Инфоурок Информатика КонспектыТақырыбы: "Циклдік алгоритмдерді программалау"(8 сынып)

Тақырыбы: "Циклдік алгоритмдерді программалау"(8 сынып)

Скачать материал

Тақырып:  Циклдiк алгоритмдi программалау.

Мақсат: Оқушылардың Паскаль тіліндегі циклдік операторлар жайлы  білімдерін қалыптастыру. Циклдік программалар құрып  үйрету.

Міндеттер:    

Білімділік – Оқушыларды циклдік алгоритмдерді программалауды үйрету. 

Дамытушылық –Оқушылардың программалау  тәсілдері мен әдістерін қолдану қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік – Оқушылардың компьютерде дұрыс жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: лекция сабақ

Сабақ типі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап

Құрал-жабдықтар компьютер

Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Б.Бурибаев. Информатика және ЕТ негіздері, оқулық 9 сынып;

                                                        2) Основы информатики и ВТ, базовый курс 10-11 класс;

                                                  3) С.Т.Мухамеджанова, «Методика обучения информатике»

                                                  4)Динисламов, «Паскаль программалау негіздері»

 

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):

а) оқушылар тізімі;

            ә) кабинет жағдайы;

            б) сабақ барысымен таныстыру.

2)      Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)

1) Тармақталу алгоритмына программа құру үшін қандай операторлар қолданылады?

2 Шартты оператордың жазылу форматы?

3 Шарт ретінде не қолданылады?

3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)

4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)

Көп жағдайда аргументтерінің әр түрлі мәні бойынша алгоритмнің белгілі бір бөліктерін бірнеше рет қайталауға тура келеді. Осындай процесстерді ұйымдастыру үшін циклдік құрылымды алгоритмдер – қайталау операторлары қолданылады. Олар әр түрлі заңдылық негізіндегі ереже бойынша қолданылады.

Паскаль тілінде қайталау процессін жүзеге асыратын циклдік операторлардың 3 түрі бар: арифметикалық цикл  - FOR, шартын алдын ала тексеретін цикл – WHILE және шартты соңынан тексеретін цикл – REPEAT.

Егер шартын алдын ала тексеретін циклдегі операторды неше рет қайталау керек екендігі белгісіз болып, оның тек қайталану шарты берілсе, онда WHILE,  REPEAT операторлары пайдаланылады. Ал  FOR  операторы қайталану саны алдын ала белгілі болған кезде қолданылады.

FOR операторын параметрлі цикл операторы деп те аталады, өйткені, қайталау саны функция аргументі сияқты циклдің параметрі қызметін атқаратын басқару айнымалысы арқылы беріледі.

FOR операторының екі түрі бар:

FOR <айнымалы>:=<S1> to <S2> do <оператор>;

FOR <айнымалы>:=<S1> downto <S2> do <оператор>;

Мұндағы, S1 және  S2 – цикл параметрінің алғашқы және соңғы мәндерін анықтайтын өрнектер;  for…do – цикл тақырыбын анықтайтын түйінді сөздер; <оператор>  - цикл тұлғасы.

FOR – ҮШІН,  TO – ДЕЙІН, DO – ОРЫНДАУ деген мағынаны беретін түйінді сөздер.  Паскаль тілінде цикл параметрі міндетті түрде бүтін немесе реттелген типтегі айнымалы болуы қажет.  Параметрдің өзгеру қадамына байланысты операторда TO  немесе DOWNTO (DOWN – төмен, TO – дейін, DOWNTO  - кері қарай) түінді сөздері пайдаланылады. Егер қадам +1 ге тең болса, онда операторда TO, ал қадам -1 –ге тең болса, онда DOWNTO сөзі қолданылады.

Параметрдің бастапқы және соңғы мәндері бүтін сан түрінде немесе өсуі, кемуі бойынша реттелетін болуы тиіс, әйтпесе оларды бүтін мен беретін арифметикалық өрнек түрінде жазуға да болады.

 

 

 

 

 

 

FOR операторының блок-схемасы

 

Сергіту жаттығулары (2 мин)

 

5)  Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)

Тапсырмалар мен сұрақтар:

1 Циклдік алгоритм дегеніміз не?

2 Қандай циклдік операторлар бар?

3 FOR операторының жазылу форматы қандай?

Тапсырма №1.

А) Қадақпен берілген массаны (1-50 қадақ аралығын) кг-ға түрлендіретін программа құрыңдар. (1 қадақ =0,4кг).

Б)  Дюйммен берілген қашықтықты (1-20 дюйм аралығын) см-ге түрлендіретін (1 дюйм=2,54 см) программа құрыңдар. 

Компьютерде орындап, нәтижесін көрсет.

Тапсырма №2.

1-ден 100-ге дейінгі тақ сандардың және жұп сандардың қосындыларын табу алгоритмін және программасын құрыңдар.

Компьютерде орындап, нәтижесін көрсет.

Тапсырма №3.

 өрнегінің а=1,2,...,100 болғандағы мәндер кестесін жасайтын программа құрыңдар.

Компьютерде орындап, нәтижесін көрсет.

 

6)Сабақты қорытындылау

Оқушыларға циклдік операторлар туралы жалпы  мағлұмат беру.

 

7) Үйге тапсырма  

Циклдік алгоритмді программалау. FOR циклдік операторы.

 

 

 

 

 

 

Сынып ___     Күні   _._ .

Тақырып:  Циклдiк алгоритмдi программалау. Циклдiң түрлерi. Циклдi ұйымдастыру операторлары.

Мақсат: Оқушылардың Паскаль тіліндегі циклдік операторлар жайлы  білімдерін қалыптастыруды жалғастыру. Циклдік программалар құрып  үйрету.

Міндеттер:    

Білімділік – Оқушыларды циклдік алгоритмдерді программалауды үйрету. 

Дамытушылық –Оқушылардың программалау  тәсілдері мен әдістерін қолдану қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік – Оқушылардың компьютерде дұрыс жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: лекция сабақ

Сабақ типі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап

Құрал-жабдықтар компьютер

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Б.Бурибаев. Информатика және ЕТ негіздері, оқулық 9 сынып;

                                                        2) Основы информатики и ВТ, базовый курс 10-11 класс;

                                                  3) С.Т.Мухамеджанова, «Методика обучения информатике»

                                                  4)Динисламов, «Паскаль программалау негіздері»

 

Сабақ барысы

 

1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):

а) оқушылар тізімі;

            ә) кабинет жағдайы;

            б) сабақ барысымен таныстыру.

2) Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)

1 Циклдік алгоритм дегеніміз не?

2 Қандай циклдік операторлар бар?

 3 FOR операторының жазылу форматы қандай?.

3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)

4) Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)

REPEAT қайталау операторы  WHILE операторына ұқсас, айырмашылығы – қайталану шарты цикл соңында тексеріледі, сондықтан ол кем дегенде бір рет орындалатын болады. Екінші өзгешелігі – цикл тұлғасы шарт жалған болғанда қайталанып, ол ақиқат болған кезде циклді орындау доғарылады.

Бұл оператор REPEAT  және UNTIL түйінді сөздерін пайдаланып орындалады. Жазылу пішімі:

REPEAT

<оператор 1>;

<оператор 2>;

…………

<оператор n>;

UNTIL <шарт>;

Бұл жерде операторлар REPEAT  және UNTIL сөздерінің арасына орналасқандықтан, мұнда BEGIN және END сөздері жазылмайды.

REPEAT  операторының циклі ішінде оның орындалу шартына әсер ететін кем дегенде бір оператор болуы тиіс, әйтпесе, ол шексіз қайталана беруі мүмкін.

Алдын ала берілген шарт бойынша қайталауды жүзеге асыратын оператор WHILE және DO түйінді сөздері қолданылып орындалады. Жазылу пішімі:

WHILE <қайталану шарты> DO <цикл тұлғасы>;

Мұндағы қайталану шарты – логикалық өрнек, цикл тұлғасы – қайталанып орындалып отыратын қарапайым немесе құрама оператор. Цикл әрбір орындалар алдында қайталану шартының мәні есептеледі, егер ол ақиқат болса, цикл тұлғасы орындалады да, шарт қайта тексеріледі. Қайталану шарты жалған болса, циклдің орындау доғарылып, WHILE операторынан кейінгі жолдар атқарыла бастайды. Егер шарт бірінші тексерілгеннен–ақ жалған болса, онда цикл орындалмайды. Егер цикл тұлғасы қарапайым оператор емес, құрама оператор болса, онда оператордың жазылу пішімін келесідей жазуға болады:

WHILE <шарт> DO

BEGIN

         <1-оператор;>

         <2-опреатор;>

        …….

         <N-опреатор;>

END; 

 

Сергіту жаттығулары (2 мин)

 

5)  Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)

Тапсырмалар мен сұрақтар:

1 REPEAT қайталау операторның жазылу форматы?

2  WHILE операторының жазылу форматы?

3  Циклдік операторларын ұйымдастыру жолдары?

Тапсырма №1.

y=cos10+cos20+cos30+….+cos200 функциясын есептейтін программа құрыңдар. Компьютерде орындап, нәтижені көрсет.

Тапсырма №2.

А) 21 + 23 + 25 + .. .+ 215 суммасын есептейтін программа құрыңдар.

Б) 21 * 23 * 25 *...* 215 көбейтіндісін есептейтін программа құрыңдар.

Компьютерде орындап, нәтижені көрсет.

Тапсырма №3.

Күрделі циклдың құрылымын пайдаланып, 2-ден 9-ға дейінгі көбейту кестесін экранға шығаратын программа құрыңдар.

Компьютерде орындап, нәтижені көрсет.

 

6)Сабақты қорытындылау

Оқушыларға циклдік операторлары туралы жалпы  мағлұмат беру.

 

7) Үйге тапсырма  

REPEAT циклдік операторы.   WHILE циклдік операторы.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырыбы: "Циклдік алгоритмдерді программалау"(8 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Экономист по планированию

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 943 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.11.2016 4234
    • DOCX 46.5 кбайт
    • 35 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тулеуова Айжан Фазыловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тулеуова Айжан Фазыловна
    Тулеуова Айжан Фазыловна
    • На сайте: 7 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4301
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Компьютерная грамотность для пенсионеров

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 23 человека

Курс профессиональной переподготовки

Создание и обеспечение электронного архива с использованием информационно-коммуникационных технологий

Специалист по формированию электронного архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 36 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Мини-курс

Современное инвестирование: углубленное изучение инвестиций и финансовых рынков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 13 регионов

Мини-курс

Путь к осознанным решениям и здоровым отношениям

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 102 человека из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Современные технологии в образовании (робототехника)

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов