Инфоурок Всеобщая история Рабочие программы9 сыныпқа арналған Абайтану бағдарламасы

9 сыныпқа арналған Абайтану бағдарламасы

Скачать материал

Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны

 

9. Кіріспе. Адамзаттың Абайы-1сағат.  Пән туралы түсінік, мақсат-міндеттері. Абайтанудың өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Абайдың 150 жылдық мерейтойында сөйлеген сөзі. Абайды оқыту, түсіндіру, жұртқа таныту жолындағы абайтану ғылымы мен қазақ мектебінің міндеті туралы.     

10. «Абайды білмек парыз ойлы жасқа» тарауын оқытуға - 10 сағат бөлінген:

1) Абайдың өмірі -2сағат, ақын өмір сүрген заман, ата-тегі, туып-өскен ортасы,алған тәлім-тәрбиесі; әлеумет ісіне араласуы, Абайдың рухани дүниетанымының өсу және қалыптасу кезеңдері;                                                                                         

2) ақынның халық даналығын тануы-1сағат, Абай ақындығының бастаулары, ақынның білім алған мектептері және білімін кеңейту арналары, ауыз әдебиеті Абайдың үлгі алған қайнар бұлағы, қазақтың халықтық өлең-жырларын, ертегі, қисса, аңыз әңгімелерін әжесі Зереден, халық ақындары Дулат, Шөже, Байкөкше, Балталардан есітіп, жадына тоқуы;

3) Абай шығармаларындағы шығыстық сарындар -1сағат, Абайдың араб, парсы, шағатай тілдерін жетік меңгеруі, шығыс әдебиеті Абайдың нәр алған рухани мектебі, Абайдың алғашқы шығармашылығына тән шығыстық сарындар, Абай шығармаларындағы шығыстық сипаттарды зерттеудің бүгінгі бағыт-бағдары, Абай шығармаларының шығысқа қатысы жайын түбегейлі қарастырып, ғылыми деңгейге көтерудегі Мұхтар Әуезовтің еңбегі, Абай шығармашылығына шығыс әсерінің М.Мырзахметұлының еңбектерінде жаңаша зерттелуі, Абай шығармашылығының шығыс әдебиетімен және шығыс  мәдениетімен байланысын қарастырудағы жаңаша көзқарастар мен тың бағыт-бағдар; 

4) Абай және орыс әдебиеті-1сағат, Абайдың орыс әдебиетіне ден қоюы, орыстың ұлы классиктері Пушкин, Толстой, Лермонтов, Крылов, Салтыков-Щедрин, Некрасовтармен қатар революционер-демократ ағартушылар Герцен, Чернышевский, Добролюбовтардың еңбектерін оқуы, ақын аудармаларының қазақ әдебиетін жаңа ой орамдарымен байытуы, Абай аудармаларының ерекшеліктері;

5) Абай және Пушкин -2сағат,  Абайдың Пушкиннен аудармалары, ақын аудармасында көркем бейнелі ойдың ұлттық танымға сай тәржімалануы, «Онегиннің өлердегі сөзі» өлеңі Абайдың өзінің тапқан көркемдік шешімі екендігі, аударманы түпнұсқамен салыстыра оқығанда көрінетін ерекшеліктер;

6) Абай және батыс әдебиеті -2сағат, Абай шығармашылығына шығыс, орыс, батыс әдебиеті әсерінің тарихи-әлеуметтік негіздері, Абайдың қазақ тілінің қуатын көтеріп, құнарын арттырудағы шығармашылық ізденісіне ауыз әдебиетінің, шығыс, орыс, Еуропа әдебиеті мен мәдениетінің зор ықпалы болғандығы, Абайдың өлең құрылымында да, ойшылдық, сыншылдық алымында да орыс әдебиетінің ықпалы бар екендігі, Еуропаның ұлы ақын-жазушылары Шекспир, Байрон, Гете, Дюмалардың, философтар Сократ, Платон, Аристотель, Спенсер, Дарвин, т.б. еңбектерімен танысуы, Дж. Байрон «Көңілім менің қараңғы», А.Мицкевич «Тұтқындағы поляк жандаралының сөзі», И.В.Гете-М.Ю.Лермонтов «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңдері;

7) Абай мұрасының орыс және өзге тілдерде танылуы -1сағат, Абай өлеңдерінің шет тілдерге аударылуы, өзге тілге тәржімаланған ақын өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктері.

11. «М.Әуезов және абайтану мәселелері» тарауын оқытуға - 4 сағат бөлінген:

1) Абай мұрасын зерттеушілер және абайтану ғылымының қалыптасуы -2сағат, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, және т.б. зерттеушілердің ақын шығармалары жайында айтқан пікірлері;

2) М.Әуезовтің абайтануға қатысты зерттеу еңбектері -1сағат, Абай мұрасы жайында, ақын мұрасын тану, насихаттау, таныту жолындағы ізденістер, Абай шығармашылығы турасындағы шығыс және батыс әдебиетіне қатысты мәселелер;

3) ақын шығармаларының басылымдары-1сағат, ақын мұрасының XX ғасырдың алғашқы ширегінде жинақталуы, жариялануы және оған ықпал еткен адамдар, Кәкітай Ысқақұлының Абай шығармаларының ең алғашқы жинағын шығарудағы еңбегі.

12. «Абай шығармаларындағы ғылым, білім тақырыбы» тарауын оқытуға -10 сағат бөлінген:

1) «Ғылымға көңіл берсеңіз» -5сағат, «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңінің басты идеясы – жастарды ғылым, білімге үндеу, халықтың болашағы үшін ғылым-білімнің маңызын, мақсат-міндетін айқындауы, ғылым, білімді уағыздаған ағартушы ақынның ақылды, білімді адамды аса жоғары бағалауы;                                                                                                          

2) «Интернатта оқып жүр» өлеңінің негізгі тақырыбы, білім алу, ғылым, өнер үйрену, ақынның ағартушылық-демократтық көзқарастары, жас шәкірттерге «Пайда ойлама, ар ойла» деп, артық білуге талап қылуды аманаттауы, отаршыл патша өкіметінің жымысқы саясатына орай «Қызмет қылма оязға, жанбай жатып сөнуге» деп, өзі үміт еткен қазақ жастарына жар салуы, еңбексіз, ықылас-ынтасыз, михнатсыз нағыз ғылым, білімнің қолға түспейтінін айтуы;

3) «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде жастарды еңбек етіп, оқу оқып, білім алуға шақыруы, ақынның өсиет айтып, келешекке бағдарлама боларлық өлеңі, өлеңнің тағылымдық-тәрбиелік мәні, ғалым болу мен адам болу мәселесінің өзара сабақтастығы жайындағы ақын пікірі, Абайдың  ғылыми ой-пікір қорытуы;

 4) «Сегізінші» қарасөзіндегі ақыл, насихат туралы пікірі, ғылым, білім, ар, ұят жайлы пайымдаулары, ақыл, білім жөніндегі философиялық тұжырымы;  

5) «Он жетінші» қарасөзіндегі адамгершілік, имандылық, адалдық, парасаттылық, еңбекқорлық, қайырымдылық сияқты ізгі қасиеттер жайындағы ойлары, ақыл, қайрат, жүрек туралы философиялық ой түйіні;

  «Жиырма бесінші» қарасөзінде озық елдердің өнерін, ғылымын, білімін үйреніп, зарарынан қашық, пайдасына ортақ болуға үндеуі, «Балаң бала болсын десең, оқыт» деп өсиет айтуы;

6) Абай қарасөздеріндегі тәлім-тәрбие мәселесі. «Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік» - 5сағат, Абай қарасөздерінде көтерілген негізгі мәселелер және  даналық ой-пікірлері, ақынның халқына айтқан өсиет-насихаттары, қарасөздеріндегі пікірлерінің өлеңдерінде айтылатын ойларымен тығыз байланысы, өзіндік ерекшелігі;

7) «Екінші» қарасөзіндегі ақынның халқын намысқойлыққа, еңбексүйгіштікке, іскерлікке шақырған идеялары, халықтың бойындағы жағымсыз қылықтарды сынай отырып, одан арылудың жолдарын көрсетуі, ұлттық дамудың тиімді экономикалық маңызын назарға салуы, еліне еңбекқорлықты, іскерлікті, мал табу жолдарын айтқан өсиетнамасы;

8) «Оныншы» қарасөзіндегі бала тәрбиесі туралы ойы, «Ғылымсыз ахирет те, дүние де жоқтығын» айта отырып, баланы оқуға, білім алу жолына бағыттаудың маңызын көрсетуі; 

9) «Он сегізінші» қарасөзіндегі киіну мәдениеті туралы көзқарасы, ақынның кербездік ұғымы жайындағы топшылау-тұжырымы,  адам баласының ақыл, білім, ар, мінез сияқты нәрселермен озатындығын үлгі-өнеге етіп қалдыруы;

10) «Он тоғызыншы» қарасөзінде Абайдың адамның естілігіне психологиялық, педагогикалық талдау жасауы, ақынның ес туралы ой тоқтамы, естігенді еске сақтаудың маңыздылығы жөніндегі ой-пікірі;

11)    «Отызыншы»  қарасөзінде Абайдың адам мінездеріндегі жағымсыз әрекеттерді сынауы, ар, есті, намысты білмей тұрып, адамдық, арлылық, батырлық болмайтындығына қатысты тұжырымы, өлімнің, өмірдің мәні туралы философиялық танымы.

13. «Абай танымындағы ән мен күй» тарауын оқытуға  - 4 сағат бөлінген:

1) Абай әндерінің таралуы-1сағат, ән мен күй, өнер құдіреті туралы толғанысы, жақсы әннің көкейге ой салатын эстетикалық мәні, Абай әндерінің мазмұны, халық арасына таралуы турасында, Абай әндерінің халық әндерімен ұқсастықтары және айырмашылықтары, Абайдың музыкалық туындыларындағы әуен мен ырғақтар;

2)  «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» -3сағат, «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа», «Құлақтан кіріп бойды алар», «Өзгеге, көңілім, тоярсың» өлеңдері мен күйлері, «Сегіз аяқ», «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, қалам  қас» әні, ән мен күйдің халықтың өмірінде алатын орны, ақынның ән және күй өнері туралы пікірі, Абайдың қазақ музыка өнеріне енгізген жаңалығы хақында, Абай әндерінің көркемдік-эстетикалық ерекшеліктері.

14. Поэмаларын оқытуға - 2 сағат бөлінген:

1) «Ескендір» поэмасы, поэманың тақырыбы мен идеясы және көркемдік маңызы, ақын поэмасының романтикалық және реалистік сипаты, поэманың сюжеті мен композициясы, эпикалық дастандағы Ескендір мен Аристотель образдары, Абайдың шағын поэма жазудағы шеберлігі. 

15. Қорытындылауға - 1 сағат бөлінген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АБАЙТАНУ

 

9-сыныпқа  арналған 

күнтізбелік оқу бағдарламасы

 

 

 

реті

тақырыбы

сағат саны

уақыты

ескерту

1

Кіріспе.

1

 

 

«Абайды білмек парыз ойлы жасқа» - 10 сағат

 

2

Абайдың өмірі

2

 

 

3

ақынның халық даналығын тануы

1

 

 

4

Абай шығармаларындағы шығыстық сарындар

1

 

 

5

Абай және орыс әдебиеті

1

 

 

6

Абай және Пушкин

2

 

 

7

Абай және батыс әдебиеті

2

 

 

8

Абай мұрасының орыс және өзге тілдерде танылуы

1

 

 

«М.Әуезов және абайтану мәселелері» - 4 сағат

 

9

Абай мұрасын зерттеушілер және абайтану ғылымының қалыптасуы

2

 

 

10

М.Әуезовтің абайтануға қатысты зерттеу еңбектері

1

 

 

11

ақын шығармаларының басылымдары

1

 

 

«Абай шығармаларындағы ғылым, білім тақырыбы» -10 сағат

 

12

«Жасымда ғылым бар деп ескермедім»

1

 

 

13

«Интернатта оқып жүр»

1

 

 

14

«Ғылым таппай мақтанба»

1

 

 

15

«Сегізінші» қарасөзі

1

 

 

16

«Он жетінші» қарасөзі

1

 

 

17

«Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік»

1

 

 

18

« екінші » қарасөзі

1

 

 

19

«Оныншы» қарасөзі

1

 

 

20

«Он сегізінші» қарасөзі

1

 

 

21

«Он тоғызыншы» қарасөзі

1

 

 

«Абай танымындағы ән мен күй» - 4 сағат

 

22

Абай әндерінің таралуы

1

 

 

23

Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар»

3

 

 

                  Поэмалар- 2 сағат

 

24

«Ескендір» поэмасы, поэманың тақырыбы мен идеясы

2

 

 

25

 Қорытындылау

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "9 сыныпқа арналған Абайтану бағдарламасы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер по платежным услугам

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 542 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.12.2015 1697
    • DOCX 73 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Темірхан Жанбота Темірхан. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Темірхан Жанбота Темірхан
    Темірхан Жанбота Темірхан
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 23173
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по истории в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 191 человек

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 115 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "История" в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 84 человека из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 544 человека

Мини-курс

Психология аддиктивного поведения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека

Мини-курс

Инновационные технологии для бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология личности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 23 регионов