Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
1 слайд
Сабақтың тақырыбы: Ардақта ата-анаңды
Мақсаты;
а) білімділігі; Бала бойына сүйіспеншілікті , жылылықты
ұялату,ата-анасын құрмет тұтып, адал да
парасатты ұл мен қыз болуға тәрбиелеу;
ә)дамытушылығы; Халқамыздың тәлім- тәрбиесінің ананың
ақ сүтімен, әже өнегесімен,ата ақылымен
берілетіндігін,өзіндік ұлттық қасиетімізді
балалар бойына дарыту.
б) тәрбиелілігі; отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық,
қайырымдылық,достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Әдісі; Интерактивті технология.
Барысы; І.Ұйымдастыру .
2 слайд
Ардақта
ата-анаңды.
3 слайд
Қымбатты ата-ана, ұстаздар!
Біздің борышымыз сіздерді құрметтеу.
Алдамен сүй, ардақты ата-анаңды,
Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.
Бар жақсылық балаға бұл ғаламда
Мейірімінен ананың жасалады.
Жырақ жүрген ата-анасын сағынған
Ата-анаға сәлем айтқан ән-жырдан.
Екеуінің қуанышы,тілегі
Әрқашан да бір арнадан табылған.
4 слайд
Адамға ең қымбаты-отбасы.Отбасында сүйіспеншілік,сыйластық,татулық,бауырмалдық болғанда ғана бірлік болады.Ата-ана отбасының ұйытқысы десек,бала отбасын берік ұстауға қажетті алтын діңгек.
Әрбір бала өз ата-анасын қадірлеп,Отанына,туған жеріне деген сүйіспеншілікпен қараса,болашықта өз-өзін танумен қатар,өміріне нық сеніммен қадам басады.
Жаңа ақпарат.
5 слайд
Ойланайық
1. Бала анасына деген махаббатын қалай жеткізеді?
2. Өзгенің баласын өзіңдікіндей сүю кез-келген ананың қолынан келе ме?
Пікірлесейік
6 слайд
Дәйексөз
Әке– асқар тау,
Ана– ағып жатқан бұлақ,
Бала –жағадағы құрақ.
Халық нақылы.
7 слайд
Ойланайық
1. Адам қай уақытты ата-анасының үмітін ақтай алады?
2. Өзің шеше алмаған мәселелерді ата-анаңмен еркін бөлісе аласын ба?
3.Анаң немесе әкең қай уақытта саған риза болады?
Әңгімелесейік
8 слайд
Б. Соқпақбаевтың
“Менің атым Қожа” повесінен үзінді оқу
Мәтінмен жұмыс
9 слайд
*Әкенің адам өмірінде алатын орны қандай?
*«Атадан бала тусайшы,ата жолын қусайшы» деген мақалдың мағынасын түсіндіріңдер?
10 слайд
Сөзжұмбақ
1.Қой дегенде бар, лақ дегенде жоқ,
Ойда бар, бақта жоқ
2.Рәміздің бірі
3.Еңбек құралы
4.Ең жақын адам
5.Уақытты немен білеміз?
6.Ырыс алды ынтымақ
11 слайд
Жұмбақ шешу
Маған да,саған да
Жақын туыс бес адам.
Үш әріптен тұратын
Оңға оқы,солға оқы
Өзгермейді еш одан
Бәріде өз жұртың,
Айтады кәне кім атын?
Топтастыру
Отбасы
Ата
әже
әке
ана
аға
ұл
қыз
12 слайд
Ата-ана туралы дана сөздер:
Ұл-қыз ата-анасын,үлкендерді қуанышқа бөлеп,бақытқа кенелтсем десе,алдымен әдепті болулары керек.Өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарса,ата-ананың ұл-қызы болып өседі
Адал жеміске ,ата-ана жеміс ағашына ұқсайды,Жеміс ағашын жақсы қарап күткендей,ата-анаңды аялап бақсаң,армандарың орындалады.
Сәби шағында олар өзіңді қалай бағып- қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып, аялап күту керек.
Ата-ананың көңілін еш ренжітуші болма ,олардың жүрегіне қайғы түсіруші болма.
Ата-ананың қадірін білмеген халық қадірін білмейді.
Ата-анасын ұмытқан бала опасызы, рахымсыздың рахымсызы
Түн ұйқысын төрт бөлген ,түнде бесік таянып, түнде шошып оянған ананың ақ мейірімін ерекше бағаламасаңдар , ол- қорлық
Кейбір тәрбиесіз, арсыз балалар ата-анасына қарсы сөйлеп, тыңдамай жатады. Ондай Қылықтардан аулақ болып ана,әке,апа,қарындас туыстарыңды сыйлап жүріңдер.Әке-тірегің,қамқоршың, асқар тауың.Ана- жарық дүниеге әкелуші.
13 слайд
Қарт
Өмірде не жетім
1.Өмірде ата-анасы жоқ болса,бала -жетім.
2.Халқына сенімсіз болса,хан –жетім
3.Суы жоқ- құдық жетім
4.Досы жоқ жігіт- жетім
5.Шәкіртсіз ұстаз –жетім
6.Қызы жетесіз болса, ана- жетім
7.Ата-ана ақылы жерде қалса,
бәрінен де сол жетім
14 слайд
Ата-ана туралы
хадистер
Ей,перзентім! Ойыңа тоқып ал,ата-анаға құрмет,ізет қылуды мойынға алу ләзім.Себебі баланың түп негізі ата-ана болып табылады.
Ата-анамды не үшін құрметтеймін дегенді ойыңа алушы болма.Олар сен үшін өлуге де дайын тұрады.Сен соны білуің керек.
Сен ата-ананың еңбегін дін жағынан да өтей алмасаң да ақыл санаңмен,адамгершілікпен өте.Кімде-кім ата-анасын разы еткен болса, ол жақсы.Алла тағала оның өмірін ұзартады.
Борыш-ата-анаға ұстаздар мектебіне қызмет жасап,әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу.
Құретті әке-шеше атыңа кір келтірмеуге ант етемін!
15 слайд
Балаларга сурактар:
-Анаңның сүйіп жасайтын жұмысы не?
-Анаңның туған күні қашан?
-Үйдегі адам саны қанша?
-Бауырың неше жаста?
Үйде ыдысты кім жуады?
-Үйді кім жинастырады?
-Таңертең сені кім оятады?
-Әкеңнің туған күні қашан?
16 слайд
Мақалдың
жалғасын тап-ойыны
1.Әкеге қарап-...
Анаға қарап-...
2.Ананың көңілі балада,...
3.Ата-ананың қадірін ...
4.Атаның баласы болма ...
5.Баланың жақсысы қызық ...
6.Ұядан не көрсе,...
7.Қарағайға қарап.....
Отбасына қарап ....
жарайсың
17 слайд
Балаларға жұмбақтар шештіру:
Әлпештеп өзіңдей өсірген
Нағашы әжеңнің баласы
Төріндежалпиып көсілген
Бұл күнде жиеннің анасы Ол кім?
Аймалайды күнім деп
Мейірімді жүзі күлімдеп
Тәтті-ақ дейді немере
Бал шырындай үнің деп Ол кім?
Айтары мол ғұлама
Көп жасаған бұл адам
Әкесі ол әкеңнің
Білер оны сұраған Ол кім?
Атаңның баласы
Кей кезде таласып
Қаласың әжеге
Білгенің асады кәдеге Ол кім?
18 слайд
Түйіндеме
«Ата-анамды не үшін құрметтеймін» дегенді ойыңа алушы болма.Олар сен үшін өлуге де даяр тұрады...Соны сен білуің керек.
Әрбір перзент ақылды болса,дана болса, ата-анасының мейір-махаббаты үшін ештеңені орындаудан бас тартпайды...Ата-ананың міндеті-сені тәрбиелеп,өсіру және жақсылыққа үйрету.
Ата-анаңның алдында шыншыл бол.Ата-анаңның құптауынсыз істеуге болмайтын нәрсеге олардың ризашылығын ал.
19 слайд
Балалар шеңбер жасап тұрайық, өз бойларыңдағы жақсы қасиеттеріңді ой елегінен өткізіңдер, содан кейін өз аттарыңды атап өзіңнің жақсы қасиеттерің туралы кезек-кезек айтып беріңдер.
"Кел, жақынырақ танысайық"
"Ойын"
20 слайд
Тапсырма
1.Анаңа ауыр сөз айтпа,
Атаңа ауыр жүк артпа.
2.Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.
Ағайынның қыдірін жалалы болғанда білерсің.
3.Ата-ананың қадірін білмеген-халық қадірін білмес.
«Ата-анам- берік қорғаным» тақырыбында эссе жазу.
Бекбауыл
Дәптермен жұмыс:
21 слайд
Анама ақ тілек
Қорытынды
- Не тәтті ? Ананың сүті
- Не жұмсақ ? Ананың қолы
- Кім жақын ? Тату болса ағайын жақын,
Бауырмал болса, інің жақын
Не қымбат ? Алтын ұяң Отаның қымбат,
Құт – береке атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат,
Бәрінен де ұят пенен ар қымбат.
Ой- толғаныс.Аналарына гүл ұсынып, тілектерін айтады.
22 слайд
Тыңдағандарыңызға рахмет!
23 слайд
Оқушыларға:
Жаднама: «Ата-анам – ардақтым!»
Ата-анаңды өмір бойы сыйла!;
Ата-анаңа ауыр сөз айтпа;
Ата-анаңның қателігін бетіне баспа;
Өзгелердің ата-анасымен салыстырма;
Оларды қалай жақсы көретініңді жиі айтып отыр;
Күнде таңертең амандас;
Үй шаруасына қолғабыс ет;
Алыста жүрсең жиі хабарласып тұр;
Ата-анаңа жаманат келтірме;
Өзің есейгенде рухани, материалдық жағынан қарасып тұр!;
Ата-анаңның достарын сыйла;
Қартайған шақтарында көңілдерін аула!;
Ауырып-сырқағанда қабақ шытпай бақ!;
Олар қандай жағдай да сен үшін «ең асыл жандар» екенін ұмытпа!
Мектеп психологы: Рахимжанова Арай Бейсенбаевна.
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Слайд Ата -анаға Мақсаты: Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынстың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету. Оқушылар мен ата-анасының арасындағы қарым-қатынасты нығайта түсу. Сондай-ақ, «мектеп-ата-ана», «оқушы-ата-ана»байланыстарын бір жолға қою.Күтілетін нәтиже: бала мен ата-ананың арасында жылылық орнату.арналған .Карым-қатынас психологиясы
6 665 888 материалов в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Кустова Наталья Сергеевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс повышения квалификации
36/72 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Курс повышения квалификации
36 ч. — 180 ч.
Мини-курс
8 ч.
Мини-курс
4 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.