Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыТәрбие сағаты: "Алтын күз ханшайымы"

Тәрбие сағаты: "Алтын күз ханшайымы"

Скачать материал

Астана қаласы №44 орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі:

Тулегенова Бибигуль Шаймуратовна

1 «Ә» сыныбы

 

 

Тәрбие сағатының тақырыбы: Алтын күз ханшайымы

Тәрбие сағатының барысы:

Кеш өтетін зал мерекеге арналып безендіріледі.

1 – жүргізуші:  Армысыздар,өнер сүйер асыл халқым,

                        Мереке құтты болсын, ауылдасым!

                        Тағы да келіп жетті сайысымыз,

                        Жырлайтын қазағымыз дәстүр салтын.

                        Туған жер азаматтың мекені екен.

                        Қазақтың қыздары гүлдер екен!

Сайысымызды бастамас бұрын әділ-қазылар алқасын сайлап алайық!

2 – жүргізуші:  Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі

                          Тал бойына жарасқан күлкі әдемі

                           Бір көргенге болмай-ақ сахнада

                           Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі – дей отырып қыздарды ортаға шақырайық.

1-ару- ақша маңдай, үлкен-кіші мақтағандай,

2-ару-достарын сары алтындай сақтағандай,

3-ару-көңілді, сыны жоқ, оқуын да даттағандай,

4-ару- қара шашты, қиғаш қасты,

5-ару- өз әлінше, жақсыларды жақтағандай,

6-ару - ажарлы, ақша бетті ұқсаған жұмағы бейне қорға,

7-ару- келеді, еркін басып,

8-ару- сүйкімді, жарасар алтын сырға.

(Осы кезде ән орындалып тұрады, қыздар қатарласып тұрады)

1-жүргізуші:  Сайыскерлерге  қоржын ұсынылады. Қоржындағы асықтың нөмірі бойынша қыздар жауап береді.

(Жапырақ суретті эмблема нөмірлері кеуделеріне ілінеді)

2- жүргізуші:  Таныстыру сайысын бастайық,

                         Көрерменді біз серпілтіп тастайық.

                         Сайыскер өзін-өзі таныстырсын

                         Ду қол соғып қояйық.

 1-жүргізуші:  «Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі» - дегендей гүлдерімізді танысуға шақырамыз.

(Мұнда қыздар өздерінің кім екенін айтады, өлеңмен, қара сөзбен таныстырады)

Олжас
Күзде жауын, бұлт, тұман,
Сары жапырақ  жауады!
Сары құйын ұйытқан,
Сапырады ауаны.

Ермек
Тапталады табанға,
Судыр-судыр жапырақ.
Өрттей сары бояуға,
Малынғандай атырап.

Марғұлан
Қайтқан құсты көрдің бе,
Қаптай ұшқан әуелеп.
Күткен күзім келдің бе,

Сыңсып бағың мәуелеп.

1-жүргізуші:   Келесі бөлім «үй тапсырмасы». Мұнда сіздер үйде істеп әкелген «Алтын күз сыйын»  таныстырып өтесіздер.

2- жүргізуші:  Тұз емеспе дәмін кіргізер,

                          Қыз емеспе үйдің сәнін кіргізер.

                          Қыздың жиған жүгіндей демейміз бе?

                          Сұлулық пен нәзіктікті білгізер.

(Қыздар шеберліктерін, үй тапсырмасын көрсетеді)

Ғани
Қамба толды астыққа,
Алғыс саған, алтын күз!
Бір уыс дән шаштық та,
Қап-қап қауын алдық біз.

Айдын
Бейне нұрлы көкте күн,
Білсең өмір – көктемің.
Айқара ашар есігін,
Хош келдің! – деп мектебің
Балдырғандар, бұл мәлім,
Еркелігін тастайды.
Қыркүйекте мұғалім
Оқу жылын бастайды.

 

1-жүргізуші:   Қазақ жұрты киелі, өнерліні сүйеді,

                         Сіздерді күтіп отыр сонша қауым

                         Би билеп, ән салып бер енді.

2- жүргізуші:  Мың бұрылып, билеген, аруды кім сүймеген, күміс көмей аруларға кімдер басын имеген. «Өнерлі өрге жүзер» деп, халқым бекер айтпаған өнерлерін арулардың тамашалап көрейік.

(Бұл кезде арулар кезек-кезек өнерлерін ортаға салады)

Махамбет: Қыры толы егіске,
                     Бағы толы жеміске.

                     Елді сыйға кенелтті
                     Қолы ашық періште.

 

Алмас

Алма пісті бағымда,
Пісті балдай қауын да.
Жүзімдер тұр мөлдіреп,
Үзер шағың келді деп.
Алтын дәнін сары дала
Құйып жатыр қамбаға.
Күз еңкейе береді,
Жер жемісін тереді.

 

Санжар Т

Берекелі, мерекелі
Келді жомарт алтын күз.
Қала да, дала да
Жанның бәрі жарқын күз.
Балақайлар алақайлап,

Мектеп іші нұрланды.

 

1-жүргізуші:   Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,

                         Көрінер қызыл айдай жүзі жарқын.

                         Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,

                         Халқының сақтай білген ізгі салтын.

2- жүргізуші:  «Ақыл парасат» сайысы. Бұл сайыста қыздар қоржыннан асық алып, сол асық нөміріндегі сұраққа жауап береді.

 

       Сұрақтар:

1. Жыл мезгілдерін ата?

2. Күз айларын ата?

3. Жұмбақты шеш:

Көктемде көгереді,

Жазда ырысқа бөленеді,

Күзде пісіп марқалады,

Қыста бірден қартаяды.                             (Жер)

 

1. Мақалды жалғастыр:

Ағаш жапырағымен, жер-...                       (Топырағымен)

1. Күзде қандай өзгерістер болады?

2. Мақалды жалғастыр:

 Дауылдың алды – жел,

 Жаңбырдың арты - .....                               (Сел)

1. Жұмбақты шеш:

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады.                               (Күн)

1. Күзде атқарылатын еңбек түрлерін ата?

 

Қуаныш

Астық жыры, шаттық жыры
Қырман басы думанды.
Қарқынды еңбек
Әр күн өрлеп,
Әр ісіне сүйсінді.
Ән тасқыны, жыр тасқыны
Ырыс болып құйылды.

Әділ
Келді міне, алтын күз,
Сары шашты жарқын жүз.
Мол өнімді әр ісімен
Риза етіп халқын қыз.

 

1 – жүргізуші:  Келесі кезеңде қыздар күз мезгілінде киілетін киім үлгілері көрсетеді.

2 – жүргізуші:  Тамашалайық!!!

(Ән шырқалады, қыздар киім үлгілерін көрсетеді)

1 – жүргізуші:   Бармақтарың майысып, түрлі жапырақ сайысы

                          Шебер қиып бер қолыңнан.

                          Жаңылмаған ата-баба жолынан.

                          Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін.

2 – жүргізуші:  Келесі кезең «Ғажайып бақ» деп аталады. Бұл кезеңдерде қыздар алдарыңда жатқан қағазға әдемі гүлдерді немесе жапырақтарды салып, қиып, тақтада ілініп тұрған қағазға жапсырады. Соңында аруларымыз жасаған гүлдерден «Ғажайып бақ» шығады.

(Қыздар жасап жатқан кезде ән шырқалып, көрермендер арасында «Күз» туралы өлеңдер оқылады, «Жаңбыр» ойыны ойнатылады)

Ханшайымдар төмендегідей мәртебелерге ие болады:

1. Алтын күздің инабатты ханшайымы;

2. Алтын күздің парасатты ханшайымы;

3. Алтын күздің өнерлі ханшайымы;

4. Алтын күздің сымбатты ханшайымы;

5. Алтын күздің шебер ханшайымы;

6. Алтын күздің көрікті ханшайымы;

7. Алтын күздің зерделі ханшайымы;

8. Алтын күздің сыпайы ханшайымы.

2 – жүргізуші:  Осымен біздің «Алтын күздің кішкентай ханшайымы» атты кешіміз аяқталды!

 1 – жүргізуші:  Марапаттау рәсіміне сынып жетекшісі  Тулегенова Бибигуль Шаймұратқызы шақырылады.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты: "Алтын күз ханшайымы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Агроном

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 220 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.01.2016 1685
    • DOCX 63.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тулегенова Бибигуль Шаймуратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6594
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 142 человека из 46 регионов

Курс повышения квалификации

Методика повышения техники чтения у младших школьников с ОВЗ

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 103 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 416 человек

Курс повышения квалификации

Теория, методика и практика обучения младших школьников основам шахматной игры в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 188 человек

Курс повышения квалификации

Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 844 человека

Мини-курс

Искусственный интеллект: тексты и креативы

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 245 человек из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек

Мини-курс

Психология аддиктивного поведения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека

Мини-курс

Финансовый анализ

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов