Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Рабочие программы / Сыныптан тыс сайыс сабақ жоспары

Сыныптан тыс сайыс сабақ жоспары

  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

Ақшұқыр мектеп-лицейіндегі «Әлем нақты ғылымдар тілінде»

атты математика пәні апталығы аясында өткізілген

«Білімдіге дүние жарық» атты сыныптан тыс математикалық сайысының


ЖОСПАРЫ


Тақырыбы: «Білімдіге дүние жарық»

Мақсаты:

1. Оқушылардың алгебра және геометрия пәндері бойынша білімдерін жүйелеу .

2. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, логикалық ойлауды жеделдетуге баулу, танымдық қабілетін, математика пәніне деген қызығушылығын арттыру.

3.Оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру , топпен жұмыс жасауға дағдыландыру, жауапкершілікке тәрбиелеу.


Түрі: Сайыс


Формасы: АКТ қолдану арқылы .


Көрнекілігі: Слайд .


Құралдар: Интерактивті тақта, үлестірме кеспелер, маркер, А4 парақтар .


Кіріспе:

Құрметті ұстаздар , оқушылар мектебімізде өтіп жатқан математика апталығына өз үлесімізді қоса отырып, 7-сыныптар арасында «Білімдіге дүние жарық» атты математикалық сайысымызды бастаймыз.

Сіздердің белсенділіктеріңіз, алғырлылықтарыңыз сайыстың сәнін келтіріп, оны қызықты, мазмұнды және есте қаларлықтай өтуіне септігін тигізеді.


Сайыс кезеңдері:


  • Сұрақ-жауап. Әр топқа сұрақтар беріледі. Әр дұрыс жауап бір ұпай.


  • Қызықты математика. Әр топқа логикалық тапсырма беріледі. 5 минут уақыт беріледі. Осы кезде көрермендерге жұмбақтар қойылады.


  • Кім жылдам . Интертақтадан п,т б ш әріптері көрініп тұрады.Әр топ кезекпен әріп таңдап,сол әріптен басталатын математикалық терминдер айтады. Ойлануға 3 минут уақыт беріледі.1 термин 1 ұпай.

  • Білімділік сайысы. Қысқаша көбейту формулаларын жазу тапсырылады.


  • Танымдық өре сайысы. Интертақтада сұрақтар мен бірнеше жауаптар беріледі. Әр топ дұрыс жауап номерін көтереді. 1 дұрыс жауап 1 ұпай.


  • Мақал-мәтелдер жалғасын табу. Әр топтың барлық мүшелері қатысады.


  • Көрермендермен мақал-мәтел жалғастыру орындалады. Осы кезде сайыстан әр топтың жинаған ұпайлары есептеледі.


  • Сайыс қорытындысы.

Сұрақ-жауап.

1-топ сұрақтары


  1. у =ах2 функциясының графигі қандай сызық?

  2. у=кх функциясының графигі бас нүктеден өтеді ма?

  3. Негіздері бірдей дәрежелерді көбейту қалай орындалады?

  4. Геометрияның негізгі ұғымдарын ата

  5. Биссектриса деген не?

  6. Санның модулі деген не?

  7. Сыбайлас бұрыштардың қосындысы нешеге тең?


2-топ сұрақтары

  1. У=ах3 функциясының графигі қандай сызық?

  2. Негіздері бірдей дәрежелерді бөлу қалай орындалады?

  3. Аксиома деген не?

  4. Қандай түзулер параллель деп аталады?

  5. Пропорция деген не?

  6. Шеңбер ұзындығының формуласы

  7. Медиана деген не?


3-топ сұрақтары


  1. У=к/х функциясының графигі қандай сызық?

  2. Қандай түзулер перпендикуляр деп аталады?

  3. Дәрежені дәрежеге шығару қалай орындалады?

  4. Хорда дегеніміз не?

  5. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы неге тең?

  6. Дөңгелек ауданының формуласы

  7. Теорема деген не?


Көрермендерге жұмбақ.

    1. 9 тоңқылдақ , 1 шіңкілдек

Шіңкілдек жүр , шіңкілдеп,

Сенімен бірге жүрем деп,

Әр тоңқылдаққа діңкілдеп,

Тоңқылдақ жүр күңкілдеп. (он цифр)

    1. Нәрселерді санағанда

Керек ол бізге ауадай.

Айтыңдаршы бұл қандай сан

Жан-жағыңа қарамай.

    1. Бүтін сан ,бөлшек сандар

Барлығы да бар онда

Бұл қандай сан айтыңдаршы,

Оң , теріс сан бәрі осында.

Қызықты математика.

1-топ


4,5,6,7,8,9 цифрларын шаршы торларына тігінен де, көлденеңінен де қосқанда 15 шығатындай етіп орналастыр.


2-топ


6,5,4,3,2,1 цифрларын үшбұрыш бойындағы дөңгелекшелерге әр қабырғасы бойындағы сандар қосындысы 12 болатындай етіп орналастыр.


3-топ


1,2,3,4,5,6,7,8,9 цифрларын үшбұрыш бойындағы дөңгелекшелерге әр қабырғасы бойындағы сандар қосындысы 20 болатындай етіп орналастыр.


Кім жылдам


Интертақтадан п,т,б,ш әріптері көрініп тұрады.Әр топ кезекпен бір әріпті таңдап, сол әріптен басталатын математикалық терминдер жазады.

Ойлануға 3 минут беріледі. 1 термин 1 ұпай.

Танымдық сайыс


Тақтада сұрақтар мен олардың бірнеше жауаптары беріледі.Әр топ дұрыс жауап номерін көтереді. 1 дұрыс жауап 1 ұпай.

  1. Қазақта ұзындық өлшеуіші ретінде қайсысы қолданылған?


А. теңгедей. Ә. жұдырықтай. Б. бір елі. В. зілдей.


  1. Қазақта қайсысы аудан өлшеуіші ретінде айтылған?


А. алақандай. Ә. қаңбақтай. Б. шынтақ елі В. таудай


  1. Ертеде бөлшек ұғымын халқымыз қалай атаған?


А. сынық сүйем Ә. қадам Б. шынтақ елі В. таяқ тастам


  1. Қайсысы салмақ өлшеуіші ретінде айтылған?


А. ат төбеліндей Ә. құлаш Б. жұдырықтай В. зілдей


  1. Теріс сан мен оң сандарға нақтырақ түсінік беріп, координаталық жазықтыққа салған француз математигі кім?


А. Лейбниц Ә. Декарт Б. Гаусс В. Пифагор.



Мақал-мәтел жалғастыру


Бір тал кессең . . .

Бес саусақ . . .

Досыңды 3 күн санама . . .

Бір кісі қазған құдықтан . . .

100 сомың болғанша . . .

Отыз тістан шыққан сөз . . .

Бес бармақ жиналса...

Екі жақсы қас болмас . . .

Жеті жұрттың тілін біл . . .


Ердің 2 сойлегені өлгені . . .

Екі тілді білген адам . . .

Бір күндік жолға шықсаң . . .


Алты жыл аш болсан да . . .

Отыз күн оразаның 1 күн айты бар . . .

Жүзден біреу шешен . . .

Шындық 12 қабат . . .

Жерді 2 жыртқан . . .

Бір бала әкеге жете туады . . .











































































Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Краткое описание документа:

Тақырыбы: «Білімдіге дүние жарық»

Мақсаты:

1. Оқушылардың алгебра және геометрия пәндері бойынша білімдерін жүйелеу .

2. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, логикалық ойлауды жеделдетуге баулу, танымдық қабілетін, математика пәніне деген қызығушылығын арттыру.

3.Оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру , топпен жұмыс жасауға дағдыландыру, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Автор
Дата добавления 17.06.2015
Раздел Математика
Подраздел Рабочие программы
Просмотров462
Номер материала 307854
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх