Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Тәрбие сағаты Әліппем,әріп танытқан!
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Тәрбие сағаты Әліппем,әріп танытқан!

библиотека
материалов


Тақырыбы: Әліппем,әріп танытқан!

Мақсаты: Алғаш қолға ұстаған «Әліппемен» қоштасу.

Міндеттері: ---- Оқушыларға әліппе мен ана тілінің маңызын түсіндіру;

---- Ата-аналарға 4-ай ішінде алған білімдерін іс жүзінде көрсету;

---- Оқушылардың эстетикалық талғамын дамыта түсу.

---- Ұйымшылдыққа,өз Отанының ақылды,адал перзенті бола білуге баулу.

Көрнекілігі: Елбасы суреті,гүлдер,шарлар,көгершіндер,шырша ағашы,теледидар,слайдтар.

І.Кіріспе бөлім.

---- Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар мен ата-аналар! Балаларыңыздың білім шыңына басқан алғашқы қадамы құтты болсын! 1 «А» сыныбының «Әліппем, әріп танытқан!» атты мерекелік ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер!

Армандасаң да ,қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр,ғажайып өмір бастауы бал күлкілі балалық шақтан басталады.

Бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған әліппемен қоштасқалы отыр.Ендеше, қызықты да, ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан өмірінде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.

---- Сыныпқа қошеметпен 1 «А» сынып оқушыларын шақырайық!

----- Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Сәлем беріп құрметпен,

Бас иеміз біз.

---- Қ.Р-ның Мемлекеттік гимні орындалады.

Мұғалім: Әліппені бітірді балаларым,

Әліппеден нәр алды даналарым.

Өзі оқып,жазатын халге жетті,

Құтты болсын қадамы балалардың.

Бала деген шіркін-ай, балдай екен,

Тәттілігі жая мен жалдай екен,

Арып-ашып даладан келгеніңде

Бал иісін таттырып алдайды екен , деп Кенен атамыз айтқандай бүлдіршіндеріміздің бал тіліне кезек берейік!

Ерлан: ---- Ассалаумағалейкум,уа халайық!

Маржан:---- Армысыздар, ардақты әкелер мен ару аналар!

Армысыздар,мұғалімдер,әз жандар,

Білім іздеп, инемен құдық қазғандар,

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би биленіп ән де бүгін шырқалар.

Ерлан: Кешегі сәби балаңыз,

Жарады міне қараңыз,

Ғылым,білім жолына

Енді қайық саламыз.

Маржан: Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгін өскен ойымызға,

Хош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар,

Әліппемен қоштасу тойымызға.



Ерлан: ---- Қайда екен біздің әліппе?

Маржан:---- Ортаға әліппені шақырайық!

------ Әліппе (М.Мақатаев) ,хормен айту.

Әліппе: ----- Армысыңдар,жас достар!

Армысыздар ата-ана!

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаңа.

Білім деген ғажаптың,

Әліппесін меңгерген,

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден.

Жақсы білім көрімдік,

Болсын бізге халайық,

Не үйреніп,не білдік,

Қане ортаға салайық!

Ерлан: Балалар,әліппеге ән арнайық!

Мұғалім:---- Біз кандай елде тұрамыз?

----- Елімізді кім басқарады?

----- Қазақстан дүние жүзі бойынша жер көлемінен нешінші орынды алады?

Маржан: Отан дейміз, от жаққан жерімізді,

Отан дейміз, өсірген елімізді,

Отан дейміз, туған жер – атамекен,

Биік тау, орман-тоғай көлімізді.

---- Ән. Отан(Б. Ысқақов) хормен орындау.

Ерлан: Әліппем ,менің әліппем

Сені қолға алып мен

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.

Маржан: Алдарыңызда теңізшілер биі,қабыл алыңыздар!

Заңғар: Оқулықпен достастық,

Әліппемен қоштастық.

Өсті білім, бойымыз,

Құтты болсын тойымыз.

Балым: Әліппе сауатыңмен санамды аштың,

Достарыммен теңдес араластым.

Үйреніп әріптер мен әңгімені,

Күн сайын алға қарай қадам бастым.

Мұғалім: Алғашқы әліппені Ы.Алтынсарин жазып, балаларды мектепке шақырып білім берген.Ал А.Байтұрсынов әріптерді зерттеп,балаларды оқуға шақырған ұлы тұлға.

Маржан: Ия,қазақ әліпбиінде 42 әріп бар,турасында оның ішінде 40-ы әріп болса,2-еуі таңба болады.

Ерлан: Енді, әріптеріміз сөйлесін!

Қане,бері қарайық,

Зейін қойып тыңдайық.

Әріптермен танысу,

Тақпақтардан бастайық.

А-Фатима. Ә-Айша

Алма,алмұрт егеміз, Әже,әке әніміз,

Айға сапар шегеміз, Әрқашан да сәніміз.

Алақай-ау алақай! Енді білдік әдемі,

«А» дыбысын білеміз. «Ә» әрпінің мәнін біз.

Б-Несібелі Г-Ұлдана

Бостан-босқа ойнама, Гүлдер,гүлдер көп гүлдер,

Бидай толтыр қоймаңа. Өте берсін көп күндер.

Бақа,балық ботақан «Г» дыбысын үйреніп,

Сөздерінен б-ны ойла. Гүлге қарап өсіңдер!

Ғ-Аяла Д-Сымбат

Ғасыр,ғылым,ғаламшар, Добым-добым домалақ,

Ғайша ғалым Ғаламдар. Домалатсам жоғалады.

Ғарышкерлер,ғарышкерлер, Домбырамен күй тартып,

Сөзінде «Ғ» дыбысы бар. «Д» ны айту оңай-ақ.

Е-Маржан Ж-Жасмина

Ерлік,еңбек елдікпен, Жан-жағыма жантайдым,

Егеменді теңдікпен. Жапырақтай жалпайдым.

Емендей мықтымыз, «Ж» әрпін жаздым да,

«Е» дыбысын білдік біз. Жарға қарай шалқайдым.

З-Заңғар И-Дилназ

Заман,заңғар биікте Ине ұстай аламын,

Құзғындарға ілікпе. Икемімді табамын.

Бізден басқа балалар, Инеліктей иіліп,

«З» дыбысын біліп пе Иіріле аламын.









К-Балым Қ-Мақпал

Күндей күліп өсеміз, Қауын,қарбыз жинаймыз,

Көңілді кең көшеміз. Қағазды бос қимаймыз.

«К» дыбысы көп екен, «Қ» дыбысы қатаң ғой!

Кітабымды көрсеңіз. Оны қалай айтпаймыз.

М- Мамед Ң- Қарақат

Ақ мақтаны терейік, Балпаң-балпаң басайық,

Мектепке тал егейік. Аңдарға жем шашайық.

Мерекелі жиында, «Ң» дыбысын білмеген,

«М» ны айтып берейік. Балалардан қашайық.

О-Ерболат П-Таңшолпан

Он саусағым ойнасын, Бала отыр партада,

Бояп-бояп қоймасын. Оқы,үйрен шаршама,

Отан,орман сөздерін, «П» дыбысы дауыссыз,

«О» әрпімен ойлайсың. Мәлім болды баршаңа.

Т-Нүркен У-У-Ерлан

Тайға мініп шабамыз, «У» дауысты дауыссыз,

Тау мен тасты табамыз. Айыра білсең қауіпсіз.

Тарақ,тауық,тайлақтан Уық,уыс сөздерін

«Т» дыбысын табамыз. У-дан бастап айтамыз.

Ш-Меруерт Ы-Қазыбек

Шеңбер жасап тұрайық, Ыдыс,ырыс сөздері,

Басымызды бұрайық. Ұқсас екен өздері.

«Ш» дыбысын білеміз, «Ы» дыбысы құрап тұр,

Сөзден сөйлем құрайық. Дәл осындай сөздерді.

Ұ-Анвар Я- Ақбаян

Ұршықтай зырлаймыз, Қояным, шаяным,

Ұяны сырлаймыз. Суретін боядым.

Ұлт,ұят сөзінен, Сөздермен осындай,

«Ұ» дыбысын жырлаймыз. «Я» дыбысын ойладым.

Маржан: Қыркүйекте келдім де,

Сыныпқа кірдім қуанып.

Қарсы алды ұстаз мейіріммен,

Қадамымды құп алып.

Ақбаян: Ең алғаш қолға алғанда әліппені,

Қызыға қарай бердім әріптерді,

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді

Ұстазым оның кілтін алып берді.

Таңшолпан: Келгенімде алдыңа,

Қызыл арай гүл алып,

Жақын тарттың жаныңа,

Шәкіртім деп қуанып.

Сипадың да басымнан,

Әліппені ұсындың.

Бақытымның осыдан ,

Басталғанын түсіндім.

Аяла:

Ұстаздың оттай ыстық алақаны,

Болған соң ойлайтыны бала қамы.

Баладан ұстазыма мың сан алғыс,

Өйткені, ол ұстазымның ақ арманы.

Ерлан: Ән. Мұғалім ол біздің.

Мұғалім: Балалар,сендер алтынды, ақшаны байлық деп түсінесіңдер,алайда нағыз байлық қазынаның көзі кітапта екенін ұмытпаңдар.Олай болса Сымбат пен Аяланың өлең оқуын тамашалайық!

Маржан: Ақбаянның орындауында ән . Оқуда озат боламын.

Мұғалім: Балалар,енді біз тапсырмаларды орындайық.Жаңа жылдық шыршаға ойыншықтарды ілуіміз қажет.

---- Мақал-мәтелдерді білеміз бе?

---- А әрпіне сөзжұмбақ құрастырайықшы

---- 10+5;

---- 20-10;

---- 15-5;

---- 1ден 10ға дейін ағылшынша санай аламыз ба?

---- 1ден 10-ға дейін орысша санайық!

----- Ағылшын тілінде ән айтайықшы.

------ Қандай ертегілер білеміз?

Аяла: Енді біз оқи аламыз,

Әріпті қосып әріпке

Риза боп саған жүреміз

Сүйікті біздің әліппе.

Сымбат: Үйретті бізді әліппе ,

42 дербес әріпке,

Сөз, сөйлем құрап әріптен,

Лайық болдың дәріпке.

Ерболат: Нүкте, үтір жақшаны білдік,

Азат жолмен шекараны білдік,

Бас әріппен бастап сөйлем жаздық.

Нүкте қойып аяқтадық.

Маржан: Сымбат пен Айшаның орындауында көбелек биін тамашалаңыздар.

Әліппе: Білімнің көп қой саласы,

Әліппе соған жолбасшы.

Ғылымның қиын жалғасын,

Басқа кітаптан табарсың.

Ақбаян:

Қош бол құтты әліппем,

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеткен.



Маржан:

Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты міне балаңыз.

-----Есік,тоқылдайды,ана тілі кіреді.

----Армысыңдар,балалар! Армысыңдар достарым! Енді мені оқитын боласыңдар, ынта қойып оқысаңдар көп нәрсені үйренесіңдер.

Туған елдің тілімін,

Ақылы мен таңымын.

Түсіндірер бәріңе,

Ана тілі пәнімін. Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

Ерлан: Ана тілі, сіз отырып балалардың өнерін тамашалаңыз!

Маржан: Ана тілін ақтаңдар,

Ана тілін сақтаңдар.

Ана тілмен безеніп,

Ата берсін ақ таңдар.

Ән. Қошақаным қайда екен. Қыздар тобы.

Би. Сарыжайлау. Фатиманың орындауында.

----- Балалар, енді сендерге жаңа жылдан кейін баға қойылатынын білесіңдер ме? Сендермен танысуға бағаларды қонаққа шақырдық. 5,4,3,2 өздерін таныстырады.Осы бағалардың ішінен 5пен 4-ті кім алғысы келеді,қане қол көтерейікші,ал 3 пен 2 ні ше......

----- Бағалар өздерін таныстырады.

Ән. Ақтайлақ. Нүркен мен Ерланның орындауында.

Ән.Биші болам өскенде. Қыздар тобы.

Ән. Ерке қыз.Маржанның орындауында.

Әліппемен қоштасу әні. Аяла мен Балымның орындауында.

Мұғалім: Бүгінгі кеш әр үйдің той басы саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар,

Ырым етіп сондықтан да ертеңгілік соңында,

Ақ тілекпен, ақ батасын алайықшы қарттардың, дей отырып үлкендердің ақ батасын алу.

Маржан: Құрметті қонақтар, ата-аналар ,ұстаздар, бүгінгі Әліппем, әріп танытқан! атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, сөз кезегін мектебіміздің оқу ісінің меңгерушісі: Дүйсенбеков Әділбек Лесұлына және тәрбие ісінің меңгерушісі:Тельгозина Айгуль Утегенқызына береміз.

Қорытынды: Балаларға әліппені бітіру сертификатын ұсыну.





Құрметті болашақ газетінің ұжымы! Сіздерді алда келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын, сіздерге үлкен табыс, зор денсаулық тілеймін.Жаңа жыл алдында мен де өз оқушыларыммен сүйікті әліппемен қоштасып едік,міне осы іс шарамды сіздерге жіберіп отырған жайым бар. Басылымдарыңыздан көрсем екен деген үмітім бар,тілектес оқырманыңыз: Оңтүстік Қазақстан облысы

Төлеби ауданы

Жеңіс негізгі орта мектебі,бастауыш сынып мұғалімі: Каспахбаева Айнұр Сапаралықызынан.


Автор
Дата добавления 24.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров113
Номер материала ДВ-373279
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх