Электр
энергетикасы
Электр
энергетикасы — энергетиканың басты құрастырушысы, оның басты міндеті — электр
энергиясының тұтынушыларын электрлік энергиямен жабдықтау үшін электр
энергиясын тиімді жолмен өндіру, тарату және үлестіру.
Бұл сала кез келген елдің әлеуметтік және
эконономикалық дамуының маңызды бөлігі, себебі электр энергиясының энергияның
басқа тасымалдаушыларынан көрі бірқатар ерекшеліктері бар: үлкен қашықтыққа
таратудың, тұтынушылар арасында үлестірудің және энергияның басқа түрлеріне
(механикалық, жылулық, химиялық, жарықтық және басқа да…) түрлендірудің
салыстырмалы жеңілдігі.
Электрлік энергияның маңызды өзгешілігі — оны бір
уақытта өндіріп, сол уақытта тұтынуға болатыны.
Электр
энергиясының негізгі өндірушілері:
1. Жылу электр станциялары (ЖЭС):
2. Конденсациялық электрлік станциялары (КЭС);
3. Жылумен жабдықтау электрлік станциялары
(ЖЖЭС);
4. Атомдық электрлік станциялары (АЭС).
5. Су электрлік станциялары (СЭС)
6. су жинаушы электрлік станциялары (СЖЭС).
Электр тарату желілері (ЭТЖ) арқылы бір-бірімен және
тұтынушылармен біріктірілген электрлік станциялар электрлік жүйелерді
құрайды.Қазіргі кездегі электр қуатының өндірілуі мен таралу процесінің
ерекшелігі – энергия жүйесінің ұйымдастырылуы.
Энергия жүйесі деп-ортақ үздіксіз өндірілу режимі және
таратылуы арқылы байланысқан электрлі станцияларының, таратушы желілердің,
қосалқы станция мен жылу тораптары жиынтығы.
Электр энергетикасы — энергетиканың басты
құрастырушысы, оның басты міндеті — электр энергиясының тұтынушыларын электрлік
энергиямен жабдықтау үшін электр энергиясын тиімді жолмен өндіру, тарату және
үлестіру.
Халық шаруашылығын электрлендіру бұл экономикалық
құрылыстың, коммунисттік ортаның негізі болып табылады. Электрлендіру кең
комплексті механизацияның және автоматизацияның өңдіріс процесстерінің
тапсырыстарының орындалуын қамтамасыз етеді. Бұл еңбек қоғамының өнімділігін
арттыру қарқыныны арттырады, өнімнің сапасын жақсартады және еңбек жағдайларын
жеңілдетеді. Қазіргі кезде өнеркәсіп орындарындағы жабдықтар және технологиялар
электр жабдығында маңызды іс атқарады.
Ғимараттар деп жерде орналасқан құрылыстарды атайды,
оларда адам тіршілігінің түріне байланысты қажетті бөлмелер орналасады. Мысал
ретінде тұрғын үйлерді, мектептерді, театрларды, гараждарды, фабрика-зауыт
корпустарын және тағы басқаларды келтіруге болады.Сонымен бірге ғимарат деп
кейбір имараттарды атауға болмайды (мысалы: көпірлер, бөгеттер немесе
радиодіңгектер), оларда негізгі міндеттерді анықтайтын не бөлмелер, не бөлек
бөлімдер болмайды. Мұндай имараттарды инженерлік деп атайды.
Өнеркәсіп ғимараттарына, көлік пен өнеркәсіп
өндірісіне қызмет көрсететін ғимараттарды жатқызады, мысалы: фабрикалардың,
зауыттардың, шеберханалардың, электр станцияларының, паровоз деполарының және
тағы басқалардың корпустары кіреді. Ауылшаруашылық ғимараттарға, ауыл
шаруашылық мұқтаждықтарын қана-ғаттандыруға арналған ғимараттарды жатқызады,
мысалы: сиыр қоралар, шошқа қоралар, теплицалар (өсімдіктер өсіретін жылы
жайлар), ауылшаруашылық өнімдерінің қоймалары және басқалар.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.