Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / 2 сынып Тәрбие сағаты

2 сынып Тәрбие сағаты



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Солтүстік Қазақстан облысы

Жамбыл ауданы

Қайранкөл орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Мұқаева Арнагүл Төлегенқызы

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Еліміздің салт – дәстүрі жасасын».

Мақсаты: 1) Білімділік: Оқушыларға Қазақстанда тұратын халықтың салт – дәстүрлері мен әдет – ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету.

2) Дамытушылық: Оқушыларға салт – дәстүрлердің адамгершілік қасиеттерін бойларына сыйдырып, білім мен білік дағдыларын дамыту. Оқушылардың өз халқына, ұлтына, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

3) Тәрбиелік: Балаларды ұлағатты салт-дәстүрді дәріптеуге, құрметтеуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: слайд, суреттер, ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, ұлттық бұйым көрмелері. Сабақтың барысы: Оқушы:

Ата салтым – асыл мұрам, ардағым,

Бабалардың жалғастырар арманын.

Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,

Өткенімді бүгінменен жалғадым.

Қазағымның салт – дәстүрі жаңғырған.

Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.

Салт – дәстүрді ардақтайық, ағайын.

Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған.

Жиналыппыз, сәтті күні бәріміз де,

Үлкен, кіші, жасымыз, кәріміз де.

Төрлетіңіз, қадірменді қонақтар,

Гүл – гүл жайнап мына біздің төрімізге.

Оқушы: Тілегі бір,

                                               Жүрегі бір.

                                               Достармен біз біргеміз.

                                               Туыс барда құрыштан да,

                                               Берік біздің іргеміз!

Тілі бөлек болғанымен тілек бір

                        Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл,

                        Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ

                        Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

ІІ. Кіріспе /Мұқаева А.Т сөзі/

Құрметті ұстаздар,оқушылар және ата-аналар! Бүгінгі тәрбие сағатымыздың негізгі мақсаты – халқымыздың салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын оқушы бойына сіңіру. Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері болатыны белгілі. Яғни Қазақстан халқының тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. Халқымыздың әдет-ғұрпын, дәстүрін, тарихын білу, оны қастерлеу – әрқайсымыздың борышымыз. Дәстүр – бір ұрпақтан екінші ұрпаққа өтетін, өткен ұрпақтардан қалған мұра. Салт-дәстүр – тұрмыста дәстүрлер көрініс тауып, әдет- ғұрыппен белгіленген әрекеттер.

Адамның өмір жолы ерекше оқиғаларға толы. Олардың барлығы, мейлі ол баланың дүниеге келуі болсын, үйлену тойы, Наурыз мерекесі болсын әртүрлі атап өтіледі.Әрбір оқиға салт-дәстүрге сәйкес атап өтіледі. Салт-дәстүр адамды дүниеге әкелгеннен бастап, көз жұмғанға дейін жетелейді. Сабағымызда саяхат жасай отыра басқа ұлтымыздың де салт дәстүріне тоқтаймыз. -Біздің елімізде көп ұлттар тұрады. Әр ұлттың салт-дәстүрін сақтап, достығымыз берік болу үшін ассамблея көп қызмет атқарады. Биыл 20 жыл толып отыр. Ол қашан құрылды ? Оқушы: Қазақстан халқы Ассамблеясы - 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган ретінде құрылды. Ассамблея құрамына қандай ұлттар кіреді? Ал балалар басқа мемлекетте ше біздің қазақ ұлттары тұра ма? Ендеше біз қазір бірінші «Өзбек халқына барамыз.» Өзбек әнімен балалар саяхатқа шығады. Слайдтан:

Ақ мақтаның мекені,

                  Көңілі болған қарлы шың.

                  Өз ағам деп еркелер

                  Өзбек ағам армысың.   

Отбасының өзге мүшелерi де “өзбек баласы өзбекше тәрбиеленуге тиiс” деген ұстанымды сақтайды. Үлкендерге көмектесу, бау-бақшаны күтiп-баптау сияқты ұсақ шаруаларға өзбек баласы 3-4 жасынан бастап-ақ икемделедi. Күннен бұрын ұйқыдан оянатын өзбектердiң еңбекқорлығы сонау бала кезiнен қанға сiңген қасиет. «Күрек ұстамаған өзбек, өзбек емес» деп олар үнемі айтып отырады екен .  Өзбектің ауласы үнемі айнадай болып тұрады. Себебі, сол үйдің қызы болсын, келіні болсын ерте тұрып, су сеуіп, сыпырып тұрады. Өзбектерге мал асырау үшін кең жердің керегі жоқ. Өзбектер тойда билегенде әйелдер бөлек, еркектер бір бөлек, өздерімен өздері билейді. Өзбектердің негізгі тағамы өсімдік, сүт және сүт өнімдерінен жасалады. Сүйікті асы — палау. Басты сусыны шай, көбіне көк шай. Өзбектердің дастарханынан жеміс-жидектер,өрік-мейіз,жаңғақтар ,тандыр нан үзілмейді.

Мұқаева А.Т.:Біз де өзбек халқына құр келген жоқпыз бізде өз салт-дәстүрімізді көрсетеміз. Балалар ортаға шығып:

Оқушы: «Еттен табақ тарту дәстүрі»

Оқушы: «Ет мүшелерінің атаулары»

Оқушы: «Қыз таңдау дәстүрі»

Демалып алайық: Оқушы:

Шашу, шашу,  шашайық,

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке, бұл тойда

Керемет рәсім жасайық!

Бүгінгі кешіміз қызықты өту үшін келесі кезекті ойынға берейік. Мына қоржында асықтар салынған. Ол асықтардың бетінде сан жазылған. Қоржыннан кез келген бір асықты аласыңдар. Шыққан сол санға байланысты сұрақ қоямыз, кім көп жауап береді екен?

1 сұрақ. 10 атаны атап беріңіз. (әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене,  туажат, жекжат, жұрағат, жамағат)

2 сұрақ.  А. 3 мақсатты ата.  Жол мақсаты – жету, дау мақсаты – біту, сауда мақсаты – ұту.

3. сұрақ. Үш арсыз. Ұйқы, тамақ, күлкі.

4. сұрақ.3 алыс. Кәрі мен жас, жақсы мен жаман, алыс пен жақын.

5. сұрақ. 3 биді ата. Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би.

6. сұрақ. 3 даусыз. Мінез, кәрілік, ажал.

- Ия, қазақ халқы қонақшыл халық қой. Сыйлықтарыңды ала қойыңдар.

«Татар халқына қонаққа барамыз.» \сол тілде музыка жүріп тұрады, ырғағымен балалар билейді.\ слайд .

Мұқаева А.Т..: Жас нәресте дүниеге келгенде шай қасықпен аузына бал салады. Ол осы баланың өскенде мінезі балдай болсын, өздері ұнатқан, құрмет тұтатын  кісілеріне тартсын деген ырымы екен. Сабантойдың басты мақсаты – халықтар достығын арттыру. Сондай-ақ, маңыздылығы жоғары мейрам тіршілік бастауы, егін науқаны аяқталған шақта өткізілетіндіктен, молшылық пен жаңа өмір жаршысы болмақ. Бұл — Сабантойдың сәніне айналған ұлттық ойынның бірі «Дорбамен ұрысу» ойыны да осы сабантойда өткізіледі. Кеңінен таралған тағам – ол бәліш болып табылады. Жұма намазына 7 жасар баладан бастап 70-тегі шалдарға дейін баруды дәстүрге айналдырды. Рамазан айында ораза ұстауды да татарлар қатты қолдайды. 30 күн оразада ауыз бекіту заңын татарлар бұлжытпай орындауға тырысады. Қазақстандық татарлар басқа мұсылмандар сияқты Ораза айтын, Құрбан айтын салтанатпен құрметтеп өткізуді мықтап ұстанады. Жұма намазына әкесі, баласы, атасы бірлесіп баруды міндет санайтындар татарлар арасында жиі кездеседі. 

Мұқаева А.Т.:Біз де өзбек халқына құр келген жоқпыз бізде өз салт-дәстүрімізді көрсетеміз. Балалар ортаға шығып:

Оқушы: «Сәбиге арналған дәстүр»

Оқушы : «Балаға ат қою дәстүрі»

Оқушы: «Баланы сынау дәстүрі»

Оқушы : «Үш санындағы ұшқыр ой» «Түрік халқына қонаққа барамыз.» \сол тілде музыка жүріп тұрады, ырғағымен балалар билейді.\ слайд .Мұқаева А.Т: 4 жағымды дерек: 1. Жәрдем беруге дайын болып тұрады. 2. Қыздарының ашық киінбеуі. 3. Дос болуға әрқашан дайын. 4. Өз қалауымен қазақша үйреніп, қазақ мәдениетіне, әдет-ғұрпына шынайы қызығатын жастарды көп кездестіресіз. Түрік халқы туралы бейнетаспа жүреді.

Бізде өз өнерімізді көрсетуге шаршамаймыз. Әр қатардан бір баладан шығып мақал-мәтелдер сайысына түседі. \3 оқушы\

Мұқаева А.Т.:«Жаңбырменен жер көгереді,

Батаменен ер көгереді» дегендей, сабағымызға келіп отырған әжелерден бата сұрайық.

Тума бауы берік болсын,

Сұлу күндей көрік болсын.

Әкесі мен анасына

Тек жақсылық беріп болсын.

Арманға биік шыға берсін,

Көп сөздерге сынап ерсін.

Өз елінің ұлы болып

Ата салтын ұға берсін.

Дені сау болсын, ауырмасын,

Жарқын жүріп қауым барсын.

«Қазақ ұлы» деген аттан

Өмір бойы айырмасын.

Әумин!

Мұқаева А.Т.: Қаз дауысты Қазбек би бізді қандай ел деген?

Біз қазақ мал баққан елміз,

Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.

Басымыздан құт-береке қашпасын деп,

Найзаға үкі таққан елміз.

Ешбір дұшпан басынбаған елміз,

Басымыздан сөз асырмаған елміз.

Достықты сақтай білген елміз,

Дәм-тұзды ақтай білген елміз.

VІІ. Қорытынды: /мұғалім Мұқаева А.Т сөзі/

Қазақстан елінде тұрып жатқан халықтың салт-дәстүрін құрметтеу әр қазақстандықтың үлкен парызы, ол достықтың, еліміздің берекесі.

Туған соң адам боп,

Білімсізден жаман жоқ.

Ел дәстүрін білмесең,

Жұрт айтады надан деп.

Ашық болсын күніміз,

Ашылады нұрымыз.-дей отыра, тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймын. \қазақша музыка «Салт-дәстүрім» жүріп тұрады.






57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 21.01.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров116
Номер материала ДВ-365854
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх