Инфоурок Другое Другие методич. материалыТақырыбы: "Көңілді тапқырлар" (7 сынып)

Тақырыбы: "Көңілді тапқырлар" (7 сынып)

Скачать материал

«Көңілді тапқырлар» сайыс сабағы.

 

Мақсаты:   1. Оқушы білімді, дарынды, алғыр, озық ойлы болу.

                    2. Оқушылардың ауызша, жазбаша есептеу қабілетін, пәнге деген 

                    қызығушылығын арттыру.

                   3. Ұқыптылыққа, алғырлыққа, байқампаздыққа, жылдамдыққа  

                    тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  слайд, сөзжұмбақ, таратпа материалдар

Түрі: сайыс сабақ

Өту барысы:  1. Ұйымдастыру

                   2. Топтарды таныстыру

                   3. Сайыс

                   4. Қорытынды.

Ұйымдастыру жұмысы жүргізіледі.

Жүргізуші:          «Асыл тастан, өнер жастан

                   Шығады деп дарынды

                   Халық айтса қалт айтпайды

                   Әрқашанда нанымды» деп Абай атамыз айтқандай өмірдің өзі сайыс.

Бүгін 7 «А», 7 «Б» сынып оқушылары математика пәнінен күш сынасып, өздерінің білімдерін көрсетпекші.

         Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасын сайлап алайық.

Сайыс 8 турдан тұрады.:

1.     «Таныстыру»

2.     «Бәйге»

3.     «Тіл-өнер»

4.     «Ғажайып үштік»

5.     «Логикалық сұрақтар»

6.     «Ойымды жалғастыр»

7.     «Кім жылдам?»

8.     «Топ мүшелерінің өнері»

Жүргізуші:    Біреуінің жүрегінің түгі бар,

                        Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.

                        Біреуінің күмбірлеген күйі бар,

Енді біреуінің қатты істейтін миы бар,- деп сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.

Әр топ өздерін таныстырады.

Бастау үшін номер алады. «Сектор», «Жай бөлшек» командалары.

Жүргізуші: Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,

                   Шәкірттерге әділ шешім беріңіз

                   Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,

                   Бәйге, бәйге, бәйге бір көріңіз,- деп «Бәйге» сайысын бастаймыз.

Екі топқа кезек-кезек сұрақтар қойылады, дұрыс жауап 10 ұпай.

1.     Рационал сандар жиынын нелер құрайды? (бүтін сандар, оң және теріс бөлшек сандар)

2.     а-ның п-ші дәрежесі деп нені айтады? (әр қайсы а-ға тең п- көбейткіштің көбейтіндісі)

3.     Қандай сандар иррационал сандар деп аталады? (Шектеусіз периодсыз ондық бөлшектер иррационал сандар деп аталады.)

4.     Бірмүше дегеніміз не? (сандар мен әріптердің көбейтіндісі)

5.     Көпмүше деп нені айтады? (бірмүшелердің алгебралық қосындысы)

6.     Жақша алдында минус таңбасы болса, жақша қалай ашылады? (жақша ішіндегі алгебралық қосындылардың таңбалары қарама- қарсы таңбаға өзгереді)

7.     Нақты сандар жиынын нелер құрайды? (рационал және иррационал сандар)

8.     «Геометрия» сөзін қазақ тіліне аударғанда қандай мағына береді? (жер өлшеу)

9.     Кесінді дегеніміз не? Анықтамасы. (түзудің 2 нүктемен шектелген бөлігі)

10. Бұрыш дегеніміз не? Анықтамасы.

11. Үшбұрыш деген не?  Анықтамасы.

12. Параллель түзу дегеніміз не? Анықтамасы.

13. Аксиома дегеніміз не? Анықтамасы. ( Дәлелденбейтін тұжырым)

14. Теорема дегеніміз не? Анықтамасы. (Дәлелденетін тұжырым)

Жүргізуші:          «Ана тілің- арың бұл

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте »,- дей келе сайысымыздың келесі «Тіл- өнер» бөлімін бастайық.

         Сайыскерлерімізге  геометрия пәні бойынша сұрақтар қойылады. Жауабы

3 тілде айтылу керек. Бір аударма 10 ұпай.

1.     Кез- келген екі нұкте арқылы нені жүргізуге болады?

                                                                                      (түзу - прямая - straignt)

2.     Бір нұктеден шығып екі сәуледен құралатын геометриялық фигура?

                                                                                      (бұрыш-угол-angle)

3.     Бір нүктемен шектелген түзудің бөлігі?

                                                                       (сәуле – луч - beamray)

4.     Тік бұрыштан кіші бұрыш?

                                                   (сүйір – острый – sharp (keep))

Жүргізуші:          Оймен кәне көк теңізін кешіңдер,

                   Жарқ- жұрқ еткен неше түрлі есімдер.

                   Айтылғанда математикалық есептер

                   Зейін салып зердеменен шешіңдер ,- дей келе сайысымыздың келесі туры  «Ғажайып үштік» бөлімін бастаймыз.

 

10

10

10

20

20

20

30

30

30

 

10 (сол)  Тәрелкедегі 7 бауырсақты 7 бала алатындай және тәрелкеде 1  бауырсақ қалатындай қалай бөліп беруге болады? Жауап: бір бала тәрелкесімен алады.

10 (орта)  Алымы бөлімінен үлкен бөлшек?  Жауап: бұрыс бөлшек.

10 (оң)  369 саны 3-ке бөліне ме?  Жауап: бөлінеді,123.

 

20 (сол)  S=a*b ненің формуласы? Жауап: тіктөртбұрыштың ауданын табу.

20 (орта)  Қосарланып жегілген 3 ат бір сағаттың ішінде 14 км жол жүреді. Осы уақыттың ішінде бір ат қанша жүреді?   Жауап: 14 км.

20 (оң)  Сыйлық.

 

30 (сол)  Үш түйе құс ұшып келе жатыр. Аңшы олардың біреуін атып алды. Олардың қаншасы қалды?  Жауап: түйеқұс ұшпайды.

30 (орта)  Екі таяқтың 4 ұшы бар.Екі жарым таяқтың қанша ұшы бар? Жауап: 6 ұшы бар.

30 (оң)  2 адам кетіп бара жатып 2 шеге тауып алды. Олардың артынан 3 адам кетіп бара жатыр. Олар қанша шеге тауып алды?  Жауап: олар таппайды. Шегені алдыңғылар алып кетті.

 

Келесі бөлім «Логикалық сұрақтар»

1. Бос бөліктерді толықтыру. Шарты: алғашқы екі дөңгелектегі сандардың орналасу заңдылығын тапсаңыз, үшінші дөңгелектегі бос тұрған бөліктегі санды табу қиын емес. Ол қай сан? 

  

2. Қаламсауыттарды ойша жауып, қандай сөз жазылғанын оқы?

                                                                                                          (сурет қойылады)

Жүргізуші:          Мәңгі бақи есте қалар,

                   Қызықты бір сайыс болсын.

                   Білімдірек топ озар,

                   Сұрақтарың қиын болсын, -дей келе сайысымыздың «Ойымды жалғастыр» бөлімін бастайық. Әр топ өзі дайындап келген мақал- мәтел, жұмбақтарын қойып сайысқа түседі. Мақалдың жалғасын табады, жұмбақты шешу қажет.

Жүргізуші: келесі бөлім «Кім жылдам?»

1.Бір ғана шырпыны ауыстырып тепе – теңдікті тура теңдікке айналдыр:

VI-IV=IX                 Жауап: V+IV=IX

2. Күн ыстықта 6 шалғышы бір бөшке қымызды 8 сағат ішті. Дәл осындай бір бөшке қымызды 3 сағатта қанша шалғышы ішеді?  Жауап: 6 шалғышыға 8 сағатқа жеткен қымыз 1 шалғышыға 48 сағатқа жетеді. Демек, ол қымызды 3 сағат 48:3=16 шалғышы ішеді.

 

3. Қарама – қарсы сандардың қосындысы неге тең?  Жауап: 0-ге

 

4. Нәрселерді санау үшін қолданылатын сандар? Жауап: натурал сандар.

 

5. Алманы бөлу.

Бірдей 5 алма берілген. Осы 5 алманы 6 балаға бірдей етіп бөліп беру керек, бірақ алмалардың ешқайсысы бірдей 6 бөлікке бөлінбеуі керек. Осы шартты пайдаланып, алмаларды қалай бөліп беруге болады?

Жауап: барлығы 5 алма. 2 алманың әрқайсысын бірдей 3 бөлікке бөлсек, барлығы 6 бірдей бөлік аламыз. Қалған 3алманың әрқайсысын бірдей 2 бөлікке бөлсек, тағы да 6 бірдей бөлік аламыз.  Яғни, әр балаға 1  бөліктен береміз. Есеп шартында көрсетілгендей, ешқандай алма 6 бөлікке бөлінген жоқ.

 

6. Ең кіші жай сан?   Жауап: 2

 

7. Екі санның бөліндісі?  Жауап: қатынас.

 

8. Ең кіші үш таңбалы сан?  Жауап: 100

 

9. Бүтін сан, бөлшек сандар,

    Барлығы да бар онда.

    Бұл қандай сан айтыңдаршы

    Оң, теріс сан бәрі осында.           Жауап:  рационал сан

 

10. Санға қосып, алсаң,

      Сол санның өзі шығады.

      Санды оған бөлуге болмайтынын

      Математиктер ұғады.

      Көп адамдар сол санға,

      Шекесінен қараған.

      Сан өсін қақ бөлуге

      Сол саныңыз жараған.               Жауап:   нөл

 

Жүргізуші: Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды.

                   Ал, қазір әділ қазылар сөз алады

                   Сайысымыздың жеңімпазын анықтап

                   Мақтау қағаз тапсырады.

 

Әділ қазыларға сөз кезегі беріледі.

 

Қорытынды: Көп ұпай жинаған топ марапатталады.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырыбы: "Көңілді тапқырлар" (7 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Хранитель музейных предметов

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 082 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.02.2016 1065
    • DOCX 59.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Омирзакова Динара Данабековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Омирзакова Динара Данабековна
    Омирзакова Динара Данабековна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4219
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Аномальное психологическое развитие и психологическая травма

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 17 регионов

Мини-курс

Музыкальная культура: от истории до современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методы решения нестандартных математических задач

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек