Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Сыныптан тыс іс-шара "Жыл басы - Наурыз"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Сыныптан тыс іс-шара "Жыл басы - Наурыз"

библиотека
материалов


Тақырыбы: «Жыл басы - Наурыз»
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Мазмұны: Бүкіл тіршілік аталуының түрленіп, жаңаруы паш етіледі. Мейрамның ең қадірлі дәмдері мен қасиетті сөздері кеңінен насихатталады.
Түрі: Мерекелік сазды әдеби – музыкалық кеш.
Барысы:

1 жүргізуші-Нұргүл: Армысыздар, ардақты әлеумет!

Жер ананың тоң кеудесі жібіп, Самарқанның көк тасы еріген қасиетті наурыз айы туғанда амандықпен қайта қауышқан күніміз құтты болсын! Наурыз елімізге құт-береке әкелсін!

2-жүргізуші-Айман апай: Бармысыздар, қадірменді халайық! Өткенге салауат айтып, келер күннен берекет тілеп, ақ көңіл, адал жүрекпен дос құшақтарды айқастырып табысатын қасиетті күні – Наурыз мерекесі құтты болсын!

3-жүргізуші-Ақнұр: Бұл күні алдағы күндерге арналып ізгі ой, арман-мақсат айтылып, тілектер тіленеді. Ендеше:

Бастаса - елдің көсемі,

Сөйлесе – сөздің шешені.

Ақылы асқан абыздай,

Бар түйінді шешеді, - дей отырып мерекелік құттықтау сөзді мектебіміздің директоры Абдигаппарова Тишкүл Сейтжанқызына ұсынамыз.

1-жүргізуші: Наурыз – жыл басы, Ұлыстың ұлы күні. Күн мен түннің, ыстық пен суықтың, қыс пен жаздың, қараңғы мен жарықтың теңелетін, жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін Табиғат мерекесі;

2-жүргізуші: Наурыз - адамдардың қыс қыспағынан, жұт апатынан аман қалып, малы төлдеп, аузы аққа жаритын Шаруа мерекесі;

 3-жүргізуші: Наурыз - әрбір шаңыраққа шыраққа шырақ жағылып, «Қызыр түнін» күтіп, жақсылық құт-береке тілеп, ертеңгі күнге зор үмітпен қарайтын Сенім мерекесі;

1-жүргізуші: Наурыз – жеті дәмнен Наурызкөже жасап, адамдардың бір-біріне дәм татқызып, дастарқан басында бірге отыратын Ынтымақ-бірлік мерекесі;

2-жүргізуші: Наурыз – жыл бойы өткен-кеткен ренішті кедергісіз кешіріп, ән-күймен, ойын-сауықпен жанды жадыратып, сананы серпілтетін Көңіл мерекесі.

3-жүргізуші:
Жаңа жылды, Наурыздың 22 – сін халық Ұлыстың Ұлы күні деп ұлағаттаған. Ұлыс күні қазақ үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Бұл күнгі болған әрбір өзгеріске үлкен мән берген, қар немесе жаңбыр жауса « нұр жауды», « туар жыл нұрлы болады», « Наурыздың ақша қарындай» деп әсем теңеулер айтып, « ағынан жарыла қуанса, мал төлдесе бір тал көк шөп артық шығады» - деп ырымдаған, нәресте дүниеге келсе, ұлағаттап есімін ерекше қойған.
1-жүргізуші:
Тілімізде осы күнге қатысты – «жер бетіне жақсылық ұялаған күн», «Ұлыстың ұлы күні», «Ұзақ ұшып келген күн», «Жыл басы – жылқышы торғай ( науірзек ) келген күн», «Көк құт ( өсімдік ) көзін ашқан күн», «Көк тас еріген күн» деген сөз оралымдары сақталған.
3-жүргізуші: Айман апай, сіз білессіз бе? Наурыз мерекесін тойлау дәстүрлі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс – салтында бағзы замандардан бері орын алған деседі.
2-жүргізуші:
Иә, иә, Ақнұр, менің естуімше Ежелгі түркілер ұлыс күндері жаңа киімдерін киіп, сақал – мұрттарын түзеп, шаштарын алдыратын болған, алты күн садақ тартып машықтанған соң, жетінші күні алтын теңгеден жамбы атып жарысқан. Егер кімде – кім бірінші болып жамбыны атып түсірсе, сол адам сол күні, яғни бір күн елге патша болып, билік жасауына ерік берілген деседі.
Ал қазақ даласында ұлыстың ұлы күні бүкіл адамды тең санаған, құл мен күң де шаруадан босап, еркін бой жазуға мүмкіндік алған. Бұл күнгі дастархандағы дәм, айтылар әңгіме көпке ортақ болған екен.

3- жүргізуші:

Қарияларға Ырыс таңын қарсы алу кезінде мерекеге лайық ерекше ас берілген. Ол «белкөтерер» деп аталған. Ол Қыдыр түнін өткізуге арнаған қонақ асы. Сол түні көпті көрген егде жандар өткен-кеткен қызықты әңгімелеп, жастық шақтарындағы дәуренін еске алысып уақыт өткізеді, өзара ескі жылдағы жақсылықтарды еске алып жаңа жылға болжам жасайды.

1-жүргізуші: Жыл басында ғаламда, табиғатта болатын өзгерістерге сай ана тілімізде әр түрлі аталымдар туындаған. Ендеше тыңдап көрелік.

1-оқушы-Әли: Жыл басында нұр жауған түн – Қызыр түні.

2-оқушы-Балым: Жыл басында алғаш жауған қар ақша қар.

3-оқушы-Жанасыл: Жыл басының алғашқы күні – Ұлыс күні.

4-оқушы-Нұржайна: Жыл басының алғашқы желі – Жыл айналып келер алтын күрек.

5-оқушы-Асанәлі: Жыл басының алғашқы төлі – Дүбіраяқ.

6-оқушы-Жәнібек: Жыл басының алғашқы сүті – Уыз.

7-оқушы-Жанар: Жыл басының алғашқы көгі – бәйшешек.

8-оқушы-Алуа: Жыл басының алғашқы асы – Наурыз көже.

9-оқушы-Диана: Жыл басының алғашқы белгісі – Көрісу.

10-оқушы-Құндыз: Жыл басының алғашқы сый тамағы – Ұйқыашар.

11-оқушы-Ақерке: Жыл басының алғашқы сыйы – Діреткізер, Селтеткізер.

12-оқушы-Жанбол: Жыл басының алғашқы тілегі:

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын.

Ұлыс береке берсін,

Бәле – жала жерге енсін.

2-жүргізуші: Наурыздың айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі-өнегелік, сән-салтанаттық, мәрт-жомарттық, қадыр-қасиеттілік нышан белгілері мен таным-ұғымдарының үлгі түрлері өте көп.

1-оқушы-Құндыз: Наурыз шығыс елдері үшін бірліктің, татулықтың, еңбектің, көктемнің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланады.

2-оқушы-Ақбота: Наурыз күні. Наурыз – ежелгі мәдениеті дамыған елдің бірі парсының «нау»-жаңа, «руз»-күн, яғни «жаңа күн» деген сөзінен шыққаны көпке бұрыннан-ақ белгілі. Бұл қазіргі күн есебі бойынша наурыздың 22-сіне сәйкес келеді.

3-оқушы – Фатима: Наурыз айы – шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебі ретінде күн мен түннің ұзақтығы теңеседі. Сол себептен наурыз жыл басы болып саналған.

4-оқушы – Аруна: Наурызнама – шат-шадыманды ойын-сауық, той. Кей жерлерде наурыз тойы деп те аталады. Бұл күні үлкен болсын, кіші болсын осы мейрамға келіп, көңілді ойын-сауықтар жасалады. Мұнда шарап ішу, ренжісу сияқты жағымсыз әдеттерге қатты тыйым салған. Тойда ат жарыс, палуан күрес, басқа да спорт бәсекесі болады. Айтыс, түрлі ойындар ұйымдастырылып, көңілді жұмбақтар, ән, өлеңдер, наурыз жырлары айтылады. Әркім үлкендерден бата тілейді.

5-оқушы – Айдын: Наурыз көже. Наурыз тойына ғана тән, көпшілікке арналған тағам. Оған көксу, қызыл ет, жасыл – дән, ақ сүт, сары май, қоңырталқан (кеспе), қара тұз қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады.

6-оқушы – Нұржайна: Наурыз жыры. Наурыз мерекесінде айтылатын халық ауыз әдебиетінің бір саласы. Жыр, өлең осы күнге лайықталып, мадақтау, тілек, бата, әзіл түрлерінде айтылады.

7-оқушы – Назерке: Наурыз бата. Халықта батаның түрі көп. Соның бірі – осы Наурыз бата. Мұнда наурызнама өткізгендерге, осы күнге арнап «наурыз көжеге» шақырғандарға, тойда өнер көрсеткен өнерпаздарға ақсақалдар мен әжелер, ел ағалары бата береді.

8-оқушы – Бекарыс: Наурыз жұмбақ - табиғатқа, аспан әлеміне, ауа райына байланысты айтылады. Ақындар, қыз-жігіттер осы тақырыптарда жұмбақтасып айтысатын болған.

9-оқушы – Мирас: Наурыз тілек -әр адам өз отбасын, туған-тус, дос-жарандарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап жақсы тілек тілейді. Бірінің үйіне бірі кіріп дәм татады.

10-оқушы – Назерке: Наурыз төл – наурыз айында мал төлдей бастайды. Олар «наурыз төлі» деп аталып, төл басы ретінде бағаланып, малжанды қазақ баласы оны ерекше күтіп баптаған.

11-оқушы – Ақбота: Наурызкөк – наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын ғана осы құсты шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргенде «Наурызкөгім, келдің бе?» деп шақырып жем шашады.

12-оқушы – Айдын: Наурыз шешек – наурыз айында өсетін жапырақты, түрлі гүлді, қауашақты әсем өсімдік. Оны үйде де өсіреді. Майының дәрілік қасиеті бар. Қазақстанның таулы аймақтарында оның бірнеше түрі өседі. Наурыз шешек «Қызыл кітапқа» енген сирек кездесетін бағалы өсімдік қатарына жатады.

13-оқушы – Нұржол: Наурызша Наурыз айында ашық күндері қолдан жасаған ою-өрнекті әрі жұп-жұқа қиыршық қар түседі. Ол күн көзіне шашырап, жылтылдап құбылады. Анықтап қарағанда басқа қар қиыршықтарындай емес жеңіл де үлпілдек болады. Мұны халық «наурызша» деп атаған. «Наурызша» жаң жылдағы жылылықтың белгісі.

14-оқушы – Фатима: Наурызесім - Наурыз күні туғандарды халық бақытты, ерекше адамдар деп ұғынған. Сондай себеппен оларға Наурыз есімін берген. Мысалы, қазақ халқында Наурызбай Құтпанбайұлы(1700 – 1781), Наурызбай Қасымұлы (1832 – 1847) атты әйгілі батырлар болған. Алтын ордада Наурыз есімді хан  (1859 – 60) болғаны тарихтан белгілі. Наурызгүл, Наурызбек, Наурызәлі деген адам аттары да жиі кездеседі.

15-оқушы – Жанбол: Саумалық - Наурыз айында жаң жыл еніп, жер бусанып, күн күркіреп, жаңбыр жауып, көк дүркірегенде ауыл адамдары далаға шығып саумалық айтып, қуанышты көңілмен жақсы тілек тілейді. Оны өлеңмен айтады:

         Саумалық, саумалық,

         Наурызшаның көк құсы,

         Ұйқыдан көзін ашты ма?

         Саумалық, саумалық,

         Самарқанның көк тасы,

         Жібіді ме көрдің бе?

         Саумалық, саумалық,

         Ескі жылы кетіп, жаңа жыл келді,.

         Ескі жыл есіркей кет,

         Жаңа жыл жарылқай кел,-

деп бір ескі ыдысты сындырып, «жамандық кетсін» деп ырым жасайды.

16-оқушы – Аруна: Мұхарам (тыйым) – араб тілінде «тыйым салынған» деген сөз. Ертеде Шығыс елдері Наурызды «мұхарам» деп атаған. Оның мәнісі:

қасиетті айда табиғатты ластауға, тәртіпсіздікке, ұрлыққа, ғайбат сөзге, ішімдікке тағы басқа жағымсыз істерге тыйым салынған. Демек мұсылман елінде наурыз әдептілік, адамгершілік, пәктік сияқты асыл қасиеттерді дарытатын, дамытатын, ұлықтайтын күн есебінде ерекшелінген.

         Наурыз пәктік адалдық күні

         Қателік кешіріледі,

         Көңіл кірі өшіріледі.

         Жолсыздыққа тыйым болады,

         Ақ тілек – сыйың болады.

         Әр үйде береке болады,

         Ойын, сауық, мереке болады.

1-жүргізуші: Самарқанның көк тасы жібиді. Бұл да наурыз күніне байланысты сөз. Оның бірнеше мәні бар:

  1. Аңызға әйгілі астроном Ұлықбек обсерваториясындағы көк тасқа дәл 22 наурыз күні күн сәулесі түсетін болған. Сол сәуледен түскуен жылу тасты жібітеді.

  2. Бұл күні әр адам қателігі болса кешірім сұрауға және кешірім сұраған адамы кешірім беруге тиіс. Кешірмесе «Бұл күні Самарқанның да көк тасы жібиді, сен тастан қаттысың ба?» деп тоқтатады. Сол сияқты бұл күннің әлемге жылулық әкелетін сәтін де бейнелеп айтқан.


3- жүргізуші: Ұлы тойда әдемі,

Әннен шашу шашайық.

Ал, балалар, кәделі

Наурыз жырға басайық!

Ән « Наурыз – көктем»

Орындайтындар: 2-сынып оқушылары – Молдаш Нұржайна, Мұханмедина Құндыз
Наурызым                                                     

Ибрагим Исаев

Әли: Ақбоз үйді үлпілдеткен,

Боз даланы бүлкілдеткен.

Қуанышты күлкің – көктем,

Әсем едің, шіркін, неткен,

            Наурызым!

Балым: Құлпырады сәнді бақтар,

Жұлқынады арғымақтар.

Сылқылдайды бал бұлақтар,

Мерекемсің мәңгі мақтар,

           Наурызым!

Жанасыл: Жарқыраттың шығыс Күнін,

Бар адамдар туыс бүгін.

Тілеп елдің тыныштығын,

Жүректерде жүр ұшқының,

           Наурызым!

Алуа: Аңсап жүрсең осы күнді,

Ашып таста есігіңді.

Болайықшы кешірімді,

Ән тербетсін бесігіңді,

Наурызым!

Әділбек: Бұл әлем қалғығандай,

Ұшты көкке ән қырандай.

Наурыз көже дәмді балдай,

Сенің көшің сәнді қандай,

            Наурызым!

Диана: Аталардың – Қара Нардың,

Ақ жаулықты Аналардың.

Бас иетін саған әр күн,

Ақ батасын ала барғын,

           Наурызым!

 Ислам: Ғашықтардың түр-түсінде,

Сәбилердің күлкісінде.

Ел үшін де, жұрт үшін де,

Қара Жерге кір түсірме,

           Наурызым!

Наурыз сыйы тыныштық                           

Әли Ысқақбай

Асанәлі: Жадырап күннің жанары,

Бетті өпсе жылы самалы.

Сай-сайға ақса жылғалар,

Бұл Наурыз хабары.

Нұржайна: Ашылып аспан шүмегі,

Жауынмен құм да түледі.

Көкмайса жұмсақ құлпырған,

Бұл Наурыз кілемі.

Жанбол: Бусанып тарғыл атырап,

Нәрленіп торғын топырақ.

Жауқазын өссе күнеске,

Бұл Наурыз – жапырақ.

Жанар: Көз тігіп Күнге барлығы,

Бүршігін жарса әр гүлі.

Халыққа бақыт тілеген,

Бұл Наурыздың жарлығы.

Мирас: Бөктіріп көктем жаңбыры,

Тіріліп шөптің тамыры.

Бүрленсе жусан бұрқырап,

Бұл Наурыздың таң нұры.

 Ақерке: Қауымға қалың дүр болған,

Шаттыққа бөлер жыр болған.

Шапағат төккен мейірлі,

Бұл Наурыз ғой нұр болған.

 Жәнібек: Себелеп жаңбыр жауып тұр,

Емшегін бұлттың сауып тұр.

Жақсылық нәрін мол сепкен,

Бұл Наурыз сауық-жыр.

Құндыз: Тілегін айтып ұнаған,

Арылса туыс күнәдан.

Көңілде күдік қалдырмас,

Бұл Наурыз – шын адам.

Бекарыс: Тұқымын сеуіп ырыс-құт,

Дем алса диқан тыныс қып.

Тірлік пен байлық бастауы,

Наурыз сыйы тыныштық.

Нұржол: Тәуелсіз елдің адамы,

Бейбіт күн берік қамалы.

Құт болсын дейік ағайын,

Жаңа күн Наурыз қадамы.

Науан аурыз, армысың!                         

Сағығали Сейітов

Фатима: Наурыз келді, көктем келді ағайын,

Жадырайды, жаңғырады маңайым.

Назды, сазды науан Наурыз, армысың?

Сұлу мүсін саған біткен бар мүсін.

Ақбота: Қайнарындай қалың қуат, қайраттың,

Сен келдің де ғаламшарды жайнаттың.

Тіршілікке тіл бітіріп өзгеше,

Дүниенің бұлбұлдарын сайраттың.

Ұлыс күні             

Мақсұт Неталиев

Айдын: Су жылтырап бүрін ашқан жас талдан,

Бу бұрқырап қатып қалған тастардан.

Күн күркіреп, жасын ойнап аспаннан,

Бар тіршілік Наурыздан басталған!

Аруна: Ел де тыныш!

Жер де тыныш – бұл күні,

Көреміз тек қуаныш пен күлкіні.

Табысқан жұрт таныс тауып жатады,

Жамалғандай жүректердің жыртығы!

Назерке: Саф тыйылып Сарыарқаның бораны,

Күн өрлейді күмбезінен жоғары.

Наурыздың жиырма екісі толғанда,

Тоғысады тоғыз жолдың торабы...

Ән: Еліме кел, көктем, кел көктем!

Орындайтындар: Елубаев Айдын, Думан Мирас

1-жүргізуші: Айман апай, осы бізге әжелеріміз «Кім келсе де жылы шыраймен қарсы ал! Қырықтың бірі қыдыр ғой» десіп, ал ақсақалдарымыз бата берсе «Қыдыр дарып, бақ қонсын!», «Жорытқанда жолың болсын, Қыдыр ата жолдасың болсын!» десіп жатады. Қыдыр ата деген кім осы?

2-жүргізуші: Нұргүл, көпті көрген көнекөз қарияларымыз не айтса да тек айтпайды. Ол кісілердің әрбір сөзі ұлағат, оны көңіл қойып тыңдап, көкірегіңе түйіп алғаның жөн. Ал Қыдыр ата дегеніміз Көктің періште өкілі, құт таратушы. «Береке басынан басталады» демекші, «жыл басы жақсы басталса, аяғы да жақсы болады» деген қағиданы берік тұтынған халық бүкіл ыдыс атаулыны дәнге, аққа, таза суға толтырып бетін ашық қалдырған. Бұл 21 – Наурыз күнгі таң алдында орындалады екен. Бұның мәні: дала аралаған Қызыр Ата келіп «қыдыр, құт дарытып» кетеді дейді екен.

3-жүргізуші: Ал Жердің рухы ретіндегі Ұмай ана – Көктің дарытқанын молайтушы, құтты нәрселендіруші кие. Береке аталатын көбеюмен молдықтың басы.

1-жүргізуші: Олай болса, бүгінгідей ұлы күнде Қыдыр ата мен Ұмай ананың қасиет пен құт дарыған киелі мекен Қызылтуға соқпай кетуі мүмкін емес.

(Музыка ырғағымен Қыдыр ата, Ұмай ана, екі ақ көгершін келеді).

Қыдыр ата: Ассалаумағалейкум, қадірменді халайық!

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

Ұмай ана: Сәлем бердік, жамағат!

Ұлыс бақты болсын!

Төрт түлік ақты болсын!

Көгершіндер хомен: Наурыз мерекесі құтты болсын!

(Тәу ету рәсімі жасалады).

Ұмай ана: -Армысың, қасиетті Жер ана!

Табынып саған тәу етемін.

Өркендеп өссін көк шыбық,

Мейріміңді төге көр!

Тәу – тәу – тәу!

Билігі әлемнің өзіңде, Жер ана!

Көктемнің нұрына шомылған өзіңе,

Тәу – тәу – тәу!

Молшылық бер еліңе,

Кеудеңнен өнген дәніңе,

Қар жауып, шөптің қайта өнгеніне

Тәу – тәу - тәу!

  • Армысың, қасиетті Су ана!

Нәр болып тарайтын далаға.

Табынып тәу етем өзіңе,

Жақсылық оянып санамда.

Тәу – тәу – тәу!

Армысың, сарқыраған Су ана!

Нұр сеуіп берген суыңа,

Жаңбыр жауып далама,

Нұрдың бізге жауғанына

Тәу – тәу – тәу!

  • Армысың, мейірімді Күн ана!

Шуағы тараған ғаламға.

Табынып тәу етем өзіңе,

Тыныштық болсын деп даламда.

Тәу – тәу – тәу!

Жылуыңа тәу еттім, Күн ана!

Әлемді жарық еткен қасиетіңе

Тәу еттім.

Тәу – тәу – тәу!

  • Армысың, жалында От ана!

Жылуды мол шашқан далаға.

Мұздаған тәніме жылу бер

Табынып тәу еттім өзіңе.

Тәу – тәу – тәу!

Денімізге саулық бер,

Ел-жұртыма жылуыңды дарыта гөр,

Тәу – тәу - тәу!

Ұмай ана:

Досқа құшақ ашайық

Өлең жырға басайық.

Қазақтың бір салты деп

Тойға шашу шашайық.


Шашу шашылады, сыйлық беріледі.

Ұмай ана: - Қымбатты, бүлдіршіндерім! Өздеріңе арнайы әкелген әз Наурызға арналған базарлықтарымды қабыл алыңдар!

3-жүргізуші: Сәйгүліктей ағайық,

Жасын болып жанайық,

Бабамыздың Қызырдай

Ақ батасын алайық!

2-жүргізуші: «Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» дегендей, өзіңізден жақсылық күткен жамағатқа ақ батаңызды берсеңіз!

(Қызыр Ата бата береді).


1-жүргізуші: Құрметті, Қыдыр ата, Ұмай ана, бүгінгі Наурыз тойдың қадірменді қонағы болып жақсы-жайсаңдардың арасынан орын алыңыздар!

1-жүргізуші: Наурыз менің елімнің берекесі,

Жаңа жылы қазақтың мерекесі.

Шаңырағы биіктеп күнге жақын,

Ұланғайыр керілсін керегесі.

 2-жүргізуші: Қымбат білген адамға сөз өнері,

Бұрқ-сарқ етіп қайнасын көжелері.

Жаңа жылда елімнің көркі өсіп,

Гүлге толсын көгеріп көшелері.

 3-жүргізуші: Шат күлкіге шомылып замандары,

Бақыт кешсін ғайыптан адамдары.

Әрбір жанның арманы орындалып,

Сәтті болсын биылғы қадамдары.

1-жүргізуші: Бастаңғы - Наурыздың 21-нен 22-сіне қараған түнгі таңның алғашқы сәулесін қарсы алып, басқы таңға сәлем ету, жаңа сәулеге шомылу, алғашқы пәк қуатқа кенелу рәсімі.

2-жүргізуші: Бастаңғы - Жыл сайын таңғы 5:15-те наурыздық таң сәулесі рауандайтын сәтті түн бойы мерекелеумен қарсы алу шарасы.

3-жүргізуші: Ендеше Наурыздың басты рәсімдерінің бірі – бастаңғыны тамашалаңыздар!















Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 12.12.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров613
Номер материала ДВ-253324
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх