Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалы3 сынып Тақырып: Табиғатты қорғай білейік

3 сынып Тақырып: Табиғатты қорғай білейік

Скачать материал

А. Байтұрсынов атындағы толық ұзартылған күн тобымен жұмыс жасайтын

бастауыш гимназия

                          

 

 

 

Тәрбие сағаты

                                                                              

Тақырыбы:

"Табиғатты қорғай білейік"

(ойын)

 

 

     Өткізген: Қалмағанбетова Д.Б

                     3 «А» сыныбы

 

 

 

 

 

 

 

 

Арқалық қаласы

Сәуір  айы

2016-2017 оқу жылы


 

Тақырыбы: Табиғатты қорғай білейік.
Мақсаты: Оқушылардың қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейту..Табиғатқа деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Түрі: ойын
Көрнекілігі: табиғаттың суреттері, сөзжұмбақтар.

Барысы:

Ø  Ұйымдастыру 

Ø  «Жаңбырмен жер көгерер,батамен ел көгерер»(мақалды жалғастыру)

Ø  «Тіршіліктің көзі - табиғаттың өзі»(дүниетану пәні бойынша сұрақтар қою)

Ø  «Табиғат- тіршілік иесі»(жұмбақтар шешу)

Ø  «Құстар-біздің досымыз»(сөзжұмбақ шешу)

Ø  Қорытындылау

 

Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын мен сіздерге мынадай сауал қойғалы отырмын.

Мұғалім: Жазда барып өзеннің жағасына бөгелдім,

                Кім айтады, кәнекей, ол жерден мен не көрдім?

Оқушылар: Тау, өзен, ағаш, құстар, гүлдер т.б

-Табиғат дегеніміз не?

Көркем: Табиғат - ол су. Суды тіршілік көзі дейді. Сусыз жер бетіндегі тіршілікті елестету мүмкін емес.
Жұлдыз: Табиғат - ол топырақ. Жер бетіндегі тіршілік атаулы қоректік нәрді топырақтан алады.

Таңшолпан: Табиғат - ол өсімдік. Өсімдік - бұл жасыл желек, көк майса құрақ, қызыл - жасыл гүлдер. Өсімдік ашыққанда - тамақ, шөлдегенде - сусын, ыстықта - көлеңке, суықта - пана, ауырғанда - дәрі, ренжігенде - қуантатын табиғаттың сұлу көркі. Өсімдік – таза ауа, еліміздің дәулеті - жасыл желек, орман.

Құрманғали Айша:  Табиғат - ол Жануарлар әлемі. Жүгірген аң, ұшқан құс, дала ажары - ақбөкен, әні мен сәні - бұлбұл, су аруы - аққу табиғатымыздың сәні емес пе?

-        «Жаңбырмен жер көгерер,батамен ел көгерер»-дей келе табиғат туралы мақал-мәтелдің жалғасын табайық.

Мақал-мәтелдер.

1.      Ер-елдің көркі,орман тоғай.../жердің көркі/.

2.      Бір тал кессең,.../он тал ек/.

3.      Дәрі.../ шөптен шығады/,дана көптен шығады.

4.      Қорада малың болсын,көшеде.../талың болсын/

5.      Атаңнан мал қалғанша,.../тал қалсын/.

6.      Бұлақ көрсең.../көзін аш/.

7.      Сулы жер құрақсыз болмас,таулы жер.../бұлақсыз болмас/.

8.      Жылап жүріп арық қазсаң,.../күліп жүріп су ішерсің/.

«Тіршіліктің көзі - табиғаттың өзі» (дүниетану пәні бойынша сұрақтар қою) Сұрақ-жауап.

1.      Көкжиек тұстарын анықтайтын арнаулы құрал?(Тұсбағар)

2.      Бір заттың көлемін кішірейтіп көрсететін сан?(Масштаб)

3.      Қара алтын?(мұнай)

4.      Ұя салмайтын құс?(көкек)

5.      Көру мүшесі?(көз)

6.      Жер бетінің қағазға кішірейтіліп салынған бейнесі?(карта)

7.      Жердің бетіндегі әсемдік өсетін борпылдақ жұмсақ қабаты?(топырақ)

8.      Адам денесінің тірегі?(қаңқа)

9.      Ақ алтын?(мақта)

10.    Есту мүшесі?(құлақ)

11.    Жер қыртысын толтырып жатқан денелер?(тау жыныстары)

Табиғат- тіршілік иесі (жұмбақтар шешу)

1.Аспай піскен

Қайнамай түскен (жеміс)

2. Өзі көзі- Көзі –өзі (күн )

3.Күндіз тығылады,түнде қыдырады .( жұлдыз)

4.Әкесі құстан,шешесі тышқан,ол не? (жарқанат)

5. Әуеден күбі түсті,

Күбінің түбі түсті (найзағай)

6. Қызығып әр адам

Ұстап ап даладан,

Жүніңді жұлып ап

Бесікке қадаған,

Бұл қай құс? (үкі)

4.Құстар-біздің досымыз(сөзжұмбақ шешу)

1.Жасыл орман желекті

Оның күтіп-баққаны

Тоқылдатса теректі-

Құртын қуып жатқаны (тоқылдақ)

2.Суда жұбын жазбайтын құс (аққу)

3.Ұшады қалықтайды,

Сайраудан бір жалықпайды. (бұлбұл)

4.Қыран құс (ителгі)

5.Құстың атымен аталатын қыз есімі (Қарлығаш)

6.Бантигі бар басында

Бір құс жүр үйдің қасында (тауық)

7.Сөйлей алатын ,қолға үйренген құс (тотықұс)

Қорытынды:

Табиғат – бүкіл тіршілік атауының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өсіп - өнер мекені. Табиғат – адамға қажет баға жетпес байлық, ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі екен. Сол себепті табиғаттымызды қорғай білейік оқушылар.

 

 

 

Қорытынды тұжырым:

   3 «А» сыныбында «Табиғатты қорғай білейік» атты тәрбие сағаты  ойын түрінде өткізілді. Табиғат дегеніміз не? Деген сұраққа оқушылар өз ойларын айтты. «Жаңбырмен жер көгерер,батамен ел көгерер» мақал-мәтелдің жалғасын тауып айта білді. «Тіршіліктің көзі - табиғаттың өзі» дүниетану пәнінен сұрақтарға, «Табиғат тіршілік иесі» жұмбақтар оқушылар тез жауап бере білді көп біледі. «Құстар біздің досымыз» сөзжұмбақтар шешті. Оқушылар табиғатты қорғау, оның байлықтарын тиімді пайдалануға өз үлестерін қосу керектігін айтты. Тәрбие сағаты тартымды өтті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "3 сынып Тақырып: Табиғатты қорғай білейік"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Музыковед

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 666 075 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Презентация по Литературному чтению. И. Токмакова "Купите собаку" (1 класс)
  • Учебник: «Литературное чтение (в 2 частях)», Климанова Л. Ф., Горецкий В.Г., Голованова М.В. и др.
  • Тема: О братьях наших меньших
Рейтинг: 5 из 5
  • 03.05.2017
  • 11777
  • 1883
«Литературное чтение (в 2 частях)», Климанова Л. Ф., Горецкий В.Г., Голованова М.В. и др.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.05.2017 1288
    • DOCX 469.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Қалмағанбетова Данагүл Бақытқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11971
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие творческих способностей для дошкольников и младших школьников

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 58 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 684 человека

Курс повышения квалификации

Использование элементов театрализации на уроках литературного чтения в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 492 человека

Курс повышения квалификации

Организация рабочего времени учителя начальных классов с учетом требований ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 335 человек

Мини-курс

Созависимые отношения и способы их преодоления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 33 человека

Мини-курс

Управление спортивными событиями и организация деятельности в спортивной сфере

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Формирование социальной ответственности и гармоничного развития личности учеников на уроках

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе