертегіні математика тұрғысынан зерттейді

Өз ертегілерін құрады

7

Ортақ бөлімге кестелер құру.

 

2

Ортақ бөлімге келтіруді қайталатады, бір неше кестенің түрін көрсетеді

Әр оқушы өздігінен кесте құрады

Қос-қостан оқушылар кесте құрап бір-бірінің кестесін тексеріп бағалайды.

Әр оқушы өздігінен кесте құрады

8

Ондық бөлшектің жазылуы , оқылуының тірлігі.

2

Ондық бөлшектер туралы лекция оқу.

Оқушылар ондық бөлшектерді құрастырады, сандарды тірілтеді

Ондық бөлшекті естіп жазу.

Ондық бөлшектерден сурет салу

9

Ондық бөлшектерге амалдар «ойлан тап» ойыны.

2

Интербелсенді тақтаны пайдаланып «ойлан тап» ойынын откізу

Ойынға белсенді қатысады

Ойын нәтижелерін қорытындылау

Ондық бөлшектерге амалдар есебімен ойын құру

10

Ондық бөлшектерден кроссворд құру.

 

2

Интербелсенді тақтаны пайдаланып ондық бөлшектерден кроссворд беріп шешу

Оқушылар топпен өздігінен кроссворд құрастырады қалған топ оқушылары оны шешеді

Кроссвордтарды қорытындылап бағалаймыз

Өздігінен  кроссворд

құру

11

Геометрялық фигураларды жасап есептер құру.

2

Геометриялық фигураларға байланысты сұрақтар қою, кескінділер таратып фигура құрастыртады, есептер береді

Геометриялық фигуралар құрады, оларға байланысты есептер шығарады

Тест орындайды

Геометриялық фигураларға байланысты қызықты есептер құрастыру

12

Фигураларға байланысты тақпақ , ертегі құру.

1

Фигураларға байланысты тақпақ еретегілер оқиды интербелсенді тақтада көрсетеді

Ертегі кейіпкерлері болып рөлдерін ойнайды.

Оқушылар ертегіні математика тұрғысынан зерттейді

Өз ертегілерін құрады

13

Логикалық есептер шешу.

1

Логикалық есептер таратады

Есептерді шығарады

Есептерді талдайды

Логикалық есептер іздеп әкеледі

14

Портфолиоларының есебі.

1

Әр оқушыны тыңдайды сұрақтар қояды

Портфолиосын қорғайды

Портфолиоларды зерттеп талдау

Жылдық қорытынды жасайды

15

Қорытынды тестілеу.  

1

Тест, сауалнама таратады

Тест, сауалнамаға жауап береді

Тест нәтижесі

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

1.     Қызықты математика – Лиман М.М. -1980ж

 

2.     Оқушыларға математика және математиктер жайлы- Лиман М.М. -1980ж

 

3.     Математика и физика в школах Казахстана-2004,2005,2006 ж

 

4.     Математика және логика журналы-2010ж

 

5.     Математика және физика журналы-2010,2011ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағдарламаның тәрбиелік мәні.

 

Логикалық және абстрактылы ойлауды дамыту , ынта мен есте сақтаудың барлық түрлерін дамыту , белсенділік пен еңбексүйгіштікке , шығармашылық , қойылған мақсатқа жетудегі ерікті , математикалық мәдениеткетәрбиелеу , ұжымда әрекеттесу дағдыларын қалыптастыру.

 

Білім мен біліктілікті бақылау.

 

Материалды меңгеру деңгейін ағымдағы бақылау өздік жұмыс , тест , сынақ жұмыстарының нәтижелері бойынша жүзеге асады. Өзін-өзі тексеру , бақылау мен өзара тексеру бойынша жүзеге асырылады , сондай-ақ теориялық және практикалық бөлімде қамтыған , тест түрінде берілген қорытынды жұмыстың орындалуы арқылы да бақылау жүзеге асады.

 

Оқу сабақтарын ұйымдастыру формалары.

 

Оқу сабақ формалары негізінде өткізіледі.

Бұл сабақтар : лекция , семинар , ойын, практикумдар.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "5 сынып "Логикалық математика"рецензияланған факультатив бағдарламасы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор детского оздоровительного лагеря

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 124 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.11.2015 5584
    • DOCX 23 кбайт
    • 39 скачиваний
    • Рейтинг: 4 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сакенова Турсын Аманбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сакенова Турсын Аманбаевна
    Сакенова Турсын Аманбаевна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18756
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Применение компьютерных моделей при обучении математике и информатике в рамках ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 179 человек

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель математики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 127 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 180 человек

Курс профессиональной переподготовки

Математика и информатика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель математики и информатики

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 685 человек из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 809 человек

Мини-курс

Эффективное управление запасами

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство: от истории к глобализации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Вероятность и статистика: формирование общеучебных умений и навыков

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе