Инфоурок Начальные классы Рабочие программы"Ұстаздарға мың алғыс" тәрбие сағаты (1 сынып)

"Ұстаздарға мың алғыс" тәрбие сағаты (1 сынып)

Скачать материал

Нұн Жұбаев атындағы орта мектеп





Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы:

«Ұстаздарға мың алғыс!»

(1 «б»сыныбы, тілашар)



C:\Users\Admin\Documents\фон\32451c80e368.jpg



Есболова Нұржанат Кемелхановна





Шетпе - 2015ж

Мақсаты: оқушылардың тілін дамыту, айналамен таныстыру, мектеп, мұғалім, оқушы, білім, оқулық туралы түсініктерін қалыптастыру. Үлкенді сыйлау, еңбекті бағалау, еңбек ете білуге, өз отбасына, туған жеріне құрмет көрсете білуге баулу, тәрбиелеу. Ұстаз туралы мағлұматтарын кеңейтіп, ұстазды сыйлауға, бағалауға үйрету.
Көрнекілігі: слайдтар, шарлар, нақыл сөздер.

Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім:
- Бақытты балдырғандар, ардақты ата - аналар, құрметті меймандар бүгін сыныбымызда алғаш өтіп жатырған тілашар тойымызға қош келдіңіздер. Мектеп есігін алғаш ашқан шәкірттерім қадамдарың сәтті болсын! Болашақта білімді, алғыр, саналы, елжанды, ибалы да иманды ұрпақ боп өсіп, өнулеріңе тілекшімін. Ұстаздар мерекесіне орай өткелі отырған тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын.

Хор: Мектеп – қамқор анамыз,
Оқып, білім аламыз.
Өнерпаз боп өсетін,
Біз – оқушы боламыз!
Мектеп. Мектеп - кеме, білім – теңіз.

Алмат: Алтыға толдым биыл мен

Оқушы болып киінем

Арқама сөмке асынып

Мектепке барам, мектепке барам асығып.

Аида : Мектебім, мынау класың

Осында жыл тұрасың

Тарыдай боп кіресің,

Таудай болып шығасың.



Райымбек: Кешегі сәби балаңыз,
Жарады міне қараңыз.
Ғылым, білім жолына,
Енді қайық саламыз.
Әдемі: Біз бақытты баламыз
Қағаз, қалам аламыз.
Ұстазымыз үйреткен,
Әріптерді саламыз.
Муслим: Алты жасқа жеткенім,
Еркеліктен кеткенім,
Кітабымды қолтықтап,
Мектебіме беттедім.

Әділбек: Сәлем саған мектебім,
Сәлем білім ордасы.
Жасыл бақты көктемім,
Жастық шақтың жолдасы.

Аружан: Алақайлап жүрегім,
Қуанышқа толып тұр.
Асыққан қыркүйегім,
Қоңырауын соғып тұр.
Әділет : Мектеп - білім ордасы,
Мектеп - қамқор анашым.
Оқып білім аламын,
Өнерпаз болып өсетін
Мен оқушы боламын.


Ән: « Сәлем саған мектебім»

Мұғалім: - Оқушылар, мектепке келгелі біз не үйрендік?

- Біздің оқулығымыз қалай аталады, оны қай тілде оқимыз?
Қазақ тілі - дүние жүзіндегі ең бай да бейнелі тілдің бірі. Тіл байлығы - әр елдің мақтанышы.

Меруерт : Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл.
Өз тіліңді құрметте!

Шапағат : Ана тілің біліп қой,
Бостандығың, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.

Жұлдыз : Айтатын жас - кәріміз,
Аяулы жыр, әніміз,
Аялайтын бәріміз,
Ана тілі – арымыз.

Айболат : Анашымдай сыр шерткен,
Ақыл - білім үйреткен.
Әліппені оқимын,
Ерекше зор құрметпен.

Сүйіндік : Бабамыздың тілі деп,
Даламыздың үні деп,
Туған елдің тілі деп,
Туған жердің тілі деп,
Қазақ тілін, қазақ тілін сүйеміз.

«Кім тапқыр». Жұмбақ шешу.
1. Иесі оның сәби,
Әрі төсек,
Әрі үй. (бесік)
2. Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,
Мінсең қанат, сүті дәрі
Еті тамақ. (жылқы)
3. Төрт аяғы, арқасы бар,
Еті жоқ, тек қаңқасы бар. (орындық)
4. Жесең ащы,
Көзіңнен шығарар жасты. (пияз)
5. Бала біткен соғады
Жеңіл шарды домалақ.
Ұрсаң, ұшып жоғары
Жерге түсер домалап. (доп)
6. Ұрлап ішіп,
Үйде сүтті қоймайды,
Өз құйрығын өзі қуып ойнайды. (мысық)

7. Аласа ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (қой)

8. Жасыл домалақ доп,

Өзі тәп-тәтті шоқ. (қарбыз)

9. Қабат- қабат қаптама, ақылың болса аттама. (кітап)

10. Қайда жүрсең, қосарлана шабады,

Үйге кірсең, босағада қалады. (аяқ киім)

11. Бары – жоғын білмейді, онсыз өмір сүрмейді. (ауа)

12. Ұш ашқышпен ұштала береді, бойы қысқара береді. (қарындаш)
Би «Қамажай» Орындайтындар: Жұлдыз, Әдемі, Гүлзада, Аида
Кім жылдам? Берілген буын, сөздерді оқу.

Мұғалім: - Оқушылар, бүгін бізде қандай мереке?

Олай болса,

Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,

Ол болмаса кім береді парасатты.

Асылын беріп шәкірт бойларына,

Ағартқан сол үшінде қара шашты.

Ұстазға әркім басын ию керек,

Кемеңгер, ақылшым деп білу керек.

Сен бүгін керемет боп кетсең дағы,

Жеткізген сол ұстаз деп білу керек.- дей келе, құрметті ұстаздар

сіздерді 1 «б» сыныбының атынан шын жүректен төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, еңбекте жеміс, білімді шәкірттер тілейміз.
Нұрзат: Ұстаз - ұлы есім. Батырды да, дананы да туған ана десек, сол батырды да, дананы
да тәрбиелеген ұстаз дер едім. Ең алдымен қолыңнан жетектеп жол сілтейтін ұстаз емес пе? Ұстаздарға мың алғыс!
Жақсылық : Ұстаздар - ау сізге теңдес бар ма жан,
Өнерің мен біліміңе таң қалам.
Осы өмірде бәрі ұстаздан басталып,
Ұстаздардан жаралғандай бар ғалам.

Зейін : Көзге ыстық партасы,
Оқулығы картасы,
Оқу қызық болғаны,
Мұғалімнің арқасы.

«Вальс» орындайтындар: Айболат Меруерт, София Райымбек, Азамат Аружан, Муслим Нұрзат.

Нұрасыл
Кім ұғады оқушының тілегін,
Кім ұғады оқушының жүрегін.
Ұғатын кім, үйден аттап шыққан соң,
Ұғатын ол – ұстаздар деп білемін.

Гүлзада
Оқушыға мейірі мол анадай,
Ол қуанса, қуанады баладай.
Түсе қалса, қабағы мен қасы егер,
Жұбатады жылы сөйлеп аялай.

Әдемі : Ел сенімін ақтайды ,
Деп ұстазым мақтайды.
Ұстазымның әр сөзін,
Көкейіме сақтаймын.

Азамат: Біздермен ойнап күледі,
Сырымызды біледі.
Қасымызда қашанда

Қамқор болып жүреді.
София: Ғұлама, білгіш ғалымнан
Оқушы жас жалыннан
Мархабатты ойшылдан
Мал өсірген қойшыдан
Жазушыдан, ақыннан,
Космонавтан, батырдан,
Өнері тасқан артистен,
Ырыс қазған шахтерден,
Мың бұралған бишіден
Ой тербеткен күйшіден
Сіздерге бүгін мың алғыс (бәрі бас иеді)

Хор: «Мұғалім ол біздің»

Құрметті ата- аналар, ұстаздар, оқушылар осымен 1 «б» сыныбы дайындаған «Ұстаздарға мың алғыс» атты тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті.

Хор: Ер жетеміз, өсеміз,

Елге қызмет етеміз.

Мұғалімнің айтқанын

Мықтап миға тоқимыз.

Сөз береміз сіздерге

Кілең беске оқимыз.

Мерекелеріңіз құтты болсын!





Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Ұстаздарға мың алғыс" тәрбие сағаты (1 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Научный сотрудник музея

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 236 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.02.2016 6453
    • DOCX 68.8 кбайт
    • 126 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Есболова Нуржанат Кемелхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14838
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии управления профессионально-педагогической деятельностью учителей начальной и средней школы в условиях реализации ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 84 человека

Курс повышения квалификации

Проективные методики в начальной школе в соответствии с ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 450 человек

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания предмета «Родной (русский) язык» с учетом реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 234 человека из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 167 человек

Мини-курс

Проведение и применение трансформационных игр

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 107 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 56 человек

Мини-курс

Идеи эпохи Просвещения: педагогическое значение для современности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Путь к внутреннему спокойствию: освобождение от тревоги, злости и стыда

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 629 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 203 человека