Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / История / Рабочие программы / Тарих пәнінен ашық сабақ: «1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыс»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • История

Тарих пәнінен ашық сабақ: «1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыс»

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: «1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыс»
Сабақ мақсаты:

1) сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының тәсілдерін қолдана отырып, тақырыпқа деген жоғары қызығушылығын қамтамасыз ету, тақырып бойынша оқушылардың білімдерін тереңдету;
2) ойлау қызметінің деңгейін жоғарылатуға ықпал жасау;
3) тарихи тұлғалар өмірін үлгі ете отырып, оларды құрметтей білуге, елін - жерін қорғай білетін отансүйгіш азамат тәрбиелеу.
Әдісі: оқыту мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау
Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, мултимедиялық оқулық, эпиграф
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі (1 мин.)
Балаларды топтарға бөлу (2 мин.)
Үй тапсырмасын сұрау (Интерактивті тақта арқылы слайдпен топтық жұмыс) (8 мин.)
Жаңа тақырыпты түсіндіру (1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыс туралы жазылған парақшаларды топтарға таратып беру, кітаппен жұмыс) (10 мин.)
Бекіту. (12 мин.)
Қорытындылау. (10 мин.)
Үй тапсырмасын беру. (1 мин.)
Бағалау. (1 мин.)

Жаңа сабақ:
(Мұғалімнің сабақ мақсатымен таныстыруы) Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: жекелей және топтық әрекет ете отырып, сын тұрғысынан ойлау арқылы тарихи оқиғаға талдау жасау.
І. Ақ, Қызыл, Көк, Сары түсті қағаздарды тарату арқылы балаларды топтарға бөлу. Мұғалімнің сұрағы: Балалар қазір сендер не істедіңдер?
Қандай жағдайда болдыңдар?
(Балалар жауабы тыңдалып, яғни олардың қозғалыста, көтерілісте (орындарынан көтерілуі) болғандығын айта кетіп, бүгінгі жаңа тақырыппен таныстыру)

ІІ. Үй тапсырмасын интерактивті тақтада келтірілген кластер арқылы сұрап шығу. Балаларға аталған көтерілістердің ерекшелігі мен ұқсастығы жайлы Венн диаграммасын
толтырту.

ІІІ. Эпиграфпен таныстырып өту.
«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет»
Ш. Уәлиханов
Расында да қай халыққа болмасын, қай заманда болмасын оның өсіп, өркендеуіне азаттық пен білім өте қажет. Сол сияқты бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыздың өзекті мәселесі де осы 1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыс жайлы болмақ. Және де Шоқанның сөзін негізге ала отырып осы тақырыпқа қатысты білімімізді молайтуымыз қажет деп ойлаймын.
Халықтың еркі кетті баласынан,
Сөзімнің ғибрат ал сарасынан.
Ақ патша бұйрық қылды солдат бер деп:
Он тоғыз – отыз бірдің арасынан.
Осыған тірі отырып көнеміз бе,
Іріктеп бар боздақты береміз бе?!
Болмаса елдік қылып, тізе қосып,
Батырға қол бастаған ереміз бе?! – деген өлең жолдары сендерге таныс болар, өлең мен оның авторын атай аласыңдар ма?
(Жамбылдың «Зілді бұйрық» өлеңінен үзінді)
Сонымен сендерге қозғалысқа сылтау болған оқиға белгілі болды. Яғни, ол Патша үкіметінің 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығы болатын.

ІV. Шығармашылық тапсырма. Сендер өздеріңді 1916 жылғы маусым жарлығына байланысты жиналған топ жиынында қатысып отырмын деп көз алдарыңа елестетіңдер. Онда қандай мәселелер талқылануы мүмкін? Тарихи әңгіме құрастырыңдар. (Әңгімелері тыңдалып, балалардың ойлары қандай болғандығына тоқтап өту)

V.(Мұғалім интерактивті тақта арқылы электронды оқулық бойынша 1916 жылғы қозғалыстың ірі орталықтарын карта арқылы көрсетіп өтеді)
Топтарға ұлт - азаттық қозғалыс тарихы жайлы жазылған парақшалар таратылып, кітаппен жұмыс жасау тапсырылады. (Мүмкін өз ойларын өзгертетіндер де болар?!)

VІ. Бұйрыққа қатысты туындаған көзқарастарға байланысты слайдтар арқылы суреттерді тақтадан көрсете отырып, балаларға жаздыру. Материал бойынша балалардың ой - талқы жасауы. Топтарға бұйрыққа қатысты көзқарастарға қандай баға беретіндері жайлы сұрақ қою. Өз көзқарастарын атап өту.
І - топ. Бұйрықты қолдаушылар
ІІ - топ. Көтеріліске шақырушылар
ІІІ - топ. Келісімпаздықты ұстанатындар

VІІ. Қорытындылау. Жалпы бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе, 1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыстың ірі тарихи оқиға екендігіне тоқталсам деймін. Оған дәлел сол дәуірде өмір сүруші жазушы, ақын ағаларымыз да осы тақырып төңірегінде еңбектер жазған. Атап айтсақ биылғы жылғы «бір ел – бір кітап» деп оқытылуы қолға алынған М. Әуезовтің – «Қилы заманы», С. Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешуі», Ж. Аймауытовтың «Қартқожасы», С. Мұқановтың «Ботагөзі» («Жұмбақ жалауы»).

Рефлексиялық сұрақтар.
- Осы қарастырылған сұрақ бойынша сендердің білімдерің қалай өзгерді?
- Сендерді қандай жағдай таңдандырды?
- Бүгінгі сабағымызда біздер не істедік?
- Бұрынғы өткізіліп жүрген әдістен ерекшелігі қандай?
- Осы әдіс сендердің әрқайсыңа не берді деп ойлайсыңдар?
VІІІ. Үй тапсырмасы. 1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыс тақырыбын толық қамтитын 15 сұрақтан тұратын тест дайындап келу.
ІХ. Бағалау.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 27.06.2016
Раздел История
Подраздел Рабочие программы
Просмотров96
Номер материала ДБ-133374
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх