Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Сыныптан тыс ашық сабақ "Қасиетімізде қастерімізде,Қазақ хандығы" 5 сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • История

Сыныптан тыс ашық сабақ "Қасиетімізде қастерімізде,Қазақ хандығы" 5 сынып

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: «Қасиетімізде қастерімізде Қазақ хандығы»

Мақсаты: Қазақ хандығының құрылу тарихы мен таныстыру.

Дамытушылық:Қазақ, алаш атаулары жөніндегі пікірлер мен болжамдармен таныстыра отырып, оқушылардың танымдық кабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Ел тарихын, жер тарихын, әулет тарихын білуге, құрметтеуге, елін сүюге тәрбиелеу.



Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылыр және қонақтар.Биылғы жыл ,яғыни 2015 жыл Қазақстан тарихы үшін ерекше жыл болды. Себебі бұл жыл тарихи оқиғаларға толы Ұлы жеңістің 70 жылдығы, Ассамблеяның 20 жылдығы және Қазақ хандығының 550 жылдығы болды.Тәуелсіздік алған жылдардан бері біз қазақ халқының тарихындағы осындай маңызды күндерді мерекелеп, атап келеміз.

Біздерге ата-бабаларымыз найзаның ұшымен, биліктің күшімен қорғап аманат еткен жері.Сондықтан да өскелең ұрпаққа ел тарихында ереше із қалырған хандарымыз, батырлар мен билеріміздің өмірі мен тарихын насихаттау мақсатында, бүгінгі кешімізді бастаймыз!

Оқушылар:

Біз қазақпыз! Ежелден-ақ қазақ болып аталған, Қатал болды әр күн, әр түн, атар таң Күйдірсе де ызғарлы аяз, жалынды от, Ел боп келдік, қалып қоймай қатардан.

Керегімді алу үшін жаһаннан, Бейімделдім заманыма жаңарған. Садақ тартып, оқ жонуды үйреніп, Тәрбие алдым тәлімі мол атамнан.

О,тәңірім танып білмей бізді жұрт, Әр түрлі атпен өздерінше атаған. Скифтер деп Геродот бізге ат берді, Ал парсылар-өз тілінше Сақ деді Шеттегі жұрт не десе де шындығы, Бар қазақтың қазақ болар нақ тегі.



Түркі әрпімен жазуы бар басында, Билік құрған сонау 6- ғасырда. Қазақ деген анық түскен жазу тұр Жыр жазылған Күлтегіннің тасында.

Осынау кең қазағымның жерінде, Даласы, тауы, өзен- көлі, теңізде. Мемлекет құрып ғұмыр кешті Ғұндар да Бәрі сөйлеп ортақ түркі тілінде.

Дамыды,өсті өнер –ғылым, мәдениет Сызба сызып жазылды тарих, әдебиет. Әскері бар сыртқы жаудан қорғайтын, Таңқаларлық ел боп тұрды керемет.



Жүргізуші:

Қазақ хандығының құрылыуы Қазақстан тарихындағы сындарлы кезең болып табылды. Н.А. Назарбаев.

1428 жылы 200жүздей тайыпа өкілдері Жошының бесінші ұлы Шайбани ханның ұрпағы 17 жасар Әбілқайырды таққа отырғызды.Осы бір Әбілқайыр біріктірген жерлерге не бір атаулар берілген еді.Бірақ солардың әу баста берілген Қыпшақ хандығы атауы болып қалды.Әбілқайыр хандығы батыстағы Жайықтан Шығыстағы Балқашқа дейін Оңтүстіктегі Сырдария сағасы Арал теңізінен түптегі Тобыл Ертістің орта ағысына дейін созылып жатты.Жер мен билік тартыс Әбілқайыр хан таққа келгеннен кейінде тоқтамайды.Ол биліек толасқан Жошы тұқымдары мен табан тірескен қатігез тартыс жүгізуге мәжбүр болады. 1430жылы Әбілқайыр Батыс –Cібір Ноғайларының билеушісі Махмуд Қожа ханды бағындыру үшін әскери жорыққа аттанды. Тобылдың жағалауында болған ханды соғыста Әбілқайырхан хан жеңіске жетіп Ноғайдың жерін басып алды.Содан кейін мол олжаға кыисапсыз көп тұтқын түсірген Әбілқайрьхан өз хандығын ұлғайтты. Әбілқайырдың қалың қолынан тайсанған Орта Азияның қалалары қақпаларын шабұылсыз ашты.Сығанақ қаласы хандықтың астанасына айланды.1446 жылы Сырдария бойындағы басқада қалалар бағындырылды. Алайда айбынды қол басшы өз хандығы ішіндегі жағдайға ие бола алмады. Ішкі тартыстар көбейді, сөйтіп ішкі әулеттердің өз ара қырлысы Әбілқайыр хандығын әлсіретті.



Жүргізуші:

Әбілқайыр көшпелі Ойраттардың әміршісі Ұзтемір тайшымен 1456-1457 жыл болған соғыста тұңғыш рет ірі жеңіліске ұшырады. Қорлық бітімге келіскен Әбілқайырхан Сығанақ қаласын тастап Дешті Қыпшаққа қарай шегінуге мәжбүр болады. Әбілқайырханның беделіне нуқсан келеді. 1465жыл Керей мен Жәнібек сұлтандар Монғол хандығындағы Жетісуға қоныс аударды.Сұлтандарды жазаламақ болып, жорыққа аттанған Әбілқайырхан Аққыстау деген жерде дертке шалынып қайтыс болады. Осы қазадан кейін хандық күш пен биліктен айрылды. Ішкі ала ауыздықтан қажыған тайпалар Монғолстандағы Керей мен Жәнібек сұлтандарға тартылды. Монғолстан әміршісі Есенбұға Керей мен Жәнібек сұлтандарға Шу мен Тараз бойындағы жерлерін бөліп береді. Ортағасыр тарихшысы Мұхаммед Хайдар Дулатидың көрсетуінше 1465-1466 жылдары Қазақ хан билік құру кезеңі басталады.Керей мен Жәнібек 200мыңға жуық адам жиналды.Діл мен дін тұтастығы,салт дәстүр ұқсастығы, және рухани даму бірлігі түрлі тайпаларды қазақ деген орта атау астында біріктірді.

Дархан дала қазақтың кең жерінде Асу бермес Алатау, Алтай белінде, Мәуелі бақты Жетісудың көгінде. Еділ-Жайық, Алакөл, Балқаш көлінде.

Түркі тілдес тайпалардың таңы атты, Әлем назарын өздеріне қаратты. Тоғыз жүз алпысыншы жылдары, Алланың жолы ислам дінін таратты.

Араб, түркі тілдерінде жазылған, Еңбектері бағалы көп сан алуан. Әл- Фараби, Махмуд Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Ахмет Яссауи Теңдесі жоқ ғылым қорын қалдырған.

Емес бе дәлел –Сығанақ пен Аққорған, Қызыл аңғар, Отырар,Тараз, Түркістан. Қазақтар да өркениет ел болып, Егін егіп, сәулетті қала тұрғызған.





Көрініс: «Ақсақалдар кеңесі»

Бір күні Керей мен Жәнібек кеңесінде ақсақалдардың біреуі орынынан тұрып:

-Біз өзімізге баспана, Отан, жер таптық.Мал көбейіп, ел соғысты ұмытып тыныш өмір сүруде.Көршілестеріміз Қазақияның күшін біледі. Енді, мемлекетіміз нығайған шақта, бізге хан керек. Бізді мұнда екі сұлтан бастап келді. Екеуі де Өріс ханның ұрпақтары, екеуі де ақылды, адамгершілігі мол, бірақ тақ біреу, сондықтан хан да біреу болу керек.

Жәнібек:

-Мен Керей ағамнан екі жас кішімін. Ақылы мен даналығы сай қосылған Керей осы таққа лайыұты деп ойлаймын. Жол соныкі.

Керей:

-Сіздергеде бауырым Жәнібекке де рахмет. Халық шешсе мен елді басқаруға дайынмын. Жәнібек те хан аталып, үнемі қасымда болсын. Әрқашан оның пікірімен санасатын боламын. Мен үшін бауырдан да артық.

Сұлтандар:

-Айтқаныңыз болсын, солай болсын.

Керейді бастарынан асыра үш рет көтеріп;

-Хан,Хан, Хан- деп айғайлайды.

Оқушы:

Тарихта хандық құрған Керей, Жәнібек, Халық баға береді әділ хан деп. Бар қазақтың алғашқы ханы болған, Керей ханның билікте орны ерек.

Жүргізуші:

Тәуелсіздік алғаннан кейін өзінің тіліне,дініне, туына, ел таңбасына, ән ұранына, Конституциясына, ақшасына ие болды.Біз бақытты балалармыз.Жасасын Қазақ елі!

Хор ән:Атамекен

Автор
Дата добавления 03.12.2015
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров126
Номер материала ДВ-223507
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх