Тікбұрышты үшбұрыштарды шешу.
1.
Синустың, косинустың, тангенстің және котангенстің мәндерін
кестені пайдаланып табу.
2.
Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғаларының және бұрыштарының мәндерін
микрокалькуляторды қолданып есептеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға сүйір
бұрыштардың синусын, косинусын,
тангенсін және котангенсінің мәндерін «Төрт таңбалы
математикалық кесте» және
микрокалькулятордың көмегімен есептеуді үйрету.
Дамытушылығы: Тікбұрышты
үшбұрыштың сүйір бұрыштарының
тригонометриялық функцияларын
есептеуді және қабырғаларын табудыды меңгерту, білім, білік дағдысын
қалыптастыру.
Тәрбиелілігі: Математикалық
және ақпараттық сауаттылығын арттыра
отырып ұқыптылыққа, дәлдікке, еңбексүйгіштікке
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі:практикум
элементі бар аралас
Сабақтың көрнекілігі:
В.М.Брадис кестесі, ДЭЕМде «Калькулятор» қолданбасы, слайд
Пәнаралық байланыс:
Информатика
Сабақтың барысы:
1.
Ұйымдастыру: Оқушылардың сабаққа қатысы мен дайындығын тексеру.
1.
Өткен тақырыптарға бақылау сұрақтары арқылы шолу:
2.
Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы, косинусы, тангенсі
және котангенсі неге тең?
3.
Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғаларының арасындағы қатынасты өрнектейтін
теорема қалай оқылады?
4.
300, 450 және 600 бұрыштары
үшін синустың, косинустың, тангенстің және котангенстің мәндері неге тең?
5.
Сыңарын тап
Формуланын екінші бөлігін
дұрыс орналастыру
·
Жаңа сабақтың негізгі мазмұны және оны түсіндіру:
А. Біз алдыңғы сабақта 300,
450 және 600 бұрыштары үшін тригонометриялық
функциялардың мәндерін есептеп шығардық. Бірақ бұл әдістерді пайдаланып барлық
сүйір бұрыштарды есептей алмаймыз. Ол үшін Брадистің «Төрт таңбалы
математикалық кестесін» қолданамыз. Мұнда сүйір бұрыштардың синусының,
косинусының, тангенсінің және котангенсінің мәндері берілген. Біз қазір cүйір
бұрыштың синусының, косинусының, тангенсінің және котангенсінің мәндерін
кестеден табайық.
1.
α=200
sin200=0,3420
cos200=0,9397
tg200=0,364
ctg200=2,747
2.
α=42036` (градуспен минут аралас келгенде «градус»
жолынан горизонталь /көлденең/, «минуттар» бағанынан вертикаль түсу арқылы
қиылысуындағы санды аламыз)
sin42036`=0,6769
cos42036`=0,7385
tg42036`=0,9195
ctg42036`=1,0951
Егер «минуттар» бағанында жоқ
минут кездессе қосымшы оң жақтағы қосымша бағанды қолданамыз.
Мысалы, sin3501`=sin350+sin10
3.
sinα=0,9063 болса, сүйір бұрыш неге тең?
Ол үшін синустар кестесінен
0,9063 санын іздейміз. Ол санның сол жағында 65 саны табылады. Бұдан sin650=0,9063
екендігі шығады.
В. Сүйір бұрыштардың мәнін
микрокалькулятордың көмегімен де есептеп шығаруға болады.
1.
Калькуляторда котангенстің сан мәнін есептей алмаймыз. Сондықтан
ctgα=1/ tgα екендігін ескеріп есептеуді орындаймыз.
2.
Сүйір бұрыш градус пен минут аралас келген уақытта оны ондық
бөлшек түрінде жазамыз. Мысалы, 42030`=42,5 деп аламыз.
Калькулятордың индикаторына
алдымен 42,5 енгізіп, содан соң sin батырмасын басамыз. Индикаторды
тазалап сол сияқты сos, tg функциясының мәндерін есептейміз.
сtg-ты есептеу үшін тангенстің
сан мәнін MS батырмасы арқылы жадқа сақтап, 1/MR= деп мәнін аламыз. МС
батырмасы арқылы жадты тазалап, 0 батырмасымен индикаторды тазалаймыз.
1.
Есептер шығару:
Оқулықтан №159 есеп
sin350=0,5736
cos350=0,8192
sin18036`=0,3189
cos18036`=0,9477
sin40056`=0,6551
cos40056`=0,7653
sin750=0,9659
cos750=0,2588
sin85012`=0,9965
cos85012`=0,0732
№160
tg20030`=0,3739
ctg20030`=2,675
tg350=0,7002
ctg350=1,4281
tg40015`=0,8466
ctg40015`=1,1606
tg580=1,6003
ctg580=0,6249
tg80045`=6,1402
ctg80045`=0,1703
1.
Бекіту
№162 есеп.
1.
Кестені пайдаланып шығарады.
sin370=cos530
0,6018=0,6018
tg48036`=ctg41024`
1,1343=1,1343
2.
10тағы 7,9 формулаларды қолданып теңдікті түсіндіру.
sin370=sin(900-530)=cos530
tg48036`=tg(900-41024`)=ctg41024`
№163
1.
sin400<sin700
2.
cos200>cos600
3.
sin300<tg450
Бұдан, сүйір бұрыштың мәні артқан
сайын синус пен тангенстің мәнін артатынын, ал косинус пен котангенстің мәні
кемитінін көрдік.
№165
Калькулятордың көмегімен
есептеу.
1.
Үйге тапсырма: §12, №164, 166
·
Бағалау
·
Қорытындылау
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.