Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалы7 сыныпқа арналған Қарахан мемлекеті жайлы материал

7 сыныпқа арналған Қарахан мемлекеті жайлы материал

Скачать материал

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Қарахан мемлекеті

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды орта ғасырдағы Қазақстан жерінде феодалдық қатынастардың дамуымен және қазақ жеріндегі алғашқы феодалдық мемлекет - Қарахан мемлекетінің тарихымен таныстыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды Қарахан мемлекетінің әлеуметтік құрылысы, шаруашылығы, мәдениетімен таныстыру.

Дамытушылық: Қарахан мемлекетінің Қазақ мемлекетінің бастау бұлағы екенін түсіндіру. 

Базалық ұғым: Орта ғасырдағы Қазақстан жеріндегі ерте феодалдық мемлекеттер тарихы.

Тірек ұғым: Қарахан мемлекетінің тарихы.

Көрнекі құралдар: Карта, тірек-сызбалар, хронологиялық кестелер, бүктемелер, графопроектор, термин сөздер, комьютер, карточкалар, тест.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеп, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

 Тест.

1. Көне түрік тас жазулары – Білге қаған мен Күлтегін құрметіне жазылған ескерткіштер жазудың қай түрімен жазылған?

а. Иероглифпен      в. Соғды жазуымен    с. Руна жазуымен      д. Санскритпен    е. Ұйғыр жазуымен

2. VІІІ-ІХ ғасырда түрік жазуының өмірде қолданылу аясының тарылу себебі:

а. Ислам дінінің таралуына байланысты араб жазуының түрік билеушілері арасында тез қабылдануы         в. Соғды жазуы кең тарады               с. Қытай жазуы кең тарады            

д. Орыс әліпбиі кең тарады            е. Парсы жазуы кең тарады

3. Ежелгі түрік әліпбиіндегі әріп саны:

а. 45                в. 25               с. 40                     д. 35                 е. 30

4. Ерте ортағасырлық түркі тілдес тайпалардың діні:

а. Исусқа табыну   в. Тәңірге табыну     с. Маниге табыну      д. Буддаға табыну      е. Аллаға табыну

5. Түрік руна жазуы ескерткіштері ішіндегі ең атақтылары:

а. Бумын қаған мен Естеми жазуы           в. Мұқан қаған мен Сұлу қаған жазуы

с. Үшлік қаған мен Сақал қаған жазуы            д. Білге қаған мен Күлтегін жазуы

е. Қасым хан мен Жәнібек хан жазуы  

6. Түріктер отбасына шапағатын тигізеді деп табынды:

а. Көк бөріге        в. Ұмай анаға          с. Табиғатқа           д. Отқа            е. Суға

7. «Оғызнаманы» ХVІІ ғ. толық жазып қалдырған ғұлама:

а. Ж.Баласағұни               в. Әли ақын               с. Кутб                д. А.Яссауи               е. Әбілғазы хан

8. Қазақстанның байырғы тұрғындарының түсінігіндегі аспан әлемі:

а. Ғарыш         в. Көк тәңірі             с. Аруақ           д. Пір           е. Жаратушы

9. Түрік сына жазуының көне ескерткіштері:

а.  «Жүсіп-Зылиқа»              в. «Күлтегін», «Тоныкөк»             с. «Даналық кітабы»

д. «Құт негізі-білік»             е. «Ақиқат сыйы»

10. Көне түрік тілінде жазылған жәдігерлер саны:

а. 100-ден астам      в. 200-ден астам        с. 300-ден астам        д. 400-ден астам         е. 500-ден астам

11. Жетісу қазақтарының да Ұмай анаға табынатынын жазған ғалым:

а. Ш.Уәлиханов            в. К.Байпақов         с. М.Қашғари           д. Әл-Бируни             е. Ж.Баласағұни

12. Атақты қобызшы Қорқыт ата күмбезі орналасқан аймақ

а. Қызылорда өңірі       в. Алматы маңы      с. Тараз маңы      д. Шымкент өңірі       е. Түркістан өңірі

 

«Тарихи сынақ хат»

1. Көне түрік әліпбиі ... әріптен тұрады.

2. Түрік жазба әдебиетінің көне ескерткіштері ... және ... жазулары.

3. VІІІ-ІХ ғасырларға жататын әдеби шығармалар ... мен ... дастаны.

4. «Қорқыт ата кітабы» ... тұрады.

5. Қорқыт  күмбезі ... облысы Қармақшы ауданында орналасқан.

6. «Оғызнаманың» ескі нұсқасын ... бірінші жазып қалдырған тарихшы.

7. Одан кейін оны ... ғасырда толық жазған ... .

8. Қазақстанның ... діни әдет-ғұрыптары болды.

9. Олардың ішінде мұсылман діні ... бастап кең түрде етек жая бастады.

10. Бұл дінді .... хан мемлекеттік дін ретінде қабылдады.

 

3. Компьютермен жұмыс. Оқушылар үй тапсырмасын бекіту барысында тест тапсырмаларын орындайды.

 

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары.

1. Кіріспе.

2. Қарахан мемлекетінің құрылуы, қоғамдық құрылысы.

3. Қарахан мемлекетінің саяси жағдайы.

4. Қарахан мемлекетінің мәдени-шаруашылық өмірі.

Кіріспе.

Балалар, біз өткен сабақтарда отандық тарихтың елеулі кезеңдерінің бірі - Қазақстан жеріндегі түрік мемлекетінің тарихын қалай меңгергендеріңді тексерейік. Ол үшін мына сұрақтарға жауап береміз.

Қайталау сұрақтары:

1. VІ-ІХ ғасырларда Қазақстан жерінде құрылған мемлекеттерді және оның өмір сүрген кезеңі мен орналасқан аумағын айт.

2. Түркі тілдес мемлекеттердің қоғамдық-әлеуметтік құрылысы мен мемлекеттік басқару ісі туралы айт.

3. Қай қағанат өмір сүрген кезеңде ислам діні тарала бастады? Түркі тілдес халықтардың діни-наным сенімдері туралы не білеміз?

4. Түркі тілдес халықтардың әдебиетінің қандай үлгілерін білесің?

5. Түркі тілдес халықтар туралы деректер кездесетін тарихи-«деби шығармаларды ата.

3. Қарахан мемлекетінің құрылуы.

Қарахан мемлекеті (942-1212 жж.)

 

 

Х ғ. ортасы, терр - Жетісу, Шығыс Түркістан - 1 бөлігі, Орт.-Баласағұн, Білге Күл Қадырхан немересі Сатұқ Боғра хан (915-955).

Қаған - мұрагерлік, билік иелері - тегіндер, ілік хандар, бектер, нөкерлер. Негізгі билеушілер - яғма, жікіл тотемі - «арыстан»: Арслан хан, яғма тотемі - «бура»: Боғра хан.

құрамына кірген тайпалар-жікіл, яғма, қарлұқ, оғыз, қаңлы, үйсін.

 

 

Тотем - адамдардың шығу тегін, жануарлармен, өсімдіктермен немесе табиғат құбылыстарымен байланыстыру негізінде қалыптасқан сенім.

Тегін - хан ұрпағы.

Бек - феодалдық иелік қожасы, ру мен тайпа басшысы. Бұлардың иелегінде үлесті жерлері болған. Үлес мөлшері адамдардың қызметіне, әскери дәрежесіне, сіңірген еңбегіне байланысты болды. Хан кеңесшісі қызметін уәзірлері атқарды. Ханның мемлекеттік саяси-әкімшілік іс жүргізетін орны ОРДА деп аталған. Онда сарай қызметкерлері тұрған.

Қарахан мемлекетінің қоғамдық құрылысы.

Түрік қағанатының басқару жүйесіне қарағанда басқаша болды. Оны жер иелену түрлерінен, алым-салық жинау жүйесінен байқауға болады.

 

Қарахан мемлекетіндегі жер иелену тәртібі

 

Феодалдық жеке меншіктегі жерлер

1. Ихта - феодалдарға берілетін жер үлесі. Оларды иеленушілер - ихтадар деп аталды.

 

2. Вакф - мешіттер мен медреселердің жер иелігі. Олардан салық алынбайды.

3. Музари немесе барзигар - шаруалардың үлеске алған жерлерінен алынатын алым-салық

 

4. Коммендация - жеке басын қорғағаны үшін феодалдық әміршіге әскери қызмет немесе басқа да жұмыстар атқару

Мемлекеттік салық төлдеді

- Міне, балалар, Қарахан мемлекеті Түрік мемлекетіне қарағанда басқару жағынан болсын, экономикалық жағынан болсын, қоғамдық құрылысы дамыған мемлекет.

 

 

ІV. Қарахан мемлекетінің саяси жағдайын мына кесте бойынша түсіндіремін.

Қарахан мемлекетінің саяси жағдайы.

Уақыты

Оқиғалар

955 жылы

Сатұқ Боғраханның баласы Мұса билікті өз қолына алады

960 жылы

Ислам дінін мемлекеттік дін ретінде жариялайды, орталығы - Қашқар қаласы

Х ғасырдың ІІ жартысы

Самани әулетінің өз ішіндегі әлеуметтік қайшылықтан әлсіреген кезі

992 жылы

Хасан Боғра ханның баласы Жүсіп Хотанды басып алады

996 жылы

Насыр ибн Әли Маураннахрға жорыққа аттанды

999 жылы

Әли Арсланның баласы Насыр Бұқараны басып алады да, Маураннахрды біржолата бағындырады

ХІ ғасырдың 40 жылдары

Ибраһим ибн Насыр Әли-тегіннің балаларын жеңіп шығады

1040 жылы

Ибраһим Ибн Насыр тамғаш Бураған атағын қабылдап, Маураннахрға өз билігін орнатады

1089 жылы

Салжұқ сұлтаны Мәлік шах Самарқанды, Бұқараны басып алады

ХІІ ғасырдың 30 жылдары

Шығыстан қарақытайлар Жетісуға басып кіреді, вассал

1141 жылы

Катуан даласында болған шайқаста салжұқтар мен қарахан әскерін жеңеді

1210 жылы

Шығыстаға хандықты найман ханы Күшлік басып алады

1212 жылы

Хорезм шах Мұхаммед батыс қағанатының соңғы ханы - Самарқан ханы Оспанды дарға асады

 

Қарахан мемлекетінің негізгі үлесті жүйеде қаланды

Шығыс                                                                                                                                                Батыс

Жетісу, Шығыс Түркістан, орт - Баласағұн (Орда), кейін Қашғар

Овал: Ішкі талас-тартыс, жер үшін, билік үшін күрестер

Маураннахра, орт - Үзкент, кейін Самарқан

 

 

Хан (шексіз билеуші)

Уәзірлер (хан кеңесшісі)

Қарахан

942-1212 жылдар

 

 

Тегіндер, ілік хандар, бектер, нөкерлер

 

 

 

 

Егін, бау-бақша өсірумен: Тараз, Талхир, Баласағұн

Шаруашылықтары

 

 

Жартылай көшпелі, жартылай отырықшы мал шаруашылығы: Шығыс Түркістан, Оңтүстік Қазақстан

 


 

Материалдық: Қарахан, Айша-бибі, Бабаджа-қатын, Баба ата кесенелері

Мәдениет

 

 

Рухани: М.Қашғари - «Түркі тілінің сөздігі», Ж.Баласағұн - «Құтты білік». 

 

Ислам дінінің мемлекеттік дін ретінде жариялануы қала келбетіне, құрылыс жүйелеріне тың өзгерістер енгізген. Күмбезден салынған мешіт ғимараттары бой көтере бастайды. Атақты адамдар басына күмбездер орнатылды. Түріктердің жаңа діни сенімі. Мұсылманшылықты қабылдауына ұйытқы болған Сатұқ Боғра хан есімін қазақ халқы әлі күнге дейін қастерлеп, оны Әулие Ата деп атайды. Бұл шығармалардың шоқтығы биік, мазмұны бай, тілі көркем дүние жүзілік әдебиеттегі тамаша ескерткіштердің бірі.

ІV. Сабақты бекіту. Оқушылардың «Қарахан мемлекеті» тақырыбынан алған білімдерін бекіту, жүйеге келтіру, бағалау мақсатында тапсырмалар беріледі.

 

І. Хронологиялық жұмыс

 

955 жылы

 

942-1212 жылдар

 

999 жыл

Мұсаның билік басына келуі

 

Қарахан мемлекетнің хронологиялық шеңбері

 

Қарахан мемлекеті Мауараннахрды толығымен бағындырды

 

1089 жыл

 

1141 жыл

 

Салжұқ сұлтаны Мәлікшах Самарқанды, Бұқараны басып алды

 

Қарақытай Катуан даласында Салжұқ-Қарахан әскерін жеңді

 

ІІ. Картамен жұмыс.

1. Қарахан мемлекетінің жер аумағын картадан көрсет.

2. Батыс хандықтың астанасы және оның алып жатқан жерін картадан көрсет.

3. Айша Бибі, Қарахан, Бабаджа-қатун кесенелері қай жерде орналасқанын картадан көрсет.

ІІІ. Терминологиялық сөздік: Ғазнауи әулеті; Тотем; Салжұқтар; Мауараннахр; Коммендация; Ихта; Вакф

 

V. Сабақты қорытындылау. Жалпы қорытындылай келгенде «Қарахан мемлекеті» Қазақстан жеріндегі қоғамдық құрылысы жағынан жан-жақты дамыған феодалдық-патриархалдық мемлекет болды.

VІ. Оқушыларды бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: Оқулықтан 10-тақырыпты оқу. Мәнжазба жазу. Қосымша тестерге жауап беру.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "7 сыныпқа арналған Қарахан мемлекеті жайлы материал"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Дефектоскопист

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 871 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.05.2018 771
    • DOCX 77.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Cванкулова Гульнара Кенесовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Cванкулова Гульнара Кенесовна
    Cванкулова Гульнара Кенесовна
    • На сайте: 5 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2071
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов истории в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 399 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История")

Учитель истории

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1357 человек из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 916 человек

Мини-курс

Художественная гимнастика: углубленная физическая подготовка

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологическая работа с эмоциональными и поведенческими проблемами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 226 человек из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 54 человека

Мини-курс

Фитнес: особенности занятий и специфика питания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 117 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 39 человек