Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыСыныптан тыс шара "Наурыз - жыл басы!" (4 сынып)

Сыныптан тыс шара "Наурыз - жыл басы!" (4 сынып)

Скачать материал

Тақырыбы: Наурыз – жыл басы

Мақсаты: Жастарды  қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін дәріптеуге, құрметтеуге, болашақта өскелең ұрпақтарымызға насихаттауға баулу, үйрету.

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Наурыз тойларыңыз құтты болсын! Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді боп, тілектеріңіз қабыл боп, аман - есен тойдан тойға жетіп, ескі ауыртпалықтарыңыз ескі жылда кетіп, жаңа жылда, жаңа үміт, жаңа тіршілікпен, осы ұлыстың ұлы күнінде елімізге, жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын. Барлық жақсы ниет - тілектеріңіз қабыл болсын! БК-210 топ студенттерінің  дайындаған " Қазағымның салт-дәстүрлері" атты мерекелік шарамызға қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Наурыздың 22 - де күн мен түн теңеледі, қыс өтіп көктем келеді. Тіршілік басталады. Қазақ халқы үшін үлкен мейрам – Жаңа жыл Наурыз мерекесі. Наурыз мейрамы - өте ерте заманнан бері халықтар тойлап келе жатқан тұрмыстық мереке. Ол парсыша «Нау - рыз» жаңа күн деген сөзінен шыққан. Күн мен түн теңелген, мал төлдеп, адамның аузы аққа тиген, жер бусанып, малдың аузы көкке тиген ырыстың басын қазақ елі – «Ұлыстың ұлы күні»- деп атайды екен.
1-жүргізуші:

               Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,
               Қастерлейік, қадіріңді білдік пе!
               Құтты болсын Ұлыс күні жұмылдырған
               Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке!
2-жүргізуші:

               Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
               Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
               Жарығымен, шуағымен күн - ана,
               Алып кетіп жер бетіне гүл көктем!
1-жүргізуші:

Салтымен ата-бабаның

Жаңғырды кайта заманым.

Тіршілік басы, о, Наурыз

Қайырлы болсын қадамың!

2-жүргізуші: Назарларыңызды қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері мен ойындарына аударуларыңызды сұраймыз.

(Осыдан кейін қазақтың ұлттық салт-дәстірлері кетеді)

1. Келін түсіру. Бет ашар.

Сәукеле киген қалыңдықты екі жеңгесі екі жағынан сүйемелдеп жұрттың алдына алып шығады. Олардың қарсы алдына ақын келіп домбырамен (сырнаймен) беташар жырын айтады. Ата-баба аруағына, тойға қатысып отырған үлкен кісілерге өлеңмен аттарын атап, сәлем беруге келінді шақырады. Екі жеңгей келінді ілестіре иіліп, жұртшылыққа сәлем береді. Әр сәлем сайын аты аталған адамдар, жұртшылық ризалық алғыстарын білдіріп отырады.

2.  Шілдехана - жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-сауық, той. Мұнда "Балаңыздың бауы берік болсын" дегендей құтты болсын айтылады, жастар жиналып ән салып, домбыра тартып өлең, жыр айтады. Шілдеханаға шақырумен де, шақырусыз да бара береді. Шілдехана - өмірге келген адам келгеннің және оған қуанудың бір белгісі.

3. Шашу - қуаныш айғағы ретінде жасалатын салтанатты дәстүр. Бала туғанда, келін түскенде, алыс сапардан көп күткен жолаушы келгенде, тағы сол сияқты зор жаңалық қуанышты күндерде әйелдер құрт-кәмпиттен, күміс тиыннан шашу шашады. Шашылған шашуды тойға қатысушылар теріп алып, ырым қылып балаларына апарып береді. Шашуды әйелдер ғана шашады.

 Қызға біз тастау

2-жүргізуші: . Қыз ұзату кәделері-қазақ халқының рәсімдік және ғұрыптық жоралғыларының бірі. Қызды алып қайту үшін жеті не одан да көп адам келуі мүмкін, бірақ жалпы саны тақ болуы міндет. Құда-құдағилар алдымен келеді де, күйеу мен күйеу жолдасты қыздың жеңгесінің өзі барып ертіп келеді. Күйеу мен күйеу жолдас ауылға жаяу келеді және үлкен үйді баса-көктеп өтуіне рұқсат жоқ.Келесі тамашалайтындарыңыз  Ұзату биі

1-жүргізуші:

Желпіген аққу құстың қанатындай,
Бақ келіп үйлерге қонатындай.
Қасиетті наурыз тойы пәктігінің,
Тойы деп айтуға да болатындай.

 

2-жүргізуші:

Емес пе той халқымның қазынасы,

Бабамның демеу болсын ақ батасы.

Қастерлемей кім ата салтын тастар,

"Береке тілеп" ақ әже шашу шашар.

Мәңгі толы қазағымның ғұмыры,

Сан асылдың ашылып тұр ғұмыры.

Кеше ғана керексіз ғып тастаған

Ғажап екен әдебі мен ғұрыбы.

(Бесікке салу рәсімі)

Құрманғазының күйі құс қайтару

1-жүргізуші:

Дәстүрдің озығы бар, жазығы бар,

Өткеннен бізге жеткен асылы бар.

Сәбидің кейбір кезін қызықтайтын,

Қазақта "Тұсау кесер" рәсімі бар.

2-жүргізуші: Тұсау кесу дегеніміз 1 жасқа толып, еркін жүре бастаған балбөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей, жүріп кетуіне тілек білдіретін салт.

Күлгенің де той сенің,

Жүргенің де той сенің.

Қызықтасын халайық,

Тұсау кескен бұл күнің

Есте қалсын, жарқыным.

1-жүргізуші: Әлбетте, баланың тұсауы ала жіппен, қойдың майлы шегімен немесе өрілген көк жіппен кесіледі: Ала жіп ақтық пен адалдыққа жол ашады, майлы шек байлыққа, тоқтыққа жетелейді, көк шөп көбеюге, өсуге, өнуге шақырады.

2-жүргізуші: Бүгінгі күні Амантай әже өзінің немересі Аружанның "Тұсау кесер" тойын Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен тұтастырып, қалың жұрттан бата алу мақсатында осы жерде "Тұсау кесер" тойын өткізбекші.

Тұсау кесер рәсімі

Ән:Арыс жағасында

1-жүргізуші:

Жақсы дәстүр сақтар елдің елдігін,

Ерлігін де ұғынарсың сен бүгін.

Танытады қалпымен-ақ қонақжай

Нағыз қазақ жүрегінің кеңдігін.

2-жүргізуші:

Мінекей, сондай жомарт менің халқым,

Ешқандай ұмытпаған ата-салтын.

Жас ұрпақ, ойлан өзің, біл тарихтан,

Қазақ боп қал, қадірле қазақ халқын!

1-жүргізуші:

            Бақ дарысын бәріңе!

            Ой қосылып ойыңа,

            Бой қосылсын бойыңа!

            Аман - есен жетейік.

Келер Наурыз тойына!

2-жүргізуші: Осымен " Қазағымның салт-дәстүрлері " атты мерекелік шарамызды  жабық деп жариялаймыз. Келіп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақтөбе гуманитарлық колледжі

 

 

" Тексерілді"                                                                                  "Бекітемін"

"Бастауыш білім беру" бөлімінің                                        Директордың тәрбие ісі

тәрбие бірлестік жетекшісі                                                     жөніндегі орынбасары

________Г.Н. Тенизова                                                            ________Б.Қ Миралиев

"19"наурыз 2014 жыл                                                                 "19" наурыз 2014 жыл

 

 

                                 

 

Мерекелік кеш

 

Тақырыбы: "Қазағымның салт-дәстүрлері"

 

 

 

Орындаған: Р.Сарбасова

Бк-210 тобының жетекшісі

 

 

2013-2014 оқу жылы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сыныптан тыс шара "Наурыз - жыл басы!" (4 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор детского оздоровительного лагеря

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 064 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.02.2018 999
    • DOCX 22.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Қазанғапова Ләйла Амандыкқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Қазанғапова Ләйла Амандыкқызы
    Қазанғапова Ләйла Амандыкқызы
    • На сайте: 6 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6309
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык и литературное чтение: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель начальных классов русского языка и литературного чтения

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 148 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Курс профессиональной переподготовки

Гигиенические требования к условиям реализации основной образовательной программы начального общего образования

Учитель начальных классов

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 71 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Курс повышения квалификации

Особенности введения и реализации обновленного ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1106 человек из 80 регионов
  • Этот курс уже прошли 19 292 человека

Мини-курс

История и основы галерейного бизнеса

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Анализ межпредметных связей: связь педагогики с научными дисциплинами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Преодоление фобий: шаг за шагом к свободе от социальных источников страха

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек