Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Тақырыбы: "Жаңа жыл" ертеңгілік

Тақырыбы: "Жаңа жыл" ертеңгілік

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:


«Волгоград орта мектебі» КММ













hello_html_4158c811.gif




Тәрбиеші: Кульбаева А.С.









Жаңа жылдық ертеңгілік


Қатысушылар: 1. Аяз ата

2.Ақшақар

3.Жүргізу

4.Жезтырнақ

5.Балалар


Мақсаты: - Балаларды жаңа жылмен оның ерекшеліктерімен таныстыру

  • Мерекеге сәйкес көніл- күй туғызу

  • Шырша әсемдігін, қыс келбетін сезіну, әсер алу қабілеттерін жетілдіру

  • Жұмбақ жасыру, өлең орындау, би билеу арқылы балалардың сөйлеу тілін дамыту

  • Жақсылыққа, достыққа, бір- біріне бауырмалдық көрсете білуге тәрбиелеу


Көрнекілік: қыс туралы суреттер, ойыншықтар ілінген шырша, орындық,

музыка орталығы, ұлпа карлар. Музыка ырғағымен балалар

залға кіреді.


Жүргізушысы: сәлеметсіздер ме, құрметті балалар, ата- аналар және қонақтар!

Міне, көптен күткен қыс мезгілі де ортамызға келіп жетті.

Жер үсті аппақ қарға оранды. Ағаштар ақ көрпесін жамылды.

Қыс айында бәріміз асыға күтетін тамаша бір мереке бар. Ол қандай

мереке, кәне, айтындаршы?!

Дұрыс айтасындар! Ол мереке

ЖАҢА ЖЫЛ!

Жаңа жылды тойлау үшін осы әсем шырша түбіне барлығымыз

жиналып отырмыз.


Жаңа жылдық таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды манайды.

Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн

Әрқанаттан кең алқапқа тарайды.


Балалар! Қарандашы, шыршамыз қандай әсем, ойыншықтарымыз қандай әсемі! Осы шыршамызға арнап бір ән айтайық!

Ән «Шырша жыры»

(сосын Ақшақар кіріп келеді)


Ақшақар: Сәлеметсіндер ме балалар!

Міне таңыдын, дар ма? Мен Ақшақармын ғой. Аяз- атаның

немересімін. Мен алыстан қар патшалығынан келдім. Онда даланы

мәңгіге қар басқан, күн суық. Біз онда Аяз –ата сендерге сәлем

айтты. Кешікпей өзі де келіп қалар.

Балалар! Қане, бәріміз Аяз- атаны шақырайық!


Балалар: Аяз- ата, аяз-ата, аяз-ата!


Аяз-ата: амансындар ма балапандарым!

Орман, тоғайды, үскірік аязды артқа тастап әйтеуір жеттім-ау

сендерге! Жаңа жылдарың құтты болсын!

Жүргізуші: Рахмет, аяз-ата!

Сәл отырып, деміңізді алыңыз. Келгеніңіз қандай жақсы болды.

Өзінізбен бірге мерекені тойлап, би билейік!

Би «Қара жорға»

(осы кезде тарс- тұрс етіп жезтырнақ кіреді)


Жезтырнақ: е-е-е. Менсіз той жасағалы жүр екенсіздер ғой. Жоқ, жоқ. Оған

жол бермеймін.

Жақсылыққа көнбеймін

Жаңа жылға енбеймің

Мен тұрғанда адамға

Мереке жоқ ешқанда.

(жезтырнақ жұлқынып, ашу шақырады. Ақшақар жезтырнақтың жолын кес- кестеп, балаларды қорғай бастайды)


Ақшақар: Ей, Жезтырнақ! Қойсаншы бос айқайды.

Қанша уақыт өтсе де, қаскейлегінді қоймадың.

Ешқашаңда жамандыққа тоймадың.

Қашанғы осылай жүрмексің?

Одан да бір уақыт бізбін бірге ойнап- күлсе қайтеді?

Жаңа жылды бізбен бірге күт (сиқырлы таяғын сілтеп қалады)


Жезтырнақ: Мен кіммін?

Мұнда не істеп жүрмін?

Маған не болған?


Ақшақар:Сен бізбен бірге Шағын орталық тобындасын.

Жаңа жылды қарсы алуға келдің.

Сен қуанып тұрсың! (жезтырнақ балаларға қосылып кетеді)


Жүргізуші:Аяз-ата! Балалар сізге арнап өнерлерін көрсетсін (балалар

өнерлерін көрсетеді)


1 бала: Жаңа жылмен, жаңа жылмен,

Құттықтаймыз әрине,

Әкемізді, анамызды

Қонақтарды бәрін де!


2 бала: Аспан жерге төгеді

Ақ күмісін уыстап

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап.

3 бала: Елкаға бардық

Әсем ән салдық

Аяз-атадан

Сыйлықтар алдық


Ақшақар:Ата! Балалар өз өнерлерін аямай- ақ көрсетіп жатыр.

Сыйлық беруді ұмытып кеткен жоқсын ба?


Аяз-ата: Дұрыс айтасын қызым.

Ұмытып кете жаздаппын

Кел, маған көмектес

Екеулеп таратайық.

Қандай тамаша болар?


4 бала: Жаңадан тақпақ

Аламыз жаттап

Жаңа жыл келді

Жаңа жыл аппақ


5 бала: Жаңа жыл! жаңа жыл!

Жаңалық ізде сен

Жаңа ән, жаңа жыр

Жазып бер бізге сен


6 бала: Қуантып елді

Жаңа жыл келді

Өсетін болдым

Бір жасқа енді


7 бала: Тамаша, тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.

Ән: «Аяз-ата»


Аяз-ата: Балапандарым рұқсат болса, біз жүрейік.

Біздін әле де болса баратын жеріміз ұзақ,

жолымыз алыс дегендей,

Келесі кездескенше сау болындар балапандарым.


Жүргізушы: Қандай жақсы біздін Аяз-атамыз!

Ол кеткенде терең ойға батамыз

Ақшақар боп қалықьаймыз аспанда

Құс жолымен ән сап бара жатамыз.(бәрі Аяз-ата, Ақшақар мен

қоштасады)

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 07.02.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров78
Номер материала ДВ-425950
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх