Күні: 13.09.16 7-класс пәні:
Алгебра
Тақырыбы: Сызықтық функция және оның
графигі.
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділігі: у=kx тура пропорционалдық
функциясымен танысып, у=kx, у=L функцияларының графиктерін салып үйрету.
Координаталары берілген нүктенің графикке тиісті немесе тиісті емес екенін
анықтауды, функцияның графигі бойынша теңдеуін жаза білуге үйрету.
2. Тәрбиелілігі: Алдарына қойған мақсаттарына жетуге, өздеріне сенімді
болуға, жауапкершілікке, өзара көмек көрсетуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылығы: Мұқияттылығын, есте сақтау қабілетін, ойлау өрісін, өз
беттерімен жұмыстануды дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кестелер, интерактивті тақта, электронды оқулық,
плакаттар, сызғыш .
Сабақтың түрі: Проблемалық оқыту, іздендіру сабағы.
Сабақтың барысы: Жұмыс дәптерімен тексеру
I – кезең. Ұйымдастыру кезеңі (5-7 мин)
(өтіп кеткен тақырыптардан бүгінгі сабаққа негіз болатын тапсырмалар)
Қайталау сұрақтары.
1.
y=kx+l функциясының графигі А(–4; 3) және В(4; 9)
нүктелері арқылы өтеді. k және l мәндерін табыңыз.
2.
Сызықтық функция f(х) = 1,8х + l формуласымен берілген. Егер f(–2)
= 2,1 болса, l-дің мәнін табыңыз.
3.
у=kx+5 функциясының графигі А(–3; –1) арқылы өтсе, k-ның мәнін
табыңыз.
4.
Сызықтық функция f(х) = kх + 3,5 формуласымен берілген. Егер
f(0,3) = 6,2 болса, k-ның мәнін табыңыз.
5.
y=5x+10
функциясы графигінің 0у осьімен қиылысу нүктесін табыңыз.
6.
y=13x+1
функциясы графигінің 0х осьімен қиылысу нүктесін табыңыз.
7.
y=23x
функциясы х-тың қандай мәнінде 4-ке тең?
8.
y=54x
тура пропорционалдығының [-2;4] аралығындағы ең үлкен мәнін табыңыз.
9.
y=−34x
функциясының графигінде жатқан А (х; 3)
нүктесінің абсциссасын табыңыз.
10.
Тура пропорцияналдықтың графигі Е(–6; 9) нүктесі
арқылы өтетін түзу. Ол қандай формуламен берілген?
11.
у = 3х функциясының [-1;5] аралығындағы ең үлкен
мәні мен ең кіші мәнінің қосындысын табыңыз.
12.
y=5x және y=3x+1 функцияларының графиктерінің қиылысу нүктесін
табыңыз.
13.
y=-2x+6 функциясының графигіне параллель N(0; 3) нүктесі арқылы
өтетін функцияны табыңыз.
14.
y = kx + l функциясының графигі y = 0,5x функциясының графигіне
параллель және В(0; 2) нүктесі арқылы өтеді. Осы функцияны табыңыз.
15.
у = 2,5х – 3 функциясының графигімен А (2; 2)
нүктесінде қиылысатын және l = 4 болатын функцияны формуламен жазыңыз.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.