Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыТәрбие сағаты: "Дархан қазақтың дана Абайы"

Тәрбие сағаты: "Дархан қазақтың дана Абайы"

Скачать материал

Дархан халықтың дана Абайы”
Мақсаты:
А) Қазақтың ұлы ақыны Абайдың киелі есімін артына қалдырған мағыналы, рухы биік мәртебесін жоғары ұстап, асыл қасиеттерін оқушы бойына сіңіру. Оқушыларға Абай Құнанбайұлы туралы өз беттерімен ізденуге, зерттеу әрекеттерін енгізуге міндеттеу.
Б) Оқушылардың шығармашылық пен ойлау қабілеттерін, санаткерлік пен жалпы даму көрсеткіші негізінде тілін дамыту.
В) Оқушыларды Абай өлеңін басшылыққа ала отырып, отансүйгіштікке, адамгершілікке дағдыландырып, қоршаған ортаны қадірлей білуге тәрбиелеу.
Әдісі: сахналық көрініс, ән-жыр, тарихи дәйектемелер, мәнерлер оқу.
Көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, Абай портреті.
                                                          Жүру барысы:

Сахналық қойылым.
Аружан:

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар қауымы. Бүгінгі кемеңгер ойшыл, кемеңгер ақын Абай атамызға арналып отырған әдеби кешке қош келдіңіздер.

Ибрагим:Көп адам дүниеге бой алдырған, 
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған, 
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, 
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, - деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге жол алып келеді.

Аружан:

Абай ізінің кіршіксіз ақ жүрегін тербеткен сансыз ойларын тамаша шығармалары мен жалынды жырларының бетінен әр жолынан, әрбір сөзінен бізге соншама ыстық, соншама жарқын леп еседі.
Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай –лебі, Абай - үні, ана тынысы - заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.

Ибрагим: Соның бір дәлелі бүгінгі өткізіліп отырған кешті атауға болады. Енді осы байқау кештің кезеңдерімен таныстырсам деймін.
І кезең “Кемел ақын, кемеңгер ойшыл.” (буклет және газетті қорғау)
ІІ кезең “Өлең сөздің патшасы ...” (мәнерлеп оқу.)
ІІІ кезең “Әннің де естісі бар, есері бар.” (бір әнін орындау)әннің әуезділігі сыналады.
Байқау кезеңдерімен танысып болсақ, осы сайыста әділ бағасын беріп отырар әділқазыларымызбен таныс болсақ.
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Ибрагим:

Жүрегімнің түбіне терең бойла, 
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім, 
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма, - өсер ұрпақ, келер дәурен, туар тарих қауымына өзін осылай арнаған қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының соқтықпалы, соқпақсыз өмірінің бір сәтін жүрегімізбен тыңдап, ғибрәтланып, тұшына білсек дейміз. Яғни бірінші кезеңіміз “Кемел ақын, кемеңгер ойшыл” тақырыбында өрбімек. Шарты бойынша әр класс оқушылары өз қолдарымен жазған буклеттерін қорғауы қажет.
І кезең “Кемел ақын, кемеңгер ойшыл.”


Аружан:
Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы.
Қиыннан қиыстырар ер данасы, 
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, 
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы – деп жырлаған Абай атамыздың терең сырлы, ойлы поэзиясы мен тағылымды қара сөздері бүкіл әлемді таң қалдырды.
Екінші кезең “Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы” деп аталады. Мұнда әр сайыскер өзінің мәнерлеп, мақамдап оқу шеберлігін таныта білуі керек.
ІІ кезең “Өлең сөздің патшасы...”

 

Ибрагим: 2 «А» сыныбынан:  Байтұрсынова Нұрсая

                                                    Руслан Перизат

                                                   Мырзакелен Әлия

Аружан: 2 «Ә» сыныбынан:  Серик Қасымжомарт

                                                   Сафаргалиев Нұрасыл

Ибрагим: 3 «А» сыныбынан:  Сүндетбаева Әмина

                                                    Маринова Дильназ

                                                     Кульмухамидов Адиль

Аружан: 3 «Ә» сыныбынан: Фионин Алан

                                                 Мырзатай Айым

                                                Насырова Наргиз

Ибрагим: 3 «Б» сыныбынан: Сапарбаева Мерей

                                                   Балташ Нұрай

Аружан: 4 «А» сыныбынан: Халикназаров Ибрагим

                                                 Ануарбек Мәдина

                                                 Қанатқызы Алтынай

Ибрагим:  4 «Ә» сыныбынан: Қосанова Зере

                                                   Иманғазы Мөлдір

                                                  Абдигапарова Дарина                    
Ибрагим:
Әннің де естісі бар , есері бар.
Тыңдаушының құлағын кесері бар, 
Ақылдының сөзіндей ойлы - күйлі.
Тыңдағанда көңілдің өсері бар, - деп жырлаған Абайдың өлеңге, әнге қояр талабы мен талғамы өте жоғары болды.

Аружан:
Құлақтан кіріп, бойды алар, 

Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар, 
Әнді сүйсең менше сүй. Келесі кезең “ Әннің де естісі бар, есері бар, ” – деп аталады. Бұл кезеңде Абай әндерін орындау керек.
ІІІ кезең “Әннің де естісі бар, есері бар.”
2 «А» сыныбынан:  Байтұрсынова Нұрсая

2 «Ә» сыныбынан: Сафаргалиев Нұрасыл

3 «А» сыныбынан:

3 «Ә» сыныбынан:

3 «Б» сыныбынан:

4 «А» сыбынан:  

4 «Ә» сыныбынан:

Сахналық қойылым: Асхат пен Асылан

ІҮ Қорытынды.

Аружан: Әділ-қазылар қорытындысын шығарғанша көрермендермен «викториналық сұрақтар» қойып ойын ойнайық. Ортамызға Диас пен Назгүлді ортамызға шақырамыз.

Ибрагим:

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, 
Жоқ - барды ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды, 
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін – деп өзі айтқандай біз үшін Абайдың әрбір өлең жолы, қара сөздері үлгі-өнеге, тәрбие.

Аружан:
Абай - әлемі ұлы қазына, біз тек ақын өлеңдерінің аз ғана бөлігін қамтуға мүмкіндік алдық. Бүгін ХХІ ғасырдың басында біз Абайдың шығармашылығынан қазаққа қажет руханилықты табамыз. Бізден кейінгілер де өздеріне қажетін табатыны сөзсіз. Себебі Абай – адамзат ақылшысы. Қатысушылар мен көрермендерге өз алғысымызды білдіре отырып, біз сіздермен қоштасамыз.
Қош-сау болыңыздар.

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты: "Дархан қазақтың дана Абайы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Руководитель организации

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 666 040 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.05.2017 1200
    • DOCX 22 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Қалмағанбетова Данагүл Бақытқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11969
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 97 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Математика» в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 66 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 300 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по физической культуре у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 176 человек

Мини-курс

Договоры и их правовое регулирование

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 13 регионов

Мини-курс

Планирование проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Галерейный бизнес: медиа, PR и cотрудничество

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе