Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Другие методич. материалы / "Тарихи толғаулар" жыр шумақтары

"Тарихи толғаулар" жыр шумақтары


  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m255a5596.gifhello_html_m30449e0b.gifhello_html_m743cec59.gifhello_html_m6ef4dd8f.gifhello_html_58258ea9.gifhello_html_m129dbb7.gifhello_html_72d69f0b.gifhello_html_72d69f0b.gifhello_html_m129dbb7.gifhello_html_1808e863.gifhello_html_m78bb57d6.gifhello_html_7c1e5f63.gifhello_html_7c1e5f63.gifhello_html_m4f507bca.gifhello_html_a4c60fc.gifhello_html_m81ef1d9.gifhello_html_6b6df8d8.gifhello_html_m1d004db1.gif Әбдікәрім Замзагүл Қонаққызы

Сәтбаев қаласы № 1 мектеп – гимназиясының

тарих пәні мұғалімі




Тарихи толғаулар

«Ұлан – ғайыр жері бар, ұлы мұратты Елі бар, бабалар жазған ұлы тарихы мен ұрпағы көз тіккен ұлы болашағы бар менің халқым – Ұлы халық»

Н.Ә.Назарбаев


Қазақстан тарихынан жаңа тақырыптарды меңгертуде, оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында сабақты әдебиетпен байланыстыру негізінде осы өлең шумақтарын пайдаланудың маңызы ерекше. Осы мақсатта түрлі тақырыптардан тұратын өлең шумақтары дайындалды.Өлең шумақтары оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытып, тарихи оқиға мен даталарды, ұлы тұлғаларды есте сақтауға көмектеседі. Сонымен қатар шығармашылыққа да баулуға үлкен септігі бар.


Қазақстан тарихы 5 сынып

Ұлан – ғайыр жері бар,

Көк аспаны көлі бар.

Тау өзені таласқан

Қандай ел бұл табыңдар

Қазақстан

Өткен жайлы әңгімелеп береді,

Қойнауынан маржандарын тереді.

Елін сүйген, жерін сүйген әр адам

Мұны оқып, тереңірек біледі.

Тарих

Өзіне тән дәстүр менен сәні бар,

Тұрмысы мен салт – дәстүрі тағы бар.

Біздің елде жүзден аса түрі бар,

Шәкірттерім ал жауабын табыңдар.

Этнос, халық

Сонау- сонау қилы кезең өткенді,

Ерінбейді, жалықпайды зерттейді.

Тарих – теңіз маржандарын теретін,

Бұл жандардың еңбегі еш кетпейді.

Археологтар





Әділдігін айтатын,

Сөз бастаған шешендер.

Үш тұлғаның есімі,

Кәне жылдам шешіңдер.

Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.



Мен сүйетін елім бар,

Сен сүйетін жерің бар.

Отаныңның аумағын,

Ал, картадан табыңдар.

Қазақстан мемлекетінің жер көлемі, көршілес елдер

Олар сенің бір кішкентай Отаның,

Осы жерде тудың, өстің от алдың.

Жақсы көріп мейірімін төгетін,

Кімдер сенің туысқаның жақының?

Оқушылар отбасы туралы әңгімелеп, таныстырады.

Бұл білімді мекенім,

Өсіп сонда жетемін.

Сусындатар бұлақты,

Қасиетті ...................

мектебім

Бұл тарихта өте ұзақ жасы бар,

Тек тастардан жасалатын заты бар.

Бұл кезеңді біздер қалай атаймыз.

Ал, кәнекей, ойланыңдар табыңдар!

Тас дәуірі

Ең алғашқы металл мыс деп аталар,

Пайдаланған ертеректе адамдар.

Ойланыңдар ал жауабын табыңдар,

Сол кезеңде қола қалай алынған.

Мыс пен қалайы қосындысы.

Бұл дәуірде үш ерекше белгі бар,

Ең бастысы игерілген металл менен алтындар.

Екіншісі мал шаруасы қарқынменен дамыған,

Ал, үшінші ерекшелік пен дәуір атын табыңдар.

Үшінші ерекшелік егіншілік және қола дәуірі

Үш топ бар қай тайпада ойланыңдар,

Қызыл ақ пен сары көк киімі бар.

Тарихта ойып орын алатұғын

Бұларда тағы қандай тұлғалар бар...?

Сақтарда үш әлеуметтік топ:жауынгерлер, абыздар,малшы мен егіншілер.Томирис,Спаргапис, Шырақ,Зарина

Дерегінде қытайдың ғұнның алғаш көсемі

Кіммен тағы байланысты бұл мемлекеттің өрлеуі.

Батысты да бағындырған патша кім?

Олар жасаған ерліктер аңыз бенен ертегі.

«Шунь - вей» («Шоң би»), Мөде кезінде мемлекет өрледі, Еділ (Аттила) Батысты бағындырған жеңімпаз патша



Біздің заманымыздан бұрынғы ІІ ғасыр соңында,

Елшілер мен сауданың керуендері жолында.

Басталып сол Қытайдан,аяқталған Римде,

Бұл тұрғыдан өзіңнің білгеніңді баянда.

Ұлы Жібек жолы


Қазақстан тарихы 6 сынып

Бұл дәуірдің жасы үлкенің табыңдар,

Кәне жазшы ақ қағазға жасын дәл.

Ойланып көр,алғаш рет адамдар,

Неден қалай жасап еді құралдар.

(оқушылар тас дәуірінің хронологиясың, алғашқы еңбек құралдарын жазады.)

Бұл кезеңде күн суытты, күз болды,

Қанша күтті бірақ жаз бір келмеді.

Қаһарлы қыс қанша болды қонақта,

Тез айтыңдар кім жауабын береді.

(мұз басу дәуірі)

Шыққан тегін жануарға тенеген,

Көп құпия табасын сен бейнеден.

Ғылым тілі,тарихта бұл атауды,

Ал табыңдар қалай айтқан көнеден.

(тотемизм)

Жүз мың тонна өндіріпті мысын да,

Бұл өңірдің орны ерекше ғылымда.

Ірі тұлға айтып өткен бұл жайлы,

Тың жаңалық алып келген ғалымда.

(Қ.Сәтбаев Жезқазғанның 1млн тонна кен өңдіріп,100 мың тонна мыс қорытылғаны дерек берген. )

Зерттеген өзі көп еңбек ,

Томирис жайлы мәлімет.

Тарихшысы кім Римнің,

Қалдырған құнды сан дерек.

(Помпей Трог)

Суреттеп берді Полиэн,тарихшысы гректің,

Парсылардың кек алған ерлігі осы жігіттің.

Шөл далаға апарып,ұшыратты қырғынға,

Сақ жігіті кім еді,ол жайында баянда.

(Сақ жігіті Шырақтың ерлігі баяндалады.)





Шығыс Қазақстан елінде,

Көп ескерткіш жерінде.

Білсен атап бере ғой,

Бұлар қандай ескерткіш,болды қандай дәуірде?



(Шілікті ескерткіштері,Берел қорымы.)


Сарыарқада ұлы дала, кең дала,

Кең далада «бағдаршам» да бола ма?

Терең үңіл, тарихыңның сырына,

Бұл жерлерде қорғандар бар қаншама!

Сарыарқа тұрғындары,Тасмола мәдениеті, «мұртты» қорғандар.









































C:\Users\Madikhan\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\IMG_20151122_190602.jpgҚазақстан тарихы 5 сынып

Замзагүл Әбдікәрім

1 мектеп – гимназиясының тарих пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Абылай хан

Сабақтың мақсаты:

Тарихтағы ұлы тұлғамыздың өмірі мен қайраткерлік жолы туралы жан – жақты мәлімет беру.

Абылай хан ерліктерін дәріптей отырып ойларын дамыту,шығармашылық белсенділігін арттыру.

Ұлы кемеңгердің ерлігіне қызығушылық пен құрмет сезімін қалыптастыра отырып, патриоттық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ


Сабақтың әдісі: СТО, топтық жұмыс


Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, кесте.портреттер.


Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды топқа бөлу (оқушыларға үш түсті гүлдер таратылады, түстеріне қарай топталады)

ІІ. Үй тапсырмасы.

Үй тапсырмасы жазылған конферт гүл түсімен сәйкес 3 сұрақ болады.

Жасыл түсті конверт:

1.Қазақ батырларын ата.

2. Орыс үкіметі қазақ жерін қалай отарлады?

3. Әбілқайыр хан кім?

Қызыл түсті конверт:

1.Жоңғарлар неге жерімізге қызықты?

2. Ресей бодандығын қабылдауға қандай себеп болды?

3.Анна Иоанновна кім?

Сары түсті конверт:

1.Жоңғарлар туралы әңгімеле.

2. Қазақ жасақтарының ірі жеңісін қай жерде болды?

3. Тевкелев кім?

ІІІ. Қызығушылығын ояту:

Сөзжұмбақ шешу. «Абылай хан»

ІҮ.Мағынаны тану.

Тақтадан жаңа сабақ тақырыбы көрсетіліп жаңа мәліметтер беріледі.

Оқушылар мәтінмен танысып, тақтадағы тапсырмаларды орындайды.






1-тапсырма: Сәйкесін тауып белгіле (жұппен)

1

Абылай ресми түрде Қайып хан қайтыс болған соң таққа отырды

А

Бөгенбай

2

Батыстың дәстүрі бойынша шайқас жекпе – жекпен басталады

Ә

Әбілмансұр

3

Әбілқайырдың әкесі Уәли Үргеншті билеген

Б

Әбілмәмбет

4

Қабанбай батырдың мінген аты Нарқызыл

В

Шығыста

2- тапсырма: Жауаптарды желімде (топпен)

Дұрыс жауап жазылған тілшелерді ретімен қағазға желімдейді

  1. Абылайдың шын есімі кім? Әбілмансұр

  2. «Абылай ғасыры қазақтың ерлік ғасыры болып табылады» деп баға берген кім? Ш.Уәлиханов

  3. Төле бидің қойған аты? Сабалақ

  4. Әбілманмұр жекпе – жекке шыққан қалмақ батыры кім? Шарыш

3 - тапсырма: Тарихи есеп (жеке жұмыс)

Формуласы; А + Ә *Б – В + Г

А) Абылайдың ресми түрде үлкен таққа отырған жылы?

Ә) Шарышты жеңгенде Әбілмансұр неше жаста болды?

Б) Ұлы билеуші ретінде қай ғасырда танылды?

В) Абылай дүниеге келген жыл?

Г) Біздің егемен елімізде қанша ұлт пен ұлыс тұрады?


1771+20 * 18 -1711 + 130 = 550 Бұл қандай айтулы дата?


ІҮ. Бекіту. Топтастыру.

Тақтаға Абылай туралы мәліметтерді жазады.

Ү.Үйге тапсырма: «Абылай хан атақты күйші». Эссе жазу

Тест сұрақтарын құру.

ҮІ. Бағалау.


















Қазақстан тарихы 6 сынып

Замзагүл Әбдікәрім

1 мектеп – гимназиясының тарих пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Қола дәуіріндегі Қазақстан

Сабақтың мақсаты: Қазақстан жеріндегі қола дәуірі туралы алған білімдерін пысықтау, толықтыру, тақырыптарды қайталау.Оқушылардың қорытынды жасай білуі,ойын жүйелі жеткізу қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу.Оқушыларды өз елінің тарихын құрметтеп бағалауға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қорытынды сабақ

Сабақтың әдісі: ой қозғау, сұрақ –жауап әдісі

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы,кесте, суреттер,интер тақта.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу,назарын сабаққа аудару,оқушыларды топқа бөлу.Әр дұрыс жауап үшін бір «жұлдызша» беріледі, «мыс», «қалайы», «қола» сөздері оқушы санына қарай таратылып сол атауларға байланысты топталады.

1-топ: Мыс. 2-топ: Қалайы. 3-топ: Қола.

1-тапсырма: Сұрақтарды «иә», «жоқ» белгісімен белгілейді.

  1. Кенді қорыту үшін құрылысы өте күрделі қазандықтар салынды.(иә)

  2. Мыс пен қорғасынды қосу арқылы қола өндірілді.(жоқ) қалайы

  3. Сумен жабдықтаудың жаңа әдісі –құбыр қазды.(жоқ) құдық

  4. Қола дәуірінің соңына қарай қола және мыс орақтар пайдаланды. (иә)

  5. Беғазы – Дәндібай мәдениетіне жататын жерлеу орындарының көпшілігі –қорымдар.(жоқ) обалар

  6. Қола дәуіріндегі петроглифтерде төрт аяқты арбаны бейнелеу кең таралды.(жоқ) екі аяқты

  7. Қола дәуірінде жеке меншік қалыптасты.(иә)

  8. Әйелдер самай сырға таққан.(иә)

  9. Табиғатта қола таза күйінде кездеседі. (жоқ)

  10. Кен әртүрлі әдістермен қазылып алынды.(иә)

2-тапсырма: Мәтінді толықтыр.

Қостанай жеріндегі қорымынан табылған адамның бет пішінін жасаған антрополог

Қола дәуірінде Қазақстан аумағын мекендеген нәсілдер.

1946 жылы Қола дәуірін жоспарлы зерттеуді бастады.

Керекті сөздер: Алексеев,М.М.Герасимов,еуропоид,Ә.Х.Марғұлан.

3-тапсырма:Тест жұмысы.

  1. Қола ненің қосындысы?

а)Мыс пен қорғасын б) Тас пен мыс

ә) Ағаш пен көмір в) Мыс пен қалайы

2.Қ.И.Сәтбаев есебі бойынша, көне заманда Жезқазғаннан 1 млн тоннадай кен өндіріліп, одан қанша тонна мыс қорытылған?

а)200 мың б)100 мың

ә)1000 в)10000 мың

3.Солтүстік және Батыс Қазақстаннан қанша Андрон мәдениетінің қоныстары зерттелді?

а)20-дан аса б)80-нен аса

ә)95-тен аса в)15-тен аса

4.В.П.Алексеев кимдердің бет-бейнесін сипаттап жазды?

а)Моңғолдардың б)Андрондықтардың

ә)Қоладағы адамдардың в)Қазақтардың

5.Қазақстанда қола дәуірінің басталған мерзімі?

а)Б.з.б 2 мыңыншы жыл б)Б.з.б 7 мыңыншы жыл

ә)Б.з.б 2 млн 600 мыңыншы жыл в)Б.з.б 5 мыңыншы жыл

4-тапсырма: Сызбаны аяқта.

Қола дәуірі





Орталық Қазақстан қола дәуірі.











5-тапсырма: «Дұрыс», «Бұрыс» жауаптарын қой.Оқушыларға сұрақтар жазылған кесте мен «Б», «Д» әріптері таратылады.

1

Еңбек құралдары тас н/е сазбалшық қалыптарға құйылып өңделген

Д

2

Қола алтын сияқты әдемі,өзі жұмсақ (қатты)

Б

3

Ерте қола кезеңіне «атасулық кезең» жатады (нұралық)

Б

4

Ыдыс жасаудың өрістеген түрі – көзе құмыралар жасалды

Д

5

Шығ.Қазақстаннан қола дәуірінің 30 қоныс,150 қорым зерт-ді. (Орт)

Б

ІҮ. Бекіту. Жұмбақ – өлең.

Бұл тарихта өте ұзақ жасы бар,

Тек тастардан жасалатын заты бар.

Бұл кезеңді біздер қалай атаймыз.

Ал, кәнекей, ойланыңдар табыңдар!

Тас дәуірі

Ең алғашқы металл мыс деп аталар,

Пайдаланған ертеректе адамдар.

Ойланыңдар ал жауабын табыңдар,

Сол кезеңде қола қалай алынған.

Мыс пен қалайы қосындысы.

Бұл дәуірде үш ерекше белгі бар,

Ең бастысы игерілген металл менен алтындар.

Екіншісі мал шаруасы қарқынменен дамыған,

Ал, үшінші ерекшелік пен дәуір атын табыңдар.

Үшінші ерекшелік егіншілік және қола дәуірі

Ү. Бағалау.

Ежелгі дүние тарихы. 6-сынып.

Сабақтың тақырыбы: Ежелгі Бактрия

Сабақтың мақсаты: Ежелгі замандарда шаруашылығы мен саяси құрылысы дамыған ірі мемлекет Ежелгі Бактрия жайлы мәлімет беру. Мемлекеттің дамуына әсет еткен жағдайларды анықтап түсінуге бағыттау. «БжС» технологиясының карталарын пайдаланып отырып, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Оқушыларды патриотизмге, өз елін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Биоақпараттандыру және синергетика. «Ауызша сабақ -2»

Сабақтың әдісі: ББД қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі: Карта,кесте, суреттер.

Сабақтың барысы: І.Мәтінмен жұмыс

ІІ.Кілттік сөздер

ІІІ.Қарама – қарсы сұрақтар

ІҮ. Тест сұрақтары.

Ү. Тақырыптық сөздік қор.

Жылдамдық: 1.уақыт

2.ерлік

3. қолөнер

4. жер

5. қала

6. мекен

7. бақша

І.Мәтінмен жұмыс (оқушылар мәтінмен танысады,кілттік сөздерді есте сақтап іріктейді)

ІІ.Кілттік сөздер (14 сөз тақтаға жазылған салыстырады)

1.Егіншілік

  1. Көктас

  2. Ерлік

  3. Қолөнер

  4. ОКС

  5. Мыңқала

  6. Галерея

  7. 100 метр

  8. Мәрмәр

  9. Салық

  10. Әскер

  11. Дерек

  12. «Шахнама»

  13. Театр

(кілттік сөздерді жаттап есте сақтауға 1 мин.қайта жаңғыртып дәптерге жазуға 1 мин. беріліп ООМ бойынша тексеріледі)

ІІІ.Қарама – қарсы сұрақтар

  1. Бактрия елінің қазіргі кезеңдегі орны? Тәжікстан мен Ауғанстан

  2. Археологтардың Бактрия жеріне қазба жұмыстарын жүргізген уақыты? ХХ ғ-дың басы

  3. Жазба деректердегі ең ежелгі мәлімет беретін шығарма? «Авеста»

  4. Ақын Фирдаусидің дастаны? Шахнама

  5. Бактриялықтардың негізгі кәсібі?егіншілік

  6. Ірі елді мекендер мен қалалар қай кезеңде болды? б.з.б І мыңжылдық

  7. Бактрияныңғ көптеген елдерге танылуына не әсер етті? Қымбат көктастың орталығы болды

  8. Б.з.б ҮІ-ІІІ ғасырларды Бактрияда пайда болды? қоныстар мен қалалар

  9. Елдің астанасы қай қала болды? Бактр

  10. Бұл елге саудагерлер қай елдерден келді? Грекия, Египет, Үндістан, Қытай,Сақтар

  11. Бактрия мәдениетінің тамаша үлгісі? Ай Ханум

  12. Бактрия жері жеке мемлекетке айналған ғасыр? Б.з.б ІІІ ғасыр

  13. Бактриядан табылып зерттелген тамаша мәдениет ошағы? Тахти Сангиндеги ОКС храмы

  14. Айханум қаласының бөліктерін ата?Төменгі,ортаңғы,жоғары

  15. Өзін патша деп жариялап ақша шығарған кім?Диодот

  16. Портреттер галереясы қай жылы қайдан табылды? 1979 Окс храм

  17. Айханум театрына жалпы алғанда қанша адам сыятын еді? 6000

  18. Бактрияның қай жерінен көктас көп өндірілді? Батахшан

  19. Егін егіліп бау-бақша өсірілген жазықтар? Сухан дария,Кафирниган,Вахш

  20. Бактрия туралы кімдер өз еңбегінде жазды? Чжан Циян еңбегінде,Сыма Цянның «Тарихи жазбаларында»

  21. Бактрияны «Авеста»шығармасында қалай сипаттайды? «Тулары биік көтерілген ел»

  22. Археологиялық деректер Бактрия жерінде қандай істердің болғаны туралы көп мәлімет береді? шаруашылық,егіншілік, қолөнер, құрылыс

  23. Бактрия жерінде үлкен қоныстар мен қалалар болуына байланысты патшалары қалай аталды? «Мыңқаланың билеушілері»

  24. Окс құрамының қандай бөлімдерден тұрды? Төрт бағналы зал,айналмалы дәліз,бүйірдегі бөлме,бағаналы кіреберіс

  25. Кім басқарғанда мемлекет күшейді? Евтидем

  26. «Бактрия жері І Дарий кезінде 12 аймаққа иеніп жыл сайын 360 талант салық төлеп тұрды» деп мәлімет берді? Геродот

  27. Б.з.б ІІ ғасырда Евтидемнің ұлдары қай елге жорық жасады?Үндістан

  28. Қалалардың сырты немен қоршалды?Биік дуалды қамал

  29. Айханумның монета сарайы болғанына не дәлел?Қола монеталар,алтын,күміс құймалар,қорғасын гирлер,өлшеуіштер

  30. Ай Ханумға ұқсас екінші храм қай жерден табылды?Қаланың сырты,қорғаныс дуалы сыртынан 100 метр жерден


ІҮ. Тест сұрақтары.

Ү. Тақырыптық сөздік қор.














Автор
Дата добавления 25.01.2016
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров202
Номер материала ДВ-375863
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх