Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Таңғы жаттығулар, ойындар топтамасы(1,2 кіші топ, ортанғы, ересек, мектепке даярлық топтарына арналған)

Таңғы жаттығулар, ойындар топтамасы(1,2 кіші топ, ортанғы, ересек, мектепке даярлық топтарына арналған)

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Жалпы дамыту жаттығулары.(1 кіші тобы)

«Сылдырмақпен»

  1. Б.қ. Аяқ алшақ, сылдырмақ төменде;

1-2 сылдырмақты жоғары көтеріп сылдырату;

3-4 б.қ. (4 рет)

  1. Т.с.

1-2 сылдырмақты алға созу;

3-4 артқа тығу;

  1. Б.қ. –т.с.

1-4 отырып сылдырмақты тізеге соғу;

5-6 б.қ. келу; (3рет)

  1. Сылдырмақпен жүгіру (10сек)

«Көңілді құстар»

  1. Б.қ. тік тұру, аяқ алшақ;

1-4 қолды екі жанға созып, жоғары – төмен көтеріп түсіру;

5-6 б.қ;

  1. Б.қ. «Мысық жоқпа?»

1-4 басты оңға, солға бұру;

5-6 б.қ;

  1. Б.қ. 1-4 отырып саусақпен тізе үстінен тықылдату; (3рет)

5-6 б.қ.

  1. Шашырап жүгіру;

«Қуыршақпен ойнаймыз»

  1. Б.қ. тік тұру, аяқ алшақ, қуыршақ төменде;

1-2 қуыршақты алға ұстау, жоғары көтеру;(3рет)

3-4 б.қ;

  1. Аяқ алшақ, қуыршақ алда;

1-2 денені оңға ,солға бұру, б.қ. келу;

  1. Б.қ. қуыршақты кеудеде ұстау;

1-4 алға енкею- «Қуыршақтар билейді»;

5-6 б.қ. келу; (3рет)

  1. Б.қ. 1-2- отырып қуыршақты еденге қою;

3-4 тік тұру;

  1. Қуыршақпен оңға, солға айналу (2реттен)

«Аңдармен жаттығамыз»

  1. Б.қ. Аяқ алшақ, ойыншық төменде;

1-2 ойыншықты жоғары көтеріп, аяқ ұшына тұру;

3-4 б.қ. келу;

  1. Б.қ. ойыншықты алға созып ұстау;

1-2 оңға, солға бұрылу, б.қ. келу;

  1. Б.қ. ойыншық кеуде алдында;

1-2 алға енкейіп ,ойыншықты еденге қою;

3-4 б.қ. келу;

  1. Б.қ.-т.с.

1-2 ойыншықпен отыру;

3-4 б.қ. келу; (4рет)

  1. Ойыншықпен оңға ,солға айналу;

«Кішкентай торғайлар»

  1. Б.қ. тік тұру, аяқ алшақ;

1-4 қолды екі жанға созу, жоғары төмен сермеу;

5-6 б.қ. келу;

  1. Б.қ. –т.с.

1-2 басты оңға ,солға бұру;

3-4 б.қ. келу;

  1. Б.қ.- т.с.

1-4 отырып саусақпен тізе үстінен тықылдату;

5-6 б.қ. келу;

  1. Б.қ. –т.с.

1-4 қолды артқа созып енкею;

5-6 б.қ.

  1. Б.қ. ішпен жату;

1-4 бір қырынмен жату, арқаға , ішке;

  1. Шашырап жүгіру;



«Жапырақтар түседі»

  1. Б.қ. аяқ алшақ, жапырақ төменде;

1-3 қолды алға, жоғары, екі жаққа көтере түсіру;

4- б.қ.;( жапыраққа қараймыз)

  1. Б.қ. қолды алға созу;

1-2 оңға ,солға бұрылу;

3-4 б.қ. келу; (аяқты орнынан қозғамау)

  1. Б.қ. 1-4 алға енкейіп, қол төменде;

5-6 б.қ. (тізені бүкпеу)

  1. Б.қ.

1-2 отыру, жапырақты еденге қою;

3-4 тік тұру, қолды белге қою;

5-6 отырып, жапырақты алу; б.қ.

  1. Б.қ.

1-4 қолды жоғары көтеріп, оңға, солға енкею;(ағаштар тенселеді)

5-6 б.қ. келу;

«Көңілді петрушкалар»

  1. Б.қ. 1- қолды алға созу; 2- артқа жасыру;

«Алақанды көрсетіп жасырамыз»

  1. Б.қ. –арқамен жатып, қол дене бойымен;

1-2 аяқ, қолды бірге түйістіре көтеру;

3-4 б.қ. келу;

  1. Б.қ. қолды артқа тіреп отыру;

  1. Тізені бүгіп қолымен құшақтау;

  2. Б.қ. келу;

  1. Б.қ. 1- қолды екі жанынан жоғары көтеріп шапалақ ұру;

2-б.қ. келу; (4 рет)

  1. Еркін орнында секіру- «Петрушкалар қуанады»

«Петрушкалар орамалмен»

  1. Б.қ. – отырып аяқты алшақ ұстау;

Орамалды екі қолымен шетінен ұстау;

  1. Орамалды жоғары серпу;

  2. Б.қ. келу;

  1. Б.қ. тік тұру, орамал төменде;

  1. Отырып, орамалды алға көтеру;

  2. Б.қ. келу;

  1. Б.қ. ішпен жатып, қолды алға созып, орамалды бір қолға ұстау;

  1. Орамалды жоғары сермеу;

  2. Екінші қолмен тағы солай;

  3. Б.қ. келу;

«Орындықта доппен жаттығу»

  1. Б.қ. орындықта отырып, допты тізе үстіне қою;

1-2 допты жоғары көтеру, иілу;

3-4 б.қ. келу;

  1. Б.қ. қолды созып , допты алға ұстау;

1-2 оңға, солға бұрылу;

3-4 б.қ.

  1. Б.қ. 1-2 алға енкейіп ,допты еденге тигізу;

3-4 б.қ.

  1. Б.қ. доп тізе үстінде;

1-4 аяқты көтеріп , допты тізе үстімен домалату;

5-6 б.қ.

  1. Доппен секіру.

«Тышқандар»

  1. Б.қ. ішпен жатып, қолды алға тіреу;

1-4 қолды бүгіп жазу, басты оңға, солға бұру;

5-6 б.қ. келу;

  1. Б.қ. 1-3- арқаға аунау;

  1. Б.қ. келу;

  1. Б.қ. арқамен жату;

1-4 қол ,аяқты бірге қимылдату;

5-6 б.қ. келу;

  1. Б.қ. отырып, қолды бүгіп кеуде алдында ұстау;

1-2- оңға бұрылып, қолды артқа тіреу;

3-4-б.қ.

5-6 –солға бұрылу; б.қ. келу;

  1. Аяқтын ұшымен шашырап жүгіру;

«Жануарлар қимылына еліктеу»

  1. «Қоян»- екі аяқпен орнында оңға, солға бұрыла секіру;

  2. «Қасқыр» - шеңбер бойымен топтасып жүгіру;

  3. «Аю»- аяқ сыртымен жүру;

  4. «Түлкі»- баяу , тоқтап басын оңға, солға бұрып жүгіру;

Екінші кіші топтарға арналған таңғы жаттығулар.

«Сылдырмақпен»

  1. Б.қ. –тік тұру, аяқ алшақ, сылдырмақ төменде;

1-2- сылдырмақты жоғары көтеріп, сылдырлату;

3-4- б.қ. (3рет)

  1. Б.қ. –т.с.

1-2- сылдырмақты алға созу;

3-4- артқа тығу; (5рет)

  1. Б.қ. –т.с.

1-4- отырып, сылдырмақты еденге ұру;

5-6- б.қ.

  1. Сылдырмақпен жеңіл жүгіру;

«Шалқанды тартамыз» ойын түрінде.

Атай шалқан егіпті.

Шалқан үлкен болып өсіпті.

  1. Б.қ.- аяқ сәл алшақ;

1-2- отыру; 3-4- б.қ.

Шалқанды әрі тартып, бері тартып

Жұла алмадық.

  1. Б.қ. – т.с.1-2-қолды екі жаққа созу;

3-4- б.қ. келу;

Әжеймен немересін көмекке шақырдық.

Әрі тартып, бері тартып

Шалқанды жұла алмады.

  1. Б.қ. – т.с.1-2- алға енкею; 3-4 б.қ. келу;

  2. Б.қ. –қол белде, шалқанды айналып, екі аяқпен секіру;

«Көлікті жөндейміз»

  1. «Әйнекті сүртеміз»

Б.қ. – аяқ алшақ;

1-2-3 - қол жоғарыда, солға, оңға теңселу;

4-б.қ. келу;

  1. «Жел береміз»

Б.қ. – қол төменде, саусақты жұдырыққа жинау;

1- алға енкейіп, қолды төмен түсіру;

2-б.қ.

  1. «Болттарын бұраймыз»

Б.қ. – тізерлеп тұру;

1-4- оңға бұрылып, қолдын басын айналдыру;

5-6- б.қ. келесі жаққа бұрылу;

  1. «Моторды қосамыз»

Б.қ. – арқамен жатып, қолды екі жаққа созу;

1-4- қолды кеуде алдына ұстап айналдыру;

  1. «Басқышты басамыз»

Б.қ.- 1-4- аяқтың басын кезекпен бүгіп, жазу;

6. «Көлікті тексереміз»

Б.қ. – оңға, солға бұрылып, көлік жүрісін имитациялау;

«Көңілді маймылдар»

  1. Тік тұрып, аяқ алшақ, доп төменде;

1-2- допты жоғары ұстап, аяқ ұшына көтерілу;

3-4-б.қ. (4рет)

  1. Б.қ. – т.с. допты алға созып ұстау;

1-2- оңға бұрылу; 3-4- б.қ. келу;

5-6- солға бұрылу; 7-8- б.қ.

  1. Б.қ. – доп жоғарыда;

  1. Алға енкейіп, допты еденге жеткізу;

  2. Б.қ. келу;

  1. Б.қ.- аяқ арасы сәл алшақ, доп кеудеде;

1-3- отырып , допты қолдан қолға домалату;

4-б.қ.

  1. Допты алға ұстап, оңға, солға қарай айналу;

«Тышқандар ойнайды»

  1. Б.қ. – ішпен жатып, қолымен тірелу;

1-4- қолды жазып ұстап, басты оңға, солға бұру;

5-6- б.қ.

  1. Басты оңға, солға бұрып еңбектеп жүру;

  2. Б.қ. – арқамен жатып; 1-4-аяқ, қолды бірге қимылдату;

  3. Б.қ.- ішпен жатып; 1-3- арқаға аунау, ішке аунау;

  4. Б.қ.- отырып, қолды шынтаққа бүгіп, кеуде алдында ұстау;

1-2- оңға бұрылу, оң қолды артқа тіреу;

3-4- б.қ. келу; 5-6- келесі жаққа;7-8- б.қ.

«Қар атысып ойнаймыз»

  1. Б.қ.- тұрып, аяқ алшақ, доп төменде;

1-2- доп жоғарыда; 3-4- б.қ.

  1. Б.қ. –т.с. допты алға созып ұстау;

1-2- 3-4- оңға, солға бұрылу; 7-8- б.қ.

  1. Б.қ. –т.с. 1-3- допты қолдан қолға домалату;

  1. Б.қ.

  1. Б.қ. арқамен жатып, доп жоғарыда;

1-2- доп алда, аяқ ұшын допқа тигізу;

3-4- б.қ.

  1. Оңға , солға допты жоғары ұстап айналу;

«Қайықта» гим. таяқшамен.

«Желкенді тартамыз»

  1. Б.қ. н.т. таяқша төменде;

1-2- таяқшаны жоғары көтеру;

3-4- төмен түсіру;

«Ескекпен есеміз»

  1. Б.қ. –отырып , таяқшаны тізе үстіне қою;

  1. Алға енкейіп, таяқшаны алға созу;

  2. Б.қ.

«Қайықтан суды төгеміз»

  1. Б.қ. н.т. 1-2- алға енкейіп, таяқшаны еденге жеткізу;

3-4- б.қ.

«Жел қайықты козғайды»

  1. Таяқшаны тігінен ұстап, айнала жүру;

«Орман алаңқайында»

«Күн шығады»

  1. Б.қ. тік тұру, аяқ алшақ;

1-3- қолды алға, жоғары көтеру;

  1. Б.қ.

«Күнге жылынамыз»

  1. Б.қ. қолды артқа ұстау;

1-2- қолды алға созып, алақанды ашып, саусақты қозғалту, иілу;

3-4- б.қ.

«Ағаштар қозғалады»

  1. Б.қ. қол төменде;

  1. Қол жоғарыда; 2- оңға, солға иілу;

3-4-б.қ.

  1. «Шөп шабамыз»

Б.қ.- қолды алға созып ұстау;

1- оңға бұрылу; 2- солға бұрылу;

3-б.қ.

  1. «Суға шомыламыз»

Б.қ. – 1-4- алға енкейіп, жүзуді имитациялау;

5-6- б.қ.

  1. «Сүнгиміз»

Орнында секіру.

«Үйшік»

  1. «Биік те, аласа да емес»

Б.қ. н.т.1-3- қолды жоғары көтереміз;

  1. Б.қ.

  1. «Үйшікте кім тұрады?»

Б.қ. тік тұру, қол белде, аяқ алшақ;

1-2- оңға бұрылу; 3-4- б.қ.

5-6- солға бұрылу; 7-8- б.қ.

  1. «Аласа үйшікте кім тұрады?»

Б.қ. т.с. 1-2- отырып, қолды еденге қою;

3-4- б.қ.

  1. «Үйшікте аңдар тұрады»

Б.қ. аяқ сәл алшақ, қол белде, орнында аңдар қимылын имитациялау;

5. «Жеңіл жүру»











Ортаңғы топтарға арналған жалпы дамыту жаттығулары.

«Күзгі жапырақтар»

  • Қызыл , сары жапырақ

  • Желмен бірге ұшады

  • Аспанда қалықтап,

  • Жерге келіп қонады.

  1. Б.қ. аяқ алшақ, жапырақ төменде;

1-3-қолды алға, жоғары,екі жанынан қалықтата көтеріп түсіру;

4-б.қ.

  1. Б.қ. қолды алға созу;

1-2- оңға бұрылу; 3-4- солға бұрылу; б.қ.

  1. Б.қ.т.с. 1-4-алға енкейіп, қол төменде, жапырақтарды қимылдату;

5-6- б.қ.

  1. «Жапырақтар жерге түседі»

Б.қ. аяқ алшақ;1-2- отырып, жапырақтарды жерге қою;

3-4- тұру; 5-6- жапырақтарды алу;

7-8- б.қ.

  1. «Жел ағаштарды қозғайды»

Б.қ. т.с.1-4- қолды жоғары көтеріп, оңға, солға иілу;

5-6-б.қ.

  1. «Орнында оңға, солға айналу»

Жапырақтар ұшады,

Шеңберге айнала,

Күзгі жел гуілдеп,

Оларға ән салады.

«Ұсақ ойыншықтармен»

  1. Б.қ. аяқ алшақ, ойыншық төменде;

1-2- ойыншықты жоғары ұстап, аяқ ұшына көтерілу;

3-4- б.қ.

  1. Б.қ.т.с. ойыншықты алға созып ұстау;

1-2- оңға бұрылу; 3-4- б.қ.; 5-6- солға бұрылу;

  1. Б.қ. негізгі тұрыс; ойыншықты алдына отырғызып;

1-2- саусақпен көрсету; 3-4-б.қ.

  1. Б.қ. ойыншықты кеуде алдына ұстау, қол шынтаққа бүгулі;

1-4-алға енкею- «ойыншықтар билейді»

5-6-б.қ.

  1. Б.қ. отырып, аяқты алшақ ұстау, ойыншық алда;

1-4-ойыншықты арттан оң қолдан сол қолға беру;

  1. Ойыншықпен оң ,сол жаққа айналу;

«Қуыршақтар»

  1. Б.қ. н.т. қол белде;

1-басты сол иыққа жеткізу;

  1. Б.қ.; 3- оң иыққа жеткізу;4-б.қ.

  1. Б.қ.н.т. қол артта;

  1. Оң аяқты созып аяқ ұшына қою;

  2. Б.қ.

  3. Сол аяқты созып аяқ ұшына қою;

  4. Б.қ.

  1. Б.қ. отырып, аяқ алшақ, қолды басқа қою;

1-4- алға енкейіп, қолды алға созу;

5-8-б.қ. келу;

  1. Б.қ. н.т. қол белде;

1-серіппе;

2-б.қ.

3-тізені сәл бүге, қолды алға созу;

4-б.қ.

  1. Еркін би қимылдары, секіру.

«Өрт сөндірушілер» гантелмен.

  1. Б.қ. тік тұру, аяқ алшақ; гантелді екі жаққа созып ұстау;

  1. Қолды иыққа қою; 2- б.қ.

  1. Б.қ. аяқ алшақ;

1-2- жүрелеп отыру, қолды алға созу;

3-4- б.қ.

  1. Б.қ. тік тұру, аяқ алшақ, қол алда;

1-2- оңға бұрылу;

3-4- б.қ.

5-6- солға бұрылу;

7-8- б.қ.

  1. Б.қ. т.с. 1-2-алға енкейіп, гантелді еденге қою;

3-4- тік тұру, қол белде;

5-6-алға енкейіп, гантелді алу;

7-8-б.қ.

  1. Орнында аяқты қосып жазып секіру. (20сек)



«Хайуанаттар бағының көңілді жануарлары»

Ритмикалық жаттығу.

«Мысық» жуынады.

Терезеге шығып ап,

Жуды мысық құлағын.

1,2,3- кәне қайтала.

«Жылан» қолды кеуде алдында толқыту.

Жер бауырлап асықпай,

Жылан жылжып келеді,

1,2,3- кәне қайтала.

«Тырна» бір қолды жоғары көтеріп, екіншісін белге қойып, бір аяқпен тұру.

Күні бойы шалшықтан,

Тырна бақа аулайды,

1,2,3- тырнаның қимылын

Кәне қайтала.

«Маймылдар» қолды шынтаққа бүгіп, аяқтарын кезекпен тізеге бүге көтеру.

Ағаштан ағашқа

Маймылдар секірді,

1,2,3- кәне қайтала,

3,4,5- тағы қайтала.

Жер бетінде әр түрлі

Аңдар өмір сүреді,

Табиғатпен үндесіп

Дос болайық аңдармен.

«Ұшақтар»

  1. Б.қ. тік тұру, аяқ алшақ, қолды екі жанға созып ұстау;

«Моторды қосамыз»

  1. Қолды шынтаққа бүгіп, айналдыру;

  2. Б.қ.

  1. Б.қ. қолды желкеге қою;

«Ұшаққа жанармай құямыз»

1-2- алға енкею; 3-4- б.қ.

  1. Б.қ. ішпен жатып, қолды иек астына тіреу;

«Ұшақ ұшады»

1-2- қолды , аяқты созып, еденнен көтеру, тенселу; 3-4- б.қ.

  1. Б.қ. тізерлеп тұрып, қолды екі жаққа созу;

«Ұшақты бұрамыз»

1-2- оңға бұрылу; 3-4- б.қ.

5-6- солға бұрылу; 7-8- б.қ.

  1. Орнында оңға, солға айналу; (2реттен)

«Әжемізге гүл сыйлаймыз»

  1. Б.қ. тік тұрып, гүлді артта ұстау;

1-2- гүлді жанынан жоғары көтеру;

3-4- б.қ.(4рет)

  1. Б.қ. отырып, аяқты бірге ұстап қолды екі жаққа созу;

1-2- тізені бүгіп, гүлді тізе үстіне қою;

3-4- б.қ.

  1. Б.қ. отырып, аяқ алшақ, қол екі жақта;

1-оңға бұрылу; 2- б.қ.;

3-солға бұрылу; 4- б.қ.

  1. Б.қ. отырып, аяқты айқастыру, қолдағы гүл жоғарыда;

1-4- оңға,солға иілу;

5-6- б.қ.

  1. Гүлді кеудеге ұстап, аяқты жазып ,қосып секіру;

«Орташа доптармен»

  1. «Допты желкеге қоямыз»

Б.қ. тік тұрып, аяқ алшақ, доп төменде;

1-2- допты жоғары көтеру;

3-4- желкеге қою;

5-6- жоғары көтеру;

7-8- б.қ.

  1. «Сыйпаймыз»

Б.қ. т.с. доп аяқ алдында ,еденде;

1-2- отырып, допты сыйпау: «Жұмсақ»

3-4- б.қ.

  1. «Өзінді айналдыр»

Б.қ. аяқты айқастыра отыру, доп алда, еденде;

1-4- оңға бұрыла допты айналдыру;

5-8- солға айналдыру;

  1. «Жіберіп алма»

Б.қ. қолды еденге тіреп отыру, допты өкшемен қысып ұстау;

1-2- аяқты кеудеге тарту;

3-4- б.қ.

  1. «Орнында айнала секір»

1-8- екі аяқпен орнында секіру;

9-16- допты айнала жүру; (2рет)

«Орташа шеңбермен»

  1. «Рул»

Б.қ. тік тұру, аяқ алшақ, шеңбер кеуде алдында;

1-2- шеңбердң оңға, солға бұру; 3-4- б.қ.

  1. «Алға қара»

Б.қ.т.с. 1-2- шеңбермен алға енкею;

3-4- б.қ.

  1. «Қағып кетпе»

Б.қ. –аяқты айқастыра шеңбер ішінде отыру, қол басында;

1-2- оңға иілу, оң қолды шеңберге тигізу;

3-4- б.қ.; 5-6- келесі жаққа;

7-8- б.қ.

  1. «Шеңбер алда»

Б.қ. н.т. шеңбер кеуде алдында;

1-2- отырып, шеңберді алға созу;

3-4- б.қ.

  1. «Секіру»

1-8- шеңберді айнала секіру;

9-16- орнында жай жүру;

«Бауырсақ»

Мен бауырсақ, бауырсақ

Балалар басын оңға,солға иеді;

Мен сары бауырсақ,

Қаймақ қосып иленген,

Саусақтарды ашып жабу,

Қолды жоғары- төмен түсіру.

Пеште пісіріп, терезеде суытқан.

Отырып аяқ ұшына көтеріле қолды жоғары көтеру.

Атамнан да мен қаштым,

Әжемнен де мен қаштым,

Орнында жүру.

Қояннан да құтылдым,

Қасқырдан да құтылдым.

Екі аяқпен орнында секіру.

Аюдан да мен қаштым,

Аяқты алшақ қойып, қолды екі жаққа қою.

Оңға, солға тенселу.

Қу түлкі алдап, мені жеп қойды.

Терең тыныс алу, тез дем шығару.













































Ересек топтарға арналған жалпы дамыту жаттығулары.

1.Б.қ.: аяқ алшақ, қол белде;

1-қолды екі жаққа созу; 2- жоғары көтеріп, аяқ ұшына көтерілу;

3-қолды екі жаққа созу; 4-б.қ.(7-8 рет)

2.Б.қ. аяқ алшақ, қол желкеде;

1-денені оңға бұру, қолды екі жаққа созу, б.қ. келу; сол жақпен қайталау.(8рет)

3.Б.қ. аяқ иық бойымен, қол төменде;

1-қолды екі жаққа созу; 2- оң, сол аяққа енкейіп, саусақты аяқ ұшына жеткізу; 3- тік тұру, қолды екі жаққа созу;4- б.қ. келу.(6-8рет)

4.Б.қ. н.т. қол белде; 1-2- отыру, қолды алға созу; 3-4- б.қ. келу;(6рет)

5.Б.қ. н.т. қол төменде; 1- оң аяқты жанына созу, қолды жан- жаққа созу;2- оң қолды төмен түсіру, сол қолды жоғары көтеру; 3- қолды жан- жаққа созу; 4- оң аяқты окшеге қою, б.қ. келу.Сол аяқпен.(8рет)

6.Б.қ.н.т. қол белде; 1- оң аяқты алға созып, аяқ ұшына қою; 2- жанына созу; 3- артқа; 4- б.қ. келу. Осылай сол аяқпен. (6-8рет)

7.Б.қ.н.т. қол белде; 1- секіріп ,аяқты алшақ қою, қолды екі жаққа созу; 2- б.қ. келу; 1-8- дейін санап 3-4 қайталау.

Доппен.

1.Б.қ.н.т. доп оң қолда; 1- қолды екі жаққа созу; 2- жоғары көтеру, допты сол қолға ауыстыру; 3- қолды екі жаққа созу; 4- б.қ. келу;

2.Б.қ. аяқ иық бойымен, доп оң қолда; 1-2- оңға бұрылу, допты еденге ұрып, қағып алу; 3-4- б.қ. келу; сол қолмен қайталау.

3.Б.қ. аяқ алшақ, доп оң қолда; 1-2- алға, төмен енкею, допты сол қолға сол аяқ арасынан салу; 3-4- тік тұру, сол жақтан оң қолға салу. (6-8рет)

4.Б.қ. аяқ ашақ, доп оң қолда; 1-2-отырып , допты еденге ұрып, қағып алу; 3-4- б.қ. келу.

5.Б.қ. тізерлеп тұру, окшеге отыру, доп оң қолда; 1-4- оңға иіліп, допты өзіңнен тура домалату ; 5-8- б.қ. келу. Сол жақпен қайталау. (6-8рет)

6.Б.қ. н.т. қол белде, доп еденде.Екі аяқпен допты айнала, оңға, солға секіру, жүрумен алмастыру.(3-4 рет)

Гим. таяқшамен.

1.Б.қ. н.т. таяқша төменде; 1- таяқшаны алға созып, оң аяқты артқа созу; 2- б.қ. келу; осылай сол аяқпен;(6рет)

2.Бқ.н.т. қолды тік ұстап, таяқшаны жоғары көтеру; 1-отырып, таяқшаны алға созу; 2- б.қ. келу; (6-7рет)

3.Б.қ. аяқ алшақ, таяқша төменде; 1-2- оңға бұрылу, қолды тік ұстау, тізені бүкпеу; 3-4- б.қ. келу; сол жақпен қайталау. (5-6рет)

4.Б.қ. отырып, аяқты алшақ ұстау, таяқша тізе үстінде; 1- таяқшажоғарыда; 2-оң аяққа енкею, таяқшаны жеткізу; 3- тік тұру, таяқшаны жоғары көтеру; 4- б.қ. келу. Сол аяқпен қайталау. (5-6 рет)

5. Б.қ. арқамен жату, таяқша бас жақта; 1- оң аяқты тура көтеріп, таяқшаны аяққа тигізу; 2- б.қ. келу. Сол аяқпен қайталау.(5-6 рет)

6. Ішпен жату, қолды бүгіп, таяқшаны алға ұстау; 1-2- иіліп, таяқшаны алға созу; 3-4 б.қ. келу. (5-6 рет)

7. Б.қ. н.т. таяқша төменде; 1- секіріп , аяқты алшақ ұстау, таяқшаны жоғары көтеру; 2- б.қ. келу. (8-рет)

Жалаумен.

1.Б.қ. н.т. жалау төменде, 1- жалау алда ; 2- жалау жоғарыда; 3- жалау жан –жақта; 4- б.қ. келу. (6рет)

2.Б.қ.н.т. жалау төменде; 1- оң аяқпен алға бір қадам жасау, жалау жан –жақта; 2- б.қ. келу.Сол аяқпен қайталау.(6-7 рет)

3. Б.қ. еденде отыру, жалау кеуде алдында; 1- алға енкейіп ,жалауды оң, сол аяққа жеткізу; 2- б.қ. келу. (6-8 рет)

4. Б.қ. тізерлеп тұру, жалау кеуде алдында, оңға, солға бұрылу, жалауды жан –жаққа созу; 2- б.қ. келу. (8рет)

5. Б.қ. н.т. жалау төменде; 1-2- отырып, жалауды алға созу; 3-4- б.қ. келу. (6-7рет)

6. Б.қ.н.т. жалау төменде; 1- секіріп , аяқты алшақ ұстау, жалауды жан –жаққа созу; 2- б.қ. келу.(1-8 реттен 3рет қайталау)

Кубикпен.

1.Б.қ.н.т. кубик оң қолда; 1- қолды екі жаққа созу; 2- жоғары көтеру, кубикті келесі қолға ауыстыру; 3- жан –жаққа созу; 4- б.қ. келу. (6-7 рет)

2. Б.қ. аяқ алшақ, кубик оң қолда; 1- қолды жан –жаққа созу; 2- алға енкейіп, кубикты оң , сол аяқ ұшына жеткізу; 3- б.қ. келу. (6-рет)

3. Б.қ. тізерлеп тұру, кубик оң қолда; 1- оңға бұрылып, кубикты өкшеге тигізу; 2- б.қ. келу; кубикты сол қолға ауыстыру.(6-8рет)

4. Б.қ. н.т. кубик оң қолда; 1-2- отырып, кубикты алға созып ұстау; 3-4- тік тұру. (6-7 рет)

5. Б.қ. арқамен жатып, кубикты бастан асыра ұстау; 1-2- аяқты тура көтеріп, кубикты аяқ ұшына жеткізу; 3-4 б.қ. келу. (6-8 ерт)

6. Б.қ. қолды еркін ұстау, кубик еденде; екі аяқпен кубикты айнала секіру, жай жүрумен аумастыру.

Гим. орындықта.

1.Б.қ. орындық үстінде тізені бүгіп отыру, қол белде; 1- қолды жан – жаққа созу; 2- жоғары көтеру; 3- жан – жаққа созу; 4- б.қ. келу. (6рет)

2. орындықта отырып, қол белде; 1- қолды жан – жаққа созып; 2- оңға, солға иілу, қол ұшын еденге тигізу; 3- тік тұру, қолды жан – жаққа созып ұстау; 4- б.қ. келу. (6рет)

3. Б.қ. орындық үстінде отырып, аяқты алға созып, қол желкеде; 1- қол жан – жақта; 2- оң, сол аяққа иіліп, қолды аяқ ұшына жеткізу; 4- б.қ.(5-6рет)

4. Б.қ. орындық алдына тұру, қол дене бойымен; 1- бір қадам оң аяқпен, бір қадам сол аяқпен орындық үстіне қою; 3- орындықтан аяқты жерге түсіру; бұрылып жаттығуды қайталау. (3-5 рет)

5. Б.қ. орындыққа арқамен бұрыла отырып, шетінен ұстап; 1-2- аяқты тура, жоғары , алға көтеру; 3-4 б.қ. келу. (5-6рет)

6. Б.қ.орындық жанында тұрып, қырындап секіру; 1-8 санап орындықты айнала секіру, демалу, қайта секіру 2-3рет.







Ортанғы топтарға арналған қимылды ойындар.

«Құстар»

Балалар гим. қабырғаға мініп тұрады. «Құстар ұшты» деп белгі бергенде, залды айнала ұшады. «Дауыл соқты» дегенде, баспалдаққа өрмелеп шығады. «Дауыл басылды, күн шықты» дегенде, баспалдақтан түсіп, залды айналып ұшады.

«Түлкі мен құстар»

Балалар –құстар биікке шығып отырады. Бұл құстардың ұясы. Залдын бір шетінде түлкінің іні. Құстар биіктен жерге келіп қонады, қанаттарын қағып бір жерден екінші жерге секіріп ұшып тамақ іздейді. Нұсқаушы «түлкі» деп дабыл соққанда, құстар өз ұяларына қайта ұшады. Түлкі інінен шығып құстарды ұстауға тырысады. Балалар шапшаң ұшып биікке көтерілуі тиіс.

«Сыйлық»

Балалар қол ұстасып үлкен шеңбер құрады, бір бала ортада тұрады. Шеңбердегі балалар мына сөздерді қайталайды:

«Бәріне біз сыйлық алдық,

Кім қаласа, сол алады

Әдемі қуыршақ, сүйкімді құлыншақ

Зырылдауық және ұшақ»

Ортадағы бала аталған ойыншықтардың біреуін атап алғысы келеді, егер ол құлыншақты атаса, балалар шеңбер бойымен атша шауып жүреді, қуыршақты атаса- билейді, зырылдауықты атаса- шыр айналады.

Балалар мына сөздермен қимыл жасайды:

«Құлыншақ шауып келеді,

Тұяқтары тарсылдап

Чок, чок, чок.

Биле, биле қуыршақ

Шолпыларын сылдырап.

Зыр зыр етіп зырылдақ,

Айналады, айналады

Ызылдап тоқтайды.

Аспанда ұшақ ұшады,

Батыл ұшқыш басқарады»

Ортадағы бала жаңа ойыншыны сайлайды, ойын қайталанады.

«Қияр, қияр»

Ойын басқарушы бала залдың шетінде тұрады. Ойыншылар жерге жеңіл отырып ,мына сөздерді айтады:

«Қияр, қияр анау жаққа барма

Ол жақта тышқан бар,

Көріп қойса, жеп қояр», сөз аяқталғанда, балалар залды айнала жүгіріп қашады, ойын бастаушы оларды қуалайды белгіленген жерге дейін.

«Көбелекті ұста»

Таяқшаның шетіне көбелек, немесе басқа зат байланады. Балалар шеңбер құрып тұрады, нұсқаушы таяқшаны көтеріп шеңбер ортасында тұрады, таяқшаны көтеріп ,түсіріп шеңбер бойымен айналдырады. Балалар биікке секіріп, көбелекке қолын жеткізе ұстауға әрекеттенеді. Бала басын артқа тастамау үшін, көбелекті балалардың алдына қарай көтере айналдыру керек.

«Қояндар»

Қоян – балалар үш төрттен шеңбер ішінде тұрады – бұл тор. Тор жерден орындық үстіне көтеріліп қойылады. Нұсқаушы тордың жанына келіп қояндарды шығарады. Тордан шыққан қояндар жүгіріп, секіріп ойнайды. «Торға кіріндер» деп дабыл соғылғанда, шеңбер астынан торға кіреді.

«Ормандағы аю»

Залдың бір шетінде аюдың үйі орналасады. Екінші шетінде балалардың үйі орналасқан. Нұсқаушы : «Балалар, келіндер, орманға барайық, жеміс,жидек жинайық.» Балалар шашырап , көбелек қуып, жидек тереді де, мына өлең шумағын айтады:

«Ормандағы аюдың, құлпынайы көп екен

Теріп алып бір бірден, себетке біз салайық.

Аю ұйықтап жатқан жоқ

Сақ болындар, аю тұрды қашындар»

Аю балаларды қуып ,ұстайды. Қолы тиген баланы өзімен алып кетеді.

«Түрлі түсті көліктер»

Залдың көлденең бойымен қолдарына түрлі түсті шеңбер ұстап тұрады – бұл руль. Нұсқаушы қолына екі түсті жалаушаны ұстап тұрады. Бір түсті жалаушаны көтергенде, сол түске сәйкес көліктер әр бағытта жүреді, бұрылады, гуілдейді. Жалауша түскенде, барлығы өз орындарына қайтады. Нұсқаушы басқа түсті көтергенде, сол түске сәйкес көліктер шығады. Екі түсті жалаушаны көтеруге болады, ол кезде барлық көліктер шығады. Көліктер бір бірімен соқтығысып қалмауы керек.

«Ұшқыштар»

Балалар үш, төрт топқа бөлінеді. Олар бір колоннамен , топ басшысының артында тұрады. Колонна залдын әр бұрышында орналасқан және түрлі түсті жалаулармен белгіленген. Бұл – аэродром. Нұсқаушының «Ұшақты дайындаңдар!» деген дабылына балалар әр бағытқа жүгіріп, өз ұшақтарының жанына келіп жанармай құйып, қолдарын айналдыра моторды қосады, қолды екі жаққа созып ұшады. «Қоныңдар» деп дабыл соғылғанда, өз тобын жинап, бір қатарға келіп аэродромға қонады. Бірінші қонған топ жеңімпаз атанады.

«Шеңберде қалып қойма»

Еденде үлкен шеңбер сызылады. Балалар шеңбердің бір жақ сыртында тұрады. Нұсқаушы шеңбердің ортасында орналасады. Балалар шеңберге кіріп, келесі жаққа тез өтуге тырысады, нұсқаушы оларды ұстап алуға тырысады. Шеңберге кіруге қорыққан балалардың жағына қарамай көрмеген сияқты болады, олар шеңберге батыл кіріп шығуы үшін.

«Допты тордан лақтыр»

Тордың екі жағында топтасып балалар тұрады. Тор балалардың көтерген қолдарының бойымен тартылады, 1-1.5 метрдан.Балалар допты бір біріне лақтыра бастайды. Немесе ойыншы төртеу болса, бір бала допты тордан асыра келесі жаққа лақтырады, қағып алған бала допты көршісіне лақтырады, ол допты тордан келесі бетке лақтырады. Нұсқаушы қай жаққа доп жерге көп түскенін санайды.

«Такси»

Екі бала шеңбер ішіне тұрады: біреуі шеңбер алдында, екіншісі – артында. Бірінші бала жүргізуші, екінші –жүргінші. Залды айнала жүреді, біраз уақыттан кейін орнымен ауысады.

«Қоймадағы тышқандар»

Бала –тышқандар залдын бір шетіне жиналады, бұл олардың үйі. Залдың ортасында бір неше доға қойылады, көлденең қойылған баспалдақтан жіп тартылады – ол қойма. Оның сыртында мысық жатады. «Мысық ұйқыда» деп дабыл соғылғанда, тышқандар доғадан, жіп астынан өтіп қоймаға жүгіреді, өздеріне тамақ іздейді, жүгіреді, шоқайып отырады. «Мысық оянды» деп дабыл соғылғанда, қоймадан қашып шығады. Мысық тышқандарды ұстауға әрекеттенеді.

«Құстар мен мысық»

Үш, төрт бала құстар, қалғандары балапандары. Бір бала - мысық. Ойын алдында құстармен балапандары биік орындықта отырады. Мысық 20-30қадамдай жерде шеңбер ішінде отырады. Құстар ағаштан ұшып ,жерге қонады, жем іздейді, ұшады. «Мысық» деп дабыл соғылғанда, құстар биікке секіріп қонады. Мысық құстарды ұстап алуға әрекеттенеді.

«Ұлпа қарлар»

Ойынға қатысушылар шашырап тұрады. Ойыншылар өзін айнала немесе бір жерден бір жерге айнала ұшады. Біраз уақыттан кейін желдін бағыты өзгерді дегенде, балалар басқа жаққа айналып ұшады. Нұсқаушы:

«Ұлпа қарлар қалықтап ұшып шаршады, айнала ұшуды тоқтатты, жерге қонып демалды».

Ойыншылар тоқтап жерге отырады. (Отырғанда тепе- тендік сақтайды).

Ойынды әрі қарай жалғастырады.

«Ақ қоян жуынады»

Балалар қол ұстасып шеңбер құрып өлең создерін айтып айналады, ақ қоян ортада тұрып қимылмен көрсетеді.

«Ақ қоян қонаққа жиналды

Кел бірге жуынайық.

Беті қолды жуайық.

Өзі сондай тілалғыш.

Құлағын жуды, таранды

Орамалмен сүртінді.

Тез киініп, жиналды

Секіріп жетті қонаққа»

Қоян кімнің үйіне қонаққа барса, сол қоян болып ойынды жалғастырады.

«Біз көңілді балалар»

Балалар залдын бір шетінде , сызықтың арғы жағында тұрады. Залдан сәл алшақ қуғыншы орналасады. Ойыншылар мына сөзді айтады:

Біз көңілді балалар,

Жүгіргенді, секіргенді

Өте жақсы көреміз.

Ал кәнеки, ұстап көр

1,2,3- ұста!

Осы сөздерден кейін келесі бетке жүгіріп қашады, қуғыншының қолы тиген бала ойыннан шығады. Қуғыншы сызықтан асып кеткен баланы ұстамайды.Екі ,үш жүгіргеннен кейін балалар саналып ,жаңа қуғыншы сайланады.

«Аралар мен қарлығаш»

Ойыншы аралар ұшып өлең айтады: «Гүлдерге біз қонамыз, тәтті балды жинаймыз!» ыз, ыз, ыз!

Қарлығаш ұясында отырып тыңдайды да, айтады: «Қарлығаш ұшып шығады, араларды ұстайды».Ұсталған ара қарлығаш болады.







Екінші кіші топқа арналған қимылды ойындар.

«Аттар»

Балалар өз қалауы бойынша жұптасып тұрады. Біреуі- ат, екіншісі – атқосшы. Атқосшы атқа жүген салады. Залдың тура бағытына қарай жүреді. Артқа қарай залдын шетімен жүреді. Нұсқаушының бағытымен орындарын ауыстырады.

«Атқосшы»

Бес, алты бала залдын бір шетінде сызық бойымен тұрады. Тәрбиеші әр балаға таяқша таратады. Балалар таяқшаға мініп, залдын келесі бетіне атша шауып барады. Бір бірін қақпай , шапшаң жүгіру керек.

«Шеңберді қуып жет»

Балалар шеңберді домалатуды тез үйрену үшін, тәрбиеші шеңберді өзі домалатып бір балаға қуып жетуді ұсынады. Шапшаң жүгіріп, ептілігін көрсетіп домалаған шеңберді тез ұстап алуы керек.

«Өзеннен секір»

Алаңға екі сызық сызылады. Арақашықтығы 1,5-2 метр.Бұл өзен. Алты ,сегіз бала сызылған өзеннің бойында тұрады. Олар өзеннен өту үшін сызылған дөнгелек үстінен аттап өтуі керек. Дөнгелектердін арасы балалардың жеңіл секіруіне ыңғайлы орналастыру қажет, 25-30см. Бір уақытта дөнгелек үстінен бір неше бала өтуге болады. Дөнгелектен түсіп кеткен балалар, аяқтарын кептіруге отырады. Ойын қайта жалғасқанда, ойынға қайта қатысады.

«Бақшадаға тауықтар»

Бала тауықтар дөнбек үстінде отырады. Залдын келесі бетінде, баубақша орналасқан. Тәрбиеші күзетші баубақшаны аралап, орындыққа барып отырады. Бала тауықтар тез арада дөнбектен секіріп түсіп, баубақшаға қарай жүгіріп, көкөністерді шұқи бастайды. Күзетші байқап қалып , қолын шапалақтап, тауықтарды «кіш, кіш» деп қуа бастайды. Ойын бір неше рет қайталанған соң, күзетші болып бала сайланады.

«Кегли»

Ойынға кегли қолданылады. Олардын арасын 10-15см дей етіп орналастырады. Балалар 1-1,5 метрден шарды домалатып, кеглиді құлатуға тырысады.

«Допты домалат»

Балаларға түрлі түсті доптарды таратып, 1,5 -2 метр жердегі жалауға дейін допты домалатуды ұсынады. Тапсырманы жақсы орындаған баланы тәрбиеші атап өтеді. Допты екі, үш рет домалатып, себетке жинап салады.

«Шарды көршіне жеткіз»

Балалар шеңбер құрып орындықта немесе кілем үстінде отырады. Тәрбиеші жанында отыраған екі балаға шарды беріп біреуі оңға қарай, екіншісі – солға қарай, бір біріне беріп, кездесіп қалғанда «соғысып қалды» деп орындарынан тұрып «жүгірейік» деп жан –жаққа жүгіреді. Орнына оралған соң « кездестік» деп шарды тәрбиешіге береді. Шарды келесі ойыншыға береді, ойын қайталанады.

«Тауық пен балапандар»

Балалар – балапандар, тәрбиеші – тауық болады. Залдын бір шетінде,50 см биіктікте жіп тартылады, бұл балапандардын үйі. Үйден тауық шығып, балапандарына жем іздейді, «қыт-қыт-қыт» деп балапандарын шақырады. Балапандар жіптің астынан өтіп тауыққа келіп жем шоқып енесімен қыдырады. Тәрбиеші «қара құс» деп айтқанда, балапандар үйіне қарай жүгіреді. Ойын 3-4 рет қайталанады.

«Қоймадағы тышқанадар»

Бала тышқандар орындықта отырады. Қарсы бетте, 40-50см биіктікте жіп тартылады, бұл – қойма. Келесі бетте мысық – тәрбиеші отырады. Мысық ұйықтағанда, тышқандар қоймаға қарай жүгіреді, жіп астынан өтеді, кепкен нан, ірімшік жейді. Мысық оянып тышқандарды қуа бастайды. Тышқандар ініне қарай жүгіреді(мысық тышқандарды ұстамайды, ұстауға жай әрекет жасайды). 2-3 рет ойнағаннан кейін басқа мысық сайланады.









































Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 21.11.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров78
Номер материала ДБ-375365
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх