Инфоурок Математика Другие методич. материалы6 сынып Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу

6 сынып Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу

Скачать материал

Сынып: 6                             Сабақ №53                           Күні:___________

Пән мұғалімі: Пән мұғалімі:                                        Тексерген:_______________________

 

Пәні: Математика

Тақырыбы: Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу

Оқу мақсаты:

Оқушыларға координаталық түзу бойында рационал сандарды дұрыс кескіндей отырып, оларды қоса білуге үйрету.

Тірек сөздер:

Координаталық түзу, санақ басы, рационал сандар, оң сандар, теріс сандар, санның модулі

Ресурстар:

1. Алдамұратова Т.А.  Математика 6 сынып – 1-бөлім  (Атамұра)

2. Алдамұратова Т.А.  Математика 6 сынып,  Дидактикалық материалдар  (Атамұра)

3. Алдамұратова Т.А.  Математика 6 сынып, Оқыту әдістемесі  (Атамұра)

4. Әбілқасымова А.Е. Математика 6 сынып, (Мектеп)

5. Алдамұратова Т.А.  Математика 6 сынып, Жұмыс дәптері  (Атамұра)

Сабақтың мақсаты:

-          Оқушыларды координаталық түзуде рационал сандарды қосып, мәнін есептеп шығара білуге үйрету.

-          Есептер шығаруда жалпы қабілеттілікті дамыту, еріктілікті дамыту, қабілеттілік пен белсенділік, танымдық қиыншылықты жеңуге тырысу.

-          Адамгершілік тәрбиесін беру, мамандыққа бағдарлау және экономикалық тәрбие беру, үлкенге сый-кішіге жол көрсету сезімдерін тудыру.

Көрнекілік:

Сызғыш, үлестірмелі тапсырмалар, оқулық, тақта, түрлі-түсті бор.

Кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру

Амандасу, оқушыларды түгендеу, оқушылардың сабаққа дайындығына назар аудару.

Оқушыларды топқа бөлу.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасып, орындарына отырады. Кезекші сыныптың сабаққа қатысуы туралы мәлімет береді.

Білу

(Мотивация-лық кезең)

1.                 Қайталау сұрақтарын береді;

2. Экспресс тапсырмалар таратып береді.

1. Қойылған сұрақтарға жауап береді;

2. Таратылған экспресс тапсырмаларды орындайды.

Қайталау сұрақтары:

1.                  Координаталық түзу дегеніміз не?

2.                  Рационал сандар деп қандай сандарды айтамыз?

3.                  Бүтін сандар жиынына қандай сандар кіреді?

4.                  Оң сандар мен теріс сандардың айырмашылығы қандай?

Экспресс тапсырмалар

1)        2)         3)       4)     5)        6)

Түсіну

(Операцио-налдық кезең)

Координаталық түзу бойына рационал сандарды кескіндей отырып, оларды қосуды түсіндіру.

Мұғалімнің айтқанын тыңдай отырып, дәптерге координаталық түзу бойында рационал сандарды кескіндеп, қосындысын табуды үйренеді.

Жаңа тақырып

     Координаталық түзудің көмегімен 2 санына 3 санын қосу үшін координатасы 2-ге тең нүктені оңға қарай 3 бірлікке жылжыту керек. 5 санынан 3 санын азайту үшін координатасы 5-ке тең нүктені солға қарай 3 бірлікке жылжыту керек.

 

                                         +3

          О       Е 

          ▪                ▪        ▪                               

          0        1       2                           5      

                                          -3 

Сондықтан, координаталық түзуде  нүктені оңға қарай жылжыту оң сандармен ал солға қарай жылжыту теріс сандармен белгіленеді.

     Демек, егер 4 саны 2 бірлікке өзгерсе, онда А(4) нүктесі оңға қарай 2 бірлікке ауысады. Еегер 4 саны -2 бірлікке өзгерсе, онда А(4) нүктесі солға қарай 2 бірлікке ауысады. Сондықтан 4+2=6 және 4+(-2)=2.

     a  санына b санын қосу  a  санының b бірлікке өзгеруін береді.

     Кез келген санға оң санды қосса, онда ол сан артады, ал теріс санды қосса, онда ол сан кемиді.

Координаталық түзудің көмегімен a рационал санына b оң рационал санын, мұндағы b>0

(-b теріс рационал санын, мұндағы b>0), қосу үшін координатасы а-ға тең нүктеден оңға (солға) қарай b бірлікке орналасқан нүктеге көшу керек.

     Екі қарама-қарсы санның қосындысының мәнін есептейік. Ол үшін координатасы 3-ке тең нүктеден сол жақта 3 бірлікте орналасқан нүктеге, яғни координатасы 0 нүктесіне көшеміз. Сонда 3+(-3)=0.

     Екі қарама-қарсы рационал сандардың қосындысының мәні 0-ге тең.

а+(-а)=(-а)+а=0

     Рационал сан мен нөлдің қосындысының мәні нөл мен рационал санның қосындысының мәніне, яғни сол санның өзіне тең.

Кез келген а рационал саны үшін а+0=0+а=а теңдігі ақиқат болады.

Қолдану (Деңгейлік тапсырмалар)

Сыныпта орындалатын тапсырмаларды әр топқа деңгейіне қарай бөліп береді.

№419, №420 (ауызша)

Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды.

І-топ:

А тобы: №422 (1-2),

В тобы: №427, №428,

С тобы: №434 (1-2).

ІІ-топ:

А тобы: №422 (3-4),

В тобы: №427, №428,

С тобы: №434 (2-3).

ІІІ-топ:

А-тобы: №422 (5-6),

В-тобы: №427, №428,

С тобы: №434 (3-4).

Талдау (Деңгейлік тапсырмалар)

 Оқушылардың жұмыстарын тексереді

Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды талдап, қателерін табады.

Синтез (жинақтау)

№433 есеп, тақырыптық сұрақтар беру.

-        Нүкте координаталық түзу бойымен оң бағытта жылжыса, оның координатасы қалай өзгереді?

-        a санын b санына қосуды қалай түсінесің?

-        Қарама-қарсы сандардың қосындысы неге тең?

№433 есеп бойынша және тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап бере отырып, бүгінгі сабақтан алған білімдерін қорытады.

Бағалау

Сабаққа белсене араласқан және тақтамен жұмыс жасаған оқушылардың білімін бағалау.

Алған бағаларын күнделікке қойғызады.

Үйге тапсырма:

№421, №429 есептер

Берілген тапсырманы күнделіктеріне жазып алады.

А тобы

№421. 1) -6+2=-4                  2) -3+8=5                   3) -7+5=-2                  4) -5+(-1)=-6

№422. 1) -2+5=3                   3) -5+6=1                   5) -5+0=-5

2) -3+7=4                    4) -4+4=0                   6) -2+6=4

 

В тобы

 

№427.                                          

          ▪                ▪        ▪                               

          -4                                   0                  2                          Жауабы: 6 градусқа өзгерген

№428. 1) -12+20-26=-18                   2) 6-18+24=12                      

3) 9-23+18=4                         4) -12+26-19=-5

 

№429. 1) 5-9+3=-1                2) -6+11-8=-3             3) -4+10-14=-8           4) 3-8+12=7                           5) 4-10+14=8                     6) -3+8-12=-7             7) -2-5+12=5              8) -1-4+13=8

            9) -1-7+11=3              10)-5+9-11=-7            11) -4-5+10=1            12) 6-11+8=3

 

С тобы

№434. 1) 8-12-14+32=14                  2) -14+9+20-23=-8                

3) -3-6+15-7=-1                      4) -1+9-15+9=2

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "6 сынып Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по студенческому спорту

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Оқушыларды координаталық түзуде рационал сандарды қосып, мәнін есептеп шығара білуге үйрету.

Есептер шығаруда жалпы қабілеттілікті дамыту, еріктілікті дамыту, қабілеттілік пен белсенділік, танымдық қиыншылықты жеңуге тырысу.Адамгершілік тәрбиесін беру, мамандыққа бағдарлау және экономикалық тәрбие беру, үлкенге сый-кішіге жол көрсету сезімдерін тудыру.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 120 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.11.2017 5773
    • DOCX 30.4 кбайт
    • 86 скачиваний
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Махамбетова Бану Алтаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Махамбетова Бану Алтаевна
    Махамбетова Бану Алтаевна
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 24659
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 17 регионов

Курс повышения квалификации

Развивающие математические задания для детей и взрослых

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 66 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 81 человек

Курс повышения квалификации

Применение возможностей MS Excel в профессиональной деятельности учителя математики

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 196 человек

Курс повышения квалификации

Формирование умений и навыков самостоятельной работы у обучающихся 5-9 классов на уроках математики в соответствии с требованиями ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 95 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 453 человека

Мини-курс

Психология обучения и развития детей: от садика до школы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с детьми: эмоциональные и зависимые расстройства

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 53 человека из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 23 человека

Мини-курс

Стратегии брендинга в условиях глобальной конкуренции и изменяющихся рыночных тенденций

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе